Әдістемелік ұсынымдар Астана



жүктеу 371,93 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі371,93 Kb.
#4139

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ

МЕН ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ

_______________________________________
Әдістемелік ұсынымдар

Астана

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ

МЕН ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ

_______________________________________


Әдістемелік ұсынымдар

Астана


2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген
Пікір жазғандар:

А. Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Г. Керімбаева, Астана қ. №1 «Байтерек» балабақшасының меңгерушісі
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс формалары мен заманауи модельдері: әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2013. –26 б.
Әдістемелік құралда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі танымал модельдер қарастырылады, мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.

Аталған жұмыс ата-аналармен жұмыс формасының мазмұнын жаңартуға және баланы тәрбиелеу мен оқытуда мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы тиімді әріптестік механизмін құруға арналған.

Құрал мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қауымға, ЖОО студенттеріне, сондай-ақ, жас ата-аналарға арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013

КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың формалары мен заманауи моделдері» атты әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі танымал моделдер ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.



ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДЫҢ ЗАҢДЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
Әдістемелік құралдың құқықты негізі болып табылады:

  • Бала құқықтары Декларациясы және бала құқықтары туралы Конвенция;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2007 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

  • Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 7 желтоқсандағы № 1118 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылы 28 мамырдағы № 488 [5] қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасының 2011жылғы 30 желтоқсандағы санитарлық ережелері мен нормалары.


Әдістемелік құралдың мақсаты - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында тиімді әріптестік механизмін құру болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру үрдісінде ата-аналармен тиімді әріптестіктің заманауи формаларын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдың міндеттері:



  • Тәрбиешілерге мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмысының заманауи моделдерін ұсыну;

  • Ата-аналармен жұмыстың тиімді формаларымен, педагогикалық тұрғыда балалармен қарым-қатынастың жаңа құралдарымен таныстыру;

  • Балаларына білім беруде ата-аналардың қажеттілігін зерттеу;

  • Біріккен шығармашылық жұмыстарға ата-аналар мен балалар күштерін біріктіру;

  • Педагогикалық үрдіске ата-аналарды жүйелеп тарту;

Педагогтар құзырлығының деңгейін көтеру;

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру жағдайларына тапсырыс беруші ретінде ата-аналарды педагогикалық ағартуды жалғастыру.



Күтілетін нәтиже:

- Кәсіптік құзырлықтың деңгейі, сонымен бірге көрсетілетін жағдайлардың деңгейі де көтеріледі;

- Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының позициясы өзгереді;

- Ата-аналар мектепке дейінгі ұйым қызметіне қатыса алатын болады;

- Педагогтар ғылыми-әдістемелік деңгейде отбасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелерін зерттеп біледі;

- Балаларының алдында ата-ананың, ата-аналар алдында педагогтар беделі көтеріледі.



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;

- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:


Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.

Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.

Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.

Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.

Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.

Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

Ата-аналармен біріккен зерттеулерде қызметтің нақты түрлері жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.

Республикамызда ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың төмендегі түрлері енгізіледі:



  • нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар);

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік (ойындық және имитациялық ойындар, сабақтар);

  • психологиялық – медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер);

  • практикалық дағдыларды жетілдіру (практикалық сабақтар, тәжірибе алмасу, үйірмелер, клубтар).

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:

  • білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;

  • әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;

  • жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.

Ата-аналармен жұмыс формалары:

Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.

Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:

- көрнекі насихаттау;

- оn-line бақылау;

- отбасына қатынау;

- консультациялық пункттер;

- ата-аналар жиналысы;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ата-аналар конференциялары;

- ауызша журналдар;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

- дөңгелек үстелдер;

- клубтар ұйымдастыру;

-біріккен бос уақыттар;

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.



Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.

Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.

Ата-аналармен жұмысты келесі кезеңдерге сүйене отырып, құруға болады:

- Ата-аналармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыру. Олардың қажеттілігі зерттеу мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану.

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.

- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.

Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.

Бүгінгі күні зерттеу – жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар сияқты ата-аналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді шешім қабылдауға тырысады.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі – ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады.

Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.

Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі – әртүрлі конкурстарды – сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Ата-аналармен жұмыста олардың қажеттілігі бойынша жұмыстанатын әртүрлі кафедралары бар «Ата-аналар университеті» сияқты форманы да қолдануға болады:

- «Жас аналар кафедрасы» (Ана болу – менің жаңа мамандығым).

- «Тәлімгерлер кафедрасы» (Әке мен ана–алғашқы және басты ұстаздар).

- «Отбасылық дәстүрлер кафедрасы» (Аталар мен әжелер – отбасылық дәстүрлер қорғаушысы).

«Ата-аналар университетінің» жұмысы өнімді болуы үшін мектепке дейінгі ұйым ата-аналармен қызметін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруына болады: жалпы балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық.

Ата-аналармен жұмыстың маңызды сәті – үй педкеңестері, лекциялар, ауызша журналдар, ашық есік күндері, әкелер, әжелер, аталар клубы, практикумдар және т.б. болуы қажет.

Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат (әрқайсысымен жеке-жеке), ата-аналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде.

Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты – педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет:

- нақты және мазмұнды болуы;

- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру;

- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;

- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.

Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі – отбасына қатынау. Басты мақсат – баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет. Өзіңізге отбасына сапарлар ұйымдастыру бойынша жаднама әзірлеңіз және оны орындауға тырысыңыз.

Ата-аналармен дифференциалдық жұмыстың бір формасы консультациялар болып табылады. Консультациялар сұхбатқа ұқсайды. Айырмашылығы, әңгімелесу – бұл тәрбиеші мен ата-ана диалогы, ал консультация жүргізе және ата-ана сұрағына жауап бере отырып, педагог кәсіптік көмек беруге тырысады.

Ата-анамен жұмыста жеке блокноттарды да қолдануға болады. Мұнда тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді.

Педагогтың ата-анамен жұмыста көрнекілік насихаты да маңызды рөл атқарады. Мақсатқа бағытталған және жүйелі қолданылған көрнекі құралдар балабақшадағы тәрбиелеу әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен ата-аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді. Педагогикалық практикада көрнекіліктің әртүрлі түрлері қолданылады: натуралық, бейнелеушілік, сөздік-бейнелік, ақпараттық.

Ақпараттық насихаттаудың мысалы - ата-аналар бұрышы. Ата-аналар бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі:

- Ақпараттық сипаттағы материалдар (ата-аналарға арналған ереже, күн тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар)

- Балабақша мен отбасында бала тәрбиесі сұрақтарын жариялайтын материалдар.

Онда баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша ағымдағы жұмыс көрінеді. Ата-аналар балаларының бөлмесін немесе бұрышын қалай жабдықтауды көрнекі түрде көре алады, сұрақтарына жауап алып, жақын арада қандай консультациялар болатындығы туралы біле алады.

Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін

Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады.

Балабақшада бейне бақылаулар жүйесін орнату ақпараттық технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі – қазіргі уақыттың шындығы. Баспа жолдарында балалармен өрескел қарым-қатынастар, қызметкерлердің жағымсыз қылықтары жиі жарық көреді және олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық...

Мұндай жағдайда ата-аналар балаларын толық күнге педагогтарға қалдыруға сенімсіздік танытады. Қазақстандабалабақшаларға бейне бақылау камераларын орнатудың инициаторлары білім беру басқармалары болып табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш негізгі мәселе шешіледі:

• Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – балабақшаның ішкі және сыртқы территорияларын бақылауға болады.

• Педагогтармен даулы жағдайларды шешу. Камерада сақталған жазбалар даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді.

• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті. Ата-аналар не үшін ақы төлейтіндігін білуге тиіс!

Ақпараттық параққа ата-аналарға арналған жаднамалар, ата-аналардың өздері көрнекілейтін қабырға газеті де жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала өмірінен қызықты оқиғаларды белгілейді, бала тәрбиесі туралы тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам», «Менің әкем», «Мен үйдемін» және т.б.

Ақпараттық жылжымалы - мұқаба тақырыптық қағида бойынша формаланған: «Біздің балалар ауырмасын», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» және т.б. Мұқаба ата-анаға уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналар жылжымалы-мұқаба мазмұнымен танысады, олармен әңгіме жүргізу, сұрақтарына жауап беру, ұсыныстарын тыңдауы қажет.

Бала тұлғасының дамуы мен тәрбиесінде ата-аналармен жұмыстың тиімділігін қалай анықтауға болады?

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі төмендегілер куәлік етеді:

- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;

- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар;

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;

- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;

- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы, тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың ойлануы;

- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.



ШЕТЕЛДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ

ЗАМАНАУИ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Мәдениеттің әртүрлілігіне және педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамыту жолдарының өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әртүрлі елдердің педагогтары ұқсас мәселелерді шешеді: баланың үйлесімді, психологиялық – физикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған мектепке дейінгі білім мазмұнын, әдістері мен құралдарын анықтау; әртүрлі жастағы балалардың өзара іс-әрекетінің тәжірибесін байыту үшін жағдайлар құру; мәдени-этникалық көптүрлілілік туралы түсінігін кеңейту; дені сау балалармен және ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірлескен тәрбие мен оқыту; отбасы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар қызметін қайта құру. Ағартудың көлемінің кеңдігіне қарамастан кейбір шетелдік моделдерді талқылып көрелік. Мектепке дейінгі білімнің шетелдік тәжірибелеріне шолу жасау оның дамуындағы мемлекеттің рөлі мен статусын анықтауға және салыстыруға мүмкіндік береді. Бірқатар елдердің тәжірибелерін қарастыралық:
Германияның мектепке дейінгі білім беру жүйесі

Заманауи Германия – 16 дербес жерлерден тұратын федеративті мемлекет. Оның әрбір жері оқушыларға оқытудың моделін таңдау мүмкіндігін ұсынатын білім беру жүйесінің формалары бойынша әртүрлі орналасқан.

Германияның білім беру жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Элементарлық білім беру бірінші сатыға және мектепке дейінгі мекемелер сатысына жатады. Көбінесе, олар - балалардың қатысуы үш жыл ішінде ата-аналар еркімен болатын балабақшалар, даярлық сыныптары және кіріспе топтар.

Германиядағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту– бұл Германия білім беру жүйесінің төменгі элементарлық сатысы. Германиядағы мектепке дейінгі білімінің ұзақ дәстүрі бар. Kindergarten көптеген елдер қолданып жүрген немістің әлеуметтік институты болып табылады. Бұл сөз басқа тілдерге де енгізілді, мысалы ағылшын тілінде kindergarten.

Кішкентай балаларға арналған алғашқы мекемелер XIX ғасырдың басында пайда болды. Мұндай мекемелердің басты функциясы өнеркәсіп қызметкерлерінің балаларын ата-анасы жұмыста болған кезінде күні бойы бақылау ғана болатын. Жұмысшылардың бала күтімі бойынша білім беруді енгізуге қызығушылығы аз еді. Буржуазиялық ортада балабақшалар отбасын толықтыру үшін, яғни балаларын мектепке дайындауға арналды.

Германияның заманауи балабақшаларының тәрбие жұмысында бастысы тіл дамыту, баланың жекелігі, әлеуметтік тәрбие мен ойындар болып табылады. Балабақшада балалар, ережеге сай, түске дейін уақыт өткізеді, ал екінші жартысында олар үйде, өз отбасында болады. Сонымен бірге ұзартылған күнмен жұмыс жасайтын балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер де бар. Бүгінгі күні Германияда 3-6 жастағы балалардың 30 % жоғарысы балабақшаларға барады.

30 маусым – дәстүрлі «өзгерісті» күн. Сол уақытта алтыға толған баланың мектепке баруы міндетті. Ата-аналарды балаларын тіркеу мерзімі туралы хабарландырады. Алғашқы оқу күніне дейін олар бастауыш мектептерде жүргізілетін және бірнеше есімдері бар «Vorbereitungsjahr»; «Vorschule»; «Schulnachmittage» даярлық сабақтарына қатыса алады. Бұл сабақтың мақсаты – бес жастағы баланы бірінші сыныпқа дайындау және алдағы уақытта мектеп таңдауына шешуші ықпал ететін бейімділігін анықтау. Сондай-ақ мектеп жасына жеткен, алайда мектепке баруға қабілетсіз балаларға арналған арнайы топтар да болады.

Байқап отырсақ, бұл елде мектепке дейінгі мекемелер желісі әлсіз дамыған. Балабақшалар саны аз, оның өзі 3-5 жас аралығындағы балаларды қамтиды. Біздің өлшемімізбен мектепке дейінгі мекемелер желісі ыңғайлы емес, бұл көбінесе балабақшаның жұмыс кестесіне байланысты. Мысалы, балабақша күніне 7-ден 12 сағатқа дейін жасауы мүмкін. Кейде ата-аналар баласын түскі асқа алып кетіп, кейін қайтадан әкеледі. Егер балабақша сағат 16-ға дейін жұмыс жасаса, онда баланы одан ерте алып кетуге болмайды. Германия білім беруінің көбінесе жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне ұсынылған бұл сатысы міндетті емес, және мемлекет оны қаржыландыруға қатыспайды.

Біздің балабақшалардан айырмашылығы, Германияда балаларды мектепке дайындық жүргізілмейді – балабақшалар Білім министрлігіне бағынбайды және ата-аналарға қаржылық мақсатқа бағытталған сәйкес бағдарламалары болмайды.
Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру

Жапондық өмір бар дәстүрімен, білім жүйесі, оның ішінде мектепке дейінгі білімді қоса, әлемге танымал.

Дәстүр бойынша білім беру саласы ер адамдардың иелігінде болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында меңгеруші әйелдер кездеспейді. Соңғы кездері ер адамдар тәрбиешілік қызметтен де әйелдерді шеттете бастады.

Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып табылмайды. Балалар мұнда ата-анасының қалауымен көбінесе төрт жастан бастап келеді. Кейде ата-анасының қатты бос еместігіне қарай баланы үш жастан да алуы мүмкін. Сондай-ақ, Жапонияда бір жастағы балалар үшін бөбекжайлар да бар. Бірақ отбасынан баланы соншалықты ерте беру ерекше жағдайлардың бірі болатын. Баласын аталған бөбекжайға беру үшін ата-аналар арнайы арыз жазу керек және сәбиін қандай себеппен үш жасқа дейін үйде тәрбиелей алмайтындығын дәлелдеуі қажет.

Жапонияда барлық балабақшалар жеке меншік. Олардың ішінде беделді университеттердің қамқорлығындағы дегдарлы балабақшалар ерекше орын алады. Егер бала мұндай балабақшаға түссе, онда оның болашағының қамтамасыз етілгендігі: жасы жеткеннен соң университеттік мектепке барады, ал одан кейін сынақсыз университетке түседі. Сондықтан беделді университет жанындағы балабақшаға түсу өте қиын. Ата-аналар баласының түсуі үшін орасан көп ақша төлейді, ал бала қабылдануы үшін күрделі тестілеуден өтуі қажет. Дегдарлы балабақшаларда тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынас жеткілікті күрделі. Бірақ, мұндай балабақшалар көп емес. Сол сияқты дегдарлы балабақшаларға ұқсас, еркін тәрбиеге бағытталған, кішкентай балалар үшін қатал әрі күрделі сабақтар жүйесі жоқ балабақшалар да аз.

Балабақшалардың көпшілігінде тәрбиешілердің басты міндеті – балаларды тіл алғыш, елгезек болуға үйрету. Жапондардың үй тәрбиесі балаларға өте жұмсақ, балаларға сирек тыйым салады. Бірақ бөгде адамдарға көшеде, белгілі орындардағы қарым-қатынас бойынша жапондық дәстүр бардық азаматтан, соның ішінде балаларды қоса, ерекше құрметті талап етеді. Сондықтан балабақшада балаларды ортада өзін-өзі ұстау, сөйлеу, танысу мәнерлеріне жиі көңіл бөлінеді.

Оқу жылы Жапонияда 1 сәуірден басталады. Бұл күні балабақшадан университетке дейінгі барлық білім беру орындарында салтанатты ашылу рәсімдері өтеді. Және балабақша директоры кішкентай тәрбиеленушілерді университет ректоры студенттерін қалай қарсы алса, дәл солай қарсы алады. Елдің барлық оқу орындары бірыңғай кестемен жұмыс істейді: оқу жылы үш семестрге бөлінген. Семестр аралығында студенттер, мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері үшін каникулдар болады.

Каникулда балалар бассейнге жүзу үшін (бассейндер барлық балабақшада бар) және өмір туралы тәрбиешімен әңгімелесуге балабақшаға келе алады. Бірақ сабақтар бұл уақытта өткізілмейді.

Жалпы Жапонияда бала денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді: әрбір оқу орнында медициналық қызметкерлер ұжымы жұмыс істейді: – дәрігер, медбике, тіс дәрігері, фармацевт, денсаулық кураторы.

Жапондық тәрбиешілер балаларды өзара іс-әрекетке үйрете отырып, олады кішкентай топтарға (хан) формалайды. Бұл топтардың өздерінің үстелдері, балалардың өздері таңдаған жеке есімдері болады.

Топтар (әр жыныстан 6–8 адам) қабілеттері бойынша емес, олардың қызметін тиімді қылатын жағынан топтайды. Балалар бойына көптеген дағдылар сіңіріледі: сұхбаттасына қалай қарау керек, өзін қалай көрсету және құрбысының пікірімен қалай есептесу, т.б.

Мұндай топтардың құрамы тұрақты емес. Әр жылда топтар жаңадан құрылады. Бала топтарының үнемі ауысуы сәбиді әлеуметтендіру үшін кең мүмкіндік береді. Егер балада нақты топта қарым-қатынас орнықпаса, оның басқа балалар арасында тіл табысуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.

Тәрбиешілерді балалардың оларға тым қатты үйреніп қалмауы үшін ауыстырады. Мұндай жағдайда егер педагог бір себептермен баланы ұнатпай қалса, бұл оқиға балаға өте қиынға соқпайды. Өзге тәрбиешімен балада достық қарым-қатынас орнауы мүмкін, сондықтан бала ересектердің барлығы өзін сүймейді деген ойға қалмайды.

Жапонияда кішкентай балаларды тәрбиелеу адамның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталмайды, бірақ балада адамзат қоғамы туралы түсінік қалыптастырады, ұжымда тиянақты, ешкімге кедергі келтірмей жұмыс істей алатын физикалық және психикалық дені сау адамды тәрбиелейді.

Сол себептен, Жапониядағы мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік емес, Германиядағы сияқты Білім министрлігіне бағынбайды. Мемлекет балалары балабақшаға баратын ата-аналарға қаржылық көмек ұсынбайды.
Австралиядағы мектепке дейінгі білім беру

Тарихи жағынан келгенде, Австралиялық білім беру жүйесі британ үлгісі бойынша құрылған, қазіргі күнге дейін солай жалғасуда. Австралияда балабақшалар өте кішкентай балаларға арналған. Мектепке дейінгі тәрбие ерекше оқыту ұсынбайды, өйткені мұнда балалар мектепке өте ерте барады және балаға өзінің ерекшелігін көрсету үшін оны зиянды деп санайды. Австралиядағы балабақшалардың басым көпшілігі жеке меншік. Балабақшада бір күндік төлем ақысы 20–50 австралиялық доллар(A$). Мемлекет ең көбіаптасына бір балаға ChildCareBenefit –A$ 122, екі балаға - A$ 255, үш балаға - A$ 398 көлемінде жәрдемақы төлейді. Бәріне тиісті ең аз жәрдемақы аптасына – A$ 20.50.

Айта кетерлігі, тәрбиешілердің жақсы дағдылары мен олардың балаларға қарым - қатынасының ерекшелігі: тәрбиешілер ата-аналарға баласының дұрыс тәрбиеленбегенін немесе қолынан ештеңе келмейтінін айтпайды. Олар тәрбиелеу үрдісіне сәйкес ата-аналармен бірге жұмыс жасайды.

Австралиялық мемлекет - халықаралық елдер ішіндегі балалардың мектепке дейінгі білім кезеңінде ата-аналарға көмек беретін жалғыз мемлекет.


Израильдегі мектепке дейінгі білім беру

Өзінің пайда болуының жарты ғасырдан көп мерзімінде Израиль шөлді алқаптан Шығыстың үдемелі дамыған мемлекетіне айналды. Мұның бір себебі – елдің жоғары білім беру деңгейі. Израилдағы білім беру– бұл мемлекет халқы мен репатрианттар ғана емес, шетелдіктер де қолдана алатын жақсы жүйе. Өзінің көптеген экономикалық жетістіктері үшін Израиль еврей қауымында сақталған оқытудың ескі дәстүрлеріне міндетті.

Болашақ карьера үшін база құруда алғашқы қадамды израилдықтар балалықтың ерте жасынан бастайды. Кейбір балаларды мектепке дейінгі білім беру орындарына екі жастан береді, көпшілігі үш-төрт жастан бастап барады. Бес – алты жаста балабақшаға бару барлығына міндетті. Онда оқуға, жазуға, арифметикаға оқытады, балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға тырысады және ойын бағдарламаларын қолдана отырып, компьютерлік сауаттылықпен де таныстырады. Сондықтан бірінші сыныпқа барған сәтте Израилдің жас азаматы оқып та, жазып та, санап та білетін болады. Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдайды.

АҚШ–тағы мектепке дейінгі білім беру

АҚШ-та мектепке дейінгі білім берудің бірыңғай жүйесі жоқ. Ол белгілі бір міндеттерді шешуге арналған қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді әртүрлі бағдарламалар щеңберінде ұйымдастырылады.

АҚШ-та мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған әртүрлі бағдарламалар жеткілікті. Ережеге сәйкес, бұл бағдарламалар балалардағы стресстік факторларды төмендетуге және оларды дамытуға бағытталған. Кейбір бағдарламалар баланың мектепке дейінгі ұйымда толық бір күнге, кейбіреулері жарты күнге болуға арналған. Ата-аналардың өздеріне қажетті уақытты таңдауына мүмкіндік беретін икемді кестесі бар бағдарламалар да кездеседі. Дамуында ерекшеліктері бар үш-төрт жастағы балаларға арналған бағдарламалар да бар. Бұлар – ақылы бағдарламалар. Бірақ олар өзге көмектерден де қаржыландырылуы мүмкін.

Бала күннің бірінші жартысында бір бағдарламамен, ал екінші жартысында өзге бағдарламамен оқуына болады. Әртүрлі бағдарламаларға қатысу мадақталады, өйткені бұл балаларға жан-жақты тәжірибе жинақтауға және жаңа ересектер арқылы танысу ауқымы кеңейеді деп есептеледі.

Бүгінгі күні ерекше мұқтаждығы бар ата-аналармен және мектепте оқуда үлгермеушілігі бар балалармен өзара іс-әрекеттерді ұйымдастыру міндеттері өзекті болып отыр. Мұндай балалардың ата-аналары педагогпен бірге бала дамуының жеке жоспарларын әзірлеуге қатысады және оны бағалап бекітеді.

Америкалық зерттеушілер отбасы мен балабақшаның өзара іс-әрекетінің алты түрін атап көрсеткен:

1. Балабақша ата-аналарға үйде бала дамуы үшін жағдайлар жасауына көмектеседі, сәбимен қарым-қатынас дағдысына оқытады, дұрыс тамақтану және қоғамдық қызметтерге байланысты ақпараттар береді.

2. Балабақша ата-аналарға бала дамуы туралы ақпарат ұсынады. Ата-аналар мен педагогтар кездесуі ұйымдастырылады, пошталық хабарламалар қолданады және балабақша сайты жұмыс істейді.

3. Ата-аналар балабақша жұмысына, сыныптан тыс сабақтарға тартылады. Олар балаларды тоқуға, сурет салуға үйретеді, оқып береді, сабақтарды ұйымдастыруға көмектеседі және өзге де іс-шараларға қатысады.

4. Балабақшада ата-аналар балалармен сабақтың оқу жоспары туралы және осы жоспарды үйде жүзеге асыру мүмкіндіктері туралыақпарат алады. Бұл жағдайда балабақша ата-аналарды қажетті оқыту материалдарымен қамтамасыз етеді.

5. Ата-аналар балабақшаны басқаруға тартылады. Бұл жағдайда бюджетті жоспарлайтын және балабақша қызметкерлерін жалдау саясатын анықтайтын қамқоршылық кеңес құрылуы мүмкін.

6. Балабақша мен ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін оқыту бағдарламаларын қолдайтын және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық ұйымдармен тығыз қызмет етеді.

Сол себептен, АҚШ – тағы мектепке дейінгі білім беру балабақшалар функциясының сапалылығын қамтамасыз етуде ата-аналар мен мемлекеттің күшін интеграциялау бойынша озық тәжірибені демонстрациялайды. Бұл тәжірибені Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де бейімдеуге болады.
Еуропалық елдер тәжірибесі

Еуропаның кейбір елдерінде мектепке дейінгі білім беруді қолдаумен шіркеу айналысуы мүмкін. Францияда католикалық шіркеуге жататын ақылы мектепке дейінгі ұйымдар бар. Мұндай мектепке дейінгі мекемелерге балалардың 10 % жуығы барады.

Европалық елдер қатарында мектепке дейінгі білім беру кезеңіне дамуында мәселелері бар балаларды қалыпты дамудағы құрбылары арасында интеграциялау сұрақтарына ерекше көңіл бөлінеді. Олар мектепке дейінгі білім беру орындарына бірге барады. Балалықтың ерте жасынан жағымды сау ортаға түскен дамуында мәселелері бар балалар оңай әлеуметтенеді. Ал олардың қалыпты дамудағы құрдастары бала кезден толерантты болуға, дамуында ерекшелігі бар адамдарды қабылдауға және бағалауға үйренеді.

Кипрдегі мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі білім беру (балабақшаға бару) міндетті емес және 3-тен 5 жас 8 айға дейінгі балаларға білім беру жағдайларын ұсынады. Бұл білім беру балабақшалар (nipiagogeia) мен бастауыш мектепті (dimotikascholeia) қамтитын Негізгі Білім берудің бөлігі болып табылады.

Мектепке дейінгі білімді мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар және бастауыш мектептің жұмысын реттейтін заңнамалық актілер реттейді. Мемлекет ұсынған мектепке дейінгі білім балабақшадағы тәрбиешілердің еңбек ақысын қамтиды. Мемлекет сонымен бірге оқулықтардың және басқа да қажетті оқу материалдарының шығынын төлейді. Басқа шығындарды ата-аналар төлейді.

Бүгінгі күні Кипрдегі балабақшалардыүш топқа бөледі:

• мемлекеттік

• қауымдық

• жеке меншік

Мұндай балабақшаларда бір (monothesia) немесе бірнеше педагогтар (polythesia) жұмыс жасауы мүмкін.

Мемлекеттік балабақшалар Ата-аналар ассоциациясы және жергілікті әкімдіктермен бірге Білім мен мәдениет министрлігінен негізделеді. Білім мен мәдениет министрлігі бұл балабақшаларға мұғалімдерді тағайындайды және барлық қажетті құралдарды ұсынады. Ал Ата-аналар ассоциациясы және жергілікті әкімдіктер ғимараттың құрылысына және негізгі құралдарға жауапты. Жұмысқа сонымен бірге жинақтаушылар немесе мұғалімнің көмекшісі ретінде қызмет ететін жоғары мектептердің түлектері де қабылданады. Бұл қызметкерлердің еңбек ақысын Ата-аналар ассоциациясы төлейді.
Финляндиядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесі

Финляндияда ауру мен сау балалар, ұлттары мен әлеуметтік шығуы әртүрлі балалар тәрбиеленетін интегрициялық тәрбие идеясы үлкен танымалдықпен қолданылады. Бірақ арнайы мектепке дейінгі мекемелер де бар. Олардың бірі дамуында физикалық, психикалық, когнитивті және әлеуметтік кемшілігі бар балаларға (бұл балабақшада 8 бала және 4 тәрбиеші болуы мүмкін) арналған. Басқалары жетекші «профиль» алады. Онда, мысалы, өнерге, шетел тілдеріне және футболға да өте көп уақыт бөлуі мүмкін.

«Кішкентай балаларға күндізгі күтімнің» басты міндеті (Финляндияда дәл осындай формамен мектепке дейінгі тәрбие туралы заң қабылданған болатын) бала тәрбиесінде ата-ананың қолдауы болып табылады. Ал балабақшаға қойылатын талап - сенімді, жағымды қарым-қатынас және оқытудың жан-жақты даму ортасын орнату.

Финляндияда балалармен шұғылданатын, ойнайтын, серуендейтін, бірақ тамақтандырмайтын төрт сағаттық топтар болады. Толық күнге арналған балабақшалар да бар. Балаларды түнге қалдыруға болатын балабақшалар да кездеседі, бірақ олар аз, өйткені мұндай балабақшалар ата-анасы іссапарға кеткен немесе түнгі кезекте жұмыс істеген жағдайларға арналған.

Мектепке дейінгі тәрбиемен балаларды қамтуды ауқымды деуге болмайды. Балалардың шамамен 60% үш жастан бастап мектепке дейін мектепке дейінгі мекемелерге барады. Алайда Финляндияда барлық алты жастағы балалар балабақшаның даярлық тобына немесе мектептің дайындық сыныбына баруға құқығы бар екендігі бойынша заң қабылданған.

Әрбір топта жасына байланысты 12 - ден 21 – дейін бала болуы мүмкін. Үш жастан кіші әрбір бала екі баланың орнын «алады», себебі екі есе көңілді талап етеді деп есептелінеді.

Егер балалар үш жасқа жетпесе, онда олармен бір немесе екі тәрбиеші және үш күтуші жұмыс істейді. Егер барлық бала төрт жастан жоғары болса, онда топта екі тәрбиеші және бір көмекші болғаны жөн. Егер топ күніне 5 сағаттан аз жұмыс істесе, онда бір тәрбиеші мен бір күтуші болуы керек. Ауырып қалған тәрбиешілерді күтуші немесе арнайы шақырылған штаттан тыс тәрбиеші ауыстырады. дәрігер, медбике, музыкалық қызметкер, логопед лауазымдары жоқ. Тек қана тіс дәрігерінің қарауы болып тұрады.

Балабақша таңғы 6.30 не 7.00 –ден 17.00 не 18.00 –ге дейін ашық; балалардың ерте келуі мен кейін қалуы ұжым мүшелері арасында келісіледі (әрқайсысына жылына бір рет келеді). Барлық ересектер үш ауысыммен жұмыс істейді, кезекпен өз топтарына 7.30, 8.00 немесе 10.00 келеді. Бұл кесте күннің жауапты бөлігінде барлық ересектердің бір мезгілде топта болуына мүмкіндік береді. Тәрбиешінің жұмыс уақыты жеті сағат, ал тәрбиешінің көмекшісі - сегіз сағатқа тең (ол ортаңғы ауысымға келеді).

Әрбір балабақшаның ішкі саясаты тәрбиеленушілердің ата-аналарымен келісіледі. Финляндияда бала тәрбиесіне ата-аналар ғана жауап береді (олардың құқығы мен міндеттері заңмен бекітілген). Бала-ата-аналар жобасына ата-аналардың қатысуы марапатталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шет елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыс түрлері мен модельдеріне жасаған мониторинг және сараптаманы қорытындылай келе, баланы бірлесіп тәрбиелеуде ата-ананың қатысуы әр елде әртүрлі екеніне көз жеткіздік. Ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеуде АҚШ және Финляндияның мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысы жаман емес. Көп елдерде ата-ананың мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына және бірлескен қызметті жоспарлауда айқын емес. Бұл ата-ана және мектепке дейінгі ұйым немесе ата-ана мен мемлекет арасындағы экономикалық мәселенің шешілуі, немесе мекемеде баланың болу ұзақтығының шешімі болуы мүмкін. Ұлттық өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы). Біздің жасаған қорытындымыз бойынша, қазақстандық балалардың ата-аналары мен еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді.

Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.

Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар модельдерін қысқаша талдау әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады. Сонымен қатар, жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін шетелдік тәжірибе тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. ҚР «Білім туралы»Заңы (27 шілде 2007 жыл)

  2. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 20.08.2013

  3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен

жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ басқару» журналына қосымша).

4. Зверева О.Л. МДҰ ата-аналар жиналысы: әдістемелік құрал /О.Л. Зверева, Т.В. Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту)

5. Балабақша және отбасы/ Т.А. Маркова, М.В. Загик, В.М. Иванова және т.б. 1981 ж.

6. Агавелян М.Г., Данилова Е.Ю., Чечулина О.Г. МДҰ педагогтардың ата-аналармен өзара қарым - қатынасы - М.: ТЦ Сфера, 2009.

7. Скоролупова О.А. МДҰ тәрбие - білім беру үрдісін тақырыптық жоспарлау. I бөлім – М.: ООО «Скрипторий 2003» баспасы, 2008.

8. Скоролупова О.А. МДҰ тәрбие - білім беру үрдісін тақырыптық жоспарлау. II бөлім – М.: ООО Издательство «Скрипторий 2003», 2008.

9. Отбасы мен балабақша жағдайында балаларды ерте жастан тәрбиелеу. Мақала мен құжаттар жинағы / Т.И. Оверчук ред. Құрастырғандар: Р.А. Горб, И.М. Исаченкова. – СПб.: «БАЛАЛЫҚ-ПРЕСС», 2004.

10. Доронова, Т.Н. Мектепке дейінгі мекеме және отбасы – бірыңғай дамыту кеңістігі: мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулық / Т.Н. Доронова, Е.В. Соловьева, А.Е. Жичкина, С.И. Мусиенко. – М.: ЛИНКА – ПРЕСС, 2001

11. Козлова, С.А. Мектепке дейінгі педагогика / С.А. Козлова, Т.А. Куликова.- 3- шығарылым., өзгерткен және толықтырған – М.: «Академия» баспа орталығы, 2001.

12. Макаренко А.С. Ата-аналарға арналған кітап / А.С. Макаренко. – М.: Просвещение, 1968.

13. Маркова, Т.А. Мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасындағы тәрбиесі / Т.А. Маркова. -М.1979.

14. Мухина, В. Жас ерекшелік психологиясы/ В. Мухина. – М.: 1998.

15. Новиков, Н.И. Из трактата «О воспитании и наставлении детей» // Ақылмен және жүрекпен / Н.И. Новиков. – М.: 1989.

16. Оклендер, В. Окна в мир ребенка / В. Оклендер.-М.: 1997.

17. Скинер, Р. Семья и как в ней уцелеть / Р. Скинер, Д. Клиз. – М.: 1995.

18. Спок, Б. Разговор с матерью: Тәрбие туралы кітап. Ағылшын тілінен аударған / Б. Спок. – М.: Политиздат. 1991.


МАЗМҰНЫ


Кіріспе...................................................................................................... 3

Әдістемелік құралдың заңды–құқықты қамтамасыз етілуі ............... 5


МДҰ білім беру үрдісінде ата-аналармен жұмыстың

ұйымдастырушы-педагогикалық жағдайлары ..................................... 6

Шет елдегі мектепке дейінгі білімді дамытудың заманауи

модельдері мен негізгі тенденциялары................................................. 15

Қорытынды.............................................................................................. 24




Пайдаланылған әдебиеттер ................................................... 25



жүктеу 371,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау