Отраслевое. 18. 01. 18. indd



жүктеу 429,4 Kb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата23.05.2018
өлшемі429,4 Kb.
#16701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

6

2.3.  Тараптар  сала  ұйымдарының  әлеуметтік-экономикалық 

қызметін  тұрақтандыруға  және  дамытуға  бағытталған  іс-шараларды 

жүзеге  асырады  және  сала  ұйымдарындағы  еңбек  заңнамасын,  еңбек 

құқығының  нормаларынан  тұратын  өзге  нормативтік  құқықтық  актілерді 

және халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау бойынша, сондай-ақ табылған 

бұзушылықтарды  жою  бойынша  заңнамамен  бекітілген  іс-шараларды 

қабылдайды;

2.4. Осы салалық Келісіммен Тараптар мына тәртіпте әрекетті жүзеге 

асыруға келісті:

1)  Тараптардың  әлеуметтік  серіктестікті  келісу  бойынша  Салалық 

комиссия  туралы  ережені  бекітеді.  Салалық  комиссия  қатысушыларының 

жеке құрамы паритетті негізде әр Тараппен дербес қалыптасады. Саланың 

бағдарламалық  және  стратегиялық  құжаттарының  мазмұны  бойынша 

ұсыныстар Салалық комиссиямен қаралады және бекітіледі;

 2) келісілген айқындаманы түпкілікті әзірлеу мақсатында Салалық 

комиссия ұжымдық келіссөздерді және өзара кеңестерді жүргізеді;

3) ұйымның қажеттілігін ескере отырып, сала үшін жұмыс кадрларын 

даярлау бағдарламасын әзірлеу;

4) перспективті даму және сала ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін 

артыру бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу.



III. ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ ЖӘНЕ 

САЛАДАҒЫ ДИАЛОГТЫ ДАМЫТУ

3.1. Тараптар келісті

1)  әлеуметтік  серіктестікті  ары  қарай  дамытуды  қамтамасыз  етуге 

қажет, әлеуметтік және экономикалық дамудың және саладағы әлеуметтік 

және  еңбек  қатынастарының  негізгі  мәселелері  бойынша  шешімдерді 

қабылдау кезінде оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға;

2) әлеуметтік серіктестіктің негізгі мақсаттары еңбек шиеленістерінің 

алдын алуға, қызметкерлерге олардың құқықтарын түсіндіруге, әлеуметтік-

еңбек  қатынастарын  реттеу  практикасын  талдауға  және  жетілдіруге  және 

әлеуметтік  серіктестік  және  ұжымдық-шарттық  реттеу  қағидаттарын 

енгізуге;

3) салалық деңгейдегі әлеуметтік серіктестік, оның ішінде Тараптар 

мүдделерін  келісу  кеңестер  және  келіссөздер  жүргізу  жолымен  Салалық 

комиссиямен қамтамасыз етіледі;

4)  Салалық  комиссия  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен 

бекітілген құзіреттілік шегінде Салалық келісімді әзірлеуге және қабылдауға 




7

қатысады  және  бекітілген  Ережеге  және  жұмыс  жоспарларына  сәйкес 

әрекет етеді.  Салалық комиссия шешімі келіссөздерде барлық Тараптардың 

келісімге  келу  негізінде  ғана  қабылданады  және  тиісті  хаттамалармен 

рәсімделеді;

5)  бір  жылғы  жұмыс  нәтижелерінің  жүргізілген  қорытындылары 

және кәсіби мерекеге жеңімпаздарды марапаттау бойынша ең үздік ұйым, 

сала кәсіпорыны конкурстарын жүргізу;

6) сала қызметкерлерінің жоғары білікті еңбегінің беделін арттыру, 

еңбек өнімділігін, олардың жетістіктерін және озық тәжірибесін насихаттау 

мақсатында конкурстар жүргізеді;

7)  заңнамамен  және  осы  Келісіммен  белгіленген  қызметкерлерге 

және  олардың  отбасыларына  берілетін  әлеуметтік  кепілдіктерді  және 

жеңілдіктерді  орындауды  қамтамасыз  ету  және  ұжымдық  шарттарды 

жасау  кезінде  осы  кепілдіктердің  және  жеңілдіктердің  тізімін  кеңейтуде 

қызметкерлердің және жұмыс берушілердің құқықтарын шектемеуге;

8) 

Қазақстан 



Республикасының 

заңнамасын, 

әлеуметтік 

жауапкершілікті, өзара құрметті мүлтіксіз сақтау қағидаттарын басшылыққа 

ала  отырып,  даулы  жағдайларды  шешу  кезінде  Тараптармен  әзірленген 

нормативтік актілерді басшылыққа алуға және тануға;

9)  ұжымдық  еңбек  дауларының  туындауына  алып  келуі  мүмкін 

себептерді  және  жағдайларды  жою  бойынша  алдын  алу  іс-шараларын 

қабылдау;

10)  сала  ұйымдарында  қауіпсіздік  және  еңбекті  қорғау  бойынша 

өндірістік  кеңестерді  құру,  еңбекті  қорғау  талаптарын  қамтамасыз  ету, 

өндірістік  травматизмнің  және  кәсіби  сырқаттың  алдын  алу,  сондай-ақ 

жұмыс  орындарындағы  шарттарды  тексеру  және  еңбекті  қорғау  жүргізу 

бойынша кәсіподақтармен ортақ әрекетті жүргізу;

11) ерекше ерекшеленген сала қызметкерлерін мына көтермелеулерге 

ұсыну:


-  «Еңбек  ардагері»  медалі,  «Құрметті    құрылысшы»  ведомстволық 

наградасы, Министрліктің құрмет грамотасына;

-  «Кәсіподақтарға  сіңірген  еңбегі  үшін»  Қазақстан  Республикасы 

Кәсіподақтары федерациясының кеуде белгісі, құрмет грамотасы;

- «Елеулі еңбегі үшін» салалық кәсіподағының кеуде белгісі, құрмет 

грамотасы, ақшалай сыйақы және естелік сыйлықтар;

- үшінші дәрежедегі ҚР «Атамекен» ҰКП кеуде белгісі, құрмет және 

естелік сыйлықтары;

«Даңқты 


құрылысшы» 

Қазақстан 

құрылысшылары 

қауымдастығының кеуде белгісі, құрмет грамоталары, естелік сыйлықтар.




8

3.2. Тараптар әлеуметтік серіктестікке:

1) Салалық комиссия жұмысы арқылы;

2) келісімдер және ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және 

оларды жасау арқылы;

3)  еңбек  қатынастарын  және  олармен  тікелей  байланысы  өзге 

қатынастарды  реттеу,  еңбек  саласындағы  қызметкерлердің  құқығына 

кепілдікті  қамтамасыз  ету  және  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

заңнамасын  жетілдіру  мәселелері  бойынша  өзара  кеңестер  (келіссөздер) 

арқылы;


4)  Кодекспен,  ұжымдық  шартпен  және  ұйымның  жарғысымен 

көзделген  өкілдіктер  шеңберінде  ұйымды  басқаруға  қызметкерлердің 

немесе олардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету арқылы қатысады.

3.3.  Тараптар  өкілдерінің  Келісімді  жасау,  өзгерту,  толықтыру 

бойынша келіссөздерге қатысудан бұлтаруы немесе Келісімге қол қоюдан 

негізсіз  бас  тартуы,  келіссөздерді  жүргізу  мерзімдерінің  бұзылуы  және 

тиісті  комиссия  жұмысын  қамтамасыз  етпеу,  келіссөздерді  жүргізу  үшін 

қажет  ақпаратты  ұсынбауы  және  Келісім  ережелерін  сақтағаны  үшін 

бақылауды  жүзеге  асыруы,  оның  шарттарын  бұзуы  немесе  орындамауы 

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жауапкершілікке алып 

келеді.

3.4. Министрлік және Жұмыс берушілер заңнамамен және келісіммен 



бекітілген  шарттарда  және  тәртіпте  Қазақстан  республикасының  Еңбек 

заңнамасын  сақтай  отырып,  қоғамдық  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін 

Кәсіподақтың құқығын таныйды.

3.5.  мақсаттары  қандайда  бір  органдарға  және  ұйымдарға  тура 

немесе жанама кәсіпорындарды бағындыру немесе олардың құқықтарын 

шектеу, сондай-ақ «Кәсіби одақтар туралы» ҚР Заңымен және кәсіподақтар 

жарғысымен  көзделген  олардың  қызметіне  кедергі  келтіру  болып 

табылатын кез келген әрекетке тыйым салынады.

3.6. Кәсіподақтарға сайланбалы кәсіподақтық органдардың мүшелері 

туралы Жұмыс берушілерге ақпарат беру қажет.

3.7.  Негізгі  жұмысынан  босатылмаған  сайланбалы  кәсіподақ 

органдарының мүшелері кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз тәртіптік 

жазаға  ұшырамайды,  олардың  мүшелері  олар  болып  табылады.  Негізгі 

жұмысынан  босатылмаған  кәсіподақ  органы  басшысы  (төраға)  жоғары 

тұрған  кәсіподақ  органының  дәлелді  пікірінсіз  тәртіптік  жазаға  тартыла 

алмайды.  Кәсіподақ  органының  дәлелді  пікірі  жұмыс  берушінің  өтініші 

келіп  түскен  күннен  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  жұмыс  берушіге 

ұсынылады.




жүктеу 429,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау