38
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 5: Тиімді ақпараттандыру ережелері
АҚШ және Латын Америкасының тәжірибесі өтініш беру кезінде тиімді байланыс орнатудың
бірқатар ережелері мен озық әдістерін ұсынады (Кастаньеда T. және Линдерт K. 2005):
• Өтініші берушілерге өтініш беру тәртібінің негізгі тұстары туралы хабарлау қажет.
• Өтініш берушілерге тексеру және қайта тексеру тәртібі туралы хабарлау қажет. Өтініш
берушілер келісімін беретінін көрсететін ақпаратты жрия ету туралы мәлімдемеге қол қоюы
қажет.
• Құпиялық саясаты түсіндірілуі керек. АҚШ-та бұл жұмысқа қандай ақпарат керек екенін, не
және қандай мақсатта жария етілетінін түсіндіру кіреді. Мысалы, өтініш берушілер ақпараттың
басым бөлігі құпия болатынына, салыққа қатысты мақсаттарда пайдаланылмайтынына немесе
зертетушілерге аты-жөні көрсетілген күйде берілмейтініне сендірілуі керек.
Өтініші берушілермен байланыс орнатудың бірқатар ережелері:
• Оларға құрметпен және мәдени ерекшеліктерді ескерумен қарау керек.
• Оларға құқықтары мен міндеттері туралы айтып беру керек.
• Сұрақтары болса немесе өтініштері туралы білу үшін кіммен хабарласа алатыны туралы
мәлімет беру керек.
• Сұрақтарын қоюға мүмкіндік беру керек.
• Қажет болса, аударма қызметтері көрсетілуі керек.
• Шағым беру тәртібі туралы мәлімет беру керек.
көмек алушыларды анықтау және ақпарат беру
жағынан аз жұмыс жасаған. Бағдарламаны жүзеге
асыру барысында үздіксіз тиісінше ақпарат тарату
және мәлімет беру көмекке мұқтаж адамдарды
қамтуға және қабылданбай қалатын өтініштер
санын азайтуға көмектеседі.
Халықтың хабардарлығын арттыру науқаны
өтініш беру тәртібін баршаға жария етуге және
кедей топтардың назарын аударуға көмектеседі.
Ақпарат таратуға халықтың хабардарлығын
арттыру науқаны септесе алады, мұндай науқан
аясында бағдарлама ережелері, өтініш беру
талаптары мен процедуралары жария болады.
Аталмыш науқандар әлеуметтік қызметкерлердің
және жергілікті билік органдарының күшімен
жүргізіледі. Латын Америкасының тәжірибесінде
жергілікті қамту шараларының сапасын орталық
билік органдарының қадағалауы және нақты
айқындалған, әрі жария етілген өтініш беру және
қатысу тәртібі туралы ақпараттың болуы арттыра
алады (Кастаньеда T. және Линдерт K. 2005).
Оған қоса, ақпараттандыру сапалы жүргізілуін
қамтамасыз ету үшін орталық билік өтініш беру
барысында өтініш берушілермен байланыста
болу тәртібін және стандарттарын, соның ішінде,
өтініш беру барысында мәлімет беру, сұхбат пен
скрининг жүргізу ережелерін бекіте алады (Бокс
5 қараңыз).
39
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кесте 9. Өтініш берушілер үлесі және әлеуметтік көмек туралы білетіндер үшін
өтініш беру нәтижелері.
Атаулы әлеумет-
тік көмек
Мемлекеттік
балалар жәр-
демақысы
Өздерін құқылы болған деп санайтындардың ішінде…
Мен бұрын өтініш беріп көргенмін (%)
67
80
Өтініш беріп көргендердің ішінде…
Өтінішім қабылданды (%)
92
95
Өтінішім қабылданбады (%)
30
24
2. Өтініш беру рәсіміндегі
ақпаратқа қатысты кемшіліктер
Бұрынырақта талқыланғандай, Қазақстанда
қолданыстағы өтініш беру тәртібі мен
ережелері туралы білу және оларды орын-
дай алу көмекті/қызметтерді пайдалану
және қызмет/көмек алу/алмау дәрежесіне
әсер етеді. (Бабаджанян Б. және т.б.
2015; Томини және т.б. 2013). Есептің
осы тарауында және келесі тарауда
өтініш берушілер әлеуметтік көмек беру
туралы өтінішпен жүгінгенде тап болатын
қиындықтарды
зерттеу
нәтижеле-рі
ұсынылады. Осы тарау әлеуметтік көмек
алуға жүгіну кезінде туындайтын ақпарат-
тық қиындықтарды талқылайды, ал келесі
тарау құжат жинауға қатысты талаптар
тудыратын қиындықтарды зерделейді.
Үй шаруашылықтарында жүргізілген сауалнама
барысында жалпы әлеуметтік көмектен хабары
болған және өздерін тұрмысы төмен отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы
деп санағандар арасында 67%-ы АӘК алуға және
80%-ы МБЖ алуға өтініш берген. Өтініш бергендер
арасында өтініші қабылданғандар саны жоғары
болды (92% және 95%), десе де, сол өтініш
берушілердің көбісінің бір кездері өтініштері
қабылданбаған (30% және 24%) (Кесте 9).
Өздерін құқылы деп санаса да, неліктен
ешқашан өтініш беріп көрмегенін сұрағанда,
респонденттердің
басым
көпшілігі
бұған
ақпараттың жоқтығы себеп дегенді алға
тартты. Кесте 10 осы себептердің әрқайсысын
атаған респонденттер (ешқашан өтініш беріп
көрмегендердің ішінде) пайызын көрсетеді.
40
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кесте 10. Өздерін әлеуметтік көмек алуға құқылы деп санайтын арасында әлеуметтік
көмекке өтініш бермеу себептері
Неліктен өтініш берген жоқсыз?
(бірнеше жауап нұсқасы)
АӘК (%)
МБЖ (%)
Осы туралы ешбір ақпарат ала алмадым
64
52
Өтініш беруге уақытым болмады
14
12
Қажетті құжаттарды жинау қиын болды
13
10
Түкке тұрғысыз/ақшасы аз
4
6
Өтініш беретін жерге бара алмаймын
4
0
Өтініш үлгісін толтыру қиын
1
2
Ақша/сыйлық/сыйақы беру керек болар еді
1
2
Әлеуметтік көмек алатындарға қатысты қоғамдық стигма
0
3
[Өтініш беру үшін] қандай ақпарат қажет еді?
(бірнеше жауап нұсқасы)
АӘК (%)
МБЖ (%)
Осы туралы кез-келген ақпарат
61.3
61.2
Көмек алуға құқығым бар-жоғы туралы ақпарат
34.8
27.3
Қалай өтініш беру керек екені туралы ақпарат
22.6
14.1
Ескертпе: Бұл сұраққа бірнеше жауап таңдауға болады, яғни, бағандардағы мәндер 100-ге дейін бар-
майды.
Ескертпе: Бұл сұраққа бірнеше жауап таңдауға болады, яғни, бағандардағы мәндер 100-ге дейін
бармайды.
Кесте 11. Әлеуметтік көмекке өтініш беруге кедергі келтірген ақпарат жетіспеушілігі
Осы респонденттерден нақты қандай ақпарат
жоқ екенін тарқатып айтуын сұрағанда олардың
үштен екіге жуығы әлеуметтік көмек туралы ешбір
ақпарат болмағандықтан өтініш бермегенін айтты.
Үштен бір бөлігі дерлік көмек алу құқығына
қатысты ақпарат жоқ екенін айтты, ал аз ғана
бөлігі (14-23%) өтініш беру тәртібі туралы ештеңе
білмейтінін жеткізді (Кесте 11).
2.1 Көмек туралы
ақпараттың жалпы жетіспеушілігі
Кесте
11
көрсетіп тұрғандай,
үй
ша-
руашылықтарында
жүргізілген
сауалнамаға
қатысқан және ақпараттың жоқтығын өтініш
бермеу себебі деп көрсеткен респонденттердің
басым көпшілігі әлеуметтік көмек немесе оған
өтініш беру тәртібі туралы ешқандай ақпа-
рат алмағанын мәлімдеді. Репрезентатив-
тік
үй
шаруашылықтарында
жүргізілген
сауалнамаға қарағанда, сапалық сұхбат үшін
респонденттерді іріктеу әдісіне байланысты
сол сұхбаттасушылардың барлығы белгілі
бір дәрежеде берілетін әлеуметтік көмектен
және өтініш беру тәртібінен хабардар болған.
Алайда,
сапалық
зерттеу
компонентіндегі
кейбір респонденттер бастапқыда ақпарат
алуда қиындықтарға кез болған жеткізген.
Сұхбаттасушылар екі түрлі мәселені сипаттады:
1. Көмек түрлері туралы сұраған, бірақ, ешбір
ақпарат берілмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |