- Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, дінін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тағамын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.
- Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
- Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
- Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
- Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
- Сәйгүлікті құйрық – жалы таралған,
- Сүйетұғын қазақ осы қараңдар.
- Қазақ осы күй шығарып ән салып,
- Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
- Қазақ осы- айтатұғын желге сыр,
- О, ағайын, қалақ емес ол кесір.
- Қазақ осы – аңғал- саңғал жабусыз,
- Қазақ осы- ағыл- тегіл, көл- көсір.
- Қазақ осы- дала дейтін, күн дейтін,
- Қазақ осы- «Өнер алды - тіл» дейтін.
- Қазақ осы- қарасың ба, ақсың ба,
- Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін
- Қазақ осы- көрінгеніне танбайтын,
- Той- думансыз оты түзу жанбайтын.
- Қазақ осы- алудай – ақ алатын,
- Ал беруден алдына жан салмайтын.
- Қазақ осы- ашық жарқын қабағы,
- Қонақ келсе шабылып бір қалады.
- Байқа да тұр, саған да ол кетерде
- Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
- Қазақ осы құда бол деп қинайтын,
- Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
- Қазақ осы дүние мен малыңды,
- Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
- Қазақ осы – жайып жатқан қамалын,
- Батыр халық, ақын халық дәл аты
- Қазақ осы - өзімсінген адамға
- Насыбайға бұл өкпелеп қалады.
- Сөзі: Қ.Мырза Әлидікі
- Әні: Ә. Телғозиевтікі
- Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
- Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
- Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
- Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
- Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
- Наурыз тойы көңілімді баурайды.
- Тебіренген табиғат та мәз-мәйрам,
- Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Әр халық өзіне лайық уақытта жаңа жыл мерекесін тойлайды. Сол сияқты біздің жаңа жылымыз да осы 22 наурыз күні тойланады. Қазақ халқының ұғымы бойынша 21-нен 22-сіне қараған түні күн мен түн теңеліп, жер қойнына жылулық орнайды екен. Біздің Қазақстанда Наурыз мерекесі әр облыста өзіндік сән салтанатпен өтеді. Мысалы, біздің Бейнеуді алып қарасаңыз, бізде Наурыз меркесі 21-наурыз күні орталық стадионда тойланады. Шара барысында би биленіп, ән шырқалады. Сонымен бірге, біздің ертеден келе жатқан салт-дәстүрлеріміз ұмыт болып кетпеу үшін, салт-дәстүрімізді келешек ұрпақ жалғастыруы үшін, біздің салт-дәстүріміз дәріптеледі. Оның ішінде атап кетсек: бесікке салу, қырқынан шығару, шілдехана, тұсау кесер, тілашар, сүндет той, үйлену тойы, ұзату тойы, мерей той, т.б. - Қазақ халқының
- салт-дәстүрі
- Азан шықырып ат қою (салт)
- Жазғытұрым, Наурыздың кірген күні – жаңалық күні. Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн. Сондықтан қазақ елі ұлы істің ұлы күнін көтерілген жаңа үмітпен, жаңа қуанышпен қарсы алады. Үлкен дастархан жайып, ренжіскен ағайын, дос-жарынмен татуласып, үй-үйді аралап, әр үйде дайындалатын “Наурыз көжеден” дәм татқан. Сонымен бірге, Наурыз мейрамында ұлттық ойындар да ойналады. Яғни соның ішінде, алтыбақан тебу, көкпар, қыз қуу, және т.б. ойындар ойналады.
- "Алтыбақан" қазақтың ұлттық ойыны
- Наурыз мерекесі сіздер үшін несімен ерекше?
- Әр Наурыз мерекесіне отбасыларыңызбен
- дайындаласыңдар ма?
- Наурыз мерекесі ұғымын жалпы сен қалай
- түсінесің?
- Наурыз мерекесінде дәріптелетін
- салт-дәстүрлерді ата.
- Тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |