Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет14/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46

33
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Барлық  көп  балалы  отбасылар  және  мүгедек 
балалары  бар  отбасылар  тиісті  жәрдемақылар 
(көп  балалы  отбасыларға  арналған  жәрдемақы; 
мүгедектік  жәрдемақысы  және  мүгедектігі  бар 
балаларға  күтім  көрсету  жәрдемақысы)  алады. 
Тұрмысы  төмен  отбасыларға  арналған  атаулы 
әлеуметтік  көмек  (АӘК  және  МБЖ)  алатын 
отбасылардың  (24  отбасы)  топтық  портреті 
келесідей сипатқа ие болды:
•  Олардың  қаражаты  аз,  тұрмыстық  жағдайы 
нашар.  Бұл,  әсіресе,  Маңғыстау  және  Қызылорда 
облыстарындағы  ауылдық  жерлерде  айқын 
көрінеді.
•    Отбасылардың  шамамен  үштен  бір  бөлігінде 
ата-аналар  орта  білімді  (жеті  респондент). 
Қалғанының кәсіби орта немесе жоғары білімі бар.
•  Барлық  дерлік  респонденттер  өздерін-өзі 
жұмыспен қамтиды немесе тіпті жұмыссыз. Кейбір 
жағдайларда  жарты  күндік  жұмыстарда  немесе 
жалақысы  аз  жұмыстарда  істейді  (тазалаушылар, 
кеңсе қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер).
•    Жартысынан  аз  ғана  бөлігі  (он  отбасы) –  ата-
ананың  тек  біреуі  ғана  бар  отбасы,  көбінесе 
балаларын  жалғыз  өзі  тәрбиелейтін  аналар.  Көп 
балалы отбасылар (20 отбасында төрт және одан 
көп бала бар).
•   Барлық көмек алушылардың ішінде алтауы АӘК 
алады; біреуі АӘК те, МБЖ да алады, қалғаны тек 
МБЖ алады. Сонымен бірге, көп балалы отбасылар 
балаларының  санына  байланысты  қосымша 
жәрдемақы алады.
Маңғыстау  және  Қызылорда  облыстарында 
арнаулы 
әлеуметтік 
қызметтер 
алатын 
сұхбаттасушылар  арасында  барлық  дерлік 
отбасыларда  ата-ананың  екеуі  де  бар,  ал 
Астанада  болса,  сұхбаттасқан  сегіз  отбасының 
ішінде  тек  екі  отбасында  ғана  ата-ананың  екеуі 
де  бар.  Астанада  сұхбаттасқан  отбасыларда 
бала  саны  аз;  сұхбаттасқан  сегіз  отбасының 
бесеуінде тек бір бала ғана бар. Маңғыстау және 
Қызылорда  облыстарында  көмек  алатын  үй 
шаруашылықтарындағы  балалар  саны  –  орта 
есеппен төртеу.
Астанадағы  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 
алушылар  арасындағы  тағы  бір  айырмашылық 
бар,  яғни,  аналар  ақылы  жұмысқа,  соның  ішінде, 
тазалаушы  немесе  күтуші  болып  жалданады.  Бұл 
көмек алушылардың басым көпшілігі жалғызбасты 
ата-ана  болып  табылатынынан  көрініс  беретін 
сияқты. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында, 
керісінше,  аналар  көбінесе  үйде  бала  қараумен 
отырады.
Сұхбаттасқан  арнаулы  әлеуметтік  қызмет 
алушылардың  барлығы  дерлік  көп  балалы 
болғанына,  мүгедектікке  немесе  жұмыссыздыққа 
байланысты  мемлекеттік  жәрдемақы  да  алады. 
Осындай  төлемдер  үй  шаруашылығы  табысының 
қомақты бөлігін құрайды.  


34
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Кесте 7: Әлеуметтік көмектен хабардарлық, көмек түрлері және облыстар бойынша.
Атаулы
әлеуметтік
көмек
Балаларға
арналған
мемлекеттік
жәрдемақы
Бүкіл іріктелім ішінде…
Иә, мен әлеуметтік көмек туралы естігенмін (%)
24
29
Астана қаласы
41
46
Қызылорда облысы
33
42
Маңғыстау облысы
15
19
Зерттеу нәтижелері   
1-бөлім: әлеуметтік көмекке 
қол жеткізудегі кедергілер
Есептің  осы  бөлімінде  табысы  төмен 
үй 
шаруашылықтарының 
әлеуметтік 
көмекті  ала  алмауына  немесе  алу  кезінде 
қиындықтарға  тап  болуына  алып  келетін 
факторларға  қатысты  зертету  нәтижелерін 
қамтиды.  Бұл  бөлім  сұхбаттасқандардың 
тек  болмашы  ғана  бөлігі  (сегіз  аудан 
бойынша 
репрезентативтік 
іріктелім) 
Атаулы  әлеуметтік  көмек  (АӘК)  және 
Балаларға 
арналған 
мемлекеттік 
жәрдемақы  (МБЖ)  бар  екенін  білетінін 
сипататудан басталады. Әрі қарай осындай 
көмек  түрлері  туралы  білетіндерге  ден 
қоя  отырып,  біз  адамдардың  көмек  алуға 
өтініш бергеніне және өтініш беру кезінде 
тап болған кедергілеріне қатысты зертету 
нәтижелерін  ұсынамыз.  Әлеуметтік  көмек 
туралы  аз  білу  туралы  талқылай  отырып, 
біз ортаға салатын кедергілер келесілер:
•  Өтініш  беру  тәртібіндегі  ақпаратқа 
қатысты кемшіліктер
•    Құжаттарға қойылатын талаптар
•  Әлеуметтік  көмек  алу  құқығының 
шектеуші талаптары 
Әлеуметтік  көмек  туралы  жеткілікті  түрде 
хабардар  болмау –  осы  зерттеу  анықтаған 
басты  мәселе,  аталмыш  мәселенің  ауқымы 
туралы  ақпарат  қолда  бар  дереккөздерде 
жеткілікті  дәрежеде  айқын  келтірілмеген. 
Зерттеуге  қатысқан  респонденттердің  тек 
24%  ғана  АӘК  туралы  және  тек  29%  ғана 
МБЖ  туралы  естіген.  Бұл  мемлекетпен 
ұсынылатын  әлеуметтік  көмектің  белгілі 
бір 
түрлерінен 
жалпы 
хабардарлық 
деңгейі  төмен  екенін  көрсетеді.  Аймақтар 
арасында  хабардарлық  деңгейі  бойынша 
да  айырмашылықтар  бар,  мәселен,  Астана 
қаласындағы  респонденттер  әлеуметтік 
көмек  туралы  көбірек,  ал  Маңғыстау 
облысындағы респонденттер ең аз білетінге 
ұқсайды  (Кесте  7).  Бұл  топқа  әлеуметтік 
көмек  алуға  құқылы,  бірақ,  еш  хабары 
болмағандықтан,  ешқашан  өтініш  беріп 
көрмеген адамдар кіруі ықтимал.  
1. Әлеуметтік көмек туралы жеткілікті білмеу


35
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Атаулы әлеу-
меттік көмек
Балаларға
арналған
мемлекеттік
жәрдемақы
Бүкіл іріктелім ішінде…
Иә, мен қазір әлеуметтік көмек алуға құқылымын деп
ойлаймын (%)
8
16
Әлеуметтік көмек туралы естігендер ішінде…
Иә, мен қазір әлеуметтік көмек алуға құқылымын деп
ойлаймын (%)
33
53
Иә, мен бұрын әлеуметтік көмек алуға құқыл болған-
мын немесе қазір құқылымын (%)
42
69
Кесте 8: Өздерін әлеуметтік көмек алуға құқылы деп санайтындар.
Едәуір  таңқалдыратын  және  аздап  алаңдататын 
жайт  -  әлеуметтік  көмектен  хабардарлық  үй 
шаруашылығының  жалпы  әл-ауқатына  тікелей 
байланысты  болуы  (десе  де,  жеңіл  дәрежеде), 
яғни,  үй  шаруашылығы  неғұрлым  ауқатты  болса, 
әлеуметтік  көмектен  соғұрлым  көбірек  хабардар 
болады. 
Мәліметтерді 
аудандар 
бойынша 
ыдыратса,  мұндай  жағдайға  Маңғыстау  облысы 
себепші екені түсінікті болады, себебі, осы өңірдегі 
әлеуметтік  көмекке  аса  мұқтаж табысы төмен  үй 
шаруашылықтары  ондай  көмек  бар  екенінен  ең 
төмен дәрежеде хабардар. Басқа облыстарда бұл 
жағдай әбден түсінікті: Қызылорда облысында ең 
кедей  және  ең  бай  адамдар  орта  тап  өкілдеріне 
қарағанда әлеуметтік көмек бар екенінен көбірек 
хабардар  болатын  сияқты,  ал  Астана  қаласында 
жағдай  керісінше,  яғни,  табысы  орташа  үй 
шаруашылықтары  жалпы  әлеуметтік  көмек  бар 
екенінен  жақсырақ  хабардар  (Кесте  30  және 
Қосымшадағы  6-сурет,  8-сурет)   
1.1 Әлеуметтік көмек алу
құқығын түсіну
Әлеуметтік  көмектен  хабардар  респонденттер 
арасында  көпшілігі  өздерін  АӘК  және  МБЖ 
алуға  құқылы  болуы  мүмкін  дегенге  қарағанда, 
нақты  құқылы  деп  есептеді.  Ресми  статистикаға 
сәйкес  Қазақстан  халқының  2.7%-ы  ең  төменгі 
күнкөріс  деңгейінен  төмен,  0.1%-дан  азы  ең 
төменгі  күнкөріс  деңгейінің  40%-нан  төмен  өмір 
сүреді,  ал  бұл – АӘК  алу  үшін  белгіленген  табыс 
деңгейі.  Респонденттеріміздің  8%-ы  өздерін  АӘК 
алуға  және  16%-ы  МБЖ  алуға  құқылы  екеніне 
сенімділігі  біршама  таңқалдырды  (Кесте  8). 
Айта  кету  керек,  респонденттер  АӘК  және  МБЖ 
туралы естігеніне сенімсіз болғанда сол АӘК және 
МБЖ  анықтамаларын  оқып  беруге  үйретілген, 
ал  анықтамада  табыс  көлеміне  қатысты  талап 
қарастырылған.
Мәліметтерді облыстар бойынша ыдыратқанда 
біз  өздерін  әлеуметтік  көмек  алуға  құқылы  деп 
санайтын  респонденттер  санын  2015  жылғы 
Үй  шаруашылықтары  бюджетін  зерттеу  (ҮШБЗ)   
мәліметтеріне  сәйкес  әлеуметтік  көмек  алуға 
құқылы  үй  шаруашылықтарының  санымен 
салыстырдық.  Біз  іріктелімді  әдейілеп  ең  кедей 
аудандардан  жасағандықтан,  тек  сол  аудандарға 
қатысты 
ҮШБЗ
10
 
мәліметтері 
қолданылды, 
осылайша мәліметтер өзара салыстырмалы болды. 
Ал  Сурет  3  және  Сурет  4  көрсетіп  тұрғандай, 
өздерін  құқылы  деп  санайтындардың  үлесі  мен 
Үкіметтің  есептеуінше  шын  мәнінде  құқылы 
адамдардың үлесі арасындағы айырмашылық тым 
үлкен.  Дәл  осындай  жағдай  АӘК-ке  де  қатысты. 
Төмендегі сандар аудан деңгейінде көрініс береді, 
бірақ,  салыстыру  мақсатында  облыс  бойынша 
ыдыратылған.
Өздерін  құқылы  деп  санайтындар  үлесі  мен 
шын  мәнінде  құқылы  үй  шаруашылықтарының 
10   
    Есепті әзірлеу кезінде қолда бар соңғы мәлімет.


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау