58
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Бұл – екіүшты мәселе, оған қатысты қолданатын
мінсіз модель жоқ. Халықаралық тәжірибеден
білетініміз – ауыл шаруашылығынан түскен табысты
нақты қалай анықтау (немесе есептеу) керек
екенін анықтап алу. Қазақстанда бұрын жүргізілген
зерттеулер көрсеткендей, ауыл шаруашылығынан
түскен табысты есептеуде өнімнің өзіндік құны
2005 жылдан бері өзгермеген (Карраро Л. және т.б.
2016). Салдарынан кіріс жасанды түрде ұлғайып,
үй шаруашылығы әлеуметтік көмек алу құқығынан
қағылады. Табыс көлемін есептеу ағымдағы
жағдаймен байланыстырылуы және қолданыстағы
баға туралы мәліметтерге, жергілікті жағдайға
негізделуі, әрі сенімді әдістерді қолдануы тиіс
(Бокс 8). Сонда табыс көлемі айтарлықтай нақтырақ
есептеліп, нақты табысты ұлғайтып/төмендетіп
көрсетпейтін болады.
4.4 Ұсынымдар
Мұқтаждықты тексеру кезінде қиындықтар
туындайтыны анық, «дұрыс» не «бұрыс» әдіс
жоқ. Оның орнына аса мұқтаж жандарға қажетті
ресурстарды жеткізуге тиімді мүмкіндік беретін
мұқтаждықты анықтаудың бастапқы мәресі –
саясат жасаушылардың кедейшілікті азайтуға
және ең кедей адамдардың өмірін жақсартуға
деген шынайы ниеті мен талпынысы.
Зерттеу нәтижелері АӘК және МБЖ діттеген
мақсаттарына тиімдірек жете алуы үшін оларды
алуға қатысты шекті табыс деңгейі мен талаптарды
бейімдеуге болатын бірнеше ықтимал жолды
ұсынады:
•
Шекті табыс деңгейін көтеру қажет.
Бұл мәселе келешектегі әлеуметтік көмек
реформаларының
басты
назарында.
Шын
мәнінде, зерттеуде айтылғандай, бұл – өмірлік
маңызы бар мәселе. Өздерін әлеуметтік көмек
алу қажет және мұқтаж деп санайтын көптеген үй
шаруашылықтары бар, бірақ, іс жүзінде олардың
құқығы жоқ. Оған қоса, жақында жасалған талдау
көрсеткендей, тіпті реформалардан кейін де және
шекті табыс деңгейін көтерген күнде де көптеген
тұрмысы нашар үй шаруашылықтары табыс
көлеміне байланысты көмекпен қамтылмай және
құқылы бола алмай қалады екен (Карраро Л.және
т.б. 2017).
•
Табыс көлемін есептеуде белгілі бір атаулы
көмек түрлерін қоспау қажет. Атап айтқанда,
жалпы күнкөріс шығындарын емес, мүгедектіктен
туындайтын
қосалқы
шығындарды
өтеуге
арналған мүгедектік жәрдемақысы, сонымен
қатар, шәкіртақылар (Babajanian et al., 2015).
Аталғандардың соңғысы баланың оқу орнына
баруға және ең жақсы қабілеттерін шыңдауға
кететін қосымша шығындарды өтеуге арналған.
Бокс 8 басқа елдерде мұқтаждық тексеру кезінде
ескерілмейтін табыс түрлеріне қатысты көбірек
мәлімет береді.
•
Жарты күндік, кездейсоқ жұмыстан түскен
табысты ескеруге қатысты түсінікті ережелер болуы
тиіс. Ондай ережелер өтініш берушілерге анық етіп
хабарлануы тиіс.
•
Мал ұстаудан және ауыл шаруашылығында
жұмыс жасаудан түскен табысты есептеу кезінде
бағаға қатысты соңғы көрсеткіштер, жергілікті
жағдай және сенімді әдістер қолданылуы тиіс.
59
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 9: Халықаралық тәжірибеде кірісті ескермеу
Елдердің көпшілігі табыс ұғымының жан-жақты анықтамасын қолданғанмен, олар, сонымен қатар,
жұмыс істеп тапқан белгілі бір табыс түрлерін (жұмыстан немесе капиталдан түскен табыс) және
жұмыс істемей тапқан табыс түрлерін (мысалы, әлеуметтік қорғау саласындағы түрлі жәрдемақылар)
табыс ретінде ескермеу үрдісіне ден қойған. Ондай табысты ескермеу бірнеше көзден түсетін кіріс
арасындағы өзара ара-қатынасты үйлестіру қызметін атқарады. Көптеген мұқтаждықты тексеру
бағдарламалары белгілі бір топтарға көрсетілетін қолдау деңгейін арттыру үшін кейбір табыс
түрлерін есепке алмайды (Van Lancker 2015). Ескерілмейтін табыс түрлерінің саны мен ауқымы
шекті табыс деңгейіне қарай көмек алу құқығына, әрі жалпы жәрдемақы көлеміне тікелей әсер етіп,
ұрымтал тұстары көп адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
ЕО-да әр мемлекетке қарай табыс ретінде есептелмейтін кіріс көздеріне келесілер кіреді (Ван
Ланкер A. 2015):
• Жұмыс істеп тапқан табыстың
бір бөлігі
• Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақылары (мысалы, отбасыларға, жүкті аналарға арналған
жәрдемақылар, зейнетақылар, мүгедектік жәрдемақылары)
• Ата-ананың ақшасы
• Студенттерге
берілетін гранттар
• Алимент төлеу туралы қуынымдар арқылы өндірілетін ақша
• Қайтарылған
қарыздар
• Қайырымдылық қорларынан берілген қаражат
ЕО-дағы ең төменгі табыспен қамту бағдарламаларын зерттеу барысында осындай бағдарламалар
жалпы әлеуметтік қорғау жүйесі тиімді болғанда мейлінше көп пайдасын тигізетінін көрсетті (Ван
Ланкер A. 2015). Бельгия, Дания, Литва және Ұлыбритания сияқты елдердегі кедей және ұрымтал
адамдар үкімет басқа көмек түрлерін алу тәртібін қатаңдатқандықтан әлеуметтік көмекке
(материалдық көмекке) көбірек сенетін болған. Бірақ, әлеуметтік көмек тек шектеулі ғана жәрдем
ұсынады, басқа көмек түрлері болмаған жағдайда адамдардың қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандыра алмайды.
ЕО-дағы ең төменгі табыспен қамту бағдарламаларын зерттеу кезінде әлеуметтік көмек алушылар
қосымша көмек түрлерін де алатыны анықталды (Ван Ланкер A. 2015). Оларға келесілер жатады:
• Мұқтаждыққа қарай ең төменгі табыспен қамту бағдарламалары көбінесе тұрғын үй
жәрдемақысымен толықтырылады (Австрия, Болгария, Чехия Республикасы, Дания, Финляндия,
Франция, Норвегия, Польша, Швеция және Ұлыбритания).
• Жылу, газ және отын сияқты энергетикалық ресурстармен байланысты шығындарды өтеуге
арналған қосымша жәрдемақы (Австрияның кейбір провинциялары, Германия, Дания, Польша және
Нидерланды).
• Күтпеген жағдайларда төтенше шығындарды өтеуге арналған арнайы жәрдемақылар
(Австрияның
кейбір провинциялары, Чехия Республикасы, Германия, Дания, Нидерланды).
• Балаларды өсіруге қатысты шығындарды өтеу үшін берілетін қосымша жәрдемақылар (Бельгия,
Эстония, Германия, Норвегия, Румыния).
• Мүгедектігі бар адамдарды қосымша ең төменгі табыспен қамту бағдарламалары (Кипр,
Португалия, Ұлыбритания).