Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А



жүктеу 1,89 Mb.
бет1/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,89 Mb.
#12638
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ

2008 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІ

М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
І. Жалпы бөлім
1.1. Келіп түскен хаттардың жалпы сипаты

1.2. Уәкіл жұмысының нысандары, әдістері және тәсілдері

1.3 Уәкілдің шара қолдану актілері

1.4. Уәкілдің консультативтік кеңес органдарының жұмысына қатысуы

1.5. уәкіл мекемесінің жұмысы туралы

1.6. Уәкілдің халықаралық ынтымақтастығы


ІІ. Арнайы бөлім
2.1. Өмір сүру құқығы. Бостандыққа және жеке басына тиіспеушілік құқығы

2.2. азаматтардың сот қорғауына және әділ сот талқылауына құқығы

2.3. Атқару іс жүргізу

2.4. Дін және дін тұту еркіндігі

2.5. Азаматтардың мемлекеттік органдарға шағымдану құқығы

2.6. Меншік құқығы

2.7. Азаматтардың тбаспанаға және өмір сүру жағдайын үзіксіз жақсарту құқығы

2.8. Еңбек құқығы

2.9. Зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы

2.10. Денсаулық сақтау құқығы

2.11. Мүгедектікке шалдыққан және жүйке ауруларна шалдыққандардың құқықтарын қорғау

2.12. Балалар құқығы

2.13. Босқындар мен оралмандар құқықтары

2.14. Сотталғандардың құқығы

2.15. елден тыс жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау

2.16. Шетелдіктердің уәкіл атына хат жолдауы

2.17. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар нормаларын ұлттық заңнамаға енгізу және БҰҰға ұлттық баяндаманы әзірлеу мәселелері бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Қосымша:


  • Уәкіл ұсыныстарының мәтіндері


«Қазақстан негізгі азаматтық,саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілерге қосылды. Біз Адам құқықтары жөніндегі институтты құрып, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің институциональдық кепілдіктерін нығайттық».

(ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Адам құқықтарының

жалпыға бірдей декларациясына арналғанхалықаралық

ғылыми-практикалық конференцияның

қатысушыларына құттықтау сөзінен)

КІРІСПЕ

Осы Уәкілдің қызметі туралы есеп Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын бекіту туралы»


2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығының 23-бабына сәйкес жасалған және мемлекет басшысына ұсынуға арналған.

Есеп өзінің құрылымы бойынша екі бөлімнен тұрады: жалпы және арнайы.

Есептің Жалпы бөлімінде Уәкілге есепті кезеңде келіп түскен хаттардың сандық және сапалық сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар, онда өтініштерді шешу кезінде қолданылған тәсілдер мен механизмдер, Уәкілдің хаттарды қарау кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмысында және лауазымды адамдардың әрекеттеріндегі анықталған адам құқықтарын бұзушылықтарға қарсы шара қолданған актілері туралы ақпарат қамтылады. Сонымен қатар, есепке Уәкілдің азаматтардың құқықтарын жүйелі және нақты бұзулар бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына жіберген ұсыныстардың орындалуына талдау, Парламенттің өткен жылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қамтамасыз ету жөніндегі қабылдаған заңдарына қысқаша шолуды, сондай-ақ Уәкілдің құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен жүргізген жұмысы енгізілген.

Есептің Арнайы бөлігі азаматтық және саяси құқықтар, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы екі негізгі пактілерде көзделген құқықтардың бұзылуына талдау жасауға, сондай-ақ аталған бұзушылықтардың құқықтық себептерін анықтауға негізделген.

Арнайы бөлімде халықтың ең қауқарсыз санаттарының: зейнеткерлердің, балалардың, мүгедектердің, оралмандардың, босқындардың, сондай-ақ шетелдіктердің және бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтары бөліп көрсетілген.

Әлеуметтік экономикалық: еңбек, зейнетақы, жер, тұрғын үй, денсаулық сақтау құқықтарына ерекше орын бөлінген, ол мемлекетіміздің әлеуметтік сипатын бекітетін конституцияның ережелеріне байланысты.

Адамның бостандыққа және өміріне қол сұқпаушылыққа, сондай ақ әділ сот іс жүргізуге құқықтары жекелеген бөлімдерге бөлінген.

Есепте Уәкілдің нақты хаттар бойынша, соның ішінде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралары, сондай-ақ нақты жағдайлардан туындаған ұстанымын негіздеу көрсетілген.

Осы құжатта сонымен қатар, азаматтардың Уәкіл кіріспеуіне болатын хаттарына байланысты фактілер де көрсетілген, себебі өтініш берушілер туындаған мәселені шешу үшін өздерінің бар мүмкіндіктерін пайдаланбаған. Бірақ, құқықтық қорғау тұрғысынан, бұндай көзқарас орынсыз болғандықтан уәкіл мекемесі осындай санаттағы хаттарды да қарауға қабылдаған

Есепте Уәкілдің сұратуы бойынша мемлекеттік органдар ұсынған статистикалық мәліметтер келтірілген. Олар толығымен Уәкілдің еліміздегі адам құқықтарының бұзылуының қандай да бір үрдістері бойынша қорытындылары мен ойларын растайды. Уәкілдің қорытындылары мен ұсыныстары басылым және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының мақалалары мен хабарларының мониторингісіне негізделеді, ол Уәкіл мекемесінің функциясына жатады.

Уәкіл есептеріңің көпшілік сипаты бар және осыған байланысты осы есеп Парламент палаталарына, Үкіметке, Жоғары Сотқа, министрліктерге, агенттіктерге, облыстар, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне, шет мемлекеттердің елшіліктеріне, халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарға жіберіледі.

Есеп Уәкілдің интернет сайтына орналастырылады, сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаттарында таныстырады.



І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ


    1. Келіп түскен хаттардың жалпы сипаты

Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың неғұрлым толық және объективті мониторингіне ықпал ететін негізгі механизмдерінің бірі болып отыр.

Есепті кезеңде Уәкілдің атына 906 жазбаша хаттар түсті, бұл алдыңғы жылдан екі есе аз. Жалпы алғанда, Уәкілге ауызша және жазбаша 1800 адам хат жолдады.

Есепті кезеңде хаттардың жалпы санының азаюы біздің ойымызша, мына факторларға және себептерге байланысты:



  • «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының жергілікті қоғамдық қабылдауының ашылуы;

  • Халықтың құқықтық хабардар болу деңгейінің артуы, олар өздерінің құқықтарын соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда дербес қорғайды;

  • Құқықтық қорғау МЕҰ қызметінің жандандырылуы.

Уәкіл мекемесі қызметкерлерінің аймақтарға барып, азаматтарды қабылдауының азаюы жоғарыда көрсетілген динамиканың төмендеуінің тағы бір себебі деп санауға болады, бұл олардың халықаралық сипаттағы іс шараларды қамтамасыз ету процесіне белсенді қатысуына, сонымен қатар БҰҰдың Арнайы комитетіне ұсыну үшін Қазақстанның міндеттемелерін орындауы туралы ұлттық баяндаманы жасауына байланысты болды.

Сонымен бірге, адам құқықтары мен бостандықтарын соттан тыс қорғауды Омбудсменмен қатар Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, және Әйелдер істері және отбасылық демографиялық комиссия, Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтары комитеті сияқты құқықтық қорғау институттары жүзеге асырады.

Азаматтардың Уәкіл мекемесіне жолдаған хаттарын қарау қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және жағдайларда құқықтық қорғау институттары үшін, атап айтқанда БҰҰ аймақтық өкілдігі, ЮНИСЕФ, Еуропалық комиссия әзірлеген арнайы әдістемелік материалдарды пайдалана отырып жүзеге асырылды.

«Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес, келіп түскен жеке хаттарды сипатына байланысты 58 сұратуға, 4 ұсынысқа, және 9 сын пікірге бөлуге болады. 40тан астам өтініштер түсті, хаттардың қалған бөлігін азаматтардың шағымдары құрды.

Аталған ұсыныстарда Парламентте талқыланып жатқан адам құқықтарына қатысты заң жобаларына ескертулер мен ұстанымдар қамтылды.

Сұратулар негізінен ТМД елдерінің адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінен немесе шетелдік адвокаттық кеңселерден (адвокаттардан) Қазақстанда тұрған шетелдіктердің мүддесіне келіп түскен. Атап айтқанда, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның, Украинаның, Приднестровьенің Уәкілетті субъектілерінен, Германия адвокаттық кеңселерінен және басқа да жеке тұлғалардан 40тан астам сұратулар түсті.



Келген хаттарды аймақтар бойынша бөлу мына кестеде көрсетілген:


Аумақтар

Хаттар саны

Астана

136

Алматы

103

Акмола облысы

72

Ақтөбе облысы

15

Алматы облысы

59

Атырау облысы

21

Шығыс Қазақстан облысы

104

Жамбыл облысы

40

Батыс Қазақстан облысы

24

Карағанды облысы

77

Қостанай облысы

45

Қызылорда облысы

17

Маңғыстау облысы

10

Павлодар облысы

40

Солтүстік Қазақстан облысы

30

Оңтүстік Қазақстан облысы

54

Шет елдерден

59

Барлығы

906

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау