Отраслевое. 18. 01. 18. indd



жүктеу 429,4 Kb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата23.05.2018
өлшемі429,4 Kb.
#16701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

24

-  Салалық  комиссия  жұмысын  ұйымдастыруын  қамтамасыз  етуге 

(ұйым деңгейіндегі қызметкерлер өкілдері);

-  әлеуметтік  әріптестік  тараптарымен  келіссөздер  жүргізу  үшін 

қажетті ақпаратты уақтылы беруге бақылау жүргізеді.

9.7. Топ өз қызметінде бейтараптық пен алалықсыздық принциптерін 

басшылыққа алады.

X. КАДРЛАДРЫҢ ӘЛЕУЕТТІН ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКГІН 

ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУШІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 

ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ 

10.1.  Сала  ұйымдарында  персонал  білімдерін  сақтау  және  дамыту 

мақсатында Тараптар Кадрлар әлеуетін және біліктілігін дамыту жөніндегі 

үйлестіруші  орталығы  (бұдан  әрі  -  Үйлестіруші  орталық)  жұмыс 

жасауының қажеттілігі туралы келісті.

10.2.  Үйлестіруші  орталық  -  саланы  білікті  кадрлармен  және 

қажетті  біліктілік  стандарттарымен  қамтамасыз  ету  бойынша  жұмысын 

үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган. 

10.3. Үйлестіруші орталығының негізгі міндеттері:

- кәсіби стандарттар басымдықтарын жаңарту бойынша ұсынымдар;

- білім беру бағдарламаларын келістіру жөніндегі ұсыныстар;

- қайта қаралған білім беру бағдарламалары туралы түсініктемелер;

-  Салалық  біліктілік  шеңберлерін  дамыту  және  қолдау  бойынша 

ұсыныстар;

- салалық оқу орындарын аккредиттеу бойынша ұсыныстар;

- талап етілетін ауқымда және біліктілікте орта және ұзақ мерзімді 

даму тенденцияларын бағалау бойынша ұсыныстар

- салалық ұйымдарда өндірістік кадрларды даярлаудағы, инженерлік-

техникалық кадрлардың біліктілігін арттырудағы стандарттар;

-  кадрларды  даярлау  және  қайта  даярлау  мәселелері  бойынша 

конференциялар,  семинарлар,  дөңгелек  үстелдер  ұйымдастыру  бойынша 

ұсыныстар болып табылады. 



XI. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

11.1.  Келісімнің  қолданылу  мерзімі  ішінде  қабылданған  және 

қызметкерлердің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  жақсартатын 



25

нормативтік-құқықтық  актілер  күшіне  енген  сәттен  бастап  Келісімнің 

тиісті тармақтарын кеңейтеді .

11.2.  Тараптардың  ешқайсысы  Келісімнің  кез-келген  ережесін  бір 

жақты  тәртіпте  өзгертуге  немесе  тоқтата  тұруға  құқылы  емес.  Келісімге 

өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жалпы келісімі бойынша ғана 

жүзеге асырылады және Тараптардың кез келгенінің қосымша келіссөздерді 

бастау туралы талаптары басқа Тараптар үшін міндетті болып табылады. 

Басқа  Тараптан  келіссөздерді  бастау  туралы  жазбаша  ұсыныс  алған 

тараптар оларды 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қарауға және келіссөздерді 

бастауға міндетті.

11.3.  Келісімнің  ережелеріне  және  оған  белгіленген  тәртіппен 

қабылданған  барлық  түзетулерге  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

заңнамасымен  салыстырғанда  қызметкерлердің  жағдайын  нашарлатуына 

жол берілмейді. 

11.4.  Келісімге  қатысушылардың  біреуі  қайта  ұйымдастырылған 

жағдайда  оның  орындаудағы  міндеттері  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сәйкес құқықтық мұрагерге берілуге тиіс. 

11.5.  Тараптар  Келісімнің  қолданылу  мерзімі  аяқталғанға  дейін 

кемінде  үш  ай  бұрын  жаңа  Келісімді  әзірлеу  және  жасау  туралы 

келіссөздерді бастауға міндеттеледі.

11.6.  Осы  Келiсiмнiң  ережелерi  Келiсiмге  қол  қойған  Тараптар 

үшiн мiндеттi болып табылады және ұжымдық келiсiмдер жасасу кезiнде 

қолдануға жатады.

Салалық  ұйымдарда  ұжымдық  келісім  болмаған  жағдайда,  осы 

Келісім тікелей әсер етеді.

11.7.  Келісім  барлық  Тараптар  қол  қойған  сәттен  бастап  күшіне 

енеді  және  жаңа  Келісім  қабылданғанға  дейін  жарамды  болады, 

Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан 

Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 

хабарламалық тіркеуге жатады. 

11.8.  Берілген  міндеттемелерді  бұзғаны  үшін  Тараптар  Қазақстан 

Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Келісімге сәйкес 

жауапты болады.

11.9.  Келісімді  іске  асыруды  әлеуметтік  әріптестік  Тараптары 

бақылайды. Өнеркәсiп комиссиясы оның бекiтілген тәртiбімен Тараптардың 

Келiсiмнiң ережелерiн бұзу мәселелерiн қарауға және оларды жою жөнiнде 

шаралар қолдана алады.

Келісімді  іске  асыру  барысында  туындайтын  барлық  даулар 

Комиссия  отырысында  шешіледі,  ал  келіспеген  жағдайда  -  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 



26

11.10. Келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 

4 (төрт) данада жасалып және қол қойылған. Сала ұйымдарындағы Жұмыс 

берушілер мен Кәсіподақтар бірлесіп, осы Келісімді қол қойылған күннен 

бастап  бір  ай  ішінде  қызметкерлерге  хабарлауды  қамтамасыз  етеді. 

Келісімнің мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

11.11.  Министрлік  салалық  деңгейде  уәкілетті  мемлекеттік  орган 

бола отырып, Келісімді ресми жариялауды қамтамасыз етеді. 

 

ТАРАПТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы инвестициялар 

және даму Министрлігі Вице-Министрі                             Р.В. Скляр  

«Атамекен» Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының 

өкілетті өкілдері  

                                                        М. Бисарова 

«Құрылыс комплексі және тұрғын-үй 

коммуналдық шаруашылық 

қызметкерлерінің салалық 

кәсіподағы» ҚБ төрағасы 

 

 

 

К. Есенғазин



жүктеу 429,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау