ДӘРІС №22
IP - АДРЕС. ЖЕЛІМЕН ЖҰМЫС
Жоспар
1. Электрондық почта ұғымы
2. Желімен жұмыс істеу жолдары
1. Электрондық почта ұғымы
Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Электрондық почта (Electronic mail, ағылш. mail — почта, қысқаша e-mail). Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның балама түрі болып есептеледі. Ақпаратты өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез-келген ортаны дайын болған әртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады. Электрондық почтаны пайдалану кезінде компьютерде әртүрлі арнаулы бағдарламалар қолданылады және олардың қажеттігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай бағдарламалар мынадай жұмыстарды атқарады:
Алынған хабарды талдау және жаңа хабарлар дайындау;
Байланыс торабымен жылдам хабар алмасу.
Бірінші бағдарламаның жұмысы байланыс желісіндегі компьютердегі мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеген сияқты болады.
Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық бағдарлама көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуы тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын қайталап оқып шығып, керек еместерін «қоржынға» тастап, керектілеріне жауап жазып, кейбіреуін қайта архивке салып қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе хатқа келген жауапты «почта жәшігіне» салып, керекті адреске жөнелтеміз.
Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы бағдарлама арқылы жүргізеді. Ол бағдарлама хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез-келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде бағдарлама дайын хаттарды жөнелтіп, кез-келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріміздің ішіндегі өз «почта жәшігіміздегі» бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен хат-хабарлар ғана «жәшікте» қалады. Дербес компьютерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келіп түскен барлық хат-хабарлар бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьютердегі өз иелерінің почта «жәшіктеріне» сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге тиіс хат-хабарлары керекті адрестеріне жіберіледі. Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам почта администраторы болып тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс көрсетілмеген, бірақ сол компьютерге бағтталған хабар осы администраторға табыс етіледі.
Электрондық почтаны қолдану кезінде әрбір абонентке бірегей почталық адрес меншіктеледі, ол келесі түрде жазылады:
<қолданушы аты> @ < почталық сервер аты>.
Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth — қолдану аты, space.com — компьютер аты, @ — бөлгіш белгісі "коммерциялық эт символы".
Электрондық почтаны қолданушылар желілік этикет ережелерін сақтауға талпынады, ал сезімдерін білдіру үшін адамның бет әлпетінің сызбалық бейнесін қолданады, оларды смайликтер деп атайды (ағылш. smiley, "күлімдеу"), олардың кейбіреуі төменде келтірілген:
Смайликтер
|
:-) күлімдеу (улыбка)
:-))) қарқылдау (хохот)
:-~) тұмау (насморк)
:*) маскүнем (пьяница)
:-{) мұртты (усатый)
:-[ вампир
-:-) панк
|
:-Q шылым шегу (курит)
:-@ айқайлау (кричит)
:-( қамығу (грусть)
:'-( жылайды (плачет)
;-) айлакер (хитрец)
>:-( ашулану (злится)
: 0 есінеу (зевает)
|
:-)~ сілекей (пускает слюнки)
8:-) кішкене қыз (маленькая девочка)
:-* ащы жеу (съел горькое)
:'-) қуаныштан жылау (плачет от счастья)
:-& үдемеуге серт беру (поклялся молчать)
O-) аквалангист
=8-) көзәйнек кию (носит очки)
|
Ұялы және пейджингті байланысы бар кейбір фирмалар компьютерсіз-ақ, электронды хатты операторлар арқлы жібере алады. Кейінгі жаңа құрулар бойынша хатты ұялы телефонмен жіберуге, қабылдауға мүмкіндік бар.
Кей кезде электронды почтамен келген хатты оқи алмайтын жағдай болады. Хаттың оқылмау құпиясының себебі кодтауда. Кодтау – компьютердегі тексті танитын арнайы тілде жазылған бағдарлама. Кодтаудың бірнешеуі болуы мүмкін. Почта бағдарламасындағы сіздің кодтауыңыз адресаттағы кодтаумен сәйкес келмеуі мүмкін. Немесе керісінше де болады. Ол үшін хатқа кері кодтау жасау керек, кейбір уақытта бұл да нәтиже бермейді. Бұндай жағдайда: http:/www. Design/ru/free/Decoder почта декордер сілтемесін пайдалансаңыз сіздің көптеген мәселелеріңіз шешіледі. Оқылмаған тексті көшіріп, оны оң жақтағы терезеге апарып, Decoder кнопкасын басамыз. Сонда экранның бетінде текстің оқылған түрі шығады.
Ескерту: Декодер тек қана орыс әріптерімен терілген хатты оқиды.
Электронды почтамен хат алмасатындардың тағы да бір жиі кезіктіретін мәселесі кириллицаны түсінбеуі. Сіздің адресат шет елде тұрса, оның компьютері кириллицаны түсінбейді, ондай жағдайда хатты тек латын әріптерімен жазу қажет. Бұл барлық жағдайда қолайлы. Егер сізге орысша сөзді латынша аударып жазу ұнамаса, онда арнайы бағдарламаны қолданыңыз. Оның адресі:
http:/ww.kiev.com//pooh/win/lib/cifirica/online/cifirica.cgi
Бұл бағдарлама сондай-ақ, ағылшынша жазылған қиын емес қысқа фразаларды да аударады.
Сонымен барлығын қортындылай келе мынадай кеңес береміз. Бұны қиып алып, компьютер алдына іліп қоюыңызға болады:
www. мail. R почта сайтына кіріңіз.
«Регистрация» немесе «Получите свой бесплатный адрес на (название сайта)», немес «Sign MeUp» сілтемесін таңдаңыз.
Анкета толтырыңыз.
Жүйеден бекіту алыңыз.
ЭП қолдана беруіңізге болады.
2. Желімен жұмыс істеу жолдары
Желі ресурсын мен тасымалдануға қажетті ақпаратты дайындау.
«Мой документы» бумасын ашыңыз.
Өз тобыңыздың атымен бума құрыңыз.
MS Word бағдарламасын іске қосыңыз
MS Word бағдарламасында – әртүрлі графикалық объектілерді қолданып құттықтау жазыңыз.
Бұл құжатты «Құттықтау» деген атпен сақтап қойыңыз
Желілік ресурстармен жұмыс: дайындау және тасымалдау.
«Сетевое окружение» шартбелгісін ащыңыз.
Жұмыс тобының компьютерлерін көрсетіңіз.
Көрші жұмыс компьютерінің ресурсын ашыңыз (мысалы 54-10 үшін 54-9 компьютерін)
Жаңа құрылған буманы ашыңыз және «құттықтау» құжатын оқыңыз. Құжатты оқып болған соң оны міндетті түрде жабу қажет.
Қалған басқа компьютердегі «құттықтау» құжатын қарап шығыңыз.
Өз компьютеріңізге үш «құттықтау» құжатын көшіріп алыңыз.
Өз бумаңызға «жалпы кіруге рұқсат» режимін қойыңыз
Көршіңіздің бумасына кіріңіз.
Осы бумада MS Word құжатын құрыңыз – бұл құжат аты – сіздің атыңызбен аталуы керек.
Өз бумаңыздың құрамын қарап шығыңыз.
Өз бумаңызға кіру рұқсатын «тек оқу үшін (только чтение)» режиміне қойыңыз.
Өз бумаңызда жаңа құжат құрыңыз.
Осы бумаға «жалпы кіруге рұқсат жоқ» режиміне қойыңыз.
Жұмысты аяқтаңыз.
Осы режимде желімен жұмыс жасауға болады
Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар
Электрондық поята дегеніміз не?
Желінің қандай түрлері бар?
Желі дегеніміз не?
Желімен жұмыс жасау үшін қандай шартбелгі қолданылады?
Электрондық почтаны қалай құрамыз?
Достарыңызбен бөлісу: |