Регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»



жүктеу 244,82 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі244,82 Kb.
#6591
түріРегламент

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «09» маусымдағы

№ 170/6 қаулысымен

бекітілген



«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық нысанда ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мен өтініш мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап, қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды және бұрыштама қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде жазбаша бас тартады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Құжаттар пакеті толық болған кезде жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

объектіні тексеруге дейін бір күн бұрын құқықтық статистика органдарына хабарлайды;

объектіге тексеру жүргізеді;

объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;

объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге сәйкестігін тексереді;

          акті жасайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына және мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 (отыз) минут;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минут.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;

анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет «Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

6) 4- процесс – сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

8) 5- процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6- процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);

10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың «e-Agriculture» бірыңғай автомат-тандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталынан алынған көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеуі;

11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9- процесс – көрсетілетін қызметті алушының ББАЖ АЖ –да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қалыптастырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызмет берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері осы регламенттiң 3-қосымшасында келтірілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.





«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық

бақылау және қадағалау объектілеріне

ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне 1-қосымша




Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау




Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5



Бірлік атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Жауапты орындаушы



Іс-қимылдың

(процестің, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы



Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады

Жауапты орындаушыны анықтайды

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құқықтық статистика органдарына хабарлайды;

объектіге тексеру жүргізеді; объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге сәйкестігін тексереді;

акті жасайды, немесе дәлелді түрде бас тартады


Объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға сәйкестігін және сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешім қабылдайды, немесе дәлелді түрде бас тартады

Өтінішті тіркейді, немесе дәлелді түрде бас тартады



Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

Бұрыштама қояды

Шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға енгізеді

Көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру үшін жауапты орындаушыға жолдайды


Көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді, немесе дәлелді түрде бас тартады



Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

1 (бір) жұмыс күні)

Құжаттар топтамасы толық блған жағдайда

1 (бір) жұмыс күні

Толық емес болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні


30 (отыз) минут

30 (отыз) минут

5 ( бес) жұмыс күні






«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық

бақылау және қадағалау объектілеріне

ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне



2-қосымша



Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы




Шартты белгілер:




Бастапқы хабарлама

-




Соңғы хабарлама




Аралық хабарлама




Қателік



Ақпараттық жүйе




Процесс



Шарт



Басқару ағыны




Хабарлама ағыны




Түпкі алушыға ұсынылатын электрондық құжат








«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық

бақылау және қадағалау объектілеріне

ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламетіне



3-қосымша



«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы




















Шартты белгілер





мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы




көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы




келесі рәсімге (іс-қимылға) өту




таңдау нұсқасы

жүктеу 244,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау