21
3) осы Келісімнің, ұжымдық шарттардың, еңбек жағдайларын және
еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар, жазатайым оқиғалардың,
кәсіптік аурулардың, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың
себептерін жоюды ұйымдастырады;
4) ұйымдардағы еңбек жағдайларын жақсарту үшін еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, кәсіптік дағдылар, түрлі салалық және
облыстық конкурстардың республикалық салалық сараптамасын өткізуді
ұйымдастырады және оған қатысады;
5) осы Келісім шеңберіндегі атқарушы билік органдарымен,
мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушілермен тығыз өзара
қарым-қатынас жасайды;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес
құрамында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды
жүзеге асырады, сондай-ақ, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды
тергеуге, жарақаттанудың алдын-алу үшін іс-шараларды әзірлеуге және
олардың орындалуын бақылауға қатысады;
7) Кәсіподақ мүшелеріне қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары
үшін олардың құқықтарын қорғауда практикалық көмек көрсету,
мемлекеттік органдарда, соттарда олардың мүдделерін білдіру жұмыстарын
жүргізеді;
8) ұжымдық шарттың тиісті бөлігімен бірге қауіпсіз еңбек
жағдайлары мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, өнеркәсіп
ұйымдарының қаржылық-экономикалық жағдайын ескере отырып, еңбекті
қорғау бойынша нақты шаралар (бағдарламалар, жоспарлар, келісімдер
және т.б.)әзірлей алады.
7.5. Министрлік жұмыс берушілер мен кәсіподақтармен бірлесіп,
еңбек заңнамасын қолдану туралы пікірталастарға қатысады.
7.6. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе)
қызметкерлердің немесе олардың өкілдерінің бастамасымен еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес (бұдан
әрі - Өндірістік кеңес) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушінің
өкілдері, қызметкерлердің өкілдері, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі
техникалық инспекторлар кіреді
7.7. Өндірістік кеңес құрамы жұмыс берушінің және қызметкерлердің
өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі.
7.8. Өндірістік кеңесті жұмыс берушілер мен қызметкерлердің
өкілдерінен, екі жыл мерзімімен ротациялық негізде кеңестің мүшелерімен
сайланған төраға басқарады. Өндірістік кеңесінің шешімдері жұмыс
беруші мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
22
7.9. Өндірістік кеңес жұмыс берушілер мен қызметкерлердің
еңбекті қорғау, кәсіптік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын-алуын
қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-
ақ еңбек қорғау техникалық инспекторлары жұмыс орындарындағы
еңбек қорғау мен жағдайлары тексеруді ұйымдастырады. Еңбекті қорғау
жөніндегі техникалық инспекторлардың кандидатураларын кәсіподақтар,
ал ол болмаған жағдайда қызметкерлердің кемінде үштен екі бөлігінің
қатысуымен көпшілік дауыспен ұйым қызметкерлерінің жалпы
жиналысында ұсынылады.
7.10. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың
кандидатурасы Өндірістік кеңес шешімімен бекітіледі. Еңбекті қорғау
жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен
міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды жүзеге асыру тәртібі Өндірістік
Кеңесінің шешімі бойынша анықталады.
7.11. Тараптар техникалық инспекторлардың ұжымдық еңбек
шарттарын, өндірістік кеңестің мүшелері жыл жұмысының қорытындылары
бойынша оларды айқындау үшін материалдық ынталандыру шаралары
туралы келіседі.
VIII. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ЕҢБЕК
ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕШУ
ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
8.1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе)
қызметкерлердің немесе олардың өкілдерінің бастамасымен салалық
ұйымдардағы ұжымдық еңбек дауларын болдырмау және шешу үшін
ұжымдық еңбек дауларын алдын-алу және шешу жөніндегі кеңес (бұдан
әрі - Кеңес) құрыла алады.
8.2.
Кеңес
Қазақстан
Республикасының
Кәсіподақтар
федерациясымен бекітілген Қазақстан Республикасы өңірлерінде еңбек
жанжалдарының алдын алу және оларды шешу жөніндегі іс-әрекеттер
алгоритмін қолданып, салалық ұйымдардағы еңбек дауларын болдырмау
және шешу әдістері мен ұсыныстарын әзірлейді.
8.3. Кеңестің шешімі ұсынылатын сипатта болады, ұжымдық еңбек
даулары мен қақтығыстардың, ереуіл қозғалыстарының туындауына әкелуі
мүмкін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қамтиды.
8.4. Кеңес функциясының салалық деңгейінде, оның құрылуынсыз,
функциялары әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысы шеңберінде
жүзеге асырылады
23
IX. КЕЛІСІМДЕРДІ, ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ
ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТЫСАТЫН БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
ТӘРТІБІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
9.1. Әлеуметтік әріптестік туралы Тараптардың өзара міндеттемелері
туралы Келісімге (ұжымдық келісімдерге) толықтыруды бақылау
мақсатында келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеуге және қабылдауға
қатысу үшін байқаушылар тобы (бұдан әрі - Топ) құрылады.
9.2. Топ әлеуметтік серіктестікке қатысушы Тараптардың тең
өкілдерінен қалыптастырылады және Салалық комиссияның немесе жұмыс
берушілер өкілдері мен қызметкерлер өкілдері комиссиясы шешімдерімен
бекітіледі.
9.3. Топ Шартты (ұжымдық шарттарды) әзірлеу және оны қол
қою кезінде өз қызметін жүзеге асырады. Топты оның мүшелерінің бірі
басқарады
9.4. Салалық комиссия Топтың толыққанды жұмысына жәрдемдеседі,
оны қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
9.5. Топтың Қазақстан Республикасының Кодексіне және
заңнамасына қайшы келмейтін ұсыныстары мен ескертулері Салалық
комиссияның (қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ұйым деңгейіндегі
өкілдері) міндетті түрде қарауына жатады.
Сонымен бірге, еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің
жағдайын жақсартатын ұсыныстар Салалық комиссияға (қызметкерлер
мен жұмыс берушілердің ұйым деңгейіндегі өкілдері) ұсыныстық сипат
болып табылады,
9.6. Топ:
- әлеуметтік әріптестік Тараптарының Салалық келісімді (ұжымдық
шарттарды) әзірлеу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы жазбаша
ұсыныстарды уақытылы қарауға;
- келіспеушіліктер болған жағдайда Кодексте белгіленген мерзімде
хаттама жасауға;
- келіссөздер жүргізу, әзірлеу мерзімдерін, Салалық келісімді
(ұжымдық шарттарды) жасау тәртіптерін сақтауға, оған өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге;
- Салалық Келісімге (ұжымдық шарттарға) енгізу туралы
ұсыныстарды қарау нәтижелеріне;
- келiссөздер жүргiзу және қол қойылған Салалық келiсiмдi
жариялауға, сондай-ақ ұжымдық келiсiмдердi тиiстi еңбек инспекциясына
мониторинг жасау үшін ұсыныуға;
Достарыңызбен бөлісу: |