Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011 удк



жүктеу 2,14 Mb.
бет10/18
Дата25.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#27253
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

24-сурет. Келісімшартты жасасу, келісімшартты өзгерту немесе тоқтату

Келісімшарт бір тарапқа екінші тараппен оферта (келісімшартты жасау туралы ұсыныс) және акцептті (осы ұсынысты қабылдау) жіберу арқылы жасалады.



Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.

Акцепт бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы (коммерциялық ұйымның, дара кәсіпкердің). Акцепт толық және сөзсіз қабылдануы керек.

Офертада акцепт үшін мерзім көрсетілсе, егер акцепт офертаны жіберген тұлғамен, онда көрсетілген мерзімде алынса, келісімшарт жасалған болып саналады. Егерде тараптар келісілген түрде келісімшарт жасау туралы келісімге келсе, ол осындай түрде жасалған болып саналады. Келісімшартта оның жасалған жері көрсетілмегендіктен, келісімшарт кәсіпкердің тұрғылықты жерінде немесе офертаны (келісімшарт жобасын) жіберген коммерциялық ұйымда жасалды деп саналады. Егер басқаша көрсетілмесе, келісімшарт сауда жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Келісімшарт аукцион немесе конкурс түрінде де жасалады. Сауданы жүргізуді жеңіп алған тұлға, және сауданы ұйымдастырушы конкурсты немесе аукционды өткізу күні кезінде келісімшарт күші бар сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.

Келісімшартты өзгерту немесе бұзу Азаматтық кодекспен, заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісім арқылы жүзеге асады. Келісімшарт тараптарының бірінің талабы бойынша келісімшарт сот шешімі арқылы келесідей жағдайларда ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады: келісімшартты бір тарап бұзған жағдайда, Азаматтық Кодекспен, басқа да заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да жағдайларда.

Келісімшарт өзгертілген немесе бұзылған болып танылады, егерде келісімшартты орындауға тараптардың біржақты бас тартуы болған (келісімшарттан толығымен немесе жартылай бас тарту) жағдайда. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім заңнамамен, келісімшартпен, яғни келісімшарт түрінде жасалады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы талап келісімшартты өзгертуге немесе бұзуға басқа тарап бас тартқан жағдайда, сотқа өтініш берілгеннен кейін немесе келісімшартпен немесе заңнамен орнатылған мерзімде жауап ала алмағаннан кейін, ал ол болмаған жағдайда отыз күн ішінде қойыла алады.

Шаруашылық тәжірибеде алуан түрлі типтегі келісімшарттарды жасау қажеттілігі кездеседі және соларға сәйкес алуан түрлі келісімшарттық міндеттемелерді ұстануы тиіс. Келісімшарттардың түрлері 25 – суретте көрсетілген.



Келісімшарт тараптары арасында келісімге келу мәні бойынша келісімшарттардың келесі түрлері бөлінген: сатып алу-сату, бөлшек сауда жүйесінде сату-сатып алу, тауарларды тасымалдау, энергиямен жабдықтау, жылжымайтын мүлікті сату, кәсіпорынды сату, сыйлау, рента, жалға алу, үйлер мен ғимараттарды жалға алу, қаржылық жалға алу, жүкті тасымалдау, көлік экспедициясында жолаушыларды тасымалдау, несиелік келісімшарт, қарызға беру, комиссия келісімшарттары және т.б. Және де мұнда банктік шот, несиелеу мен сақтандыру келісімшарттары қызмет түрлеріне байланыссыз кез-келген кәсіпорынмен (кәсіпкермен) жасалады.

25-сурет. Азаматтық – құқықтық келісімшарттардың жіктелуі

    1. САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ ШАРТЫН ЖАСАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Сату- сатып алу келісімшарты – бұл тараптар арасындағы келісім, оған сәйкес бір тарап (сатушы) екінші тараптың (сатып алушының) иелігіне затты (тауарды) беруге, ал сатып алушы ол тауарды алуға және ол үшін белгілі бір ақшалай соманы (бағаны) төлеуге міндеттенеді.

Келісімшарттың құрылымы мен мазмұны 9 – кестеде келтірілген.


9 - кесте. Келісімшарт құрылымы мен мазмұны


Тараулардың аталуы

Мазмұны

Преамбула



Ол келесідей маңызды мәліметтерді қамтиды:

  • келісімшарттың аталуы мен номері

  • жасау орны мен мерзімі

  • тараптардың анықталуы

Келісімшарт пәні




Жасалатын мәміленің негізгі мазмұны көрсетіледі:

  • іс-әрекет міндетті түрде өткен шақта көрсетіледі (мысалы, сатып алушы сатып алды, ал сатушы сатты)

  • егерде бұл халықаралық контракт болса, тауарлардың тасымалы қандай базистік шарттарда жүзеге асырылатындығы көрсетіледі

  • екі жақты түсінікті білдірмейтін заттың дұрыс және нақты анықтау

  • кредитордың негізгі және қосымша міндеттемелері

  • қарыз алушының негізгі және қосымша міндеттемелері

  • міндеттеме заты ҚР АК көрсетілген міндеттемелерге сәйкес анықталады

  • тауарлар мен қызметтердің дара белгілері болуы керек (тауардың нақты маркасы, қызметтің бөлінуі және т.б.)

Тараптардың міндеттемелері




әрбір тараптың басты міндеттемелерінің толық тізбесі

әрбір тараптың қосымша міндеттемелерінің толық тізбесі

міндеттемелерді орындау кезектілігі

келісімшарт «толық және нақты инструкциялы» болуы керек

келісімшарт оның бөліктер бойынша жүзеге асырылуын анықтау керек

өзара міндеттемелерді орындау тәртібі мен кезектілігі

қарыз алушымен баламалы міндеттемелерді орындау тәртібі

қарыз алушының бірімен бірегей міндеттемелерді орындау тәртібі

бірегей несие берушілердің біріне өз міндеттемелерін толығымен орындау қарыз берушіні басқа несие берушілерге өз міндеттемелерін орындаудан босатады

ақшалай міндеттеме нотариалды кеңсе депозитына қарызды төлеумен орындалуы мүмкін

келісімшарт үшінші тұлғаның пайдасына орындалуы мүмкін

міндеттеменің орындалуы үшінші тұлғаға жіктелуі мүмкін


Келісімшарт бағасы мен жалпы сомасы



Контрактілі баға әрқашанда тауардың бір бірлігіне орнатылады (тонна, дана). Бағалардың келесідей түрлері қолданылуы мүмкін:

тұрақты баға – келісімшартты жасасу кезінде белгіленеді және есеп айрысу біткенге дейін өзгермейді

өзгермелі баға – сыртқы жағдайларға байланысты (мысалы, инфляция) тауардың нақты тасымалдау уақытына түзету енгізілетін, келісімшарт жасасқан кездегі келісілген базалық баға

кейіннен белгіленетін баға – келісімшартты жасау кезінде бағаны орнатпайды, тек контрактте оның қашан және қалайша анықталатыны көрсетіледі.


  • Тауар бірлігінің бағасы + опцион

  • Тауардың барлық санының құны + опцион

  • Баға тасымалдаудың белгілі бір базисіне орнатылады

  • Тауар бағасына қосылған шығындар

  • Контрактты орындау барысында тауар бағасының өзгеруі

Тауарларды жеткізу мерзімдері

Сатып алушылардың мерзімдерді нақты ұстануға деген талаптары экономикалық тұрғыдан негізделген. Осыған байланысты тауарлар тасымалының мерзімін өткізіп алғаны үшін санкциялар күшейеді. Әдетте келісімшартта тасымалдау мерізмін шамалы ғана өткізудің шекті мерзімі көрсетіледі немесе тасымалдау мерзімі бірден көсетіледі. Мерзімдер келесідей болуы мүмкін:

►басты міндеттемелерді орындау мерзімі; қосымша міндеттемелерді орындау мерзімі

►келісімшартта жалпы іс-әрекет ету мерзімін анықтау

►орындау мерзімдерінің орындалу кезектілігі (тауар айналымы операциялары кезінде – тауарды тиеу пропорционалды немесе сәйкестендірілген көлемде нақты қарама-қайшы шарттарда жүргізіледі)

►орнатылған мерзімі болмаған жағдайда міндеттемелердің орындалуы егерде келісімшартпен немесе заңмен басқаша анықталмаса, несие беруші талап еткен 7 күннен бастап жүргізіледі

►міндеттеменің мерзімнен тыс орындалу мүмкіндігі көрсетіледі (заңмен, келісімшартпен немесе басқа да міндеттемелерден қарастырылмаса, қарыз берушінің өз міндеттемелерін мерзімнен ерте орындауға құқығы бар )



Тасымалдау базисі


Сыртқы экономикалық келісімшарттар үшін:

►келісімшарттың орындалу орнын анықтау

►егерде затты беру меншік құқығын беру уақыты болып анықталмаса, меншік құқығы, беру мерзімін анықтау мерзімі деп танылады

►кездейсоқ қайтыс болу тәуекелін беру (келісімшартпен басқаша көрсетілмесе, меншік құқығының пайда болуы кезінде туындайды)


Төлем шарттары




Біздің республика территориясындағы барлық есепайрысулар ұлттық валюта - теңгемен жүзеге асырылады, егерде тараптардың келісімімен басқаша көзделмесе. Көбінесе тәжірибеде төлемдердің келесідей түрлері кездеседі:

►банктік аударымдармен есепайрысу

►чектермен есепайрысу

► инкассо есепайрысулары

► аккредитивтармен есепайрысу

►алдын-ала төлем

►толық тасымал/орындалған жұмыс үшін төлем

►толық төлем үшін аванс

►барлық тасымал шегіндегі әрбір нақты тасымал үшін төлем

►аккредитив бойынша төлем

►банктік сақтандыру/кепілдемесі бойынша төлем


Тауар сапасы мен оның кепілдемелері




ҚР АК 422 бабының 1 тармағына сәйкес, сатушы сапасы келісімшарттағыға сәйкес болатын тауарды сатып алушыға беруге міндеттенеді. Келісімшартта мыналар көрсетілуі керек:

►келісімшарт бойынша жалпы саны

►опцион

►минималды саны (тасымалдың минималды партиясы (вагон, контейнер және т.б.)



►сандық орындалу сатылары (графигі)

►тасымалдау санын тасымалдау (барлық) бойынша жабдықтаушы міндеттемесінің алдын –ала тасымалданған санына (сонымен қатар талапқа сай емес қабылдау,кепілдеме және т.б.) тәуелділігі;

►сапаға қойылатын талаптар

►сапасын тексеру (біріккен немесе біржақты актілер, тәуелсіз сарапшылар)

►саны және сапасы бойынша қабылдау, актілерді рәсімдеу


Көлік


шарттары


Келісімшартпен сатып алушының немесе сатушының тауарды сақтандыру міндеттемелері қарастырылуы мүмкін.

Көліктік шарттар:

►көліктік қамтамасыз ету бойынша тараптардың міндеттемелері (әдетте, көлікті базисқа дейін сатушы, базистан кейін – сатып алушы қамтамасыз етеді);

►көлік түрі, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және т.б;

►кім тікелей және кімнің есебінен сатушы қоймасынан жүкті тиеуді жүргізеді, штабельдеуді, түсіруді, қайта тиеуді және т.б



  • тасымалдау бойынша шығындарды үлестіру;

  • Инкотермс - 2000 – тасымалдаудың базистік шарттары

Маркалау, қораптау


  • Тауарды маркалауға қойылатын талаптар, әдетте көрсетіледі: сатушы, шыққан елі, контракт №, сатып алушы, оның мекен-жайы, орны номер/барлық партия орнының номері, темір жол бағытының станциясы, келу аэропорты, сақтау мерзімдері және т.б., брутто-нетто, жәшік мөлшерлері

  • Қораптауға қойылатын қарапайым талаптар: ылғалдан қорғауды сақтау, тауар сипатына байланысты қарапайым қораптау (құрал-жабдық үшін ғаша, пластикалық, пластмассалық

  • қорап крандармен қайта тиеуге жарамды болуы керек

  • қораптау алдындағы құрал-жабдық консервациясы;

  • қорапқа спецификациясы салынады (қорапта парағытауарлар тізімі, саны және т.б.)

►қораптау габариттері жылжымалы құралдардың мөлшерлеріне сәйкес болуы керек (құрал-жабдық мөлшерлері дайындаушымен келісіледі)

Құжаттандыру, ескерту




  • тауармен бірге берілетін құжаттар – сапа сертификаты, ветеринарлық сертификат, спецификациясы, лицензиясы; тауарды төлеу үшін талап етілетін құжаттартауарлы-көліктік құжаттар,сақтандыру полисі, шот-фактура

  • реквизиттердің, берілгендердің ауысуы туралы ескертулер және т.б

  • құжаттарды беру мен ұсыну тәсілдері,жазу тәсілдері (тапсырысты хатпен жіберу, почталық жіберу, жіберу туралы ескерту, бағалы қағаз, факсимильді хабарландыру, ұсынушыға беру, үшінші тұлғаға құжаттарды беру)

►делдалдық операциялар кезінде делдал-фирмаға сатушыға сатып алушымен ұсынылатын барлық құжаттардың көшірмесі жіберілуі керек – ол түсініспеушіліктерді болдырмау үшін қажет

Өнімді сақтандыру


► көлікті және басқа да тәуекелдерді сақтандыру

► сақтандыру компаниясын анықтау

► сақтандыру шарттары

► сақтандыру сомалары мен төлемдері,бөлу

► сақтандыру компенсациясын төлеуден бас тарту жағдайлары


Наразылықтар мен санкциялар


►орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін (мерзімнен кейін орындау), орындаудан бас тартқаны үшін (орындалуы болмады және болмайды да), құжаттарды беру мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұлдар мен өсімақылар

►санкциялардан басқа келісімшарт келесілерді қарастыруы керек: келісімшарт бұзылған жағдайда сомаларды қайтару инфляция коэффициентінен немесе банктің депозиттік ставкасының пайызынан шыға отырып есептеледі



  • санкция мөлшерлерін келісіп алу; санкцияны есептеу әдістері (келісімшарт сомасынан, тауардың таза құнынан, өткізіп алған әрбір күн үшін өсімақы,«пайызды пайызға» есептеу әдісі)

  • тұрақсыздық айыбын (пеня, айыппұлдар) сұрау туралы шақырту мерзімдері

►сот тек қана заңға қайшы келмейтін келісімшарт шарттары негізінде ғана шешім шығарады

Тараптардың таластары (сот таластары)


►келісімшартты орындау туралы заңды тұлғаның талаптарына жауап берушінің орналасуы бойынша, ал келісім алдындағы таластары бойынша – басқа көрсетілмесе, тауарды, қызметтерді жеткізетін тұлғаның орналасуы бойынша сәйкес соттарда қарастырылады;

►егерде талас третейлік сотта қарастырылуы қажет болса, сот ісі мұндайға дейін қарастырылмайды

►сыртқы сауда операциялары бойынша таластар сонымен қатар халықаралық (арбитражды) ұйымдарда да қарастырылады

►сыртқы сауда қатынастарында қолданылатын құқықты анықтау қажет

келесіні көрсету қажет: егерде тараптардың бірі халықаралық арбитражды соттың шешімдеріне бағынбаса, басқа тараптың сот шешімі дәлелденген факт ретінде қолданылатын, жауап берушінің тіркеу орны бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар (арнайы түсініктемесі бар)


Форс –мажор және күтпеген

жағдайлар




Форс-мажорлы жағдайларға жоғарғы мемлекеттік органдардың шешімдері (импорт немесе экспортқа тыйым салу, валюталық шектеулер және т.б.), шерулер, соғыстар, революциялар және т.б. жатады. Форс-мажорлы жағдайлар болған жағдайда келісімшартты орындау бойынша міндеттемелер кейінге қалдырылады.

Жеңе алмайтын күшке стихиялы апаттар (жер сілкіністер, су тасқындары) немесе болуын алдын-ала көре алмайтын немесе біле алмайтын, тоқтатуға болмайтын басқа да жағдайлар жатады. Жеңе алмайтын күш жауапкершіліктен босататын міндет болып табылады (аталған жағдайда – келісімшарттық міндеттемелерден).

Жалпы шарттары


  • келісімшарттың өз күшіне енуі, мысалға, келісімшарт мына күннен бастап өз күшіне енеді:

  • несиелік қаражаттардың қарыз алушының есеп айрысу шотына түсуі (несиелік келісімшарт)

  • хаттармен, телеграммалармен, факстермен, телекстермен келісімшарттың өз күшіне енгендігі туралы ақпарат алмасу

  • аккредитив ашу

  • орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою

  • жұмыстарды орындауды нақты бастау

  • затты нақты беру, ал беру болған жағдайда келісімшартқа қол қою кезінен бастау – және кепілдемелік заңнама

  • келісімшартты тіркеу мерзімінен бастап

  • келісімшартқа қол қою кезінен бастап.

Қорытынды шарттары

  • үшінші тұлғаға құқықтар мен міндеттемелерді беру немесе бермеу мүмкіндігі

  • келісімшарттың қол қойылған орны

  • келісімшарт беттерінің саны және барлық данасының саны және т.б.

Тараптардың реквизиттері мен қолдары

  • фирмалардың реквизиттері көрсетіледі: мекен-жайы, почталық бөлімі, есеп-айрысу шоты, банк коды, МФО, телефондары

  • директордың немесе сенімхат бойынша жұмыс істейтін тұлғаның лауазымы мен толық аты-жөні

  • келісімшарттың әр бетіне қол қойылады (беттің шынайылығы екенін дәлелдейді)

Келісімшартты бұзу


►міндеттемелерді орындамаудан біржақты бас тартуға немесе келісімшарт шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді

►келісімшартты бұзуды қалайтып тарап басқа тарапқа сәйкес ұсыныс жібереді. Мұндай ұсынысты қабылдаған тарап үсынысты алғаннан кейін 10 күннің ішінде жауап беруі керек. Келісімге келмеген, сонымен қатар жауап алмаған жағдайда сот третейлік сотпен немесе ведомство бойынша басқа органмен шешіледі



  • бұз үшін негіз – затты беру бойынша міндеттемені орындамау, сатып алушының сатып алынған затты алуынан бас тартуын

Міндеттемелердің тоқтатылуы


Міндеттемелер тоқтатылады, егерде:

►талап лайық емес атқарылған жағдайда, ол орындауды қабылдағаны туралы кредиторлық қолхатпен дәлелденеді. Егер кредитор распискаларды бермесе, қарыз беруші орындауды тоқтатуға немесе мерзімін созуға құқы бар (кредитордың мерзімі қарыз берушіге зияндардың орнын талап ету құқын береді



  • мерзімі болған немесе уақыты анықталған қарама-қайшы біржақты талапты ескерумен. Бірақта сұрау мерзімі өтіп кеткен талаптарды есепке алу жүргізілмейді (қарыз алушы өмірлік ұсталуы немесе өлімге,денсаулығына зиян келуіне қатысты өзіне тиесілі талаптарды орындай алмауы мүмкін)

  • қарыз беруші мен кредитор бір тұлға болған жағдайда;

  • тараптардың келісуімен

  • орындай алмау мүмкіндігімен (жеңе алмайтын күш жағдайларымен)

Сату-сатып алу келісімшартының шарттары келісілген болып саналады, егерде келісімшарт тауардың аталуы мен санын анықтауға мүмкіндік берсе. Сату- сатып алу келісімшарты бойынша тауарды беру кезінде сатушы бір мезгілде тауарды берумен қатар сатып алушыға оның қажетті құралдарын, сонымен қатар оның заңмен қарастырылған құжаттарын (техникалық паспорты, сапа сертификаты, іске қосу бойынша нұсқаулар және т.б.) беруі керек. Сату-сатып алу келісімшартында ақшалай сипттағы тауардың саны, ассортименті, қораптары туралы мәліметтер және т.б. мәліметтер көрсетілуі тиіс.



    1. КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ДЕЛДАЛДАРДЫҢ РӨЛІ

Нарықтық жүйе экономикалық өнім өндіруші мен тұтынушының қатынастарының аясы болып табылады. Соған байланысты нарықта өндіруші мен тұтынушының өздері, немесе олардың заңды өкілдері қатысуы керек. Өндіруші мен тұтынушының мүдделерін қорғайтын (кейде олардың атынан жұмыс істейтін), бірақ өнім өндіруші немесе тұтынушы болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлғалар делдалдар деп аталады.

Делдалдық аясындағы кәсіпкерлік белсенділік ең қысқа мерзімдерде өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Өндіруші көзқарасы тұрғысынан, делдалдық оның жұмысының тиімділігін арттырады. Өйткені, тауарды тұтынушыға жеткізудегі қызмет функцияларын делдалға жүктей отырып, өнім өндіруші өз белсенділігін толығымен тек өндіріске жұмылдыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, делдалдың өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастарға араласуы капитал айналымының мерзімін біршама қысқартады және өндірістің пайдалылығын арттырады.

Тауарды бөлу каналы – бұл тауар қозғалысының өндірушіден тұтынушыға (сатып алушыға) жеткізілу жолы. Бөлу каналдары тиімдірек болады, егер ол тікелей байланыстармен ғана шектелмейді, делдалды қосу негізінде жүргізілсе (26-сурет).

Делдалды пайдалану ең алдымен, оның қызметінің жоғары тиімділігімен анықталады. Оған тауар өндіруші көптеген жағдайда өзі қол жеткізе алмайды. Делдалды «өндіруші-тұтынушы» тізбегіне қосу арқылы тауардың барлық тұтынушылары үшін кеңейтілген қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, делдал өндіруші тауарын мақсатты нарықтарға жеткізуді тиімді түрде жүргізе алады.

Тұтынушы көзқарасы жағынан делдалдық - тауарды тиімді каналдар арқылы жеткізіп, оның қажеттіліктерін мүмкіндігінше тез және толығырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Делдалдықтың ең кеңінен таралған түрі агенттік болып табылады, яғни онда агент өндіруші мен тұтынушы арасында делдал ретінде шығатын қатынастар типі. Агент – бұл тауарды өндіруші немесе тұтынушы мүдделерін қанағаттандыру мақсатында іс-әрекет ететін тұлға. Агенттің мүдделерді қанағаттандырудағы іс-әрекет ететін тұлғасы принципал деп аталады.

Принцпипал ретінде агентке сатуды тапсыратын тауар иесі немесе агентке сатып алуды тапсыратын тауар тұтынушысы шығуы мүмкін. Осылайша, агенттің қатысуымен жүргізілетін делдалдық екі немесе, үш субъекттің өзара қатынастарынан тұрады. Агенттер бірнеше түрге бөлінеді: өндірушілердің агенттері; өткізу бойынша құзіретті агенттер; сатып алу бойынша агенттер.



26-сурет. Өнімді өткізу үшін делдалдар желісін пайдалану

Биржалық кәсіпкерлікті, кәсіби кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерімен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Сондықтан оны ерекше тип ретінде және іскерлік тәжірибенің өз бетінше жүзеге асырылатын бағыты ретінде бөліп көсетуге болады (27-сурет).



27-сурет. Биржалардың түрлері мен қызмет ету механизмі

Біріншіден, биржалар делдалдық құрылымдар болып табылады. Бұл жағдайда олардың бірқатар делдалдардан айырмашылығы, оларға жүгінсіз бірде бір кәсіпкердің қызмет ете алмайтындығы. Екіншіден, биржаның басты функциясы – клиенттерге қызмет көрсету. Қазақстанда биржалардың бұл функциясы өзінше сипатқа ие – биржалар тек қана қызмет көрсетіп қана қоймай, өндірушіні бағалар жүйесін қамтамасыз ету арналары арқылы бақылайды. Кәсіпкерлік қызметті биржалар қызметінің мазмұны мен қағидаларын ескермей тиімді түрде жүргізу мүмкін емес.


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау