43
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Құқылы болмауыңыздың нақты себебі қандай
болды?
АӘК алуға
құқығы жоқ
(%)
МБЖ алуға
құқығы жоқ
(%)
Құқылы
болмауға
байланысты
қабылдан-
баған барлық
өтініштер (%)
Табыс көлеміне қатысты талапқа сай кел-
ген жоқпын
94.8
94.9
94.8
Мен тұратын жерімде тіркелмегенмін
2.4
1.5
1.8
Басқа
2.8
3.7
3.4
Барлығы
n=56
n=81
n=137
Безбенделген мәні
622
1247
1869
Кесте 13. Әлеуметтік көмек алуға құқылы болмағандықтан әлеуметтік көмек беру
туралы өтініштерді қабылдамаудың нақты себептері
Сапалық мәліметтер тұрмысы төмен отбасылар-
ға арналған атаулы көмектен қағылуының
басты себебі үй шаруашылығының табысы
ресми белгіленген шектен асып түскен, бірақ,
олар өздерін көмекке мұқтаж деп есептеген
(әлеуметтік көмек алмайтын 33 адамның 25-і
айтты). Табыс көлеміне қатысты белгіленген
шек тым төмен екенін айтуға болса да, әрі
жиі айтылып жүрсе де, респонденттер табыс
ішінде ненің ескерілетінін жақсы білмейтіні де
маңызды. Сонымен қатар, олар кейбір табыс
немесе мүлік түрлерін табыс көлемін есептеуге
қосу әділетсіз және орынсыз деп санайды. Біздің
зерттеу осы адамдар үшін әлеуметтік көмек
алуға өздерінің хабары аз болғандығы ғана
емес, сондай-ақ, шын мәнінде тұрмысы нашар үй
шаруашылықтарын көмектен шеттетін шектеуші
талаптар кедергі болатынын анықтады. Келесі
тарауда осы жағдай толығырақ сипатталады.
2.3 Ұсынымдар
Тұрмысы төмен отбасыларға арналған атаулы
әлеуметтік көмек туралы ақпараттың жоқтығын
айтатын адамдарға қатысты ұсынымдар ақпарат
аздығына қатысты алдыңғы кедергіге қатысты
берілген ұсынымдармен бірдей. Олар жалпы
хабардарлықты арттыруға; белгілі бір топтар
арасында хабардарлықты арттыруға және
әлеуметтік қызметкерлердің ақпарат тарату
қызметін күшейтуге қатысты.
Табысы төмен азаматтар табыс көлеміне
қатысты талаптың орындалмауына байланысты
қабылданбайтын өтініш беруіне уақыт және кей
жағдайларда ақша жұмсамауы үшін өтініш беруді
бастарда нақтырақ ақпарат беру маңызды. Мұндай
ақпаратқа табыс көлеміне қатысты белгіленген
шек туралы және үй шаруашылығының табысы
ретінде ненің есептелетіні туралы толығырақ
ақпарат беру керек, сонда табысы белгіленген
шектен асып кететіні басынан бастап-ақ анық
болатын жағдайда адамдар өтініш беруге
уақыт жұмсамайтын болады. Мұқтаждықты
тексеру кезінде есептелетін және есептелмейтін
барлық табыс көздерінің тізімі болған жөн.
Нақты санаттар бойынша ақпарат түсінікті және
адамдарға көмек алуғы құқығы бар-жоғын оңай
анықтауға көмектеседі. Өтініш берушілерге
табысын нақты есептеу қиын болса да, әсіресе,
олар ауыл шаурашылығында немесе кездейсоқ
жұмыспен күн көрсе, көмек алу құқығына
қатысты ережелер өтініш берушілерге түсінікті
және ашық мәнерде жеткізілуі тиіс.
44
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 7: Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік көмек беру туралы
өтініш беруге қажетті құжаттарe
Қызметтер көрсету стандартына сәйкес келесі құжаттарды жинау қажет:
• Өтініш (бекітілген үлгіге сәйкес).
• Жеке куәлік.
• Отбасы мүшелері туралы мәлімет.
• Отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет.
• Жеке қосалқы шаруашылық бар-жоғы туралы мәлімет.
• Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуді растайтын құжат (мекен-жай анықтамасы.)
• Әлеуметтік шарт (тексеру үшін тапсырылады, түпнұсқасы қайтарылады).
Сұхбаттар барысында келесі мәліметтер де керек екені анықталды:
• №4 үлгіге сәйкес анықтама туралы мәлімет (некесіз туылған бала бар болса).
• Алимент алу туралы түбіртек немесе сот шешімі
• Шәкіртақы туралы анықтама (шәкіртақы алатын балалары болса).
• Жұмыссыздық анықтамасы.
• Екінші дәрежелі банкте ашылған шоты бар екені туралы хабарландыру хат.
3. Өтініш беруге
қажетті құжаттар
Құжат жинау да әлеуметтік көмек алу
туралы өтініш берушілер үшін қиындық
тудырған. Бокс 7 заң бойынша өтінішпен
бірге тапсырылуы тиіс құжаттар тізімін
және заңда көрсетілмеген, бірақ, сапалық
зерттеу кезінде өтініш қаралуы үшін
тапсырылуы қажет басқа да құжаттар тізімін
көрсетеді. Осы тарау өтініш берушілер
әлеуметтік көмек алу кезінде құжаттарға
қатысты талаптарға байланысты тап болған
кедергілерді баяндайды. Атап айтқанда,
талқыланатындар:
• Қажетті құжаттар туралы өтініш бе-
рушілер арасындағы жалпы түсінбестік
және оларға дұрыс жөн сілтемеу
• Жұмыссыздық туралы анықтама алудағы
қиындықтар
• Отбасылық жағдай және алимент
төлемдері туралы құжаттарды тапсыруға
қойылатын талаптар
45
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кесте 14. Өтініш беруге кедергі келтірген құжаттарға қатысты қиындықтар
Құжатқа қатысты қандай мәселе шықты?
АӘК (%)
МБЖ (%)
Жұмыссыздық анықтамасын ала алмадым
53
53
Тұрғылықты мекен-жайда тіркелу туралы құжат(тар)ды ала
алмадым
31
35
Табыс көлеміне қатысты құжат(тар)ды ала алмадым
23
19
АӘК
МБЖ
Орта-
ша
Ең көбі
Орта-
ша
Ең көбі
Барлық құжаттарды жинауға қаншалықты ұзақ уақыт
кетті/жұмсалды?
3.9
күн
60 күн
4.1
күн
90 күн
Құжаттарды беретін жерге жету қанша уақыт алды?
4.4
сағат
7 сағат
6.0
сағат
10 сағат
Өтінішті тапсыру үшін кезекте қанша уақыт бойы
тұрдыңыз?
1.8
сағат 10 сағат
1.8
сағат
10 сағат
Өтініш беру кезінде сол жерге қанша рет өзіңіз ба-
руға тура келді?
2.3
рет
21 рет
2.1
рет
20 рет
Кесте 15. Өтініш берудің түрлі сатыларына кететін уақыт ұзақтығы.
Сандық зерттеуде әлеуметтік көмек алу туралы
өтініш бермегендердің (бірақ, өздерін көмек
алуға құқылы деп санайтындардың) 10-13%-ы
қажетті құжаттарды жинай алмағандықтан, өтініш
беруді кейінге қалдырған. Кесте 14 респонденттер
тапсыра алмай қиналған құжаттар түрін көрсетеді.
Ал өтініш беріп, бірақ, онысы қабылданбаған
респонденттер арасында өтініш қабылданбауға
дұрыс құжаттар тапсырмау екінші ең жиі
аталған себеп болған (барлық қабылданбаған
өтініштердің 12%-ның себебі) (Кесте 12).
Сауалнама респонденттері өтініш беру кезінде
қажетті құжаттаржы жинауға төрт күн кетті
деп мәлімдеді (Кесте 15). Бұл төрт күн түгелдей
құжат жинауға кетті дегенді білдірмесе де,
өтініш берушілер тоқсан сайын осы жұмысқа
айтарлықтай көп күн жұмсауға мәжбүр болған.
3.1 Қандай құжаттар тапсыру
қажет екеніне қатысты түсінбестік
пен дұрыс бағыт-бағдар сілтеудің
жетіспеушілігі
Сапалық материал адамдардар құжат жинау кезінде
тап болатын қиындықтардан егжей-тегжейлі
көрініс береді. Біріншіден, он респондент, барлығы
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында,
бірінші рет құжат тапсырғанда қандай құжаттар
жинау керек екенін немесе қандай мемлекеттік
органдарға бару керек екенін білмегенін айтты.
Бұл өтініш беру тәртібіне қатысты жеткілікті
түсіндірме ақпарат берілмегенін білдіреді.
Сапалық сұхбат респонденттері арасында бұл
әлеуметтік көмек алуда сондай үлкен қиындық
тудырмаған. Ақпарат жетіспеушілігіне қатысты
алдыңғы тараудағыдай (3.2-тарау) ақпарат
ықтимал өтініш берушілерге түсінікті түрде
берілмейтін сияқты. Осыны төменде келтірілген
өтініш берушілердің сөздері айғақтайды, олар
түрлі құжаттарды және анықтамаларды жинау
үшін қайда барарын білмегенін айтты. Соны
анықтау үшін олар көптеген адамдардан сұрауға
мәжбүр болған:
«Бірінші рет құжат жинау қиын болды,
маған құжаттар тізімін ұстата салды. Мен
қайда барарымды білген жоқпын. Сондықтан,
Достарыңызбен бөлісу: |