Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мелекеттік университеті
Инженерлік – технологиялық факультеті
Тақырыбы: ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау.
Орындаған: Советжанова Ж.Ә.
Тексерген: Ергалиева А.Н.
Группа: ТК-703
Семей қаласы 2018ж
ҚР Конституциясына ішкі және сыртқы талдау .
Әдістемелік нұсқау:
Сыртқы талдау: Құжат қашан қабылданды, қай кезде, қанша рет өзгеріс енгізілді, қанша бөлімнен, баптан тұрады т.с.с.
Ішкі талдау: Құжат мазмұны неде, яғни не туралы айтылған. Конституция баптарын немесе бөлімдерін көшірудің қажеті жоқ, Конституцияны мұқият оқып не түсінгеніңізді талдау
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан осы уақытқа дейін екі рет Конституция қабылдады. Біріншісі 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданса, екіншісі – 1995 жылдың 30 тамыз айында қолданысқа енгізілді. Екі заңның бір-бірінен екі мемлекеттей айырмашылығы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. 1993-1995: Бірінші Конституция
Бірінші Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болды. Қазір бізде президенттік басқару жүйесі.
Алғашқы Конституцияда Жоғарғы Кеңес жалғыз заң шығарушы жоғарғы билік органы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |