Тақырып: Науқастың жеке гигиенасы



жүктеу 24,13 Kb.
Дата08.05.2020
өлшемі24,13 Kb.
#30262
Мейіргер ісі (2)


Тақырып: Науқастың жеке гигиенасы.

Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау

Күнделікті өмірде науқастардың күтімі науқасқа көмек көрсету, олардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталады. Ауыр халдегі науқасқа тамақ беру, сусын беру, жуындыру, қозғалту, ішек пен несеп жолдарын тазалықта ұстау керек. Мұндай көлемдегі күтімге кіші мейірбике немесе науқастың туыстары көмектеседі. Науқастың күтімін ұйымдастыруда барлық медицина қызметкерлер міндетті түрде белсене атсалысуы керек. Төсектік тәртіпте жатқан науқастар өзінің физиологиялық қажеттіліктерін жатқан күйде шығаруға мәжбүр болады.Мұндай жағдайда науқастарға астынан салынатын дәрет қабылдау ыдыстарын қояды. Дәрет қабылдаған ыдыстарды ыстық сумен әбден жуып, 1 – 2 пайыз хлорлы әк немесе 3 пайыз хлорамин лизол ерітіндісімен тазалайды. Жағымсыз иістерді жою үшін ыдыстарды әлсіз калий перманганаты ерітіндісімен шаю керек.

Функционалды керует

Функционалды керует ерекше құрлымдық кереует болып есептеледі, бірнеше бөліктерден құралған, қалпын қолмен ауыстыруға, бұрылуға болады. Керуеттің бас жағы мен аяқ жағы тез арада керекті қалыпқа қоюға болады. Бүл керуерттерді арнайы бұрағыштармен бұрауға болады: керует алды столдар, тамшы қоятын штатив, судно және несеп шығарғыш заттарды қоятын жеке ұяшығы бар. Функционалды керуетті ауыр жатқан науқастарға ыңғайлы қалыпқа келтіруге және қозғалтуға тиімді болу үшін және медбикеге ауыстыруға тиімді.

Ұстау жүргенде көмек көрсету, науқасты төсекте ауыстыру үшін. Медициналық жұмысшы науқасты күткен кезде қауіпсіз бірнеше әдіс шаралары. Науқасқа дұрыс қарамағанда арқасын жарақаттап алуы мүмкін және медбике күту кезінде бір жерін ауыртып алуы мүмкін. Күту кезінде ыңғайлы әдісті қолдану, омыртқаға және транспорттау кезінде денеге салмак, аз түсу.

Емдеу мекемелерінде қарапайым немесе арнайы кереуеттер колданады. Тұтқалардың көмегімен олардың бас және аяк жағын көтеріп немесе томен түсіруге болады. Жартылай отырғызу үшін бас жагын котереді, ондай жағдайға лайықталмаса бірнеше жастық қойылады. Қандай жағдай болса да науқастың ауыр халін жеңілдету үшін, оныц жатып түруына ыцғайлы жағдай жасау керек.

Науқастарға төсек пен ішкиімдерін 7 күиде бір рет ауыстырып отыру керек. Егер ластанса, мерзімін күттірмей жаңа төсек пен ішкиім беріледі. Босанған эйелдерге төсекті 3 күнде бір рет, ал ішкиімдер мен орамалды күн сайын беріп отырады.

Ауыстырылған тосектер мен киімдерді жабық ыдыстарға немесе қапқа салып, уақытша санитарлық бөлмелерде сақтайды, одан эрі зарарсыздандыруға жібереді. Таза киім-төсектер арнайы бөлінген бөлмеде сақталады. Бөлімде олардың тэуліктік коры болуы керек. Киім-төсектер мен оларды сақтайтын ыдыстар болім бойынша таңбаланады. Наукасты ауруханадан шығарғаннан кейін киім-тесектерін, ал жастык, жамылғыш пен матрацтары ластанған жағдайда ауыстырылып, зарарсыздандыру камерасына откізеді.

1. Кереуетке матрац төсейді, үсті біркелкі тегіс болуы керек.

2. Үстіне ақжайма жауып, шетін матрацтың астына жібереді, қажет болса оныц үстіне клеенка, жаялык жаяды.

3. Жастықтың тысын кигізіп кереуеттің бас жағына қояды.

Төсекті ауыстыру

Егер науқас катан төсек тэртібінде болса:

1. Таза ақжайманы көлденең орайды.

2. Наукастьщ кеудесін көтеріп, жастыкты алып, тысын ауыстырады.

3. Бұрынғы ақжайманы бас жағынан беліне дейін орайды.

4. Таза ақжайманы босаган жерге жайып, жастықты бас жағына қояды, науқастың басын жастыққа салады.

5. Науқастын жамбасын, аяғын көтеріп бұрынғы акжайманы алып тастап, тазасын жаяды.

6. Наукасты жатқызып, ақ жайманың шеттерін матрацтың астына түзейді.

7. Жамылғыштың тысын алмастырып, науқастың үстіне жабады.

8. Ауыстырылған лас тосектерді қапқа салады.

9. Қолды асептикалық ерітіндімен өңдейді. Егер науқасқа төсекте қозғалуға рұқсат болса:

1. Таза ақжайманы үзыннан орайды.

2. Науқастьщ басын көтеріп, жастықты алады.

3. Науқасты бір бүйіріне аударып, сол қалпында ұстайды.

4. Бұрынғы ақжайманы үзынынан наукаска қарай орайды.

5. Таза ақжайманы босаған жерге үзынынан жаяды.

6. Науқасты аркасымен таза ақжайма жағына бұрып, бүііірімен жатқызады.

7. Бүрынғы ақжайманы алып тастап, тазасын жаяды.

8. Наукасты жаткызып, ақжайманың шеттерін матрацтың астына түзейді.

9. Жастықтың тысын ауыстырып, басының астына салады.

10. Жамылғыштың тысын алмастырып, науқастың үстіне жабады.

11. Ауыстырылған лас төсектерді қапқа салады.

12. Қолды асептикалық ерітіндімен өңдейді.

Ішкі киімдерді ауыстыру

1. Науқастың кеудесін көтереді.

2. Үстіндегі бұрынғы койлегін шүйдесіне дейін орайды.

3. Көйлегін басынан шыгарып алып, колдарын босатады (егер қолы закымданган болса, алдымен сау колын шығарып, содан кейін ауру колын шыгарады).

4. Таза көйлекті қолдарынан бастап кигізеді (алдымен зақымданган колына, содан кейін сау қолына кигізеді).

5. Көйлекті басынан кигізіп, арқасы мен ішін жазып түсіреді.

6. Ауыстырылган лас киімдерді қапқа салады.

7. Қолды асептикалык ерітіндімен өңдейді

Терінің ойылып қалған жарасының алдын алуы.

Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.

Ойылулардың пайда болуының себептері:

1. Күтімнің нашарлығы.

2. Салдану.

3.Тері сезімталдығының бұзылуы.

4. Қан айналымының бұзылуы.

5. Дене қызуының көтерілуі.

6. Қоректенудің бұзылуы.

7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы.

8. Анемия.

9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болу.

10.Егде жас.

11.Жайылған ісінулер.

12.Ыңғайсыз төсек, онда тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы.

13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпты болуы,

14.Төсек орын мен іш киімдердің таза болмауы.

15.Науқастың ессіз болуы.

16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.

Ойылулардың алдын алу:

1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.

2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.

3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.

4. Резеңке шеңберлер қолдану.

5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.

Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар жәнее емдеу дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл ірінге және қанның кағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.

Ойылулардың пайда болуы - науқас күтімінің жеткіліксіздігін керсетеді!

Ойылулардың емі алдын алу шараларынан күрделі. Алғашқы кезеңдерде зақымданған жерді 5 - 10% йод ерітіндісімен, 1% бриллиант жасылмен сүрту, физиотерапиялық ем жүргізіледі. Асептикалық тану жасалады. Егер ойылулар пайда болса, оны калий перманганатының 5 -10% ерітіндісімен сүртіп, Вишневский майымен, синтомицин және т.б. таңу қажет. Некрозда - маймен таңу. жалпы күшейту емі (қан құю, плазма), кейде операция - теріні ауыстыру қолданылады. Кейінгі кезде -ируксол деген препарат ұсынылады. Ол тәулігіне 2 рет 2 мм қалыңдыкта дымқыл таңу түрінде жасалады.

Науқастың денсаулығы бұзылмас үшін оны әртүрлі қосымша аурулардан алдын ала қорғау керек. Мысалы, ауруханада немесе үйде жатқан науқас адам жеке басының тазалығын үнемі сақтап отырса, онда бұл науқастың тезірек жазылатындығы сөзсіз. Науқас адамның жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оны күту де соғұрлым қиын болады. Науқастың күтімі нашар болып, ағза күрт әлсірегенде, дененің қысым түскен жерлері ойылады.

12.Ойылған жер дегеніміз - үстіңгі, ал кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тінннің (терінің, тері астындағы шел қабатының, кілегей қабағының) жансыздануы. Ойылуға осал келетін жерлер: сегізкөз, құйымшақ, шонданай, үлкен ұршық, өкше, жауырын, тобықтың сыртқы бөлігі, желке, тізе, шынтақ.

Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан, кірлеген теріден пайда болады.

Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу

Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Адамдардың сыртқы киімдері, аяқ киімінің байланған жерлері де адам денесін қысады. Осы әсерлердің бірде-бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.

Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі. Үйкелу ылғалданғанда болатын нәрсе. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды және ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.

Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет. Оның негізгі қағидалары:

Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, тобық, жауырын, шынтағын, самай аймағын. Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алддын алу және емдеу шараларын бастау қажет:

Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.

Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.

Тері тітіркендіргіштерін жою.

Тері тазалығын сақтау.

Тері ылғалдылығын төмендету.

Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.

Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек

Терісін жылы сумен жуу, зарарсыздандыру ерітіндісінің біреуімен сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.

Астына төселетін ақ жайманың тігісі болмауы керек.

Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.

Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу керек.

Ойылудың даму кезеңдері

І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі

Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.

ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі

Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.

ІІІ кезең: Жазылу кезеңі

Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.

Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі

1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.

2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.



3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.

4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады.
жүктеу 24,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау