Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы «__» ____________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.
2. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесiнің (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.
4. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексімен көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды Қағидалар реттемейдi.
5. Авариялар, зiлзалалар, апаттар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
6. Уәкілетті орган жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар жергілікті бюджеттердің және жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
8. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы шешімдер қабылдайды.
9. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде:
қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады;
қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және шарттары, қатысушылар еңбекақысының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi.
10. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша уәкілеттi органдар жұмыс берушiмен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шарт жасасады.
11. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады:
1) арнайы жұмыссыздарға арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды;
3) толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкiндiгi;
4) өңір үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдалы болуы;
5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк берiледi.
12. Қоғамдық жұмыстарды өзiнiң жеке қаражаты есебiнен, өзiнде ұйымдастыруға тiлек бiлдiрген жұмыс берушiлер уәкілетті органға өтiнiм бередi.
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу
13. Уәкiлеттi орган жұмыссыздарды ұйымдарға қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiне сәйкес жүзеге асырады.
14. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберудi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.
15. Халықтың нысаналы топтарына кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысуға құқығы бар.
16. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалады.
17. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жiберiледі.
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.
19. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға Салық кодексімен белгiленген тәртiппен салық салынады.
20. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.
5. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептiлiк
21. Уәкiлеттi орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiнде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептердi жүргiзедi;
3) белгiленген мерзiмде жұмыспен қамту мәселелерi саласындағы орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде есептiлiктi ұсынады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына қосымша
Нысан
Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған
үлгiлiк шарт
_________________________________ _____________
(қала, облыс, аудан) (күнi)
Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын басшысы____________
___________________________________________________________ атынан (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)
және ______________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң атауы)
бұдан әрi «Орындаушы» атынан ______________________________________
_______________________________________________________арасында
(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына және облыс, аудан, қала әкiмшiлiгiнiң 201__ жылғы _________ № ___ қаулысына сәйкес жасалған.
1. Шарттың мәнi
1.1. Жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы «__» _________ № ___ бұйрығымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi - Қағидалар) сәйкес ұйымдастыру және жүргiзу.
1.2. Шарттың сомасы:
________________________________________________________________
(жазбаша)
құрайды.
2. Тараптардың мiндеттерi
2.1. «Тапсырыс берушi»:
______________________ адамды олардың келiсiмi бойынша қоғамдық
(жазбаша)
жұмыстарға жiберуге;
орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.
2.2. «Орындаушы»:
1) жұмыссыздарға жеке еңбек шартында белгіленген түрде, мерзiмде және шарттары бойынша жұмыс беруге __________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тiзiп жазу)
2) азаматтармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;
3) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;
4) әрбір азаматқа жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
5) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
8) Тапсырыс берушіге қоғамдық жұмыстарға қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға;
9) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін азаматтар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
3.1. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және ол орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.
3.2. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген еңбекақыға Салық кодексіне сәйкес салық салынады.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
4.2. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
5. Шарттың қолданылу мерзiмi
5.1. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________
5.2. Осы шарт қазынашылық органдарында тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
6. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс берушi______________________________________________
__________________________________________________________________ (толық атауы, мекенжайы, коды, банк атауы, БСН)
Орындаушы_____________________________________________________________________________________________________________________ (толық атауы, мекенжайы, коды, банк атауы, БСН (ЖСН)
Тапсырыс берушi
________________________
(қолы)
|
Орындаушы
__________________________
(қолы)
|
201__ жылғы «__» ___________
|
201__ жылғы «__» ___________
|
М.О.
|
М.О.
|
Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған
үлгiлiк шартқа
қосымша
Нысан
___________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
қоғамдық жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыссыз азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с
№
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(толық)
|
Жеке куәлігінің №, берілген күні
|
Туған күні
|
ЖСН
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Айдағы жұмыс күндерінің саны
|
Нақты жұмыс істеген күндер
|
Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге
|
Қызмет көрсетуші банк
|
20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы ______________________
Бас бухгалтер ______________
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |