2. Көптілді білім берудің халықаралық тәжірибесі | 45
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
Мектеп бітірген оқушылар үш тілді меңгеріп шығады
Бұл кезекте, 2014 жылы бір оқушыға жұмсалған қаражат кө-
лемі $16 200 құрады, яғни, ҚР-мен ($1362) салыстырғанда, 11 есе ар-
тық
Педагогикалық мамандықтардың студенттері болашақ мұға-
лім сабақ беретін мақсатты тіл ресми тіл болып табылатын елде
міндетті 6-айлық тәжірибеден өтеді
Үш тілді меңгерудің жоғары деңгейі тек осы тілдерде пәндер-
ді оқыту арқылы ғана емес, «Translanguaging» стратегиясын қолда-
ну арқылы да қамтамасыз етіледі
2.2.6. Қазақстан үшін маңызды тұжырымдар
Көптілді білім беруді табысты жүзеге асырушы елдердің тәжі-
рибесі мол (Люксембург 1912 ж. бері, Баскілер елі 1982 ж. бері,
Финляндия 1987 ж. бері, Швейцария 1996 ж. бері және Нидерланды
1997 ж. бері). Бұл елдер қателіктер мен қиындықтар негізінде өз
ахуалдарына сәйкес келетін модельді қалыптастыра білді
Көптілді білім берудің озық тәжірибесі бар елдер тілдерінің
басым бөлігі туыстас, типологиялық жағынан ұқсас және латын
әліпбиіне негізделген бірдей жазу жүйесін қолданады
Қазақстан жағдайында үш тіл типологиялық тұрғыдан ерек-
шеленеді, әртүрлі тілдік топтарға және түрлі жазу жүйесіне жата-
тындықтан (кирилл және латын), қарастырылған елдермен салыс-
тырғанда, үш тілді білім беруді енгізуді қиындатады
Үш тілде білім берудің үздік тәжірибесі бастапқы функцио-
налдық сауаттылықты ана тілінде қалыптастыру болып табылады.
Әрбір қосымша тіл алдыңғы тіл жақсы меңгерілгеннен кейін енгізі-
леді
Қарастырылған елдерде шетел тілін оқытудың негізінде ком-
муникативтік әдістеме жатыр. Ал Қазақстанда әлі күнге дейін
грамматикалық-аударма әдісі кеңінен қолданылады
46 | 2. Көптілді білім берудің халықаралық тәжірибесі
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
Көптілді педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-лар CLIL әдіс-
темесіне үйретеді және көптілді мектептерде ұзақ мерзімді педаго-
гикалық тәжірибеден өтуді қолданады
Көптілді педагог кадрларды даярлайтын кейбір ЖОО-да көп-
тілділік бойынша пәндер бөлігі міндетті болып табылады
Қарастырылып отырған елдерде мұғалімдердің жылдық ор-
таша жалақысы $ 48 615 болса, Қазақстанда - $ 2 736 (18 есе аз)
Орташа есеппен, бір оқушыға жұмсалатын қаражат көлемі $ 12
398, ал Қазақстанда - $ 1 362 (9 есе аз)
Қорытындылай келе, көптілді білім беруді жүзеге асыру халы-
қаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктерді зерделеуді, айтар-
лықтай инвестицияны, мұқият жоспарлауды және күтілетін нәти-
желерді тым жоғарылатпауды талап етеді.
3. Қазақстандық мектептер мен ЖОО-лардың үш тілде білім беруге дайындығы | 47
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
3. Қазақстандық мектептер мен ЖОО-лардың үш
тілде білім беруге кезең-кезеңімен өтуге дайындығы
Қазақстандық мектептер мен ЖОО-ның үш тілде білім беруге
кезең-кезеңімен өтуге дайындығын анықтау мақсатында, «Ақпарат-
тық-талдау орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым министрлігінің
тапсырмасымен 2016 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында зерт-
теу жүргізді.
Зерттеу жұмысына:
Астана, Алматы қалаларындағы және Қазақстанның 7 об-
лысындағы 35 қалалық, ауылдық және шағын жинақты мектеп
«Физика», «Биология», «Химия» және «Информатика» ма-
мандықтары бойынша педагог кадрларды даярлайтын 17 ЖОО
қатысты
3.1. 35 мектептегі зерттеу нәтижелері
Зерттеу әдістері: СEFR шкаласына сәйкес ағылшын тілін меңге-
ру деңгейін бағалау, сұхбат, фокус-топтар, сабақтарды бақылау жә-
не құжаттарды зерттеу
Білімді тексеру нәтижелері бойынша (СEFR шкаласына сәйкес)
ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің басым бөлігі өзінің ағылшын ті-
лін меңгеру деңгейін В2 (28%) және С1 (39%) деп бағалады; алайда,
сабақтарды бақылау мұғалімдердің шынайы деңгейі A1-A2 төңіре-
гінде екенін көрсетті
Мектептер басшылығы мен мұғалімдердің үш тілде білім бе-
руді енгізу кезеңдері, тетіктері мен әдістемелік тұстары туралы нақ-
ты түсінігі жоқ
Үш тілде білім беруді мұғалімдер мен мектеп басшылары қол-
дайды
Алайда, мұғалімдер үш тілде білім беруге, соның ішінде пән-
дерді ағылшын тілінде оқытуға кедергі келтіретін бірқатар мәселе-
лерді атап көрсетті:
- бірыңғай әдістемелік-нұсқаулық құжаттың болмауы
- мұғалімдердің тілдік және әдістемелік дайындық деңгейінің
төмен болуына байланысты психологиялық кедергілердің болуы
48 | 3. Қазақстандық мектептер мен ЖОО-лардың үш тілде білім беруге дайындығы
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
·
ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ
·
TEACHING IN THREE LANGUAGES
- оқушылардың әлсіз тілдік дайындығы, ағылшын тіліне бөліне-
тін сағат санының аз болуы (аптасына 2 сағат) және ауызекі ағыл-
шын тілін қолдануға қажетті тілдік ортаның болмауына байланыс-
ты оқу сапасының төмендеу қаупі
- үш тілде білім беру барлық оқушыларға жарамды болмауы
мүмкін – үш тілді білім беруге бірден өту баланың психологиялық
және физикалық жағдайына кері әсер етуі мүмкін
- тілдерді оқытуда мектеп пен ЖОО бағдарламаларының ара-
сында сабақтастықтың болмауы: мектеп түлектері тілді қажетті (В2)
деңгейде білмейтіндіктен, ЖОО-да мектепте өткен бағдарламаны
қайта өтеді
3.2. 17 ЖОО-дағы зерттеу нәтижелері
Зерттеу әдістері: СEFR және EFSET шкалаларына сәйкес ПОҚ
және студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау, бас-
шылық пен ПОҚ-пен сұхбат, фокус-топтар, сабақтарды бақылау
және көптілді білім беруді реттейтін құжаттарды зерттеу
Көптілді топтарда 1773 студент білім алады; зерттеуге 1006 сту-
дент (57%) қатысты
Зерттелген ЖОО басшылығы мен ПОҚ үш тілде білім беру
саясатын қолдайды
Алайда, көп тілді топтарда білім алатын студенттердің 97%-ы,
ағылшын тілін қарапайым А1-А2 деңгейінде біледі және орта мек-
теп бағдарламасында күтілетін шегіне (В1) жетпейді
Ағылшын тілін меңгерудің бұл деңгейі (А1-А2) пәндерді ағыл-
шын тілінде оқу үшін жеткіліксіз
Көптілді топтардың оқу процесінде ағылшын тілі меңгеру дең-
гейінің жақсаруы байқалмайды (1-курс А1– 52%, А2 – 44%; 4-курс
А1– 52%, А2 – 44%)
Студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейінде беталыс бол-
мауының ықтимал себептері ретінде ағылшын тілін оқытудың
тиімсіз әдістері, көптілді топтарға іріктеудің нақты критерийлері-
нің болмауы, сонымен қатар тілдік ортаның болмауы аталды
ПОҚ тек 12%-ы ғана ағылшын тілін жоғары деңгейде (С1-С2)
меңгерген
Достарыңызбен бөлісу: |