46
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
жәрдемақы алайын деп жүрген адамдардан
сұрай бастадым. Қызметкерлерден сұрау мүм-
кін емес, өйткені, олар бізге ішке кіруге рұқсат
етпейді, адам көп» (әйел, 30 жаста, үй шаруа-
сындағы әйел, 12.05.2017).
«Мен құжат жинай бастағанда қиын болды.
Сұраудан ұялдым, сондықтан, үнемі өзім си-
яқты адамдардан сұрап жүрдім, қайдан көмек
алуға болатынын сұрадым. Былтыр, жәрде-
мақы алуға бірінші рет өтініш бергенде, аудан
орталығына көп рет бардым, себебі, анықта-
маларды, әсіресе, табыс пен жұмыссыздық
анықтамаларын бірден жинай алмадым, олар-
ды алу қиын» (әйел, 24, үй шаруасындағы әйел,
11.05. 2017).
«Басында құжат жинаумен мүлдем айна-
лысқым келген жоқ, қандай және қалай құжат
жинайтынымды білген жоқпын. Бірақ, ақша
үшін өзімді күштедім, өте қиын болды, үнемі
басқалардан сұраумен болдым. Бағыма қарай
бұрын құжат тапсырып көрген қарапайым
адамдардың көмегі тиді» (әйел, 33 жаста, үй
шаруасындағы әйел, 05.13.2017).
Сұхбаттасушылар қандай құжаттар қажет,
оларды қалай жинау керек және үлгілерді қалай
толтыру керек екеніне қатысты түсінбестікті жоюға
көмектесуде ерекше пайдалы болған екі түрлі
ақпарат арнасын атады:
1. Кейбір әлеуметтік қызметкерлер өтініш
берушілерге өтініш беру барысында, соның ішінде,
құжат жинауда
көмектеседі
Бір-екі сұхбаттасушы әлеуметтік қызметкер
өтінішті толығымен тапсыруға көмектесуде
маңызды рөл атқарғанын жеткізді. Айта кету керек,
қазір әлеуметтік қызметкерлер тек ақпарат беруге
ғана құқылы:
«Әлеуметтік қызметкерлер өтініш тол-
тыруға көмектеседі, осылай жаз деп айтады,
солардың айтқанын жазамыз, өйткені, өзіміз
саутсызбыз. Үлгілер бар, соларға қараймыз
да, жазамыз. Артынан өздері тексеріп шыға-
ды» (үй шаруасындағы әйел, әйел, 40 жаста,
12.05.17).
«Жоқ, мен ешқайда барған жоқпын, барлық
анықтамаларды Жадыра (әлеуметтік қыз-
меткер) өзі барып алды. Бізге жинатқан жоқ.
Мүмкін болса, өзі жинап отырды» (әйел, мек-
тепте жұмыс істейді 18.05.17).
2. Жылжымалы әлеуметтік орталықтар алыс
жатқан ауылдарға барып, ақпарат береді, құжат
қабылдайды, анықтама береді
Халқының саны 100 адамнан аз алыс
аудандарда 70 жылжымалы әлеуметтік орталық
жұмыс жасайды. Олар «бір терезе» қағидасымен
жұмыс істейді. Қызылорда облысының кейбір
аудандарындағы
сұхбаттасушылар
осындай
жылжымалы әлеуметтік орталықтардың өтініш
беруге қатысты ақпарат таратудағы және құжат
жинауға көмектесудегі маңыздылығын айтады:
«Ай
сайын
Әлеуметтік
орталық
қызметкерлері осында келеді, сол кезде мекен-
жайға қатысты құжаттарды алуға болады.
Аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Бұрын
олардың ауылға келетінін ешкім біле бермейтін,
қазір барлығы үйреніп алды, мүмкіндігін
жіберіп алмауға тырысады олар келгенде […].
Әлеуметтік көмек орталығындағы қыздар
өтінішті өздері толтырады, мен тек қол
қоямын» (үй шаруасындағы әйел, 42, әйел
16.05.17).
«Тұрғындарға ыңғайлы боулы үшін Әлеумет-
тік орталық кейбір қызметкерлерін жібереді,
сонда адамдар қажетті ақпаратты ала ала-
ды. Олар [сонымен қоса] анықтамалар да бе-
реді» (үй шаруасындағы әйел, 38 жаста, әйел,
16.05.17).
Алайда, сапалық зерттеу жүргізілген Маңғыстау
облысының
аудандарында
жылжымалы
әлеуметтік орталықтар болған жоқ, оның
орнына респонденттер құжат жинау үшін аудан
орталығына өздері баруға мәжбүр. Бұл Қызылорда
облысында
зерттелген
елді
мекендердің
көпшілігіндегі жағдайға қарама-қарсы, онда
негізгі құжаттар жылжымалы әлеуметтік орталық
арқылы жергілікті деңгейде жиналады, әрі
әлеуметтік қорғау бөлімдеріне қызметкерлер
бекітілген. Қызылорда облысының Жаңақорған
ауданының
ауылдарындағы
респонденттер
де жергілікті әкімшілік мамандары аудан
орталықтарындағыларға
қарағанда
көбірек
көмектесетінін ерекше атап өтті:
«Мен кейбір нәрселерді білмеймін, компью-
термен қалай жұмыс істеуді де білмеймін. Кей-
де алдына отырып алып, ештеңе түсінбеймін,
47
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кесте 16. Әлеуметтік көмек беру туралы өтініштер тапсырылған мемлекеттік орган.
Өтінішті қайда бердіңіз/берген?
АӘК (%)
МБЖ (%)
Жергілікті әкімдік
47
19
Халыққа қызмет көрсету орталығы*
25
43
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі
27
34
Басқа
2
4
Барлығы
100
100
*Қалаларда, облыстарда және аудандарда 270 Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) бар.
өйткені, үйде компьютер жоқ. Қалай істеу ке-
рек екенін сұрайсың, бірақ, маман жаныңа кел-
мейді. Бетіңе қарап, уақыты жоқ екенін айта-
ды да, кетіп қалады. Жергілікті әкімшілікте
көмектесу дегенді мүлдем білмейді. Негізі, ау-
дандарда осындай. Ауылда жергілікті әкімшілік
айтып та, көрсетіп те береді. Ешқашан уақы-
тым жоқ демейді, түсіндіреді. Көмектесуге
дайын тұрады, үнемі күлімдеп қарсы алады»
(әйел, мемлекеттік қызметкер, 31, 13.05.17).
Сапалық зерттеу респонденттер осындай
қызмет туралы білетінін не білмейтінін тіркеген
жоқ, бірақ, қайда өтініш бергені туралы сұрақтар
қойылды (Кесте 16). Адамдар өтініш тапсырған
орындар өте көп болды, бұл әр елді мекен
әлеуметтік көмек алу туралы өтініштерді өңдеудің
әртүрлі әдістерін қолданатынын көрсеткен
бақылауларға сәйкес келеді. Таңқаларлығы, өтініш
берушілер негізінен АӘК және МБЖ алу туралы
өтініштерін әртүрлі мекемелер арқылы тапсырған:
басым көпшілігі АӘК өтініштерін әкімдік арқылы,
ал МБЖ өтініштерін Халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы тапсырған. Мекемелер
әртүрлі болатыны үш аймақта да байқалды, бірақ,
облыстық деңгейде белгілі бір үрдіс бар, мысалы,
Қызылорда облысында өтініш берушілер кез-
келген әлеуметтік көмек түріне өтінішті әкімдік
арқылы беруге бейім сияқты (Кесте 17).
Кесте 17. Әлеуметтік көмек беру туралы өтініштер тапсырылған мемлекеттік орган,
облыстар бойынша.
АӘК (%)
МБЖ (%)
Қызылорда
облысы
Маңғыстау
облысы
Астана
қаласы
Қызылор-
да облысы
Маңғыстау
облысы
Астана
қаласы
Жергілікті әкімдік
56
28
7
27
3
4
Халыққа
қызмет көрсету
орталығы*
25
23
57
46
38
38
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі
19
43
33
21
59
52
Басқа
0
6
3
6
1
6
Барлығы
100
100
100
100
100
100