«Консерві өндірісі» бөлімі
1. Асептикалық консервілеу аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі резервуарларда сұйық және қоймалжың өнімдерді асептикалық консервілеудің (сақтаудың) технологиялық процесін жүргізу. Қойма резервуарларын, стерилизациялау қондырғысы мен асептикалық консервілеу желісінің басқа қызмет көрсететін басқа да жабдығын жууға, санитарлық өңдеуге қатысу. Резервуарларды, құбырларды, стерилизаторды және желінің басқа да жабдықтарын қажетті стерильділікке дейін стерилизациялау. Резервуарларды стерильді ауамен қысым арқылы толтыру. Желіге өнімді үздіксіз жұмыс істейтін стерилизаторда консервілеу-стерилизациялау режимімен (кейіннен салқындата отырып қыздыру) қызмет көрсету және сонымен резервуарлардыв толтыру. Өнімді асептикалық жағдайда сақтау. Өнімді резервуарлардан түсіріп алу және одан әрі өңдеу үшін келесі операцияларға жіберу. Баксүзілердегі ауаны стрерилизациялау. Микробиологиялық бақылауға сынама алу. Қажетті технологиялық параметрлерді (температураны, қысымды) қамтамасыз ету және оларды жуурналға жазу. Өнімді салу және сақтау кезінде резервуарлардың толтырылуын, резервуардағы қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен және көзбен бақылау. Өнім сапасының нашарлауын, желінің өнімділігін төмендететін туындататын себептерді уақытылы уақытылы анықтау және жою. Жабдықты жөндеуге тапсыруға дайындау және оны жөндеуден қабылдап алу.
Білуге тиіс: асептикалық консервілеу технологиясы мен режимі параметрлерін, жабдықты соған дайындауды; қызмет көрсететін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, жұмыс принципін.
Асептикалық консервілеудің (сақтаудың) технологиялық процесін автоматы бақыланатын, технологиялық процесс параметрлерін реттейтін және басқаратын желілердегі жабдықты жүргізу кезінде- 5-разряд.
§ 2. Консервілерді стерилизациялау аппаратшысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Меланжға және жұмыртқа ұнтағына арналған банкілерді кептіру шкафында белгілі бір температурада жуу және стерилизациялау процесін жүргізу. Банкілерді түсіріп алу және жинау.
Білуге тиіс: банкілерді стерилизациялау процесін; банкілерді стерилизациялау режимі параметрлерін; кептіру шкафының құрылымын; температура режимін реттеу ережесін.
§ 3. Консервілерді стерилизациялау аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Консервілерді стерилизациялау процесін әртүрлі жүйедегі стерилизаторларда технологиялық нұсқаулыққа және қолданылатын стерилизациялау формуласына сәйкес біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Стерилизатордың әр айналымына стерилизациялаудың бақылау ярлығын жасау. Жабдық пен арматураны баптау. қондырғысы мен асептикалық консервілеу желісінің басқа қызмет көрсететін басқа да жабдығын жууға, санитарлық өңдеуге қатысу. Резервуарларды, құбырларды, стерилизаторды және желінің басқа да жабдықтарын қажетті стерильділікке дейін стерилизацистерилизациялау. Резервуарларды стерильді ауамен қысым арқылы толтыру. Жабдық пен арматураны баптау. Ұсақ ақауларды жою. Бақылау-өлшеу аспаптарының, коммуникациялардың жарамдылығын кезеңдеп тексеру. Термографтарды зарядтау және термограммаларды ресімдееу. Өнімді тельфердің немесе кранның көмегімен тиеу және түсіру. Стерилизаторды ашу және жабу. Стерилизациялау процесі журналын жүргізу.
Білуге тиіс: консервілерді стерилизациялау технологиясын; қызмет көрсететін стерилизаторлардың, көпірлі крандар мен электртельферлердің жұмыс принципін; аппараттар мен жүк көтеру машиналарында жұмыс істеу ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының, коммуникациялардың жарамдылығын тексерудің тәртібін; термографты зарядтау ережесін;стерилизациялау кезіндегі консерв ақауларының түрлерін; брактың туындау себептерін және оның алдын алу тәсілдерін; коммуникациялар мен арматура жүйесін.
§ 4. Консервілерді стерилизациялау аппаратшысы
5-разряд
Характеристика работ. Консервілерді стерилизациялау процесін әртүрлі жүйедегі стерилизаторларда технологиялық нұсқаулыққа және қолданылатын стерилизациялау формуласына сәйкес жүргізу. Будың қысымын, судың берілуі мен түсуін бақылау-өлшеу аспаптарының және реттеушы құралдардың көрсеткіштері бойынша реттеу. Консервілердің стерилизаторларға уақытылы тиелуін және одан түсірілуін, стерилизациялау процесінің басталуын бақылау. Жабдық пен арматураны баптау.
Білуге тиіс: түрлі жүйедегі стерилизаторлардың, көпірлі крандар мен электртельферлердің құрылымын; коммуникациялар мен арматура жүйесін; температураны және оның банканың көлемі мен конвервінің сипатына қарай әсер ету ұзақтығын; стерилизациялау формуласын; стерилизациялау процесін бақылау-өлшеу аспаптарының және реттеушы құралдардың көрсеткіштері бойынша реттеу тәсілдерін; жол берілетін брак нормаларын, оның пайда болусебептерін және алдын алу әдістерін. причины его возникновения и методы предотвращения.теу ережесін;
§ 5. Консервілерді стерилизациялау аппаратшысы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Консервілерді стерилизациялау процесін бағдарламамен басқарылатын стерилизаторларда жүргізу. Реттеуші аспаптар мен бағдарламалық реттеуіштердің дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Термограммаларды ресімдеу және консервілерді стерилизациялау процесін талдау. Өнімді стерилизациялауға қабылдау және дайын өнімді технологиялық нұсқаулықтың барлық талаптарына сәйкес тапсыру. Белгіленген нысандар бойынша есеп жүргізу. Аппаратшылар мен кран машинистеріне басшылық ету.
Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарының және реттеушы құралдардың құрылымы мен кинематикалық схемаларын; қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық және электр схемаларын; шығарылатын өнімнің сапалық көрсеткіштері мее сұрыптылығын.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 6. Томат-шырын агрегатының аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Томат шырыныны өндіру процесін томат-шырын агрегатында жүргізу. Технологиялық сапа нұсқаулығында көзделген шикізаттың желіге түсуін қамтамасыз ету. Томаттардың жармалауыш бункеріне біркелкі тиелуін және вакуум-қыздырғыштың, экстрактор мен түрту машинасының жұмысын реттеу. Будың вакуум-қыздырғышқа берілуін бақылау және температура мен қысымның берілген параметрлерін ұстау. Томат шырынының толық сығылуын және технологиялық нұсқаулықтардың қатаң орындалуын қамтамасыз ету. Томат шырынын айдауға арналған насосты қосу және тоқтату және дайын шырынның бөліп құю бөлімшесіне уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Томат шырын агрегатының техникалвқ жай-күйін тексеру, оны жұмысқа дайындау. Жабдыққа бөгде заттардың түсуінің, сүрту електерінің сынуы мен басқа да ақаулардың алдын алу. Електерді ауыстыру. Агрегат жұмысында анықталған ақауларды жою. Бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру.
Білуге тиіс: томат шырынын өндірудің технологиялық процесінің мәнін; агрегаттың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; агрегат тораптарын іске қосу мен ажыратудың кезектілігін; жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін; температура мен вакуум-қыздырғыштағы қысымның берілген параметрлерін бақылау әдістерін.
§ 7. Көкөністерді тұздаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қырыққабатты, қиярды, қызғанақ пен басқа да көкөністерді біліктілігі анағұрлым жоғары тұзаушының бабсшылығымен тұздау. Қырыққабаттың ферментациялануын, қиярдың, қызғанақ пен басқа да көкөністердің тұздалу процесін, тұздалған және ашытылған көкөніс салынған дошниктердің, чандардың, цементті бассейндердің, бөшкелерді қадағалау. Қақпақ пен баспадан көгеруді жуу. Ферментация кезінде бөлінетін көбікті алу. Ыдыстардың тазалығын сақтау.
Білуге тиіс: қырыққабатты ферментацияу ережесін; тұздалған қиярды, қызғанақты ұстау ережесін; ыдысты ұстаудың санитарлық нормаларын.
§ 8. Көкөністерді тұздаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қырыққабатты, қиярды, қызғанақ пен басқа да көкөністерді біліктілігі анағұрлым жоғары тұзаушының басшылығымен тұздау. Ұсақ туралған қырыққабатты және қиярды, қызғанақты дошниктерге, чандарға, цементті бассейндерге немесе бөшкелерге деформаццияланғандарын іріктей отырып салу. Тұз бен татымды заттарды тегістеу, біркелкі себу. Ыдыстардағы қырыққабатты трамбовкамен немесе копрлардың көмегімен нығыздау. Көкөністі тұздауға қажетті белгілі бір концентрациядағы тұздықты белгіленген рецептура бойынша дайындау. Тұздықты сүзу. Оны ыдыстарға құю.
Білуге тиіс: көкөністі тұздау технологиясының мәнін; өнім салынған ыдысқа тұздықты құю ережесін; көкөністі тұздаудың, тұздықты дайындау рецептурасын; татымды заттардың дозасын белгілеу; дошниктегі, чандағы, цементті бассейндегі, бөшкедегі қырыққабатты нығыздау ережесін.
§ 9. Глазурленген жемістерді дайындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жемістерді арнаулы қалыпшалармен немесе пышақпен глазурлеу. Глазурлеуге арналған жемісті іріктеу. Жемісті шырынынан бөлу. Тосап-жартылай шикізатты сироп ағатын саңғылауы бар ыдыстарға ожаумен түсіру. Жемістерді науаға салу және сапасы мен көлеміне қарай сұрыптау. Жемісті глазурлеуге турау.
Білуге тиіс: глазурлеуге арналған жемісті сапасы мен көлеміне қарай сұрыптау ережесін; жемісті глазурлеу технологиясы негіздерін.
§ 10. Глазурленген жемістерді дайындаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жемістерді глазурлеу процесін қайнату қазандарында жүргізу. Берілген концентрациядағы сиропты пісіру. Оны қазанға салу және одан алу. Қайнату жабдығына қызмет көрсету, оның жарамдылығын тексеру. Температураны, будың қысымын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері ибойынша реттеу.
Білуге тиіс: жемістерді қайнату қазандарында глазурлеу технологиясын; түрлі жемістерге арналған сироп арақатынасы шамасын; сироптың дайын болу дегейін; қайнату жабдығының құрылымын.
§ 11. Жабу машинасының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Толтырылған банкаларды өнімділігі минутына 50 банкаға дейінгі автоматты жабу машиналарында жабу процесін жүргізу. Жабу машиналарының магазиніне қақапақтарды салу. Таңбалау белгілерін жинақтау. Қақапақтың жабылу сапасын кезеңдеп тексеру арқылы бақылау. Банкаларды қақпақпен жабу. Жабу машиналарын баптау. Машиналарды тазалау, майлау.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабу машиналарының жұмыс принципін; консерві банкааларындағы ассортименттік белгілерді; жабылған банканың сапасына қойылатын талаптарды; банкалар мен қақпақтардың көлемін; таспалы жабу автоматтарының мөлшерін; жабдықты санитарлық өңдеу ережесін.
§ 12. Жабу машинасының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Толтырылған банкаларды жабу процесін өнімділігі минутына 50-ден 150 банкаға дейінгі автоматты жабу машиналарында және соустолтырғышпен (дозатормен, майтолтырғышпен) синхронды жұптастырылған өнімділігі минутына 150 банкаға дейінгі жабу машиналарында жүргізу. Банкаларды жабу процесін қол және жартылай автоматты жабу машиналарында жүргізу. Толтырылған стералконды банкаларды қайнату процесін автоматтарда жүргізу. Соустолтырғышқа қызмет көрсету кезінде - соустың, майдың, маринадтың берілуін реттеу, оның толтырғыштағы деңгейін қадағалау, таратып құю ыдысын кезеңдеп толтырып отыру. Қақпақтарды жабу машиналарының немесе автоматтың магазиніне салу Қақпақтың жабылу сапасын кезеңдеп тексеру арқылы бақылау. Автоматтар мен машиналарды жұмыс процесінде баптау, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматты, жартылай автоматты және қолмен жабу машиналарының құрылымын; банканың жабылу және қайнату сапасына қойылатын талаптарды; өнімнің жекелеген түрлеріне арналған қаңылтыр мен алюминий таспасының ерекшелігін; банкалар мен қақпақтардың көлемін, таңбалаудың ережесі мен тәртібін; шаблондарды, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін.
§ 13. Жабу машинасының машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Толтырылған банкаларды жабу процесін автоматты жабу машиналарында және соустолтырғышпен (дозатормен, майтолтырғышпен) синхронды жұптастырылған өнімділігі минутына 150 банкадан жоғары жабу машиналарында жүргізу. Өнімділігі минутына 150 банкадан жоғары Б4-КАД маркалы және т.б. банкаларды толтыру және жабу процесін қоса атақаратын дозалаушы-жабу автоматтарына қызмет көрсету. Банкаларды жабу процесін қол және жартылай автоматты жабу машиналарында жүргізу. Қақпақтың жабылу сапасын кезеңдеп тексеру арқылы бақылау, ақауларды туындататын себептерді уақытылы анықтау және жою. Автоматты жабу машиналарын реттеу, түрлі тараға ыңғайлау. Қызмет көрсететін жабу жабдығын жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: түрлі жүйедегі автоматтаы машиналар мен қызмет көррсететін басқа да жабдықтың құрылымын; қызмет көрсететін машиналардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; жабу машиналары ролигінің көлемін; орындадйтын жұмыс көлемінде слесарь ісін; банканы жабу түрлерін.
14. Таратып құю-толтыру автоматтарының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Банкаларды барлық конверв өнімі түрлерімен, соуспен, маринадтармен, майлы сорпамен, сироппен, маймен, сумен толтыру процесін өнімділігі 150 банка/мин дейінгі түрлі таратып құю-толтыру автоматтарында жүргізу. Банкалардың қабыладу механизмдеріне үздіксіз түсуін, дозалаушы құрылғыларды қадағалау. Толтыруға келіп түскен ақаулы банкаларды бракқа шығару. Толтыру сапасын қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін таратып құю-толтыру автоматтарын жұмыс принципін; құю режимін; компоненттердің арақатынасын; жабдықты санитарлық өңдеу ережесін.
15. Таратып құю-толтыру автоматтарының машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Банкаларды барлық конверв өнімі түрлерімен, соуспен, маринадтармен, майлы сорпамен, сироппен, маймен, сумен толтыру процесін өнімділігі 150 банка/мин жоғары түрлі таратып құю-толтыру автоматтарында жүргізу. Толтыру сапасын бақылау. Тара мен өнімнің түріне қарай автоматты толтырғышты реттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін таратып құю-толтыру автоматтарының құрылымын; автоматты толтырғышты реттеу ережесін; толтыру сапасын тексеру тәсілдерін.
16. Таратып құю-толтыру автоматтарының машинисі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Банкаларды барлық конверв өнімі түрлерімен және компоненттерімен түрлі варианттар мен арақатынаста толтыру процесін белгіленген рецептураға сәйкес автоматты желілерде және жоғары өнімді агрегаттарда жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықты жұмыс процесінде баптау. Толтыру сапасын кезеңдеп бақылау. Тиісті өнім есебін белгіленген нысандар бойынша жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен машинистердің жұмысына басшылық ету.
Білуге тиіс: барлық жүйедегі таратып құю-толтыру автоматтарының құрылымын, олардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу, анықтау және жою тәсілдерін; консерві өнімінің түрлері және олардың арақатынастарын.
§ 17. Консервілеу өнімдерін салушы-құюшы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Еттен және ет өнімдерінен жасалған шикі, тұздалған, ысталған, пісірілген, қуырылған жартылай фабрикаттарды қолмен салу, конвервіге арналған балықты, көкөністі, жемістерді салу, көкөкністен, жармадан,бұршақ және ұн тағамдарынан жасалған гаргнирлерді, сироптар мен дәмдеуіш тұздықтарды түрлі көлемдегі қаңылтыр, шыны және пластмасса банкаларға жартылай фабрикаттар порцияларын іріктей отырып, мөлшері, сұрпы және түрлері бойынша, түрлі өнімдерді банкаларға салудың кезектілігін сақтай отырып, технологиялық нұсқаулыққа сәйкес салу. Жартылай фабрикаттарды, біртекті массаға ұнтақталған пюрені өлшей отырып толтыру. Шикізатты цилиндрлі қалыптарда алдын ала жылумен өңделетін консерв өнідірісі кезінде – пісірілген жартылай фабрикаттарды арнаулы айлабұйымның көмегімен белгілі бір көлемдегі және нысандағы кесектерге кесу және оларды банкаға салу. Порцияларды өлшеу және оларды нұсқаулық бойынша талап етілетін салмаққа жеткізу. Татымды заттрады қосу. Бункерден келіп түсетін балық немесе кит еті кесектерін жарамсыз кесектерін алып тастай отырып тығыздау машинасының тасымалдау құрылғысына салу. Консервіген бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өнімді қарау. Тараны, өнімдіқолмен немесе арбамен жұмыс орнына және толтырығна банкаларды келесі операцияларға тасымалдау. Консервілеу өнімдерін басқа консерв тарасын - бөшкелерді, бутылдерді, баллондарды, танктарды толтыру. Бөшкедегі, шыны, қаңылтыр, пластмасса банкалардағы, бутылдердегі, баллондардағы саңырауқұлақтарды, көкөністі, жемісті, жидекті, балықты, теңіз өнімдері мен басқа да өнімдерді маринадпен, маймен, сумен, сорпамен, соуспен, сироппен, шырынмен, сусынмен жартылай автоматы және автоматтандырылмаған құю машиналарында және шөміштің, өлшем жиынтығымен, крандар мен сүзгілерді қолдана отырып қолмен толтыру. Тлтырылған тараны бақылау үшін өлшеу. Спиртті ыдыстарға жеміс және жидек шырынымен бірге құю және араластыру. Спирттелген сокты тараға құю. Қолданылатын жабдықтар мен айлабұйымдарды жұмысқа дайындау. Құйылма дәлдігін жұмыс процесінде тексеру. Қызмет көрсететін жабдықты жұмысқа дайындау. Жабдықтарды жуу және тазалау.
Білуге тиіс: банкалардың көлемін; конвервілеуге арналған өнім түрлерін; олардың және банкға салынатын басқа да компоненттердің сапасына қойылатын талаптарды; салу нормаларын; өнімді іріктеу және салу ережесін; таразы құрылымын және өлшеу тәсілдерін; қызмет көрсететін құю машиналарының, тасымалдау құралдарының, құралдар мен айлабұұйымның құрылымын; банкалар мен басқа да ыдыстарды толтыру нұсқаулығын; құйма неттосы салмағының арақатынасын; құю температурасын; шырынды спирттеу режимінің параметрлерін.
Банкаларға пергаментті орамдарды салу жжәне ұқсас операцияларды орныдау кезінде - 1-разряд.
§ 18. Консервілеу өнімдерін салушы-құюшы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сардинаны, шпротты, краб етін, кильканы, корюшка мен басқа да ұсақ балықты, тілді, сосискиді, фрикаделканы, көкөкністер мен басқа да даналы жартылай фабрикаттарды, жұқалап кесілген шпикті, беконды, тілді, көкөніс пен басқа да жартылай фабрикаттарды, ветчина мен құсты (ұша-ширегі) металл және шыны банкаларға жартылай фабрикаттардыкөлемі мен түріне қарай іріктеп қолмен фигуралап және қатарлап салу. Пастерленген консерві өнідіріс кезінде – қалыпқа ет шикізатын (сүйексіз) салу, қалыптағы өнімді престемелеу, пісіргеннен кейін тағы престемелеу, сығаннан кейін қалыптан алу, кесу, тазадау және өнім массасын нұсқаулық бойынша фигуралы банкаларға немесе ұсақ метал тараға салу. Құстың тұтас ұшасынан консерв өндіру кезінде – тауарлы түр беру үшін және банкаға салу ыңғайы үшін арнаулы қалыптау (бланшировка алдында). Балықты тығыздау машинасына салу. Тұзы дозалауды реттеу, банкаға жартылай фабрикаттарды тығыздау, жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
Білуге тиіс: банкаға салынатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; жартылай фабрикаттарды іріктеу ережесін; қатарлап, фасондап және басқа да күрделі салу ережесін; өлшеу ережесін; тығыздау машинасының құрылымын, оны пайдалану және ұсақ ақауларын жою тәсілдерін.
§ 19. Көкөністі фарштаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көкөністі қолмен, арнаулы айлабұйымның көмегімен, фарштаушы машиналарда фарштау. Көкөністің фаршпен біркелкі толтырылуын қамтамасыз ету. Майысқан, бүлінген және фарштауға жарамсыз көкөністі бракқа шығару. Фарштың берілуін реттеу. Машинамен фарштау кезінде – толтыру үшін көкөніс беру және оларды толтырғаннан кейін табақтарға салу. Фарштаушы машиналарды бөлшектеу және құрастыру, оны санитарлық өңдеу.
Білуге тиіс: фарштаушы машиналардың, айлабұйымның құрылымы мен пайдалану ережесін; көкөністі фарштау ережесін; фаршталған көкөнніске қойылатын стандарт талаптарын; фарштаушы машиналарды, айлабұйымды санитарлық өңдеу ережесін.
§ 20. Консервілі банкаларды эксгаустерлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Банкалардан ауаны эксгаустердің көмегімен шығару процесін жүргізу. Эксгаустерге су тоттыру. Будың берілуін реттеу және дайын өнімнің сапасын қамтамасыз ететін, белгіленген температура режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен сақтау. Эксгаустерден деформацияланған банкаларды алу. Эксгаустер жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және оны тазалау, майлау.
Білуге тиіс: эксгаустер мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі мен нысанын; температура режимі параметрлерін және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; эксгаустер жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
Р/с№
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Разряд
тар диапазоны
|
2004 жылы шығарылған
БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар
|
Разрядтар диапазоны
|
БТБАшығарылым
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Асептикалық консервілеу аппаратшысы
|
4-5
|
Асептикалық консервілеу аппаратшысы
|
4-5
|
51
|
Консерві
|
2.
|
Консервілерді стерилизациялау аппаратшысы
|
2;
4-6
|
Консервілерді стерилизациялау аппаратшысы
|
2;
4-6
|
51
|
-"-
|
3.
|
Томат-шырын агрегатының аппаратшысы
|
4
|
Томат-шырын агрегатының аппаратшысы
|
4
|
51
|
-"-
|
4.
|
Көкөністерді тұздаушы
|
2-3
|
Көкөністерді тұздаушы
|
2-3
|
51
|
-"-
|
5.
|
Глазурленген жемістерді дайындаушы
|
2-3
|
Глазурленген жемістерді дайындаушы
|
2-3
|
51
|
-"-
|
6.
|
Жабу машинасының машинисі
|
3-5
|
Жабу машинасының машинисі
|
3-5
|
51
|
-"-
|
7.
|
Таратып құю-толтыру автоматтарының машинисі
|
3-5
|
Таратып құю-толтыру автоматтарының машинисі
|
3-5
|
51
|
-"-
|
8.
|
Консервілеу өнімдерін
салушы-құюшы
|
1-3
|
Консервілеу өнімдерін
салушы-құюшы
|
1-3
|
51
|
-"-
|
9.
|
Көкөністерді фарштаушы
|
2
|
Көкөністерді фарштаушы
|
2
|
51
|
-"-
|
10.
|
Консерві банкаларын эксгаустирлеуші
|
2
|
Консерві банкаларын эксгаустирлеуші
|
2
|
51
|
-"-
|
Достарыңызбен бөлісу: |