Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет17/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46

41
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Кірістірме  6:  Тұрмысы  төмен  отбасыларға  арналған  әлеуметтік  көмекке  қол
жеткізудегі бюрократиялық мәселелер
Тұрмысы төмен  отбасыларға  арналған  атаулы  әлеуметтік  көмек  алу туралы  өтініш  беру  үшін 
төмендегі мекемелердің біріне толық құжаттар топтамасын тапсыру үшін азаматтар өз атынан 
немесе отбасы атынан тапсыруға жауапты:
•  облыстық  немесе  қалалық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасы; 
немесе
•  халыққа  қызмет  көрсету  орталығы;  немесе  ауылдық  жерлерде  аталғандардың  ешқайсысы 
болмаса, онда: 
• ауыл, ауылдық округ, аудан орталығы әкімі немесе бар болса, жылжымалы әлеуметтік орталық.
Жоғарыда  аталған  мекемелерге  барып,  өтініш  тапсыру  міндеті  өтініш  берушіге  немесе  оның 
өкіліне жүктеледі. Мекемелердің ешқайсысы немесе ондағы адамдар берілетін көмек түрлері 
жалпы хабар таратудан басқа ешбір арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізе алмайды.
Құжаттарды  қабылдаған  соң,  аудандық  комиссия  өтініш  берушінің  (отбасының)  қаржылық 
жағдайын  тексереді,  осы  туралы  анықтама  дайындайды  және  балалар  жәрдемақысын 
тағайындау  және  төлеу  үшін  жауапты  өкілетті  органға  немесе  ауыл,  ауылдық  округ,  аудан 
орталығы әкіміне отбасының жағдайы туралы қорытынды ұйғарым береді. Аудандық комиссия 
әлеуметтік көмек алуға және қорытынды ұйғарым беруге жүгінген адамдардың  (отбасылардың) 
қаржылық жағдайын тексеру үшін сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен 
құрылған арнайы комиссия болып табылады. 
Барлық бірдей аумақтарды қамту мүмкін болмаған 
күнде  де  жергілікті  дәрежеде  әлеуметтік  көмек 
үшін  жауапты  орган  әлеуметтік  көмек  және 
әлеуметтік  қызметтер  туралы  барлық  қажетті 
қолда  бар  ақпаратты  сұратылған  бойда  бере 
алуы  тиіс.  Төменде  келтірілген  пікірлер  көрсетіп 
тұрғандай,  жергілікті  сапалық  мәлімет  жинау 
жұмыстары  іс  жүзінде  әрдайым  осылай  бола 
бермегенін анықтады.
«Әкімдік  көмектеседі,  Әкімдіктен  сұрау  ке-
рек  деп  жатады.  Бірақ,  сұрасаң,  ештеңе  жоқ 
деп жауап береді» (әйел, 31 жаста, үй шаруа-
сындағы әйел, 13.05.2017).
«Жоқ, естіген жоқпын (АӘК және МБЖ тура-
лы).  Мен  әлеуметтік  қорғау  департаментіне 
барғанда, ондағылар ештеңе айтқан жоқ» (43, 
әйел, жұмыссыз 30.05.17).
2.    АӘК және МБЖ бар екені туралы хабар қарқын-
ды таратылмаған.
Әлеуметтік  көмекті  тиісті  алушыға  жеткізуді 
қамтамасыз  ету  -  түгелдей  өтініш  берушінің 
мойынында,  қалай  болғанда  да  заң  тұрғысынан 
осылай, яғни, өтініш беруші көмек алу үшін тиісті 
мекемеге жазбаша өтініш беруі тиіс (Бокс 6). Бұл 
жағдайды қазір көмек алып жатқандардың кейбірі 
баяндап  берді,  сонымен  қоса,  олар  жергілікті 
әкімшіліктен  қандай  жәрдемақылар  бар  екенін 
сұрау кезінде қобалжитынын да жеткізді.
«Жергілікті әкімшілікте жұмыс істейтіндер 
өздері  келмейді,  тұрмысы  нашар  адамдарға 
жәрдемақылар бар екенін айтпайды. Өзің бар-
саң, айтуы мүмкін, бірақ, мен өзім бармас едім. 
Көршілерім  әлеуметтік  көмек  жәрдемақы 
беретінін айтқан соң ғана бардым» (әйел, 42 
жаста, тазалаушы, 13.05.2017).
«Ақпараттық хабарландыру жоқ. Хабарлан-
дыру  жасалмайды.  Жәрдемақы  туралы  туы-
старымыз немесе көршілеріміз арқылы өзіміз 
біліп аламыз. Әкімдікке барсақ, қызметкерлері 
жәрдемақы жоқ деуі мүмкін, ал мен мұны жоққа 
шығара алмаймын немесе қайтадан сұрай ал-
маймын,  бәлкім,  бірдеңені  дұрыс  түсінбейтін 
шығармын?» (әйел, 42 жаста, 12.05.2017).


42
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Өтініш неге қабылданбады?
АӘК беру
туралы өтінішті
қабылдамау
(%)
МБЖ беру ту-
ралы өтінішті
қабылдамау
(%)
Барлық қа-
былданбаған
өтініштер (%)
Маған әлеуметтік көмек алуға құқығым 
жоқ деді 
70
74
73
Басқа (ескертпені қараңыз)
12
9
11
Құжаттар дұрыс тапсырылмаған
10
8
9
Өтініш үлгісі дұрыс толтырылмаған 
2
6
4
Маған және отбасыма қатысты бір мәселе 
үшін әдейі берген жоқ 
4
2
3
Ақша/сыйлық/сыйақы талап етті 
2
1
1
Барлығы 
n=83
n=120
n=203
Безбенделген мәні
N= 933
N=1679
N=2612
Кесте 12. Әлеуметтік көмек беру туралы өтініштерді қабылдамау себептері.
Ескерпте:  АӘК туралы басқа жауаптарда ешбір себеп көрсетілмеген немесе осы тұста «үйде ешкім бол-
маған». МБЖ туралы басқа жауаптар балалардың жасына не санына қатысты болды, себебі, респондент әлі 
жауап күтіп жүрді немесе бір жағдайда «[олар] менің өтінішіме бейжай қарады».
Барлық 
аймақтарда 
жүргізілген 
сапалық 
сұхбаттарға  сәйкес  әлеуметтік  көмек  туралы 
мәлімет  беретін  негізгі  ақпараттық  арна  – 
көршілер,  туыстар,  дос-жарандар  және  ең  соңғы 
орында – жергілікті әкімшіілк. Көмек алушылардың 
басым көпшілігі үшін ақпарат көзі - қазіргі көмек 
алушылардың өздері.
2.2 Көмек алу құқығы (табыс деңгейі)
туралы ақпараттың жетіспеушілігі
Әлеуметтік  көмек  туралы  жеткілікті  білмеу 
туралы  тарауда  айтылғандай,  сапалық  та, 
сандық  та  мәліметтер  әлеуметтік  төлемдер  алу 
құқығына  қатысты  кең  таралған  түсінбестікке 
нұсқайды,  атап  айтқанда,  үй  шаруашылығының 
табысы көмек алу құқығына анықтау үшін қалай 
есептелетіні  онша  түсінікті  емес.  Әлеуметтік 
көмек алуға жүгінген сауалнама респонденттері 
арасында  өтініші  қабылданбаудың  бірінші 
себебі  (барлық  қабылданғабан  өтініштердің 
үштен  екісінен  астам  бөлігі  үшін)  әлеуметтік 
көмек  алуға  құқығының  болмауы  екен  (Кесте 
12).  Бұл  ретте,  өтініш  беріп  жатқанда  өтініш 
берушілер өздерін көмек алуға құқылы санаған 
деп есептеледі.
Әлеуметтік  көмек  алуға  құқылы  болмауға 
байланысты 
қабылданбаған 
өтініштердің 
негіздемесі  нақты  қандай  болғаны  туралы 
сұрағанда  респонденттер  табыс  көлеміне 
қатысты 
талапты 
барлық 
қабылданбаған 
өтініштердің 93%-ның себебі деп көрсетті (Кесте 
13).  Бұл  деректі  2015  жылғы  АӘК  бойынша 
әкішілік  мәліметтер  де  растайды,  онда  ресми 
өтініш  берген  жаңа  өтініш  берушілердің  83%-
ның  табыс  көлемі  белгіленген  шектен  жоғары 
болғандықтан, өтініштері қанағаттандырылмаған 
делінген (Карраро Л. және т.б. 2017).


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау