«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ 2015 жыл үшін әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша түсініктеме хат
Ағымдағы жылғы 12 айдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш еткендер саны 17595 өтінішті құрады, оның ішінде ХҚО арқылы 74076 өтініш, мемлекеттік орган арқылы 13486 өтініш және Электронды үкімет порталы арқылы 33 өтініш, 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініш еткендер саны 2416 өтінішке, оның ішінде мемл.орган арқылы 2263, портал арқылы 15, ХҚО арқылы 138 ұлғайды.
Өткен уақытта қаланың жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 8869 адам өтініш етті, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңнен 432 адамға артық. Есепті күнге жұмыссыздар ретінде 4580 адам тіркелген (01.01.2015 жылға – 1557), оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде 3271 адам, 2014 жылғы тиісті кезеңде – 555 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылған.
2016 жылғы 01 қаңтарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар құрамына 2772, 2014 жылғы тиісті кезеңде - 2378 жұмыссыз азамат енгізілген.
Барлығы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар құрамына 2772 адам енгізілді, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 394 адамға көп. 2016 жылғы 1 қаңтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту пайызы жоспарлы жылдық көрсеткіштен 116,2% құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңнен 13,2% көп.
2015 ж. 2400 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, есепті кезең ішінде 2737 жаңа, с.і. 1311 тұрақты жұмыс орны енгізілді, 2014 жылғы тиісті кезеңде – 2716 жаңа, оның ішінде 2560 тұрақты жұмыс орны құрылды.
2016 жылғы 1 қаңтарға қоғамдық жұмыстарға 314 адам қатысты, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21 адамға артық. Кадрларды даярлау және қайта даярлауды, сондай-ақ біліктілікті арттыруды ұйымдастыру мақсатында, оқуға 2 адам жіберілді.
2015 жылы жергілікті бюджеттен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 40528,0 мың теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 6000,0 мың теңгеге артық. 01.01.2016 жылға 40528,0 мың теңге не 100% игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру мақсатында қаланың 51 кәсіпорны мен ұйымдарымен шарттар жасалды. 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23 ұйымға аз. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 112 адам болса, 160 адам жұмысқа орналастырылған, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, қаржыландыру азаюына байланысты, 111 адамға аз.
31 кәсіпорынмен «Жастар практикасын» ұйымдастыруға шарттар жасалды, онда жоспар бойынша 66 адам, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 98 түлегі жұмысқа орналастырылды. 2014 жылғы 1 желтоқсанға бұл көрсеткіш 107 адамды құрады.
2015 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен барлығы 30165,0 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 31861,0 мың теңгеге аз. Қаржыландыруды азайту Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға арналған шығындар қысқаруына байланысты.
Соның ішінде:
2015 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 15 828,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 15827,6 мың теңге;
2015 жылы жастар практикасына 14 139,0 мың теңге бөлінді,игерілгені 13777,9 мың теңге;
2015 жылы кәсіптік оқуға 198,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 195,6 мың теңге.
01.01.2016ж. Қостанай қаласының 4030 кәсіпорны мен ұйымдарымен 2015-2017 жылдарға өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы қала әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды, бұл қала кәсіпорындарының жалпы санынан 100% құрайды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша осы бағыттар бойынша күтілетін орындау 100% құрайды.
Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған мүгедектер мен азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету мен әлеуметтік қолдауды көздейтін іс-шараларды іске асыруда өң үрдістер болған. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау және оларды оңалту мен кіріктіру 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен 2008 жылы қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының шеңберінде жүзеге асырылады.
2016 жылғы 1 қаңтардағы қалпына Жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған мүгедектер саны 7099 адамды, соның ішінде 756 мүгедек баланы құрайды.
Мүгедектерді оңалту жұмысы әлеуметтік, кәсіптік (еңбек) және медициналық үш бағыт бойынша жүргізіледі.
2015 жылдың қорытындысы бойынша (01.01.2016ж.) 3594 мүгедектің немесе жалпы санының 50,6% оңалтудың жеке бағдарламасы бар. 82,9% мүгедектің оңалтудың жеке бағдарламасы толық не ішінара орындалған.
2014 жылы 3574 мүгедектің немесе жалпы санының 49,2% оңалтудың жеке бағдарламасы бар. 82,2% мүгедектің оңалтудың жеке бағдарламасы толық не ішінара орындалған.
Мүгедектерді техникалық (көмекші (орнын толтырушы) құралдармен (сурдо, тифло құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдармен, протездік-ортопедиялық құралдармен) қамтамасыз ету, ымдау тілі мамандары мен жеке көмекшілер қызмет көрсету бойынша, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер мен мүгедек балалар «Сосновый бор» шипажайында санаторий-курорттық емделуін, мүгедектер мен мүгедек балалар Қостанай және Жітіқара оңалту орталықтарында оңалуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар мүгедектерді оңалту бағдарламасының шеңберінде жүргізілген.
2015 жылдың ішінде ҰОСҚ және соларға теңестірілген адамдар қатарынан 180 адам, 594 мүгедек, с.і. 15 мүгедек бала санаторий-курорттық емделген.
2015 жылы Қостанай қ. мен Жітіқара қ. оңалту орталықтарында 503 адам сауықтырылған.
2015 жылы мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 340807,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде 252144,0 мың теңге трансферттер, с.і.:
- 2015 жылы жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызмет көрсетуге және есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманы қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен – 40758,0 мың теңге бөлінген, бұл 2014 жылғы қаржыландыру көлемімен салыстырғанда 1222,0 мың теңгеге көп, жеке көмекшілерге жалақыға 10% қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен 1863,0 мың теңге бөлінген. Есепті кезеңге 376 адам қызметтермен қамтылған. Осы бағдарлама бойынша бөлінген 40758,0 мың теңге ақшалай қаражат немесе 100% игерілді.
- ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Инватакси қызмет көрсетуге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17490,0 мың теңге бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3589,0 мың теңгеге көп. Есепті күнге 7844 өтінім қамтамасыз етілді, бөлінген қаражаттың 17490,0 мың теңгесі немесе 100% игерілді.
- ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар қатарынан 20 мүгедек балалар мен психоневрологиялық патологиялары бар 18 жастан асқан адамдар үшін жазғы демалыс ұйымдастыруға 500,0 мың теңге бөлінген, оны а.ж. шілде айында іске асыру жоспарланған. Конкурс қорытындысына сәйкес орындаушы болып белгіленген «Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ 2015 жылғы 13 шілдеден бастап 24 шілдеге дейін мүгедек балалардың жазғы демалысын ұйымдастырған, бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.
- ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен мүгедек балалары үйде оқытылатын 98 отбасын материалдық қамтамасыз етуге 3466,0 мың теңге бөлінген, есепті күнге игерілгені 3466,0 мың теңге немесе бөлінген жылдық сомадан 100%. 2014 жылғы 11 айдың ішінде 88 мүгедек балаға 3948 мың теңге төленді.
01.01.2016 жылға осы төлемдерге кредиторлық берешек 1380,0 мың теңгені құрайды. Кредиторлық берешек алушылар саны ұлғаюына және айлық есептік көрсеткіш өзгеруіне байланысты пайда болды;
- 2015 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарды сатып алуға 25659,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде 25658,8 мың теңге немесе 100% игерілді. Жаялықшалармен 540 адам, нәжіс қабылдағыштармен 94 адам, несеп қабылдағыштармен 46 адам қамтамасыз етілді.
2015 жылғы 1 желтоқсанға барлық мұқтаж адамдарды қажетті гигиеналық құралдар (жаялықшалар) санымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат тапшылығы 15613,5 мың теңгені құрайды.
2015 жылы, қосымша жылына бір адамға бөлінетін гигиеналық құралдар саны көбеюіне байланысты, республикалық бюджет қаражаты есебінен 250281,0 мың теңге бөлінді, 79234,7 мың теңге игерілді, 171000,0 мың теңге мөлшерінде артық бөлінген сома республикалық бюджетке қайтарылды.
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында, 2014 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласында психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын іске асыру жалғастырылды.
«Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы» МКҚК қызметкерлері үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. 2016 жылғы 01 қаңтарға Аумақтық орталығында 93 мүгедек балаға, соның ішінде психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан 29 адамға және 301 жалғыз ілікті қартайған азаматтар мен 1 және 2-топтағы мүгедектерге қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге барлығы жергілікті бюджеттен 48010,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 3467,4 мың теңге бөлінді, ағымдағы күнге жергілікті бюджеттен 48010,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 3467,4 мың теңге игерілді.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес жылдың соңына орындалуы 100% құрады.
«Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы» КММ мен «Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ тұрғылықты баспанасыз қалған адамдарды әлеуметтік бейімдеу бойынша көп жұмыс атқарылады.
Өткен кезеңде Әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығында 71 отбасы, б.а. 186 адам, оның ішінде 71 әйел мен 115 бала бейімделген.
Жыл басынан бері Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығында 256 адам, соның ішінде 48 әйел тұрған, 108 адамның құжаттары қалпына келтірілген, 67 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған, үстіміздегі жылғы қаңтардан бері түнде болу бөлімшесіне 9192 адам, соның ішінде 2162 әйел өтініш еткен.
Орталықтарда азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге жергілікті бюджеттен 67971,8 мың теңге және республикалық бюджеттен 10087,5 мың теңге бөлінді, есепті күнге жергілікті бюджеттен 67971,8 мың теңге және республикалық бюджеттен 10087,5 мың теңге игерілді.
Бюджеттік қаражаттың игерілуі 100% құрады.
Сонымен қатар «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңын іске асыруға үкіметтік емес ұйымдар да қатысқан. «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен «Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі сияқты мүгедектердің үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
2015 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған 20 мүгедекті жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту жоспарлануда, осы мақсаттарға облыстық бюджеттен бөлінген сома 5096,8 мың теңгені құрады.
«Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде үйде 1 және 2-топтағы мүгедектерге, жалғыз басты қартайған азаматтар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылы болжам бойынша 34 адам қызметтермен қамтылады, 2015 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома 3459,8 мың теңгені құрады.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне тең қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мүгедектермен жұмыс істеудің маңызды бағыты болып табылады. Әрбір мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарында мүгедектердің кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасалуы тиіс.
Көшелер мен тротуарларды қайта құру және жөндеу жүргізгенде жүргіншілер жүретін орындарда толық жүріп өту қондырғысы көзделген. Жөнделген көшелерде мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған, мекемелер орналасқан жерлерде дыбыс сигналдары бар бағдаршамдарды, жол белгілер мен сілтегіштерді орнату жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі кезде ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 126 әлеуметтік инфрақұрылым объектісіне түгендеу (паспорттау) жүргізген, олардың қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтары, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелері мен ұйымдары, көліктік қызмет көрсететін ұйымдар (аэропорт, автовокзал, темір жол вокзалы).
Бекітілген Қостанай облысы бойынша мүгедектердің мұқтажына әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеудің өңірлік жоспарымен Қостанай қаласы үшін паспортталған объектілердің жалпы санынан, қол жетімділікпен қамтылған, паспортталған объектілер үлесі 2014 жылы – 18% (23 объект), 2015 жылы – 51% (41 объект), 2016 жылы – 83% (41 объект), 2017 жылы – 100% (21 объект) деп белгіленген.
2015 жылы паспортталған қатарында мемлекеттік органдар, медициналық-әлеуметтік мекемелерінің ғимараттары, мәдениет, спорт, білім объектілерінен мүгедектердің мұқтажына 41 объектіні бейімдеу жоспарланды. Есепті күнге Бейімдеу барысын бақылау жөніндегі облыстық кеңес 42 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін толық қол жетімді деп таныды. Сонымен, 2014ж. объектілерді бейімдеу жоспары 100%, 2015ж. жоспар - 102% орындалды.
2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерге 194618,7 мың теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен-183020,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 11598,7 мың теңге бөлінді, бұл 2014 жылға қарағанда 17977,8 мың теңгеге көп, 2015 жылға қаражат тапшылығы 3000,0 мың теңге, бұл қалалық мәслихаттың 9 мамырға орай төлемдер туралы шешіміне өзгерістер енгізілуіне байланысты. Бұдан бұрын Жеңіс күніне ҰОСҚ мен ҰОСМ 25 АЕК (49550 теңге) көлемінде төлемдер көзделген, бірақ Жеңістің 70 жылдығына байланысты өзгерістер енгізіліп, ҰОСҚ және ҰОСМ 150,0 мың теңге көлемінде төлемдер жасалған.
Есепті күнге Жеңіс күніне төлемдермен 3811 адам қамтылған, төлемдер сомасы 146484,0 мың теңге, соның ЖБ – 55698,5 мың теңге, РБ – 90785,0 мың теңгені құрады. 2014 жылы 4120 адамға төленді, ЖБ – 44225,8 мың теңгені құрады.
Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған 972 адам біржолғы әлеуметтік көмек алған, 38185,0 мың теңге төленді, 2014 жылы 34062,2 мың теңге соманы 979 адам алған, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және ҰОС қатысушыларына теңестірілген басқа да санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек – 100624,1 мың теңге, 2014 жылы 97632,7 мың теңге төленді.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі 100% құрады.
2015 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге жергілікті бюджеттен 22400,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 1007,0 мың теңге жоспарланды, алдын ала деректер бойынша 250 отбасы, онда 750 алушы тағайындауға өтініш етеді, балалар жәрдемақысын төлеуге 13000,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 660,0 мың теңге жоспарланған, алдын ала деректер бойынша тағайындауға 500 отбасы, онда 1000 бала өтініш етеді.
2015 жылдың ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 250 отбасы, онда 838 алушы алған, жергілікті бюджеттен жұмсалған қаражат 23407,0 мың теңге, мемлекеттік балалар жәрдемақысын 522 отбасы алған, онда 1053 бала алған, жергілікті бюджеттен жұмсалған қаражат 13660,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 660,0 мың теңге. 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қаражат қажеттілігі, шекті деңгейі ұлғаюға байланысты, 829,9 мың теңгеге, балалар жәрдемақысын төлеуге 2796,0 мың теңгеге өскен.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысын төлеу бойынша жыл соңына болжамды орындалу 100% құрайды, сонымен қатар, 01.01.2016 жылға атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2122,9 мың теңге кредиторлық берешек және мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша 1799,0 мың теңге кредиторлық берешек пайда болады.
А.ж. 30 шілдеден бастап «Өрлеу» жобасын пилотты режимде енгізуге байланысты, облыстық бюджеттен 1510,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде шартты ақшалай көмек төлеуге 1242,0 мың теңге шартты ақшалай көмек қажет. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері, отбасы мүшелерінің санына көбейтілген, бір отбасы мүшесінің жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің және 60% арасындағы айырма ретінде, айқындалады. Отбасыны белсенді етудің әлеуметтік келісімшарты қолданылу және шартты ақшалай көмек төлену кезіне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады.
А.ж. 1 желтоқсандағы қалпына «Өрлеу» жобасы бойынша төлемдер 13 отбасыға (37 алушыға) 1242,0 мың теңге төленді.
2015 жылға тұрғын үй көмегін төлеуге жоспарлы қажеттілік 81372,7 мың теңгені құрайды, 2015 жылы жергілікті бюджеттен 50790,4 мың теңге, облыстық бюджеттен 30582,3 мың теңге бөлінді.
Өткен кезеңде 4443 отбасы 81372,7 мың теңге сомаға тұрғын үй көмегін алған. 2014 жылмен салыстырғанда нақты қаражат қажеттілігі бұрынғы деңгейде қалды. 2014 жылмен салыстырғанда тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 298 теңгеге көбейді. 2015 жылы 4188 теңге, 2014 жылы 3890 теңге.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес тұрғын үй көмегін төлеуге 2015 жылдың қорытындысы бойынша болжамды орындалуы 100% құрайды, сонымен бірге 01.01.2016 жылға болжамды кредиторлық берешек 10363,1 мың теңгені құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |