54
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
4. Әлеуметтік көмек
алу құқығының және
мұқтаждықты тексерудің
шектеуші талаптары
АӘК және МБЖ үшін отбасының жиынтық
табысын есептеу кезінде барлық кіріс,
яғни, тек жұмыс істеп тапқан кіріс және
жеке қаражат аударымдары (ақша жіберу)
ғана емес, мемлекет тарапынан берілген
әлеуметтік қорғау саласындағы төлемдер
де ескеріледі. Табыс әкеле алатын немесе
күнелтуге мүмкіндік беретін мүлікке,
мысалы, көлікке немесе малға ие болу да
есеп-қисапта ескеріледі. Респонденттер
қолданыстағы табыс көлеміне қатысты
шектеуі көп талаптардың кесірінен көмектен
қағылатын төрт жолды атады:
• Көмек алу құқығын анықтау үшін үй
шаруашылығының табысы ретінде атаулы
әлеуметтік төлемдерді қосып санау;
• Жарты күндік, кездейсоқ табысты қосып
санау;
• Мал және көлік болуы көмек алу құқығын
шектеуі.
Осы факторлардың әрқайсысы кезек-кезек
талқыланған.
4.1 Әлеуметтік көмек алу құқығын
анықтау мақсатында өзге атаулы
төлемдердің үй шаруашылығының
табысына енгізілуі:
Біз жүргізген зерттеу нәтижелері мұқтаждықты
тексеру кезінде жұмыс істеп таппаған табысты
есепке алудың шектеу қоятын сипаты туралы
дереккөздерден алынған мәліметті (Бабаджанян
Б. және т.б. 2015) растайды. Үй шаруашылығының
табысын есептеу кезінде түрлі өмірлік жағдайларға
байланысты төленетін басқа атаулы көмек
түрлерін есепке алу үй шаруашылығының табысын
тұрмысы төмен отбасыларға арналған атаулы
көмек алу үшін белгіленген табыс деңгейінен
асырып жібереді. Респонденттер (сұхбаттасқан 33
көмек алмайтын респонденттің 12-сі) жәрдемақы
алу құқығынан айырады деп мәлімдеген төрт түрлі
әлеуметтік төлем келесілерге арналған:
• Мүгедектігі бар балалар;
• 1 жасқа толмаған балалар;
• Көп балалы ана;
• Жоғары оқу орнында оқитын балаларға беріле-
тін шәкіртақы.
Осы жағдай төменде толығырақ суреттелген:
«Мен баруды қойдым. Мүлдем қойдым, олар
мүгедектік жәрдемақысын қоса есептеп, заң-
герлермен бірге белгіленген шектен асып
кетті деп шешті. Сондықтан, баруды, салғы-
ласуды, бірдеңені дәлелдеуді қойдым. Бірақ, сол
кезде сол ақшаға мұқтаж едім, өйткені, балам
көктемде 7-ге толды. Ал үйде бір тілім нан да
болған жоқ! Түк болған жоқ!» (33, әйел, үй шару-
асындағы әйел, 31.05.17).
55
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кесте 19. Балаларға арналған әлеуметтік қамсыздандыруға қатысы жоқ атаулы
көмектің ай сайынғы көлемі
Жәрдемақы немесе көмек
Есептеу
Бір айдағы орта-
ша көлемі (ТГ)
12
Атаулы әлеуметтік көмек
Ең төменгі
күнкөріс деңгей-
інің 40%
(24,459 ТГ)
9,784
Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы
Ең төменгі
күнкөріс деңгей-
інің 60%
14,675
Басқа төлемдердің мысалы
0-15 жас аралығындағы балаларға арналған мүге-
дектік жәрдемақысы
0.96 x АЕК (айлық
есептік көрсеткіш,
2,269 ТГ)
2,179
Мүгедек балаларға арналған ай сайынғы мемле-
кеттік көмек
1.05 x ең төменгі
жалақы (24,459 ТГ)
25,682
Көп балалы аналар (Алтын алқа)
6.4 x АЕК
14,522
Жоғары оқу орнындағы шәкіртақы: ең төменгі
шәкіртақы
20,949
Жоғары оқу орнындағы шәкіртақы: көбейтілген
шәкіртақы
24,091
«МБЖ алуға құжат тапсырғанда Әкімдік бір
жасқа толмаған балаларға берілетін жәр-
демақыны менің табысым деп есептеді. Ол
жәрдемақының мерзімі бітті, енді қайтадан
құжат тапсырайын деп отырмын» (әйел, 36
жаста, үй шаруасындағы әйел, 15.05.2017).
Заңға сәйкес шәкіртақы да үй шаруашылығының
табысын есептегенде ескеріледі. Бірақ, екі
сұхбаттасушы, екеуінің де балалары жоғары
оқу орнында оқиды, бұл әділетсіз деп санайды.
Сұхбаттасушының бірі тіпті таңданысын жасыра
алмады: «13 000 теңгелік шәкіртақы қалай ғана
отбасының табысы болып есептеле алады?» (әйел, үй
шаруасындағы әйел, 14.05.2017). Осы екі жағдайда да
олардың балалары 13-15 000 теңге шәкіртақы алады.
Шәкіртақы балаларды оқуын жалғастыруға жақсы
ынталандыратынына қарамастан, оқуға барумен
байланысты тамақ, жатын орын және оқуға қажетті
керек-жарақтар алуға шығатын шығынды толығымен
өтемейді. Шын мәнінде мұндай шәкіртақылар
кірісті арттырмайды, керісінше шығынды көбейтеді.
Онымен қоса, үй шаруашылықтары АӘК және МБЖ
алудан қағылатыны тағы бар.
«Әйелімнің Алтын алқасы бар, АӘК пен МБЖ
ала бастағанға дейін көп балалы ана ретінде
жәрдемақы алатын. Балалыр қазір оқуға түсті,
шәкіртақы алады, соны бірден біздің табы-
сымыз деп есептеп, АӘК төлеуді тоқтатты.
Онсыз жағдай қиындап кетті. Ақша жетпейді,
шәкіртақы балалардың шығындарын өтеуге
жетпейді, біз оларға көмектесеміз деп ойлап
едік, енді тіпті АӘК-сіз қалай күн көретінімізді
білмейміз» (ер, 47 жаста, өз-өзін жұмыспен
қамтушы, 14.05.2017).
Табыс көлемінің шекті деңгейі тым төмен
екенін ескерсек, түрлі әлеуметтік төлемдер үй
шаруашылығының табысы ретінде ескерілген
жағдайда отбасының кірісін сол шектен оп-оңай
асырып жіберетіні анық. Кесте 19 респонденттер
табысын есептеу кезінде ескерілді деп мәлімдеген
төлемдерді және белгілен шекті табыс деңгейін
өзара салыстырады.
12
Өмір сүру құнындағы айырмашылықтарға байланысты аймақтар арасында да айырмашылықтар бар. Осы жерде орташа көлем
көрнекілік мақсатында келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |