Саясат философиясы
/Философия /Саясат философиясы
Саясат дененіміз не? Гректің «политика» сөзі мемлекетті басқару өнері деп аударылады. Мысалы, Аристотель саясатты этика және экономикамен бірге практикалық ғылымдар құрамында түсінеді. Алайда «саясат» термині адамдардың кейбір топтарының қызметін басқару сұрақтарымен байланыстырыла неғұрлым кең мағынасында жиі қолданылады. Сонда тапқа дейінгі қоғамға қатысты да саясат жацлы айтуға болады. Саясат мемлекет пайда болғанға дейін де адамдар арасындағы байланыстарды қолдауға, олардың қызметін реттеуге бағытталған басқару қызметі ретінде өмір сүрді. Жалпы, неміс философы, әлеуметтанушысы, тарихшысы Макс Вебер (1864-1920) атап өткендей, «саясат» терминінде өте кең мағына бар және дербес басшылық бойынша қызметтің барлық түрлерін қамтиды. Осыған байланысты ол саясат билікке қатынасуға немесе билікті бөлуге (мемлекеттер арасында немесе мемлекет ішінде, адамдар топтары арасында) әсер етуге деген ұмтылысты білдіреді деп жазды.
Саясат – әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарға байланысты қызмет, оның өзегі мемлекеттік билікті басып алу, ұстап тұру және пайдалану, сондай-ақ мемлекет қызметінің формаларын, міндеттерін, мазмұнын анықтау болып табылады. Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде саяси идеялар мен оларға сәйкес келетін мекемелерді де қамтиды.
Ішкі және сыртқы саясат болады. Ішкі саясат мемлекет пен партиялар қызметінің негізгі бағыттарын (экономикалық, әлеуметтік, мәдени, техникалық саясат және басқалар) қамтиды. Сыртқы саясат мемлкеттер арасындағы қатынастар саласын қамтиды.
Осыған орай, саясат философиясын саясаттың неғұрлым жалпы негіздері мен мүмкіндіктері туралы, ондағы объективті мен субъективтінің, заңдылық пен кездейсоқтықтың, мәнділік пен тиістіліктің, рационалдылық пен рационалдылықтан тыстың өзара қатынасы туралы ғылым ретінде анықтауға болады.
Саясат философиясын қарастыру логикасы білімнің бұл түріндегі әртүрлі, салыстырмалы түрде дербес салаларын бөліп көрсету негізінде құрылуы мүмкін.
Баяндауды саяси онтологиядан – саяси болмыс туралы ілімнен бастау қажет. Бұл жерде саясаттың объективті негіздемелерінің мәселелері, саяси детерминизмнің, саяси кеңістік пен саяси уақыттың ерекшелігі, әлеуметтік болмыстың өзіне қатысты саясаттың жалпы қайта құрушылық мүмкіндіктері талданады.
Одан кейінгісі саяси антропология – саяси адам теориясы, ол әлеуметтік өмірдің басқа салаларындағы оның қызметімен салыстырғандағы қоғамдық индивидтің саяси шығармашылығының, саяси рөлдерінің және өзді-өзін саяси іске асыруының ерекшелігін ашады.
Саяси эпистемология саяси шындықты танып-білудің ерекшеліктерін талдайды, саяси білімнің классикалық және постклассикалық модельдерін, әртүрлі саяси парадигмалардың мүмкіндіктерін зерттейді.
Саяси праксеологияда, бір жағынан, саяси іс-әрекеттің ішкі құрылымы, екінші жағынан, оның сыртқы жағдаяттары мен шекаралары айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |