Организация обучения на трех языках



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет5/54
Дата15.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#13729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

1. Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің ұлттық тәжірибесі    |    17 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
1.2. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер 
  «Тілдердің  үштұғырлығы»  жобасы  аясында  гранттық  қаржы-
ландыру бойынша көп тілді білім беру саласында диссертациялық 
зерттеулер мен ғылыми жобалар жүзеге асырылады [48] 
 2008 жылы ҚарМУ «Қазақстан Республикасында көптілді білім 
беруді  дамытудың  тұжырымдамасын»  әзірледі.  Тұжырымдамада 
көптілді  білім  беруді  нормативтік-құқықтық,  ғылыми-әдістемелік 
және  оқу-ұйымдық  қамтамасыз  ету  мен  оны  жүзеге  асырудың  ке-
зеңдері қарастырылады. Құжат үш тілде білім беруді енгізудің бас-
тапқы кезеңіне бағытталады [49] 
 2010 жылы ҚазХҚжӘТУ «Қазақстан Республикасындағы тілдік 
білім берудің тұжырымдамасында» үш тілді оқытудың ұлттық дең-
гейлік  моделін  әзірледі.  Тұжырымдама  «тілді»  және  «өзге  тілді» 
оқытуды  қарастырады.  Тілді  оқыту  қазақ  және  орыс  тілдерін  ана 
тілі және екінші тіл ретінде оқытуды, ал өзге тілді оқыту ағылшын 
тілін шетел тілі ретінде оқытуды көздейді. Орта, жоғары және жо-
ғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудегі  үш  тілді  меңгеру  деңгей-
лерінің ауқымын анықтау тұжырымдаманың ерекшелігі  болып  та-
былады [50] 
 ҚазХҚжӘТУ  тілдік  білім  берудің  тұжырымдамалық  негізі  ре-
тінде ҚР  «Жоғары білім беру: Үш тұғырлы тілдер (қазақ, орыс жә-
не шетел тілдері)» МЖМБС әзірледі. Стандартты тілдік және тілдік 
емес  мамандықтар  бойынша  бакалавр  бағдарламаларында  қазақ, 
орыс  және  ағылшын  тілдерін  оқытудың  мазмұнына,  жүктеме  кө-
леміне және деңгейіне  қойылатын талаптарды анықтауға қолдану-
ға болады [51] 
 2010  жылы  С.  Құнанбаева  «Теория  и  практика  современного 
иноязычного  образования»  атты  оқулық  басып  шығарды.  Автор 
шетел  тілдерін  оқыту  әдістемесін  дамытудың  әлеуметтік-тарихи 
себептерін  анықтап,  қазіргі  заманғы  шетел  тілін  оқыту  әдістемесі 
мен теориясын көрсетті [52] 


18    |    1. Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің ұлттық тәжірибесі 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
 2014 жылы ҰБА үш тілде білім беруді пилоттық режимде жү-
зеге асырушы мектептер мониторингін өткізді. Мониторинг 33 пи-
лоттық  мектеп,  БИЛ  және  НЗМ-ді  қамтыды.  Мониторинг  нәтиже-
леріне  сәйкес  пилоттық  мектептер  оқушыларының  басым  бөлігі 
ағылшын тілін А1-В1 деңгейінде меңгерген [53] 
 НУ  ЖББМ  2014  жылы  «Қазақстан  Республикасындағы  білім 
беруді реформалаудың 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық 
бағыттарын  әзірлеу»  атты  құжатты  жариялады.  Құжатта  үш  тілде 
білім  беруді  жүзеге  асырудың  келесі  мәселелері  көрініс  тапты: 
«үштілділік»  және  «үш  тілде  білім  беру»  ұғымдарының  жалпыға 
ортақ анықтамасының болмауы; үш тілде білім беруді енгізудің ха-
лықаралық тәжірибесінің  жеткілікті  зерттелмеуі;  халықтың  үштіл-
ділік жөніндегі хабардарлық деңгейінің төмендігі және бұрыс түсі-
ніктердің  болуы;  оқушылардан  күтілетін  қазақ,  орыс  және  ағыл-
шын тілдері деңгейінің нақты анықталмауы; оқу жоспарлары мақ-
саттарының  үштілділіктің  мақсаттарымен  және  тілдерді  меңгеруді 
бағалау  жүйесімен  сәйкес  келмеуі;  үш  тілде  білім  беруді  жүзеге 
асыру  процесіне  тартылған  стейкхолдерлердің  әлсіз  ынтымақтас-
тығы.  Құжатқа  сәйкес,  жоғарыда  аталған  мәселелерді  шешу  үш 
тілде білім беруді табысты жүзеге асыруға ықпал етеді [54]   
 Жоғарыда  аталған  зерттеулер  тілдерді  оқытудың  ғылыми-
теориялық  платформасын  құрып,  үш  тілде  білім  беруді  дамыту-
дың негізі болады  
 Үш тілде білім беруді одан әрі енгізу ғылыми-әдістемелік база-
ны  терминологияны  біріздендіру тұрғысынан дамытуды,  ағылшын 
тілін  пән  мен  тілді  кіріктіріп  оқыту  және  пәнге  бағыттап  оқыту 
әдістерін ескере отырып, әдістемелік сүйемелдеуді жетілдіруді, үш 
тілде білім беруді енгізу процесін нығайту мақсатымен жүйелі түр-
де сапалық және сандық зерттеулер жүргізуді талап етеді. 


1. Қазақстанда көптілді білім беруді енгізудің ұлттық тәжірибесі    |    19 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
1.3. Үш тілде білім беру бойынша эксперименталды мектеп-
тер  
 Қазақстанда  үш  тілде  білім  беру  3  эксперименталды  алаңда: 
«Дарын» РҒТО желісіндегі 33 мектепте, 20 НЗМ және 30 БИЛ жүзе-
ге асырылады [34] 
 20 НЗМ және 30 БИЛ үш тілді пәндерді оқыту тілдері ретінде 
пайдаланатын көптілді білім берудің мықты моделін пайдаланады 
 Көкшетау  және  Талдықорған  қалаларындағы  НЗМ  қазақ  тілі 
ортасына  ерте  енгізу  бағдарламасын  жүзеге  асырады.  Қазақ  тілін 
білмейтін  балалар  1-сыныптан  қазақ  тілінде  білім  алады.  2-
сыныптың 2-тоқсанынан орыс тілі Т2 ретінде енгізіледі. 3-сыныптан 
ағылшын тілі оқытылады.   
 БИЛ-де  9-сыныптан,  қазақ  тілді  ортаға  кешірек  енгізу  бағдар-
ламасы жүзеге асырылады, бұнда орыс тілінде оқытылатын топтар 
оқу  бағдарламасының  46%-ын  қазақ  тілінде  оқиды.  Қалған  пәндер 
ағылшын тілінде оқытылады. Ал орыс тілі пән ретінде оқытылады 
 НЗМ  оқушыларды  пәндерді  ағылшын  тілінде  оқуға  4  жыл 
бойы қарқынды түрде дайындайды, ал БИЛ 4 айлық қарқынды тіл-
дік дайындықты жүзеге асырады 
 НЗМ және БИЛ тілдік пәндер жүктемесінің көлемі, жалпы бі-
лім беретін мектептерге қарағанда, екі есе артық. НЗМ мен БИЛ-де 
Т2 және Т3 бойынша апталық оқу жүктемесі 4-5 сағатты, ал жалпы 
білім беретін мектептерде 2-3 сағатты құрайды  
 Т2  бойынша  оқушылардан  НЗМ-де  С1  деңгейі,  БИЛ-де  В2-С1 
деңгейі, жалпы білім беретін мектептерде В2 деңгейі күтіледі 
 Т3 бойынша оқушылардан НЗМ-де С1 деңгейі, БИЛ-де В2 дең-
гейі, жалпы білім беретін мектептерде В1 деңгейі күтіледі 
 Тілдік орта сыныптан тыс қызметті бірнеше тілде ұйымдасты-
ру арқылы қамтамасыз етіледі (4, 5-суреттерге қараңыз) 
 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау