12 | Кіріспе
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
олар алған білім мен дағдыларын таныс емес жағдаяттарда қолдана
алады [18]
Көп тілде білім беру бағдарламалары оқу үлгерімі нашар оқу-
шылардың оқу жетістіктеріне оң әсер етеді [19]
Бірнеше тілді білу деменция және Альцгеймер ауруларының
басталуын кемінде 4 жылға бәсеңдетеді [20]
Отбасында қарым-қатынас жасау тілі PISA және TIMSS емти-
хандары өткізілетін тілдерден ерекшеленетін қазақстандық оқушы-
лар жаратылыстанудан анағұрлым жоғары балл жинады. Мұндай
үрдіс Макао, Катар, Малайзия, БАӘ-де де байқалады [21]
АҚШ-та билингвалдар, монолингвалдарға қарағанда, жылына
7 мың долларға артық табыс табады [22]
Қазақстандағы көптілділік
Қазақстан Конституциямен бекітілген мемлекеттік және ресми
тілдері бар көп тілді ел болып табылады [23]
Қазақстандағы
көптілділік
тарихи-мәдени,
саяси-
экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және өңірлік себептер-
ге байланысты [24]
Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады [25]
Қазақстандағы этно-демографиялық жағдай үнемі өзгеріп
отырады
1989 жылы Қазақстан халқы құрамындағы этникалық қазақ-
тардың үлесі 40%, орыстар 38%-ын құрады [26] (1-суретке қараңыз)
1989 жылдан 2016 жылға дейін этникалық қазақтардың саны екі
есе артса, орыстардың үлесі екі есе кеміді [27] (2-суретке қараңыз)
Бүгінгі таңда қазақтардың үлесі 67%, орыстардың үлесі 21%-ын
құрайды [28]
Қазақтардың 76%-ы және орыстардың 40%-ы екі тіл біледі [24]
Кіріспе | 13
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
Қазақстандағы лингвистикалық саналуандық соңғы 10 жылда
(2005-2016) 27%-ға азайды (Тілдік саналуандық индексі сәйкесінше
0,701 және 0,514 құрады ) [29; 30]
Қазақстанда кездейсоқ таңдалған екі адамның ана тілдерінің
әртүрлі болу мүмкіндігі шамамен 50%-ға тең [29]
Еthnologue Languages of the World тілдік әралуандылық индек-
сінде 231 елдің ішінде (1-орында Папуа - Жаңа Гвинея – 840 тіл, 231-
орында Солтүстік Корея – 1 тіл) Қазақстан 94-орында тұр (47 тіл
қолданылады) [30] (3-суретке қараңыз)
2007 жылдан бері «Тілдердің үштұғырлығы» жобасы жүзеге
асырылып келеді: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық
тіл, ағылшын тілі – әлемдік экономикаға кірігу тілі [31]
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес,
2020 жылы қазақ тілінде сөйлейтін қазақстандықтардың үлесі 95%,
орыс тілінде сөйлейтіндердің үлесі 90% және ағылшын тілінде сөй-
лейтіндердің үлесі 20% болуы тиіс [32]
1-сурет. 1989 жылдағы Қазақстанның этникалық картасы
14 | Кіріспе
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
2-сурет. 2016 жылдағы Қазақстанның этникалық картасы
3-сурет. Әлемдегі тілдік әралуандылық картасы
(0) min. әралуандылық
100) max. әралуандылық
Кіріспе | 15
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
Қазақстандағы көптілді білім беру
2007 жылы үш тілде білім беру эксперименті 33 мектепте бас-
талды [33]
Көптілді білім берудің толық моделі 199 жылдан бері Білім ин-
новациялық (бұрынғы қазақ-түрік) лицейлерде (БИЛ) [34], 2008
жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ) жүзеге
асырылып келеді [35]
2008 жылы ҚарМУ және ҚазХҚжӘТУ үш тілде білім беруді
жүзеге асырудың базалық ЖОО болып бекітілді [36]
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған
Жол картасында білім берудің барлық деңгейлерінде кезең-
кезеңімен енгізу шаралары анықталды [37]
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған бағдарламасына сәйкес, үш тілде білім беру эксперимен-
талды мектептердің, НЗМ, БИЛ тәжірибесі негізінде 2019 жылы
басталады [38]
2017-2018 оқу жылынан бастап, жаратылыстану-ғылыми ба-
ғыттың 4 мамандығы бойынша педагог мамандарды даярлайтын
15 базалық ЖОО ағылшын тілінде білім беруге көшеді [39]
16 | 1. Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің ұлттық тәжірибесі
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
1.
Қазақстанда көптілді білім беруді
енгізудің ұлттық тәжірибесі
1.1. Мемлекеттік саясат
Үш тұғырлы тіл идеясын Елбасы алғаш рет 2004 жылы Парла-
мент мәжілісінің 3-шақырылымдағы сессиясында айтты [40]
2006
жылы
Қазақстан
халықтар
Ассамблеясының
ХІІ сессиясында Ұлт көшбасшысы кемінде үш тілді білудің ел бо-
лашағы үшін маңыздылығын атап өтті [41]
2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Елбасы жол-
дауында «Үштұғырлы тіл саясаты» мәдени жобасын кезең-
кезеңімен жүзеге асыру және мектептерге шетелдік ағылшын тілі
пәнінің мұғалімдерін тарту ұсынылды [31, 42]
2011 жылғы Жолдауда 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін
қазақстандықтар үлесінің 20%-дан төмен болмау керектігі айтылды
[43]
2012 жылғы «Әлеуметтік-саяси жаңғырту – Қазақстан дамуы-
ның басты бағыты» атты Жолдауда қазақ тілін жаңғырту, орыс тілін
ұлтымыздың тарихи артықшылығы ретінде сақтап қалу және
ағылшын тілін оқуда серпіліс жасау қажеттілігі атап өтілді [44]
2014 жылғы «Қазақстандық жол - 2050» Жолдауында мектеп тү-
лектерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу керектігі айтылды [45]
2015 жылы Қазақстан халықтар Ассамблеясында Президент
Қазақстанның әдебиетін, тарихын және мәдениетін қазақ тілінде,
орыс тілін пән ретінде және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы
пәндерді ағылшын тілінде оқыту қажеттілігін айтты [46]
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 79-қадамдағы негізгі
міндеттердің бірі орта мектептің жоғары сыныптарында және
ЖОО-да ағылшын тілінде білім беруге өту болып табылады [47]
Достарыңызбен бөлісу: |