Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді


Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік  қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер  Кесте  18



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет22/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46

52
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Кесте  18.  Әлеуметтік  көмек  беру  туралы  өтініш  бергендердің  пайыздық  үлесі, 
жалғызбасты аналар бойынша
Қызылорда облысы
Маңғыстау облысы
Астана қаласы
Ата-ана-
ның екеуі 
де бар 
үй шару-
ашылығы
Жалғыз-
басты ана 
тұратын 
үй шару-
ашылығы 
Ата-ана-
ның екеуі 
де бар үй 
шару-
ашылығы
Жалғыз-
басты ана 
тұратын 
үй шару-
ашылығы 
Ата-ана-
ның екеуі 
де бар 
үй шару-
ашылығы
Жалғыз-
басты ана 
тұратын 
үй шару-
ашылығы 
Орташа әл-ауқаты 
(орта ХӘАИ шамасы)
62**
59**
56***
52***
75***
71***
АӘК немесе МБЖ 
алуға құылы деп са-
найды (%)
20
30
12
15
19
21
АӘК немесе МБЖ 
алуға өтініш берген 
(%)
25***
11***
10
10
6
7
Іріктелімдегі жалғыз-
басты ана тұратын үй 
шаруашылықтарының 

 
5
 
5
 
17
тұратын үй шаруашылықтарының әлеуметтік көмек 
алу туралы өтініш беру көрсеткішінде айтарлықтай 
айырмашылық жоқ, бірақ, Қызылорда облысында 
жалғызбасты аналардың өтініш беруге бейімділігі 
әлдеқайда  аз  болды.  Қызылорда  облысындағы 
жалғызбасты  аналар  ата-ананың  екеуі  де  бар  үй 
шаруашылықтарына  қарағанда  өтініш  бермеу 
себептері  ретінде  ақпарат  жоқтығын,  үлгіге 
және  құжаттарға  қатысты  қиындықтарды,  уақыт 
тапшылығын көбірек атады.
3.4 Ұсынымдар
Қолданыстағы модельдерді және озық тәжірибені 
қайталау:
1.  Жылжымалы  әлеуметтік  орталықтардың  және 
әлеуметтік  қорғау  органдарының  құжат  жинау 
және  қабылдау  қызметтері  тиімді  болған  және 
үй  шаруашылықтарына  өтініш  беруге  арналған 
материалдарды жылдам, әрі қиындықсыз жинауға 
көмектескен.  Осындай  «бір  терезе»  моделін 
институттандыру  және  барлық  облыстарда/елді 
мекендерде қолдану керек.
2.  Өтініш толтыруға әлеуметтік қызметкерлердің 
көмектескені  өтініш  берушілер  үшін  қолайлы 
болған.  Әсіресе,  зерттеу  жүргізілген  Қызылорда 
облысынының  аудандарында.  Бұл  осы  зерттеу 
әлеуметтік  қызметті  күшейтуге  қатысты  берген 
жалпы  ұсынымдарымен  байланысты.  Көмек 
алушылардың  пікірінше,  ауданға  қарағанда 
жергілікті  әкімшілік  көбірек  көмектеседі.  Бұл 
түсінікті, өйткені жергілікті әкімшілік шағын халық 
тобына  қызмет  көрсетеді,  сондықтан,  жергілікті 
әлеуметтік  байланыстар  анарғұрлым  тиімді. 
Аудандық  әкімшілік  жұмысын  жетілдіру  қажет. 
Ақпарат беру және үлгілерді толтыруға көмектесу 
жағын жақсарту керек. Мінез-құлық кодексі және 
қандай  ақпарат  берілуі  тиіс  екені  көрсетілген 
әкімшілік нұсқаулықтарын әзірлеу керек.
Құжат беру тәртібін жеңілдету:
Құжаттарға  келетін  болсақ,  өтініш  берушілер 
тапсыруға қиналған негізгі құжаттар жұмыссыздық 
анықтамасы,  алимент  туралы  анықтама,  неке 
қию/ажырасу  туралы  анықтама  және  отбасылық 
жағдайға  қатысты  құжаттар  болған.  Осы 


53
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
құжаттарды  алу  тәртібін  қалай  жеңілдетуге 
болады?
1.  Өтініш берушілер жұмыссыздық анықтамасын 
алу үшін аудан орталығына және жұмыспен қамту 
бөліміне бару керек екенін, әрі алған анықтаманы 
үнемі  қайта  растап  тұру  керек  екенін  жеткізді. 
Осы анықтаманы басқа да органдар бере алуына 
жағдай  жасауға  болады,  мысалы,  жылжымалы 
әлеуметтік  орталықтары,  қазір  олар  мекен-жай 
анықтамасын бере алады, ал осындай қызметтер 
көрсетілетін  жерлердегі  респонденттер  барлығы 
оны тиімді деп тапты;
2.  Жалғызбасты  аналар  жұмысынан  анықта-
ма  алуда  белгілі  бір  қиындықтарға  кез  болады, 
өйткені, олар көбінесе жарты күндік немесе жұмыс 
кестесі икемді орындарда бейресми істейді. Ондай 
жұмыс  орындары  ешқандай  анықтама  бермейді. 
Жалғызбасты  ата-аналар  үшін  жұмысы  туралы 
анықтама тапсырудан босатуды ұсынуға болады. 
Саясат шарттарын жетілдіру:
Жұмыс  туралы  анықтама  тапсыру  Қазақстанда 
әлеуметтік  көмек  және  еңбек  етуге  белсенді 
араластыру  саясаттарының  мақсатына  және 
үйлестірілуіне  қатысты  біршама  қиындықтар 
тудырады.  Бұл  –  әлеуметтік  көмек  жұмысқа 
тұрудан  тежейтін  фактор  болуы  мүмкін  деген 
қорқыныштан  қабылданған  шара.  Басқаша 
айтқанда, жұмыс табудан гөрі, адамдар әлеуметтік 
көмекке  иек  артатын  болады.  Алайда,  АӘК  және 
МБЖ алу туралы өтініш беру тәртібі жұмыспен қамту 
бағдарламаларына  және  мақсаттарына  демеу 
болатындай  етіп  қарастырылғанмен,  керісінше, 
оларға  қарама-қайшы  әрекет  етіп  жатыр.  Бұл, 
әсіресе, алыс жатқан ауылдар тұратын адамдарға 
қатысты,  олар  аз  жалақыға  қоғамдық  жұмысқа 
орналасуға  мәжбүр.  Жалақының  аз  болғаны 
соншалық, жолға кететін шығындар мен кездейсоқ 
табыстан құр алақан қалудан туатын шығындарды 
есептеген  адамдар  қоғамдық  жұмыстарға тұрмау 
туралы  орынды  шешім  қабылдайды.  Әлеуметтік 
көмек және жұмыспен қамту салаларының нақты 
және  ортақ  мақсаттары  болуы  керек,  екі  салада 
да сол ортақ мақсаттарды орындауға бағытталған 
бағдарламалар  болуы  тиіс.  Жұмысқа  алу 
шарттарын  қайта  қарау  қажет,  адамдар,  әсіресе, 
алыс  ауылдарда,  ұсынылған  жұмысқа  тұрғысы 
келуі  үшін  қаржылай  ынталандыру  шараларын, 
сонымен  қатар,  қолайлы  жұмыс  кестелерін 
қарастыру керек.
Сонымен  бірге,  жұмысқа  алу  шарттары 
жыныстық 
ерекшеліктерге 
байланысты 
ұрымталдықты  ескеретіндей  етіп  бейімделуі 
тиіс.  Атап  айтқанда,  әйелдердің  толық  жұмыс 
күні  бойы  істейтін  жұмыстарға тұруына  кедергі 
келтіретін  үй  шаруасы  және  үйдегілерге  күтім 
көрсету ескерілуі тиіс. Халықаралық жандандыру 
және  бірізділік  саясаттарына  жасалған  шолу 
еңбек  нарығына  енуді  ілгерілетудің  «әмбебап» 
жолы  жоқ  екенін  көрсетеді  (Алмейда  Р.  және 
т.б.    2012).  Табысы  төмен  топтағы  адамдардың 
арасында  ер  де,  әйел  де  бар,  оларға 
бірдей  әдіс  қолдану  жұмыспен  қамтудағы 
қиындықтарды,  яғни,  оларды  еңбек  нарығынан 
сыртқа  тебетін  әлеуметтік,  экономикалық 
және  институционалдық  факторларды  жоя 
алмауы  мүмкін  (Иммерволл  H.  2009).  Адамның 
жұмысқа  немесе  жалақысы  жақсы  жұмысқа 
тұруына  не  кедергі  келтіретінін  анықтап 
алу  маңызды,  анықталған  себебіне  қарай 
адамдардың  жеке  басындағы  жағдайын  және 
қажеттіліктерін  ескере  отырып,  шара  қолдану 
қажет.  Ол  үшін  адамдарды  белгілі  бір  топтарға 
жіктеу,  бағдарламаларды  тиісінше  бейімдеу, 
соның  ішінде,  басқа  факторлармен  жыныстық 
ерекшелікке қатысты тежеуші тұстарды ескеретін 
дербес іс-қимылдар жоспарларын жасау қажет.   
  


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау