Аяулы менің – анашым !
Жүргізуші: Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!
Залға балалар кіреді,қолдарында открытка мен шар, ән айтып
Әлемнің жарығын силадың сен маған
Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-
Аналарға гүлдерін сыйлайды
Жүргізуші: Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.
Алдымен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісіне сөз береміз
-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші.:Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Диас: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Жанайым: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Раяна: Мен анамды сүйемін
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін.
Қарлығаш: Теңдесі жоқ даласың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болсын анашым.
Ерке: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын ақ мамам.
Димаш: Жылылқтан жаралған
Құшағы оның таң ба екен
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?
Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік. Димаш пен Айзеренің орындауында «Ата-ананы тындаймыз».
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Айлин: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Қатем болса кешірген
Ауырмашы, ақ әжем.
Айзере: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Арай: Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
Жүргізуші: Жанайым «Мама» биі.
М.Нұрай:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Ж.Нұрай: Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ анам.
Лайана: Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнамдым саған бәрін де.
Жүргізуші: Арай мен Нұрайдың орындауында «Ризамын» биі.
Томирис: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Аяжан : Ақ мамамды әрқашан
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Айкүнім: Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Жанболат: Анам- өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
Би : Арайдың орындауында «Испан» биі.
ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ,жоқ!
Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: «Анашым» әні
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : «Вальс»
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |