Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі,
Қазақстан Республикасының «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы,
«Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі
арасындағы
2018-2020 жылдарға арналған
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
БОЙЫНША САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінде
2018 жылдың ___ ______ № тіркелді
Астана қ.
3
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
құрылыс саласы, өнеркәсіптік құрылыс материалдары және тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы бойынша осы салалық келісім (бұдан әрі -
Келісім) Қазақстан Республикасының құрылыс кешенін және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық ұйымдарының тұрақты және тиімді қызметінің
мақсатында, Қазақстан Республикасының конституциясына, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), «Кәсiптiк одақтар
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2014 жылғы 27 маусымдағы
Заңына, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Халықаралық
еңбек ұйымының (ХЕҰ) конвенцияларына сәйкес жасалды және құрылыс
саласының қызметкерлері және жұмыс берушілері арасындағы әлеуметтік-
еңбек және экономикалық қатынастарды ретеудің, құрылыс материалдарын
өндірудің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының (бұдан әрі
- сала) жалпы қағидаларын, еңбекті төлеудің жалпы шарттарын, сала
қызметкерлерінің еңбек кепілдіктерін және льготаларын, сондай-ақ
әлеуметтік серіктестік тараптарының құқықтарын, міндеттерін және
жауапкершіліктерін белгілейтін жалпы шарттарды белгілейді.
1.2. Келісімнің Тараптары:
- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
(бұдан әрі - Министрлік) атқарушы органының атынан мемлекет;
«Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық
қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі -
кәсіподақ) атынан:
- Қызметкерлердің өкілдері;
Қазақстан Республикасының «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер
палатасы (бұдан әрі – Жұмыс беруші);
- Қызметкерлердің өкілдері болып табылады.
1.3. Келісімнің міндеттері және қағидаттары:
- сала ұйымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
- өнімді еңбек, сала қызметкерлерінің өмірлік деңгейін арттыру
үшін жағдайлар жасау, жаңа жұмыс орындарын сақтау және құру жолымен
қызметкерлердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, біліктілікті арттыру
және қызметкерлерді қайта оқыту;
- сала ұйымдарындағы ұжымдық шарттарды жасау бойынша
бірыңғай талаптарды, қағидаларды, тәртіптерді, әдістемелік тәсілдерді
және ұсынымдарды әзірлеу;
4
- өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз
ету;
- өзара сенім негізінде әлеуметтік серіктестікті дамыту, тараптардың
ақпаратпен алмасуы және ынтымақтастығы.
1.4. Осы Келісімнің әрекет етуі мыналарға қолданылады:
- тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына;
- сала мекемелерінің, кәсіпорындарының және ұйымдарының жұмыс
берушілеріне,
- Кәсіподақ мүшелері болып табылатын сала мекемелерінің,
кәсіпорындарының және ұйымдарының жұмыс берушілеріне.
1.5. Осы Келісіммен көзделген әлеуметтік жеңілдіктер мен
кепілдіктер кәсіподақ мүшелеріне, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері болып
табылатын, бірақ олардың мүдделерін білдіру үшін кәсіподаққа уәкілеттік
беретін және жалақыдан ай сайын 1% кем емес мөлшерде ақшалай
қаражатты (жарналарды) кәсіподақ ұйымына аударатын қызметкерлерге
қолданылады.
1.6. Келісім тараптары ақпарат жариялауға жатпайтын коммерциялық
құпия немесе ақпарат болып табылмайтын жағдайда Келісімді орындауға
қатысты әлеуметтік-экономикалық сипаттағы сұратылатын мәселелер
бойынша толық және сенімді ақпаратты бір-біріне ұсынады.
II. ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК ШЕҢБЕРІНДЕГІ САЛАНЫҢ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫН
ҚАРАУ ТӘРТІБІ
2.1. Министрлік әлеуметтік серіктестік шеңберінде бағдарламалық
және стратегиялық құжаттарды әзірлеудің және іске асырудың
үйлестірушісі.
2.2. Министрлік:
1) қызметкерлердің еңбегіне, лайықты жалақысына, қауіпсіз еңбек
жағдайларына, демалысты ұйымдастыруға, жеңілдіктер мен кепілдіктерді
сақтауға конституциялық құқықтарды қамтамасыз ету бойынша Кәсіподақ
пен Жұмыс берушілердің қатысуымен салааралық саясатты жүргізеді;
2)
нысаналы,
ғылыми-техникалық
және
инновациялық
бағдарламалардың мемлекеттік тапсырыс берушісінің функцияларын
жүзеге асыру кезінде Салалық келісіммен белгіленген нормаларды
ескере отырып, жұмысшылардың еңбегін төлеуге шығындарды анықтау
бөлігіндегі баға саясатына қатысады;
5
3) Келісімді жасау және іске асыру бойынша келіссөздерге қатысу
жолымен әлеуметтік серіктестіктің салалық жүйесін нығайтуға және
дамытуға жәрдемдеседі;
4) жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдерімен бірге
өндірістердің, цехтардың, мамандардың және лауазымдардың еңбек
бойынша салалық тізімін, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, зиян жұмыстардың
(ерекше зиян) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары тізімін әзірлейді
және уәкілетті мемлекеттік органдарға бекітуге енгізеді;
5) Қазақстан Респібликасының заңнамасына сәйкес олардың
табысты қызмет етуі үшін сала ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсетеді;
6) салаға, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартуға
жәрдемдеседі;
7) саланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегияларының негізгі
бағыттарын түсіндіруге қатысу және орындарда оның практикалық жүзеге
асырылуына жәрдемдеседі;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзіреттілігінің
шеңберінде құрылыс материалдарының отандық индустриясын барынша
дамытуға жәрдемдеседі.Заңмен белгіленген тәртіпте құрылыста олардың
басым қолданылуына жәрдемдеседі;
9) алқа отырысының жұмысына, кеңестерге қатысуға, саланың
ең үздік ұйымы үшін конкурс жүргізуге, сондай-ақ кәсіби мерекені
ұйымдастыруға және жүргізуге Кәсіподақ және Жұмыс берушілердің
өкілдерін тартады;
10) лайықты қызметкерлерді мемлекеттік және салалық
наградалармен марапаттау туралы Кәсіподақтың және Жұмыс берушілердің
ұсыныстарын қарайды және сала ұйымдарының басшыларын мемлекеттік,
салалық наградаларымен және атақтарымен марапаттау үшін мына
жағдайларда материалдарды бекітеді:
- жалақы бойынша ұйымның қарыздарының болмауы;
- осы Келісіммен белгіленген шарттарға ұйымдағы жалақы
мөлшерінің сәйкес келуі;
- ауыр және қатерлі өндірістегі жазатайым оқиғалардың болмауы.
11) бұқаралық ақпарат құралдарында сала қызметкерлерінің жалақы
деңгейінің өзгерілуіне қолданылады.
Әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі бағдарламалық және
стратегиялық құжаттарды әзірлеудің, сондай-ақ оларға өзгертулер мен
толықтыруларды енгізу бастамшысы ретінде Келісім Тараптарының кез
келгені шығуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |