Тренинг –ДЕГЕН НЕ? Тренинг – ол оқыту, дамыту, білім беру. - Тренинг – ол оқыту, дамыту, білім беру.
- Тренинг бұл тренировка сияқты, ақыл-ой, іс-әрекет дамиды.
- Тренинг бұл активті оқу, білім беріледі.
- Тренинг бұл қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздігінен ізденуіне, өз проблемасын шешуге ұмтылуына көмектеседі.
- Тренинг бұл дрессура түрі, мұнда позитивті, негативті жағдаяттар арқылы мінез-құлық дамиды.
Тренингтің жүргізу мақсаты - Топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, қатысушылардың мінез-құлқы мен ойлауын, қабілетін, әлеуметік өзара әрекет дағдысын дамыту, топта сенімді және ашық атмосфера құра.
Тренинг барысындағы қаралып шешілетін міндеттер: - тиімді қарым- қатынасқа машықтану /байланыс құру, қосылып отыру, белсенділік таныту, өз пікірін толыққанды білдіру
- эмпатиясын дамыту
- сенімсіздіктен қобалжудан, қорқыныштан, қарым- қатынастағы қиындықтардан арылу
- тиімді қарым –қатынасқа деген дайындығын дамыту
- тындай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлікті игеру
- тренингке қатысушылардың мәдениетін дамыту
өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну - өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну
- өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру
- эмоциялық тонусты арттыру
- тұлғаның өзін- өзі бекітуіне жағымды жағдай туғызу
- ашықтық сезімді, дамдарға деген сенімді дамыту
- өзіне деген жағымды қатынасқа машықтану
Тренинг әрқайсысы қатысушылардың даралық ерекшеліктері мен тұлғасын ашып, басқалармен қарым – қатынасқа түсуді жан – жақты қарастыру мақсатын жүзеге асыратын үш кезеңнен тұрады. Олар: - Тренинг әрқайсысы қатысушылардың даралық ерекшеліктері мен тұлғасын ашып, басқалармен қарым – қатынасқа түсуді жан – жақты қарастыру мақсатын жүзеге асыратын үш кезеңнен тұрады. Олар:
1. Диагностикалқ - бағдарлы кезең . - 1. Диагностикалқ - бағдарлы кезең .
- 2. Негізгі кезең.
- 3. Қорытынды кезең
І. Диагностикалық – бағдарлы кезең. «Өз есіміңді айт» - Шеңбер көлемінде отырып, өз есімін және өз есімінің бас әріптен басталатын жағымды қасиетін айтуы қажет.
- Жаттығу аяқталғаннан соң талқылау жұмысы жүргізіледі: өз жеке бас қасиеттерің ұнайды ма? Қандай сезімде болдың? Жағымды қасиет табу қиынға соққан жоқ па?
ІІ. Негізгі кезең. Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау. - Мақсаты: Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау, өзін-өзі тану қабілетін дамыту, өзіне-өзі баға беруге қалыптастыру, сенім, қатынас, шыдамдылық, шыншылдық және сыпайылық, өзіндік дербестік. басқалармен санаса білуге үйрету.
«Сенім өлшемі» - Қатысушылар ойдан жасалған «сенімсіздік пен сенімділік» аталатын координата түзуінің бойынан, өз қалаған жерлерінен орын тауып тұрулары тапсырылады. Координата түзуінің шеткі нүктелерінде тұрған қатысушылар өз әсерлерін ортаға салулары тиіс. Қалған қатысушылар оларға көмек ретінде өз ойларын ортаға салғаны жөн. Қорытындылау мақсатында мақал-мәтелдер, ертегілерді пайдалануға болады.
Қорытынды кезең Қорытынды кезеңнің мақсаты тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірбиелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады . - Қорытынды кезең Қорытынды кезеңнің мақсаты тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірбиелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады .
«Мен - ескі, мен – жаңа» - Қажетті материалдар:сурет салуға арналған қағаз немесе картон, ескі журналдар жинағы, қайшы, желім, фломастерлер.
- Топ екіге бөлініп, бірі – «менің ескі өмірім», ал екіншісі – «менің қазіргі өмірім» тақырыбында коллаж жасайды. Коллаж жасау аяқталғаннан соң, жалпы талқылау жұмысы жүргізілуі тиіс.
ИНТЕРВЬЮ - ИНТЕРВЬЮ
- Екі адам бір- бірінен интервью алады
- Есімі
- Мінезі
- Нені жақсы көреді
- Неден қорқады
«Орныңды жылдам ауыстыр» - «Орныңды жылдам ауыстыр»
- Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді . «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
- Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?
- Олай болса біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.
-
«Мен кіммін?» - Сіздің қиын жағдайдан шығуыңызға бар болғаны 1-2 минут қана уақытыңыз бар. Сіз елсіз аралда тұрасыз. Сізге қандай да бір объект, өсімдік немесе жануар түріне еніп, әлгі қауіптен құтылуыңыз керек. Қиын жағдайдан шығып және одан аман қалу үшін қандай да бір объектіні немесе қандай өсімдік пен жануарды таңдайтыныңызды ойланып айтасыз.
«Сыйлық» - Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта отырған көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасалу керек.
-
Онға дейін санау - Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастарын төменге қаратып тұрады. “Бастадық” деген белгіден соң көздеріңді жұмасыңдар. Сандарды рет-ретімен айту керек. Ойынның шарты мынадай: 1. бір санды екі рет қайталамау 2. Бір-бірімен сөйлеспеу, 3. Бірдей екі адам сандарды айтпау керек. егер осы үш шрт бұзылатын болса, ойын қайтадан басталады.
“Тілек шоғы” - Әр қатысушы өз тілегін білдіріп, 1 тал гүлді біріне -бірі ұсынады. Тілек соңында мұғалімге бір құшақ гүл шоғы болып оралады.
“Қошемет қуыршағы “ - Тренинке қатысушылар дөнгеленіп отырады. Жағымды сөздер айтып, қыршақты бір- біріне береді.
Бұзық телефон - Жүргізуші оң жағындағы адамның көзін жұмып, оған қандайда бір қимылды жасайды. Ал оң жақтағы адамның көзі ашылған соң, көрсетілген қимылды басқаларға көрсетеді. Осылайша ойын жалғасады.
"Тренинг шеңбері" бойынша көршіні таныстыру - Бұл жаттығу жұптарда жүргізіледі. Бір минут талқылаудан кейін әрбір қатысушы "тренинг шеңбері" бойынша көршісін таныстырып, оның атын және сүйікті сабағын айтады.
"Өз жұмыс қабілетіңді бағала". - Оқушыларға өзінің жұмыс қабілетін 5 балды жүйемен бағалауды ұсыныңыз. Мысалы, "мен өзімді 3 балға есептеймін, өйткені менің ұйқым қанған жоқ".
"Мен сияқты жаса" - Оқушылар дөңгелектене тұрады, жүргізуші бір жаттығуды көрсетеді, басқалар қайталайды. Сонан соң жүргізуші ауыстырылып отырады.
Психологиялық тренинг - Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадын оң жақтағы отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді
"Күштілер мен ептілер" ойыны - Аумағы 4,5 және 6 метрлік үш шеңбер сызық бірінің артынан бірі қабатталып сызылады.
- Ойынға қатысушылар "шабуылшылар" және "қорғаушылар" болып бөлінеді. Бірінші топ ең үлкен сыртқы шеңбердің сыртында тұрады.
- Екінші топ ортадағы шеңбер мен ішкі шеңбердің арасына орналасады.
- Ал ең кіші шеңбердің ішінде бірінші топтан бір ойыншы "тұтқын" боп тұрады.
- "Шабуылшылардың" міндеті - екінші топ ойыншыларын үлкен шеңбердің сыртына тартып шығару. Ал "қорғаушылардың" міндеті - қарсыластарын ортаңғы шеңбердің ішіне тартып кіргізу және "тұтқынды" кіші шеңберден шығармау.
- Мөлшерлі уақытта қай топ өз міндетін толық орындаса - жеңгені
Педагогикалық жағдаяттар. - Оқушы мұғалімге былай дейді: "Мен тағы да дәптерімді әкелуді ұмытып кетіппін" (үй тапсырмасын орындауы және т.с.с.). Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?
- Міне тағы да!
- Бұл саған жауапсыздық емес пе?
- Менің ойымша, сен іске тиянақты қарағаның жөн.
- Мен неге екенін білгім келеді?
- Шын мәнінді оған сенің мүмкіншілігің болмады ма?
- Қалай ойлайсың, неге мен әрқашан да мұны есіңе саламын?
Педагогикалық жағдаяттар. - Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай дейді: "Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр". Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?
- Менің ойымша, сен жақтан мұндай ескерту жасау дұрыс емес деп ойлаймын.
- Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын.
- Мен жайлы ойлама, одан да өзіңе қара.
- Ешнәрсе ойлама, бұл біздің сабағымызға кедергі жасамайды.
- Сен өте ықыластысың, қамқорлығыңа рахмет.
Педагогикалық жағдаяттар. - Сыныпта екі дос бар. Олар үнемі бірге және де барлығы оларды нағыз достар деп санайды. Асқар өте жақсы ал Нұрлан нашар оқиды. Әсіресе математикадан нашар. Нұрланның анасы ауырып қалды да, сол кезде математикадан бақылау жұмысы болды. Сыныпқа мұғалім кіріп, тапсырманы жазып, балалар жұмысты жазуға кірісті. Асқар жылдам өз нұсқасын жазды да , әлі шығара алмай қиналып отырған досына көмектескісі келді. Ол жұмысты қағазға жазып, Нұрланға қарай лақтырып жіберді. Бұл жағдай ары қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?
Педагогикалық жағдаяттар. - Тапшанда отырған анасы қызына жүзім береді. Сөйтіп: - Қызым, жүзімнің сүйектерін жерге тастай бер, - дейді. Ал қызы болса, барлық сүйектерді жерге түкіріп тастап отырды. Осы жағдайда сендер қандай ереже ойлап табар едіңдер? Анасы дұрыс айтты ма?
Достарыңызбен бөлісу: |