Тақырыпша тақырыбы
мәнерлерін өңдеу үшін
басу
Негізгі мәтін көшірмесін өңдеу
үшін басыңыз.
Excel 2010 пернелер тіркесімдері - Әр түрлі
Перне
Сипаттама
ESC
Ұяшықтағы немесе формула жолындағы енгізуді болдырмайды.
Ашық мәзірді немесе ішкі мәзірді, тілқатысу терезесін немесе хабар терезесін жабады.
Сондай-ақ, ол осы күй қолданылған кезде толық экран күйін жабады және таспаны және күй жолағын қайтадан
көрсету үшін қалыпты экран күйіне қайтарылады.
БОС ОРЫН
Формула жолында бір таңбаны сол жаққа қарай жояды.
Сондай-ақ, белсенді ұяшықтың мазмұнын өшіреді.
Ұяшықты өңдеу күйінде кірістіру орнының сол жағындағы таңбаны жояды.
DELETE
Ұяшықтың пішіміне немесе аңғартпасына әсер етпестен, бөлектелген ұяшықтардан ұяшық мазмұнын
(деректерді және формулаларды) жояды.
Ұяшықты өңдеу күйінде кірістіру орнының оң жағындағы таңбаны жояды.
HOME
Жұмыс парағында жол басына жылжытады.
SCROLL LOCK пернесі қосылып тұрғанда, терезенің жоғарғы сол бұрышындағы ұяшыққа жылжытады.
Негізгі мәзір немесе ішкі мәзір көрініп тұрғанда, мәзірден бірінші пәрменді таңдайды.
CTRL+HOME пернелер тіркесімі жұмыс парағының басына жылжытады.
CTRL+SHIFT+HOME пернелер тіркесімі бөлектелген ұяшықтарды жұмыс парағының басына кеңейтеді.
END
END пернесі Аяқтау күйін қосады. Аяқтау күйінде белсенді ұяшықпен бірдей бағандағы немесе жолдағы келесі
бос емес ұяшыққа жылжу үшін көрсеткі пернесін де басуға болады. Ұяшықтар бос болса, END пернесін басқан
кезде көрсеткі пернесі жолдағы немесе бағандағы соңғы ұяшыққа жылжиды.
Сондай-ақ, END пернесі мәзір немесе бағыныңқы мәзір көрінетін болғанда, мәзірдегі соңғы пәрменді таңдайды.
CTRL+END пернелер тіркесімі жұмыс парағында пайдаланып отырған оң бағанның ең төменгі жолындағы соңғы
ұяшыққа жылжытады. Егер жүгіргі формула жолында болса, CTRL+END пернелері жүгіргіні мәтіннің соңына
жылжытады.
CTRL+SHIFT+END пернелер тіркесімі бөлектелген ұяшықтарды жұмыс парағындағы соңғы қолданылған ұяшыққа
кеңейтеді (төменгі оң бұрыш). Егер жүгіргі формула жолында болса, CTRL+SHIFT+END пернелер тіркесімі
формула жолындағы барлық мәтінді жүгіргі орнынан соңғы жолға дейін таңдайды. Бұл формула жолының
биіктігіне әсер етпейді.
PAGE UP
Жұмыс парағында бір экран жоғары жылжытады.
ALT+PAGE UP пернелер тіркесімі жұмыс парағында бір экран солға жылжытады.
CTRL+PAGE UP пернелер тіркесімі жұмыс парағында алдыңғы параққа жылжытады.
CTRL+SHIFT+PAGE UP пернелер тіркесімі жұмыс парағында ағымдағы және алдыңғы парақты таңдайды..
PAGE DOWN Жұмыс парағында бір экран төмен жылжытады.
ALT+PAGE DOWN пернелер тіркесімі жұмыс парағында бір экран оңға жылжытады.
CTRL+PAGE DOWN пернелер тіркесімі жұмыс парағында келесі параққа жылжытады.
CTRL+SHIFT+PAGE DOWN пернелер тіркесімі жұмыс парағында ағымдағы және келесі парақты таңдайды.
Тақырыпша тақырыбы
мәнерлерін өңдеу үшін
басу
Негізгі мәтін көшірмесін өңдеу
үшін басыңыз.
Excel 2010 пернелер тіркесімдері - Әр түрлі
Перне
Сипаттама
КӨРСЕТКІ
ПЕРНЕЛЕР
Жұмыс парағында бір ұяшық жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжытады.
CTRL+КӨРСЕТКІ ПЕРНЕСІ пернелер тіркесімі жұмыс парағындағы ағымдағы деректер аймағының ұшына
жылжытады.
SHIFT+КӨРСЕТКІ ПЕРНЕСІ бөлектелген ұяшықтарды бір ұяшыққа кеңейтеді.
CTRL+SHIFT+КӨРСЕТКІ ПЕРНЕСІ бөлектелген ұяшықтарды белсенді ұяшық ретінде бір бағандағы немесе жолдағы
соңғы бос емес ұяшыққа кеңейтеді, ал егер келесі ұяшық бос болса, бөлектеуді келесі бос емес ұяшыққа дейін
кеңейтеді.
Таспа бөлектелген кезде СОЛ ЖАҚ КӨРСЕТКІ немесе ОҢ ЖАҚ КӨРСЕТКІ қойындыны сол жақтан немесе оң
жақтан таңдайды. Ішкі мәзір ашылғанда немесе бөлектелгенде, бұл көрсеткі пернелер негізгі мәзір мен ішкі
мәзірді қосады.Таспа қойындысы бөлектелген кезде бұл пернелер қойынды түймешіктерін шарлайды.
Негізгі мәзір немесе ішкі мәзір ашылған кезде ТӨМЕН КӨРСЕТКІ немесе ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ келесі немесе
алдыңғы пәрмендерді таңдайды. Таспа қойындысы бөлектелген кезде бұл пернелер қойынды тобымен жоғары
немесе төмен қарай шарлайды.
ТӨМЕН КӨРСЕТКІ немесе ALT+ТӨМЕН КӨРСЕТКІ бөлектелген ашылмалы тізімді ашады.
ENTER
Ұяшықтан немесе формула жолынан ұяшық енгізуді тоқтатып, астындағы ұяшықтарды таңдайды (әдепкі
бойынша).
Деректер пішінінде бұл келесі жазбадағы бірінші өріске жылжиды.
Бөлектелген мәзірді ашады (мәзір жолын қосу үшін, F10 пернесін басыңыз) немесе бөлектелген пәрмендер
бойынша әрекеттерді орындайды.
ALT+ENTER пернелер тіркесімі сол ұяшықта жаңа жолды бастайды.
CTRL+ENTER пернелер тіркесімі бөлектелген ұяшық ауқымын ағымдағы енгізумен толтырады.
SHIFT+ENTER пернелер тіркесімі ұяшық енгізуді аяқтап, үстіндегі ұяшықтарды бөлектейді.
БОС ОРЫН
пернесі
Тілқатысу терезесінде бөлектелген түймешік әрекетін орындайды немесе құсбелгіні қояды не алып тастайды.
CTRL+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі жұмыс парағында толық бағанды таңдайды. SHIFT+БОС ОРЫН пернелер
тіркесімі жұмыс парағында толық жолды таңдайды. CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі толық жұмыс
парағын таңдайды.
•
Егер жұмыс парағында деректер болса, CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі ағымдағы аймақты
бөлектейді. CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімін екінші рет басу ағымдағы аймақты және оның
жиынтық жолын бөлектейді. CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімін үшінші рет басу толық жұмыс
парағын бөлектейді.
•
Нысан бөлектелген кезде, CTRL+SHIFT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі жұмыс парағындағы барлық нысанды
таңдайды.
ALT+БОС ОРЫН пернелер тіркесімі Excel терезесі үшін Басқару элементі мәзірін көрсетеді.
TAB
Жұмыс парағында бір ұяшық оңға жылжытады.
Қорғалған жұмыс парағында құлыпталмаған ұяшықтар арасында жылжытады.
Тілқатысу терезесінде келесі параметрге немесе параметр тобына жылжытады.
SHIFT+TAB пернелер тіркесімі жұмыс парағында алдыңғы ұяшыққа және тілқатысу терезесінде алдыңғы
параметрге жылжытады.
CTRL+TAB пернелер тіркесімі тілқатысу терезесіндегі келесі қойындыға ауыстырады.
CTRL+SHIFT+TAB пернелер тіркесімі тілқатысу терезесіндегі алдыңғы қойындыға ауыстырады.