Педагогикалық технология білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті



жүктеу 410,78 Kb.
бет1/3
Дата26.02.2018
өлшемі410,78 Kb.
#10698
  1   2   3

Педагогикалық технология - білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті.

Ф.А.Фрадкин


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиялары таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. М.М.Жанпейісованың « Модулдік оқыту технологиясы» бірінші орынға білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасы, білімін алу арқылы дамуын қояды. М.М.Жанпейісованың « Модулдік оқыту технологиясы» ерекшелігі – тұлға танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мумкіндігі болып табылады.

Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі деген анықтама береді.

Модуль дегенімізқандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiсте-мелiк нұсқаулар, шамамен алған-дағы iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi.

Интерактивті процесс дегеніміз — педагогикалық процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.

«Интерактивтік» деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Т

анымдық қызмет мақсатының категориялары:



Деңгейлер

Анықтама

Оқушының іс-әрекеті

Білім

Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру

Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды

Түсіну

Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады

Қолдану

Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау

Ойланады, салыс-тырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді

Талдау

Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді

Топтау

Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау

Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады

Бағалау (сын, пайымдау)

Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты:


  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

  2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогы) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.

  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер және т. б. негізінде).

  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.

  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға «өсу бағытымен 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып – үйрену.

  6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу.

  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе «релелік» сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с) жүргізу

  8. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту.


Модульдік оқыту технологиясының міндеті:

  • жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • таным процестерін дамыту;

  • танымдық қабілеттерін дамыту;

  • сөздік қорын дамыту;

  • оқу себептілігінің өзгеруі.



Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы

арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi






Модульдік оқыту технологиясының құрылымы


КІРІСПЕ бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

СӨЙЛЕСУ (ДАЙЫНДЫҚ) бөлімі

(оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық қызметін ұйымдастыру)

ҚОРЫТЫНДЫ бөлімі

(бақылау)

Оқу модулінің сағат саны әр түрлі болады. 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді. Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдергі 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.


Кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары:

  • визуалдық лекция;

  • лекция – консультация (кеңес);

  • лекция - өзара сөйлесу;

  • проблемалық лекция.

Сөйлесу бөлімінде ойындарды ұйымдастыру жүйесі

  • меңгерту;

  • дамыту;

  • пысықтау;

  • қорыту;

  • бекіту.


Тапсырмалар үш деңгейде беріледі:
ІІІ деңгей – білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар

ІІ деңгей – стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану және талдау деңгейіндегі тапсырмалар

І деңгей – шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар.
Оқушының журналға түсетін бағасы:


І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей




Журналға




Журналға




Журналға

«5»

5

«5»

5

«5»

4

«4»

5

«4»

4

«4»

3

«3»

4

«3»

3

«3»

3

жүктеу 410,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау