Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді


Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік  қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер  3.2 Жұмыссыздық туралы анықтама



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет20/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

48
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
3.2 Жұмыссыздық туралы анықтама
алудағы қиындықтар
Тұрмысы  төмен  отбасыларға  арналған  атаулы 
әлеуметтік  көмек  алу  үшін  жұмыссыздық 
анықтамасын  немесе  жұмыс  берушіден  табыс 
туралы анықтама (белгіленген шектен төмен болуы 
тиіс)  алу  керек.  Жұмыссыздық  анықтамаларын 
аудандық  жұмыспен  қамту  орталығы  береді. 
Жұмыспен 
қамту 
орталығы 
жұмыссыздық 
анықтамасын  берудің  орнына  өтініш  берушіге 
жұмыс  бере  алады.  Өтініш  беруші  ұсынылған 
жұмыстан  бірнеше  рет  бас тарта  алады.  Мысалы, 
жұмыс  оның  біліктілігіне  сай  келмесе  немесе 
жалақысы  тым  аз  болса.  Егер  өтінушіге  лайықты 
жұмыс  табылмаса,  жұмыссыздық  анықтамасы 
беріледі.  Бір  тоқсан  ішінде  жұмыспен  қамту 
орталығына  айына  екі  рет  барып  жұмыссыз 
екенін  көрсету  немесе  жұмыс  іздеп  жүргенін 
көрсету  қажет.  Тоқсан  аяғында  өтініш  беруші 
жұмыспен қамту орталығына тағы да келіп көмек 
сұрайды,  оған  қайтадан  жұмыс  ұсынылады.  Егер 
өтініш  беруші  ұсынылған  жұмыстар  бас  тартуын 
жалғастырса,  жұмыссыз  ретіндегі  тіркеуден 
шығарылуы  және  жұмыссыздық  анықтамасы 
берілмеуі мүмкін, нәтижесінде ол автоматты түрде 
жәрдемақыдан қағылады.
Сапалық  сұхбаттарда  он  көмек  алатын 
респондент және тоғыз көмек алмайтын респондент 
жұмыссыз  ретінде  тіркелмеу  әлеуметтік  көмек 
алуда  кедергі  болғанын  айтты.  Бұл  кедергі 
көбінесе келесілердің алдынан шығады: (i) аудан 
орталығынан айтарлықтай алыс жатқан ауылдарда 
тұратын  отбасылар;  (ii)  ауылдық  аймақтардағы 
жұмыссыз  адамдар  және  (iii)  жас  балалары  бар 
жалғызбасты аналар. Жұмыссыздық анықтамасын 
тапсыру талабы осы топтардың әлеуметтік көмек 
алуына екі себепті кедергі болады:
1.    Жұмыспен  қамту  орталығына  баратын  жол   
алыс  болғандықтан,  әсіресе,  белгілі  бір  топтар 
үшін, жұмыссыздық анықтамасын алу қиын.
2.     Жұмысқа алу шарттары қолайсыз етіп жасалған.
Біз  осы  мәселелерді  төменде  кезек-кезекпен 
қараймыз.
1. Жұмыспен қамту орталығы баратын жол
алыс болғандықтан, әсіресе, белгілі бір
топтар үшін, жұмыссыздық анықтамасын
алу қиын.
Жоғарыда  айтылғандай,  жұмыссыздық  анық-
тамасын  жұмыспен  қамту  орталығынан  алу  ке-
рек,  мұндай  орталықтар  аудан  орталықтарын-
да  орналасқан,  ал  жылжымалы  әлеуметтік 
орталықтар  мұндай  анықтама  бере  алмайды. 
Ал  адамдар  анқытамасын  қайта  растау  үшін 
орталыққа  екі  рет  баруы  керек.  Бұл  алыс 
ауылдарда  тұратын  адамдар  үшін  қиын,  себебі, 
олар  жол  жүруге  ақша  табуы  керек,  осының 
барлығы төменде сипатталған.
«Менің  күйеуім  жұмыссыз.  Жәрдемақы  алу 
үшін  оған  тіркелу  керек.  Біз  жұмыссыздар 
тізіміне тіркелу үшін Ералыға барғымыз кел-
ген, бірақ, ол қайта-қайта кейінге қалдыра бе-
реді. Ертең баруы керек еді, бірақ, ақша керек» 
(38, үй шаруасындағы әйел, 14.05.2017).
«Менің  күйеуім жұмыссыз, үйде жеті  адам-
быз.  Бес  балам  бар.  Бес  балаға  10  000  теңге 
МБЖ  аламыз,  тіпті  күлкілі!  Күйеуім  жұмыс-
сыз  қалғанына  төрт  жыл  болды,  тұрақты 
жұмыс таба алмай жатыр. Қыста, күзде, көк-
темде  жылу  қазандығында  істейде,  жалақы-
сы аз. Жазда жұмыс іздейді, жұмыспен қамту 
орталығы  мұны  біледі.  Жәрдемақы  алу  үшін 
аудандық жұмыспен қамту орталығына үнемі 
барып  тұру  керек,  жұмыс  жоқ  екенін  айтып 
тұру  керек.  Ары-бері  жолға  2000  теңге  ке-
теді» (әйел, 31 жаста, үй шаруасындағы әйел, 
16.05.2017). 
2. Жұмысқа алу шарттары
қолайсыз етіп жасалған
Жұмыссыздық  анықтамасын  талап  етудің 
басты  мақсаты –  әлеуметтік  көмекке  иек  артып, 
мемлекет  асырауына  тәуелділікті  болдырмау, 
керісінше,  еңбекке  белсенді  араласуды  және 
экономика саласында жұмыс жасауды ілгерілету. 
Сапалық зерттеу мәліметтері қазір қолданыстағы 
әдістеменің  басты  екі  кемшілігін  апат  өтеді. 
Олардың  адамдардың  әлеуметтік  көмек  алуына 
да,  еңбек  нарығында  жұмысқа  араласуына  да 
қатысты салдары бар.  
(i) 
Жұмысқа  алу  шарттары  ауылдық  жерде 
жұмыспен  тиісінше  қамтуға  сай  келмейді,  әрі 
қаржылай  ынталандыру  да  ұсынбайды.  Осындай 
сәйкессіздік  саясаттағы  негізгі  олықлықтарды 
түсінбегендіктен, көмекке тәуелділікті арттырады.
Егер  жұмыссыздар  ұсынылған  жұмыстан  бас 
тарта  беретін  болса,  жұмыссыздар  тізімінен 
шығарылуы  мүмкін,  салдарынан  отбасы  атаулы 
көмек  алу  құқығынан  айырылады.  Оның  орнына 
адамдар  көбінесе  өздері  табатын  жарты  күндік 
жұмыстарға тұрады. Егер аудан орталығына жақын 
тұрсаңыз,  мемлекеттік  бағдарламалар  бойынша 
ұсынылатын 
жұмыстарға 
үміткер 
ретінде 
тіркелу  қаржы  тұрғысынан  оңтайлы  болады. 


49
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Бірақ,  ауылдардағы  жағдай  өзгеше.  Жергілікті 
әкімшіліктің  аудан  орталығындағы  мемлекеттік 
жұмысқа тұру туралы ұсынысын қабылдау тиімсіз, 
себебі, сол жұмыс үшін төленетін орташа жалақы 
30 000 теңге жол мен тамаққа кететін шығындарды 
өтемейді.  Сондықтан,  ауылдағы  адамдар  бірінші  
тоқсан  сайын  төленетін  жәрдемақы  алу  үшін 
уақытша  жұмыссыз  ретінде  жиі  тіркеледі,  ал 
кейін  мемлекеттік  қызметте  ұсынылған  жұмысқа 
тұрмайтындықтан, 
жұмыссыздар 
тізімінен 
шығарылады. Осы жағдайды екі бөлім әкімшілері 
түсіндіріп берді: 
«Теория  жүзінде  материалдық  жағдайы 
төмен  барлық  отбасылар  АӘК,  МБЖ  алуға 
құқылы, бірақ, тәжірибе жүзінде жағдай басқа. 
Жиі кездесетін жағдайды елестетіп көріңіз: 3 
баласы бар табысы төмен отбасы, отағасы-
ның білімі де, жұмысы да жоқ, ал әйелі – бала-
ларға  қарап  отырған үй  шаруасындағы  әйел. 
Олар балаларға ешқандай жәрдемақы алмай-
ды.  Олар  бізге,  аудандық  жұмыспен  қамту 
орталығына  өтініш  береді.  Біздің  бірінші 
шартымыз отағасы жұмыс істеуі немесе жұ-
мыспен  қамту  орталығында  тіркелуі  тиіс. 
Біз  оны  қоғамдық  жұмыстарға  жібереміз,  се-
бебі, басқа жұмыс жоқ. Біз оның қолына таза 
22 000 теңге жалақы ұсынамыз, ол келіспейді, 
өйткені, жалақы тым мардымсыз. Оған басқа 
жұмыс  тауып  алған  тиімдірек,  құрылыс-
шы  ретінде жұмыс жасап,  өзін-өзі жұмыспен 
қамти алады. Ондай жұмыста ол айына 60-70 
000  теңге  алады.  Бірақ,  жәрдемақыға  қаты-
сты мәселе туындайды: ол жұмыссыз ретін-
де  тіркелмеген,  қоғамдық  жұмыс  істемейді, 
осылайша, жәрдемақы алмайды. Жәрдемақыны 
алуға болатын сияқты болып көрінеді, бірақ, 
жұмысқа  тұру  шарттары  мен  жұмыссыз 
ретінде тіркелу кедергі келтіреді. Алыс ауыл-
дарда  тұратын  отбасыларға  тіптен  қиын, 
онда  қоғамдық  жұмыстар  жоқ,  олар  аудан 
орталығына  мардымсыз  жалақыға  жұмысқа 
тұрады,  сондықтан,  барлық  табысы  төмен, 
дені  сау,  ата-анасы  бар  отбасылар  жәрде-
мақы  ала  алатындар  тізімінен  шығарылады, 
себебі,  жұмыссыз  ретінде  тіркелмеген»  (Жұ-
мыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімінің қызметкері, 12.05.2017).
«Аудан  орталығынан  жұмыс  табу  оңайы-
рақ,  бірақ,  ауылда  қиындау,  онда  жұмыс  жоқ, 
тіпті  қоғамдық  жұмыс  та  жоқ.  30  000  тең-
гелік жалақы үшін ауылынан аудан орталығы-
на қоғамдық жұмысқа қатынайтын адам бола 
қоймас,  ақша  тек  ары-бері  жол  жүру  шығын-
дарына  әрең  жетеді.  Сондықтан,  олар  өз 
бетінше басқа жолдармен ақша табады, жәр-
демақы алмайды» (Жұмыспен қамту және әле-
уметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, 
10.05.2017).
Алайда, 
кейбір 
адамдардың 
ұсынылған 
жұмыстан  бас  тарту  туралы  қабылдаған  орынды 
шешімін  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 
бағдарламалар 
бөлімінің 
бір-екі 
әкімшісі 
жалқаулық  пен  жұмыс  істеуге  құлықсыздық  деп 
біледі:
«Негізі,  әйелдер  әрекет  етуге  тырысады, 
ерлер үйде отырады, жұмыс істегісі келмейді. 
Келесі  жылы  біз  олардың  барлығын  жұмысқа 
шығарамыз» (әлеуметтік көмек бөлімінің қы-
зметкері, 15.05.17).
(ii)  жұмысқа  алу  шарттары  жасы  үш  жастан 
асқан  балалары  бар  аналардың  қажеттіліктерін 
ескермейді,  балабақшалар  жетіспейді,  лайықты 
жұмыс аз. 
Заңға  сәйкес  жасы  үштен
11
  асқан  баласы  бар 
әйел әлеуметтік көмек алғысы келсе, жұмыс істеуі 
немесе  жұмыспен  қамту  орталығында  тіркелу 
арқылы  жұмыс  іздеп  жүруі  керек.  Бірақ,  барлық 
бірдей  әйелдер  мұндай  талаптарға  сай  келе 
бермейді. Біріншіден, олар жұмыс істей алмайды, 
себебі,  кішкентай  балаларын  қалдыратын  жер 
жоқ.  Балабақша  да  жоқ  (бұл  ауылдық  жерлерге 
қатысты)  немесе  балабақшаның  ақысын төлейтін 
ақшасы жоқ. Осы жағдайға жергілікті қызметкердің 
берген бағасы төменде келтірілген:
«Балалары  бар  және  өмірлік  қиын  жағдай-
да  қалған  барлық  мұқтаж  отбасылар  көмек 
сұрап  келеді,  біз  жәрдемақы  беру  мүмкіндігін 
қарастырамыз, бірақ, бәрі бірдей ала алмайды, 
өйткені,  кейбір  өтініш  берушілер  ұсынылған 
жұмысқа  тұрмайды,  көбінесе  ер  адамдар  бас 
тартады, жалақысы аз дейді. Әйелдер жұмысқа 
бара алмайды, себебі, бала қарайды. Жәрдемақы 
алу шарттарының бірі – жұмыспен қамту ор-
талығында жұмыссыз ертіден тіркелу» (жер-
гілікті әкімшілік маманы, 11.05.2017).
 Көмек алғысы келетіндер өздерінің жағдайын 
келесідей суреттейді:
11 
  
 Қазақстанның заңнамасына сәйкес аналар баласы үш жасқа толғанға дейін демалыс алуға құқылы.


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау