36
Қазақ
станда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
Сурет 3. Атаулы әлеуметтік көмек алуға шын мәнінде құқылы адамдар және өздерін
құқылы
деп санайтын адамдар
Сурет 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға шын мәнінде құқылы адамдар және
өздерін құқылы деп санайтын адамдар
ресми үлесі арасындағы сәйкессіздікті сапалық
мәліметтер негізінде түсіндіретін бірнеше
себеп бар. Біріншісі - үй шаруашылығының
табысына ресми түрде не кіретініне қатысты
ақпараттың жоқтығы. Әлеуметтік көмекке өтініш
беруі ықтимал адамдар көбінесе мұны алдын-
ала білмейді және жалақсының ғана көлемін
ескеріп, өздерін әлеуметтік көмек алуға құқылы
деп қателеседі (табыс көлеміне қарай әлеуметтік
көмек алу құқығы туралы тарауды қараңыз).
Жалпы сауланамаға және сапалық сұхбаттарға
қатысқан респонденттер өтініш беру тәртібінің
түрлі тұстары туралы ақпарат жоқ екенін немесе
жалған мәлімет берілгені туралы жиі айтады.
Екіншісі – табыс көлемін есептеудің қиындығы,
әрі осындай жағдайда ешкім, әсіресе, сауалнама
жүргізу барысында, респонденттердің өз табысын
белгіленген шектерге қарай нақты есептей алуын
күте алмайды. Олардың жауаптары өздерінің
кедейшілікке қатысты субъективтік пікіріне
қатысты сияқты – олар өздерін нағыз кедей
деп санайды. Демек, Қазақстандағы тұрмысы
төмен отбасыларға арналған атаулы көмек алу
үшін белгіленген шекті табыс көлеміне қатысты
талап жағдайы мүшкіл айтарлықтай көп үй
шаруашылықтарын көмексіз қалдырады.
0,4%
3,8%
2,5%
1,0%
0,6%
3,7%
3,8%
5,6%
3,2%
4,4%
3,1%
0,7%
37
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
1.2 Ұсынымдар
Әлеуметтік көмек туралы жалпы
хабардарлықты арттыру
Халықтың орналасу тығыздығы жоғары екенін
ескерсек, Астанада зерттелген респонденттер
Қызылорда немесе Маңғыстау облыстарындағы
респонденттерге қарағанда АӘК және МБЖ
туралы көбірек естігені таңқалдырмауы мүмкін.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасындағы
қызметкерлер
аталған
аймақтарда хабардарлықты арттыру шаралары
туралы толығырақ ақпарат береді:
«Конгресс-холлда «Белсенді азамат» атты
түсіндіру кездесуі өтті, біз ондай кездесулерге
үш рет бардық, мемлекеттік көмек, жәрдемақы
тағайындау шарттары туралы айттық. Біз
алдымен флайерлер тараттық, артынан БАҚ
құралдарын тарттық, мектептерде ата-
аналардың алдында сөйледік. Біз қала шетінде, алыс
жерлерде тұратын адамдарды ғана қамтимыз»
(Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы, 19.05.2017).
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында
да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Төменде
көрсетілгендей, мұнда шалғай жатқан ауылдық
жерлерге қарағанда халық тығыз орналасқан
аудандарда хабардарлықты арттыруға басты
көңіл бөлінеді:
«Біз барлығына хабарландырулар арқылы
ескертеміз, оларды адамдар көп жүретін
жерлерге ілеміз. Егер табысы төмен адамдар
жергілікті әкімшіл3кке келсе, біз бірден олардың
табысын анықтап, шамалап есептеп, жәрдемақы
ала алатынын немесе алмайтынын айтамыз»
(Жергілікті әкімшілік маманы, әйел адам,
11.05.2017).
Бұл Маңғыстау облысындағы табысы төмен
үй шаруашылықтарының АӘК және МБЖ туралы
естімей қалуын түсіндіре алатын сияқты, себебі,
олар көбінесе алыс ауылдық жерлерде тұрады.
Бірақ, халқы соншалық көп емес Қазақстан сияқты
елде хабардарлықты арттыру кездесулерін елді
мекендерде шоғырландыру қисынды.
Осы
зерттеу
әлеуметтік
көмектен
хабардарлықты арттырудың ғана емес, сондай-
ақ, хабардарлықты арттыру шеңберінде табыс
деңгейі және әлеуметтік көмек алу құқығы
туралы ақпарат берудің маңыздылығына назар
аударады, сонда адамдар өздері құқылы болуы
мүмкін жәрдемақыларды ала алатынын жақсырақ
түсінетін болады.
Жергілікті билік органдары және қызмет
көрсетушілер арқылы нақты топтар арасында
хабардарлықты
арттыру
Жалпы хабардарлықты арттырумен қоса,
нақтырақ айқындалған топтарды қамту және
ақпарат тарату өте маңызды. Маңғыстау
облысындағы Әлеуметтік көмек департаментінің
қызметкері тек әлеуметтік қызметтер ғана
емес, денсаулық сақтау, білім беру және
полиция қызметтері де әлеуметтік көмекке
мұқтаж адамдарды ақпараттандыруға және
мәлімет беруге белсенді атсалысуы керек дейді:
«Жағдайды жақсырақ түсіну керек. Дәрігерлер,
мұғалімдер, аудандық инспекторлар отбасыларға
хабарлауы керек, өйткені, олар халықты жақсы
таниды». Демек, осы мамандар арасында
әлеуметтік көмек бағдарламалары, оларды алу
құқығы және өтініш беру тәртібі саласында
дайындау және хабардарлығын арттыру керек
деген сөз. Хабардарлықты арттыру шараларының
нысанын нақтырақ айқындау, мысалы, ке-
дейшілік пен ұрымталдық деңгейі жоғары деп
танылған аудандарда жүргізу халқы тығыз қала
орталықтарынан тыс хабардарлықты арттырудың
үнемді жолы бола алады.
Халықаралық тәжірибе
Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, қажет болған
кезде өтініш беру тиісінше хабардар етілмеген
немесе байланысқа шығу қиын адамдарды қамти
алмайды деген қауіп бар (Кастаньеда T. және
Линдерт K. 2005). Мысалы, кедей тұрғындар өтініш
беру тәртібі туралы және әлеуметтік көмкек
бағдарламаларына қатыса алатыны туралы білмеуі
мүмкін.
Шығыс Еуропада және Орталық Азияда енгізілген
мұқтаждықты тексеру бағдарламаларынан алған
негізгі сабақтарды бірі – бағдарламаны жүзеге
асыру барысында ақпаратты тиімді тарату
қажеттілігі (Теслюк E. Және т.б. 2014). Осы аймақтағы
көп
елдерде
адамдардың
хабардарлығын
арттыру және бағдарлама ережелері мен
процедуралары туралы ақпарат беру үшін
қарқынды
ақпараттандыру
бағдарламаның
бастапқы сатысында жүргізілген. Ал бағдарлама
басталған соң, мұндай шаралар саябырлаған.
Жалпы ауық-ауық ақпараттандыру науқандары
болмаған, әлеуметтік қызметкерлер де ықтимал