Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет21/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46

50
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
«Менің  өтінішім  қабылданған жоқ,  өйткені, 
балам  3  жаста  болды,  мен  оны  балабақшаға 
беріп, жұмысқа шығуым керек еді. Мен оларға 
түсіндірдім:  балабақша  5  мың  тұрады,  ба-
ламды орналастыру үшін кезекке тұру керек. 
Мен  оны  балабақшаға  жібере  алмаймын,  жұ-
мысқа да шыға алмаймын» (35, әйел, жұмыссыз 
1.06.2017).
«Басты себеп [әлеуметтік көмек ала алма-
уының]  – жұмыс  істемейтінім.  Кіші  қызым  – 
бес жаста, ал балаларға арналған жәрдемақы 
үш  жасқа  толмаған  балаларға  беріледі.  Олар 
маған  «жұмыс  істеуіңіз  керек»  дейді.  Ал  мен 
жұмыс  істей  алмайтынымды  түсіндіремін» 
(33, көп балалы ана, мүгедек баласы бар, үй ша-
руасындағы әйел, 31.05.17).
Екіншіден,  ауылдық  жерде  әйелдерге  мүлдем 
дерлік  жұмыс  жоқ.  Қалада  жарты  күндік  немесе 
жұмыс кестесі икемді жұмыс табу қиын. Оған қоса, 
икемді жұмыс кестесі бар жұмыс түрлері көбінесе 
бейресми  болып  келеді,  яғни,  адамдар  жұмысы 
және  табысы  туралы  анықтама  ала  алмайды. 
Сонымен бірге, осындай жұмыстар істейтіндіктен, 
жұмыссыздық  анықтамасын  да  ала  алмайды, 
себебі,  қоғамдық  қызметке  тұрудың  жанама 
шығындары  тым  жоғары.  Астанада  бұл  мәселе 
әлдеқайда өткір, өйткені, респонденттер арасында 
көп  балалы  жалғызбасты  аналар  көп.  Бұл туралы 
төменде түсіндіріледі:
«Олар жұмыстан анықтама алып келуді та-
лап  етеді,  менде  ондай  анықтама  жоқ.  Күй-
еуімнің  мүгедек  екені  туралы  анықтаманы 
көрсете  аламын.  Жұмыста  маған  анықтама 
бермейді. Ол жерде жұмыс істегеніме көп бол-
ды,  жұмыс  кестем  ыңғайлы,  қолайлы.  Балам 
ауру,  күйеуім  мүгедек  бола  тұра  үйде  қалай 
отырамын? Оларға қарауым керек. Кейбір жер-
лерде жұмыс берушілер мұндай ақпарат бере 
алмаймыз  дейді.  Кей  мекемелерде  басшылар 
бар,  бірақ,  есепші  жоқ.  Олар  мұндай  анықта-
маны  бере  алмайды.  Шағын  дүкендер  мұн-
дай  ақпарат  бермейді»  (43,  әйел,  тазалаушы, 
31.05.17).
3.3 Отбасылық жағдай және алимент
төлемдері туралы құжаттарды
тапсыруға қойылатын талаптар
Өтініш  беру  кезінде  талап  етілетін  қосымша 
бірнеше  құжат  бар,  оларды  алу  әйел  адамдарға 
ерекше қиын. Атап айтқанда:
1. Алимент төленетіні туралы анықтама
(немесе алимент төленбейтіні туралы
анықтама)
Алимент төлемдері мұқтаждықты тексеру кезінде 
есепке алынады, алимент алатындықтан, көптеген 
үй  шаруашылықтарының  әйел  басшыларына 
табысы  тым  жоғары  болып,  АӘК  алуға  құқығы 
жоқ  деп  айтылады.  Кейбір  жағдайларда  әйелдер 
алимент 
төлемдері 
үй 
шаруашылығының 
табысында асыра көрсетіледі деп күдіктенеді.
«2013  жылы  мен  жергілікті  әкімшілікке 
бірінші рет өтініш бердім. АӘК алуға тыры-
стым,  бірақ,  ала  алмайтынымды  айтты,  се-
бебі, зейнетақы аламын, үйім бар, бұрынғы күй-
еуім көмектесіп тұрады. Оларға сол да көмек 
пе,  алимент  есептелмеу  керек,  ол  жылына 
екі-үш рет төленеді дедім. Ешкім құлақ асқан 
жоқ, бір рет алимент алсаң болды, бірден та-
бысыңа  қосып  жібереді,  олардың  айтуынша, 
солай  істеуі  керек,  өйткені,  алимент  келесі 
айларда  төленуі  мүмкін»  (әйел,  29 жаста, үй 
шаруасындағы әйел, 05.13.2017).
Алимент  алмайтын  ажырасқан  әйелдердің 
жағдайы  бұдан  да  қиын  сияқты,  олар  алимент 
төленбейтінін  дәлелдейтін  құжат  әкелуі  керек. 
Мұнда  балаға  көмектесу  мемлекеттің  емес, 
бұрынғы күйеуінің міндеті деген ой қалыптасқан. 
Төмендегі  сұхбаттасушы  айтып  бергендей, 
алимент төленбейтіні туралы  анықтама  алу  оңай 
немесе тез шаруа емес:
«Алимент алмайтыным туралы анықтаманы 
ала  алмағандықтан,  жәрдемақы  алуға  тіркей-
тін құжаттарды дайындаған жоқпын. Енді Қо-
станай  облысының  сотына  арыз  жібердім.  Үш 
ай бойы қоңырау шалдым, бірақ, құжаттарымды 
алды ма, жоқ па, әлі хабар жоқ. Ісім әлі қаралып 
жатыр.  Егер  алимент  төленбейтіні  туралы 
анықтама  ала  алсам,  жәрдемақы  алуға  тірке-
летін едім» (28, әйел, тазалаушы, 01.06.17).


51
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
«Жоқ,  өтініш  берген  жоқпын,  ажырасуды 
күтіп  жүрмін,  алимент  төленбейтіні  тура-
лы  анықтама  керек»  (31,  әйел,  тазалаушы, 
31.05.17).
«Сот шешімін ала алмай жүрмін, бірінші не-
кемнен  екі  балам,  қазіргісінен  бір  балам  бар. 
Сол екі балама алимент тһленбейтіні тура-
лы сот шешімі керек» (әйел, үй шаруасындағы 
әйел, 39 жаста, 13.05.17). 
2. Неке қию немесе үйленбеген ата-ана
екені туралы құжаттар
Отбасылар  жалғызбасты  екенін  дәлелдеуі 
керек,  себебі,  ата-ананың  екеуі  де  табыс  немесе 
жұмыссыздық анықтамасын тапсыру тиіс болады. 
Кейбір  отбасылар  осындай  құжаттарды  алуда 
қиындықтарға  тап  болады.  Оған  қоса,  балалар 
некесіз  туылған  жағдайда  күйеуі  немесе  әйелі 
сенімхатсыз  ешбір  құжатты  өз  бетінше  тапсыра 
алмайды. Осы туралы төменде түсіндірілген:
«Күйеуім  екеуіміз  некемізді  әлі  тіркеген 
жоқпыз,  құжаттарды  тапсыру  үшін  азамат-
тық некедегі күйеуімнен сенімхат алдым. Мы-
салы,  баланың  әкесін  көрмесе,  оның  қолынсыз 
олар ешбір құжат бермейді. Құжат алуға әлі 
барған  жоқпын,  өйткені,  олар  маған  баланың 
әкесі  келуі  керек  дейді,  ал  ол  болса, жұмысба-
сты  адам,  уақыты  жоқ»  (әйел,  үй  шаруасын-
дағы әйел, 17.05.17).
Жергілікті  сапалық  зерттеу  жүргізу  кезінде 
өтініш  берушілер  Бокс  7  көрсетіп  тұрған 
құжаттарға  қосымша  №4  үлгідегі  анықтама 
бойынша  ақпарат  беруі  керек  екені  анықталды, 
яғни, бала некесіз туылған жағдайларда. Бұл мәселе 
Астана қаласында анықталды, себебі, жәрдемақы 
ала  алмаған  сұхбаттасушылар  арасында  басым 
көпшілігі жалғызбасты аналар болды.
«Мекен-жай  анықтамасын  алуға  қатысты 
еш қиындық жоқ. Оны алу оңай. Негізінен, не-
кеде тұрмайтын ана ретінде №4 үлгіні алуға 
көп  уақыт  кетеді.  Халыққа  қызмет  көрсету 
орталығында  ұзын-сонар  кезекке  тұру  керек, 
дерекқоры  да  жұмыс  істемей  қалады.  Уақыт 
тауып келгенде, екі не үш сағат тосасың, ал 
саған «Дерекқор жұмыс істемейді» дейді» (33, 
әйел, үй шаруасындағы әйел, 31.05.17).
3. Ажырасуды растайтын құжаттар
Талап етілетін тағы бір қосымша құжат – ажырасуды 
растайтын  құжат.  Сұхбаттасушылар  осы  құжатты 
алу кезінде көрген екі жағдайдағы қиындықтары 
төменде келтірілген:
«Кенже балам – 8 жаста. Осы уақытқа дей-
ін,  кенжем  туылғалы  бері  күйеуіммен  тұр-
маймын.  Сондықтан,  АӘК  алуға  дайындалып 
жүрдім.  Жалғыз  мәселе  –  құжат жинау.  Күйе-
уіммен  ажырасқанмын,  бірақ,  бұл  жеткіліксіз, 
өйткені, ол түрмеде отыр. Сондықтан, маған 
анықтама керек, мен оны сұраттым, артынан 
бардым.  Күйеуім  жұмыс  істемейтіні  және 
маған  ақшалай  көмектесе  алмайтыны  ту-
ралы  анықтама  алдым.  Ойлап  көріңізші,  сол 
анықтаманы алу үшін күйеуім отырған Долин-
ка деген жерге бару керек, менің ойымша, бұл 
қиындау. Әлгі анықтамаға тапсырыс беру ке-
рек, содан кейін оны алып кету үшін қайтадан 
бару керек. Өзім бара алмадым, өйткені, бала-
ларым  бар,  сондықтан,  енемнен  барып  келуін 
өтіндім» (35, әйел, кеңесші-сатушы, 12.05.17).
«Көршім  жәрдемақы  алуға  өтініш  беру-
ге  келді.  Мен  оған  басқа  құжаттармен  қоса 
күйеуімен  ажырасқаны  туралы  құжатты  да 
тапсыруы керек екенін түсіндірдім. Ондай құ-
жат болмаса, онда күйеуінің табысы туралы 
анықтама керек. Оны алу үшін күйеуінің жеке 
куәлігі  қажет.  Көршім  содан  қайтып  келмеді. 
Мүмкін оған сол анықтаманы алу қиын шығар, 
білмеймін. Күйеуі табысы туралы анықтама-
ны  және  жеке  куәлігін  бермейтіні  түсінікті. 
Көршім оны Тереңөзектен алуы керек, мүмкін 
олар  ресми  ажыраспаған  шығар?!  Құжатта 
олардың бірге тұрмайтыны және күйеуі али-
мент төлемейтіні көрсетілуі тиіс» (әйел, 70 
жаста, зейнеткер, 18.05.17). 
Зерттеу  мәліметтері  көрсеткендей,  іріктелімге 
кірген  барлық  аймақтарда  жалғызбасты  аналар 
тұратын үй шаруашылықтары ата-ананың екеуі де 
бар үй шаруашылықтарына қарағанда орта есеппен 
кедейлеу,  бұл  айырмашылық  статистикалық 
тұрғыдан  айтарлықтай  болды  (Кесте  18).  Сондай-
ақ,  олар  өздерін  әлеуметтік  көмек  алуға  құқылы 
деп  санауға  көбірек  бейім,  бірақ,  осы  тұрғыдағы 
айырмашылықтар 
статистикалық 
жағынан 
айтарлықтай  болған  жоқ.  Маңғыстау  облысында 
және  Астана  қаласында  жалғызбасты  ата-анадан 


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау