Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет15/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

«АС ТҰЗЫ ӨНДІРІСІ» бөлімі

I. ТАСТЫ, ӨЗДІГІНЕН ШӨГЕТІН ЖӘН

ШӨГЕТІН АС ТҰЗЫ ӨНДІРІСІ

1. Тұзды байыту қондырғысының аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды байыту қондырғысының агрегаттары мен жабдықтарын жұмысқа дайындау. Дозазаушы араластырғыштарды, тасымалдаушы механизмдер мен аппараттарды басқару. Тұзды қосу әдісімен байыту. Микроэлементтерді дайындау және дозалау. Сынама алу. Жабдықты тахалау жәене майлау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: араластырғыштардың, дозаторлардың, шар диірмендері мен тұзді іріктеуп араластыратын басқа да аппараттардың құрылымы мен жұмыс принципін, тұзды байыту үшін берілген концентрациядағы қоспаны дайындау және оны дозалау тәсілдерін; қосу аппаратурасын басқару ережесін; жабдықты майлау режимі параметрлерін және қолданылатын жағармай материалдарын; байыту қондырғысының жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және олаорды жою тәсілдерін.

2. Тұзды байыту қондырғысының аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімді ұнтақтау, сыныптау және тозаңсыздандыру процесін жүргізу. Диірменге өнім мен ауаның берілу процесін, жеддетілетін контурды, ауа өткізетін сепаратор мен пневмоклассификаторды реттеу. Жұмыстарлған ауаны тазарту процесін жүргізу. Диірменнің, желдеткіштің, ауа өткізу сепараторының, циклондардың, насостардың, конвейерлердің, калориферлердің, ауаны жуғыштың, элеватордың, ауа құбыры мен тасымалдау құбырларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету. Бастапқы шикізат пен дайын өнімді тасымалдау және түсіру кезінде тасымалдау механизмдерін басқару. Барлық технологиялық процестердегі өнім сапасын бақылау. Тұзды байыту қондырғысының және басқа да технологиялық жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу. Жабдық жұмысының есебін жүргізу.

Білуге тиіс: қондырғының және басқа да технологиялық жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; технологиялық процесті жүргізу параметрлерін; бастапқы шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; орнатылған байланыс пен желдеткіш жүйелерін; электротехника, гидравлика мен механика жөніндегі қарапайым деректерді; жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының ақауларын жою тәсілдерін.
3. Көлде тұз өндіру агрегаттарының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көлде тұз мен тұз блоктарын өндіру жөніндегі операцияларды орныдауға қатысу. Бактарды жанар-жағармай материалдарымен, сумен толтыру және оларды қызмет көрсететін жабдықтарға тасымалдау. Жанар-жағармай материалдарын, суды тұз өндіру жөніндегі құю бактарына қайта айдау кезінде насос қондырғыларына қызмет көрсету. Шлангыларды, тросты тасу. Тросты қозғау кезінде, оны теміржол вагоны рамасына немесе рельске ілмектеу. Тұз өндіру жөніндегі агрегаттарды жұмысқа дайындау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналар мен насос қондырғыларының жекелеген тораптарының құрылымы мен жұмыс принципін; көлдегі темір жолдарына қойылатын техникалық талаптарды; жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, олардың маркалары мен қасиеттерін; майлау жүйесін.


4. Көлде тұз өндіру агрегаттарының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көлде тұз мен тұз блоктарын өндіру жөніндегі операцияларды орындау: тұз мен тұз блоктарын тасымалдау құралдарына тиеу, маневр жұмыстарын атқару, көлдегі темір жолдарын жылжытып ауыстыру, тұзды үю және үйінділерді жұмыстау. Көлдің бетін тұз шөгіндісінен, құм мен тұз блогы сынықтарынан тазарту; тұз блоктарын өндіру кезінде шықпа және кірме жұмыс траншеяларының бетін тазарту. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою

Білуге тиіс: тракторлардың, түрлі маркадағы экскаваторлардың, тепловоздар мен мотовоздардың, насостар мен электр жабдықтарының құрылымы мен техникалық сипаттамасын, жұмыс принципін; көлдегі маневр жұмыстарын өндірісі ережесін; темір жолдарды механикаландырылған ауыстыруға қойылатын талаптарды және оны орныдау тәсілдерін; Тұз қабатының қасиеттерін және агрегаттрада жұмыс істеу кезінде көлдегі рапаның жол берілетін деңгейін; тұзды үйінділерде сақтау жөніндегі талаптар мен ережені; қоршаулардың орналасу схемасын; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

§ 5. Вальцілі станоктардың машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды вальцілі станоктардың бункеріне беру және басқа да ұнтақтау жабдығына беру және беруді реттеу. Бункерді жабысқан тұздан тазарту. Вальцілі станоктарды майлау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: вальцілі станоктар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмыс принципін; қосу аппаратурасын басқару ережесін; тұздың шөгу себептерін және оны алдын алу тәсілдерін; майлау режимінің параметрлерімен қолданылатын жағармай материалдарын.

§ 6. Вальцілі станоктардың машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды вальцілі станоктарда ұнтақтау процесін біліктілігі анағұрлым жоғары вальцылаушының басшылығымен жүргізу. Тұздың валкаларға үздіксіз және біркелкі түсуін қамтамасыз ету. Вальцілі станоктардың жұмыс органдары саңылауларының шамасын тұз ұнтақтау нөміріне сәйкес реттеу. Тұздан метал заттарды алу. Тұзды тозаңсыздандыру. Бункерді, ауа құбырларын тазарту. Вальцілі станоктардың, электр магнитті сепараторлардың, ауа құбырларының белгіленген жұмыс режимін реттеу, олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықтың ұсақ ақауларын жоюға қатысу.

Білуге тиіс: вальцілі станоктар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың құрылымын; тұз ұнтақтаудың түрлері мен нөмірін; вальцілі станоктардың қалған жабдыұқ жұмысыне өзара байланысын; слесар ісін.

§ 7. Вальцілі станоктардың машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды түрлі конструкциядағы вальцілі станоктарда ұнтақтау процесін жүргізу. Вальцілі станоктардың, тежегіш және қосу құрылғыларының, валкалардың арасын ашу механизмінің, тасымалдау коммуникациялары мен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық жарамдылығын тексеру және жұмысқа дайындау. Тұздың валкаларға үздіксіз және біркелкі түсуін қамтамасыз ету. Белгіленген ұнтақтау режимінің орындалуын, өңделетін тұз сапасын аспаптардың көрсеткіштері, елек талдауы нәтижелері бойынша және көзбен бақылау. Вальцылар мен редуктордағы подшипниктердің температурасын бақылау, майлау және жабдықты ұсақ жөндеу. Аспирационды жүйені қосу және тоқтату, оны жұмыс уақытында көзбен қарау. Қарау люктарын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін басқа да жабдықтың, блоктаушы және қосу құрылғыларының құрылымын, техникалық сипаттамасын; вальцілі станоктарды қосу және белгіленген ұнтақтау режиміне сәйкес жұмысын реттеу ережесін; тұз ұнтақтау технологиясының мәнін; ұнтақталған тұздың гранулометриялық құрамын; жабдық жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін; ұнтақталған материалға қойылатын талаптарды.


§ 8. Механикалық таптауыш машинисі

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұндыру және дайындау бассейндерінің негізі мен бұрыштарын механикалық таптауышпен таптау. Төсемді орнату және таптауышты бассейннен бассейнге жеткізу. Таптауышқа жанар-жағармай материалдарын құю. Таптауыш механизмдерінің жұмысын реттеу және ұсақ жөндеу.

Білуге тиіс: механикалық таптауыштың құрылымын, техникаолық сипаттамасы мен пайдалану ережесін; топырақты таптауың ережесі мен схемасын; бассейндердің орналасуын, құрылымы мен нысанын; жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, олардың маркалары мен қасиеттерін; топырақтың қасиеттеріне қарай оған жол берілетін шекті қысым шамасын және оны реттеу тәсілдерін; таптауыш жұмысында ақаудың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

9. Тұзды байыту қондырғысының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Іштен жану қозғағыштарына жанар-жағармай материалдарын құю. Ортадан тепкіш насосотардың жұмысын реттеу. Тұзды байыту қондырғысының механизмдерін майлау, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тұзды байыту қондырғысының құрылымын; майлау жүйесін, қолданылатын жанар-жағармай материалдарын, олардың маркалары мен қасиеттерін; отынның және жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын.

10. Тұзды байыту қондырғысының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көл тұзын жуумен немесе флотация әдісімен байыту. Тұзды ұнтақтау. Тұзды су мен тұщы суды байыту қондырғысына айдау, оған тұзды салу және түсіріп алу. Ортадан тепкіш насостардың, байыту қондырғысының, жуу машиналарының, ұнтақтау қондырғыларының, тасымалдау құрылғыларының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: тұзды байыту қондырғысының, іштен жану қозғағыштарының, ортадан тепкіш насосотардың, жуу машиналарының, ұнтақтау қондырғыларының, тасымалдау құрылғыларының құрылымын, техникалық сипаттамасын; тұздың қасиеттері мен сапасына қарай байыту технологиясының мәні мен режимі параметрелерін; байыту қондырғысының жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оның алдын алу, жою тәсілдерін.

11. Тұз комбайнының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды және тұз блоктарын тасымалдау құралдарына тиеу кезінде тұз комбайнының механизмдерін басқару. Ұнтақтау қондырғылары мен элеваторлардың жұмысын реттеу. Тұз комбайнын көлдегі жұмысқа дайындау. Май құю қондырғысының кабелін қосу. Тұз комбайнына жанар-жағармай материалдары мен су құю. Темір жолдар мен көлік құралдарын тексеріп қарау. Тұз комбайнын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тұз комбайны механизмдерінің жекелеген тораптарының: элеватордың, транспортерлердің, қабылдау бункерінің, тиеу құбырының және оны басқару айлабұйымдарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; көлде орналастқан темір жолдарға қойылатын техникалық талаптарды; тұзды теміржол вагондарына тиеу және электр жабдықтарымен жұмыс еістеу ережесін; тұз комбайны механизмдерінің майлау жүйесін; жанар-жағармай материалдарының шығыс нормаларын, олардың маркалары мен қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оның алдын алу, жою тәсілдерін.

§ 12. Тұз комбайнының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды және тұз блоктарын өндіру және тасымалдау құралдарына тиеу кезінде тұз комбайнын біліктілігі анағұрлым жоғары комбайншының басшылығымен басқару. Тұз комбайны көлдегі иемір жолмен қозғалған кезде тұз қабатын қопсыту. Тұз комбайны техникалық жай-күйін тексеру. Қопсытқыштың кесу тістерін, кесу араларын ауыстыру. Қопсытқыштың көтеру шығырларын басқару. Тұз комбайны жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу. Дабылдарды қадағалау.

Білуге тиіс: тұз комбайндарының, іштен жану қозғағыштарының құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; көлде орналастқан темір жолдарға қойылатын техникалық талаптарды; тұзды теміржол вагондарына тиеу және электр жабдықтарымен жұмыс еістеу ережесін; тұз комбайны механизмдерінің майлау жүйесін; тұз комбайндарының жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оны жою тәсілдерін; электротехника негіздерін.


§ 13. Тұз комбайнының машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды және тұз блоктарын өндіру және тасымалдау құралдарына тиеу кезінде тұз комбайнын басқару. Электр стансасын, тұз комбайнының негізгі тораптары мен механизмдерін: іштен жану қозғағыштарын, электрогенератор мен насос қондырғыларының электр жабдығын, компрессорларды қосу, олардың жұмыс режимін реттеу. Бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштерін, траншея қабағының жай-күйін, өндірілетін және байытылатын тұздың сапасын қадағалау. Бұрма раманы жасау және қопсытқышты бұру. Электр қондырғысын құлаудан қорғау.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 14. Тұз жинау комбайнының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық жүйемен жабдықталмаған тұз жинау комбайнын басқаруға қатысу. Қабат астына тұз жинау комбайнының алу пышақтарын енгізу кезінде тұз қабатын сындыру. Алу пышақтарын тұз қабатын енгізу және қабаттың сыну процесінде олардың орналсуын реттеу. Көлік құралдарын бассейнде тұз артуға қою және жылжыту. Тұздан бөгде қоспаларды бөліп алу. Комбайнды қайта жылжытуға арналған құрылғыларды дайындау. Тасымалдау құрылғылары жұмысындағы ақауларды жою. Тұз жинау комбайндарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін тұз жинау комбайндарының алу бөліктерінің, тасымалдау құрылғыларының жұмыс принципін; тұз қабатын сындыру, алу пышақтарын тұз қабатына енгізу, көлік құралдарын тұз тиеу бассейндегі теміржолдар мен транспортерлердің қою және жылжыту ережесін; бассейндердегі негіздің шылаулы топырақ қасиеттерін; ылғалдылықтың шекті шамасын және тұз қабатының құрылу ерекшіліктерін; комбайнды қайта жылжыту тәсілдерін.

§ 15. Тұз жинау комбайнының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайнын басқаруға қатысу. Қабат астына тұз жинау комбайнының алу пышақтарын енгізу және бассейндегі қабатты сындыру кезінде олардың орналасуын реттеу. Көлік құралдарын бассейнде тұз артуға қою және жылжыту. Көлік құралдарын басқа бассейндерге ауыстыру. Комбайнды майлау. Гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайнының жұмысындағы ақауларды жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайндарының алу бөліктерінің құрылымын; гидравликалық жүйенің жұмыс принципін.

§ 16. Тұз жинау комбайнының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық жүйемен жабдықталмаған тұз жинау комбайнын, тұз өндіру және оны бассейндердегі көлік құралдарын тиеу кезінде басқару. Бассейннің шылаулы түбін тегістеу. Қозғағышты іске қосу, тұз жинау комбайндары механизмдерінің жұмысын реттеу. Қабаттың дұрыс әзірленуін қамтамасыз ету. Комбайнды майлау басқа бассейндерге ауыстыру. Тұз жинау комбайнын жөндеу.

Білуге тиіс: гидравликалық жүйемен жабдықталмаған тұз жинау комбайндарының; іштен жану қозғағыштарын, комбайнның тораптары мен механизмдерінің жұмысын реттеу ережесін; электр жабдығымен жэұмыс істеу ережесін; тұз жинау комбайнының тұз өндіру және оны тиеу кезіндегі жұмыс режимі параметрлерін; тұздың физикалық-механикалық қаиеттерін; бассейндеордің орналасуын; комбайн жұмысындағы ақаулардың пайда болуы себептерін және оларды жою тәсілдерін; күрделілігі орташа сызбалар мен схемаларды; электрослесарь ісін.

§ 17. Тұз жинау комбайнының машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық жүйемен жабдықталған тұз жинау комбайнын, тұз өндіру және оны бассейндердегі көлік құралдарын тиеу кезінде басқару. Комбайнды іске қосу, гидрожүйенің және комбайнның басқа да механизмдерінің жұмысын реттеу, оларды жөндеу.

Білуге тиіс: гидрожүйенің бұру механизмінің және комбайнның басқа да тораптары мен механизмдерінің құрылымы мен реттеу ережесін; қолданылатын тұз жинау комбайндарының конструктив ерекшеліктерін; жоғары күрделі сызбалар мен схемаларды; гидравлика негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 18. Рапо айдаушы-моторшы

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Рапаны қоректендіру арналары бойынша дайындық және тұндыру бассейндеріне беру кезінде насос стансаларын басқару. Маточникті бассейндердің маточник арналары бойынша айдау. Іштен жану қозғағыштарының, электр қозғағыштардың, түрлі үлгідегі насостардың жұмысын реттеу және рапаны дайындық және тұндыру бассейндеріне берілуін реттеу. Іштен жану қозғағыштарына жанар-жағармай материалдарын құю. Насос стансасының барлық тораптары мен механизмдерін майлау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: іштен жану қозғағыштарының, электр қозғағыштардың, түрлі үлгідегі насостардың құрылымын, техникалық сипаттамасы мен жұмыс принципін; рапаны дайындық және тұндыру бассейндеріне беру және маточник тұндыру бассейндерінен айдап шығару ережесін; майлау режимі параметрлерін және қолданылатын жанар-жағармай материалдарын; жабдықтың жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

§ 19. Бассейндерде тұзды үймелеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үйінді астындағы тұз қабатын сындыру. Тұзды стасымалдау құралдарына үймелеу. Шылау кесектерін алу. Бассейндерде жылджымалы транспортерлерді орнату. Транспортерлерді үйменің жылжыуына қарай жылжыту. Транспортер жанындағы тұз шашырандысын жинау. Транспортерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: үйінді астындағы тұз қабатын бөлу мен тұзды транспортерге тиеу, тұзды щһшылаудан ажырату тәсілдері мен ережесін; транспортердің құрылымы мен оларды қосу схемасын; бассейнде транспортерді орнату мен жылжыту, тұзды транспортерден транспортерге беруді реттеу ережесін; транспортер жұмысында ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.


§ 20. Бассейндерді дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұндыру бассейндеріндегі тұз қабатын, сызық сала отырып квадраттарға бөліп белгілеу. Басссейндердің ауданын ауданын анықтау.

Білуге тиіс: тұзды киркалау ережесі мен тәсілдерін; түрлі еометриялық нысандағы аудандарды квадраттарға бөліп белгілеу және олардың ауданын анықтау ережесін; өндірілетін тұздың және бассейн негізіндегі топырақтың механикалық қасиеттерін.
§ 21. Бассейндерді дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұндыру бассейнін тегістеу, жоспарлау және таптау. Топырақты кесу, шылау кесектерін ұсату, түбін тегістеу, тұндыру бассейндеріндегі бұрыштарды таптау. Кәсіпшілік құрылғыларын: арналарды, дамбылар мен шлюздерді қарау және жөндеу. Құйма, дренажды және таратып бөлу арналарын тазарту.

Білуге тиіс: кәсіпшілік құрылғылары мен қолмен таптауыштың құрылымын; таптауышты топыраққа батыруды реттеу тәсілдерін; тұндыру бассейндерінің түбін жоспарлау және таптау тәсілдері мен ережесін; бассейн бойынша жылжы тәсілдерін.

§ 22. Бассейндерді дайындаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұздаманы олардың концентрациясына қарай дайындық бассейндеріне таратып бөлу. Рапаны бассейндерінің ауданында беруге дайындау. Тұндыру алаңынан тұздаманы, жаңбыр суын, оларды кейіннен көлге жібере отырып алу. Тұздың, бромның, гипстің болуына қарай рапаның химиялық құрамын анықтау. Рапаның концентрациясын анықтау.

Білуге тиіс: тұндыру және дайындық бассейндерінің орналасуын, құрылымы мен нысанын; тұздың, бромның, гипстің болуына қарай рапаның химиялық құрамын; тұздаманың бассейндер бойынша жылжуы мен тұздама концентрациясын анықтау ережесін.


§ 23. Көлдегі жол жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көлдегі темір жолдар мен бұрмаларды ағымдық жөндеу. Шпалдарды, байламдарды, бұрмалар мен рельстерді жұмыс орнына жеткізу. Рельсті кесу, тегістеу, майыстыру. Тростың орнын ауыстыру, жолдарды механикаландырылған тәсілмен жылжыту кезінде ілмекті рельске ілу. Шпалдарды, рельсті, болттарды, салмаларды, төсемді, балдақтарды ауыстыру. Саңылауды реттеу, жолды бекіту. Рельсті құрастыруға, көлдегі немесе бассейндегі рельс бөліктерін төсеуге, жылжытуға қатысу. Орын ауыстыру дабылдары мен көлдегі жол белгілерін орнату және күту.

Білуге тиіс: теміржолдардың орналасуын, оларды көл мен бассейнде ұстаудың техникалық шарттары мен нормаларын; қызмет көрсететін учаске жолының бейінін; бұрмалардың, рельстің, шпалдар мен байламдардың типтерін; жік саңылауларын ұсату шарттарын; жолды техникалық қараудың тәртібі мен мерзімін; айдап кетуге қарсы айлабұйымдардың схемасын; жолдың бұзылуының алдын алу және оның жекедеген элементтерінің қызмет ету мерзімсін ұзарту жөніндегі іс-шараларды.

§ 24. Көлдегі жол жұмысшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көлдерде немесе бассейндерде жол айырықтарын құру, теміржолды рихтовкалау, қайта пішу, тұзбен өңдеу және жылжыту. Темір жолдар мен бұрмаларды ағымдық жөндеу. Шпалдарды, байламдарды, бұрмалар мен рельстерді жұмыс орнына жеткізу. Бейінді және қарсы салмақты тегістеуге арналған шпал дестелерін орнату. Рельстерге тесік бұрғылау. Көлдегі жол шаруашылығы механизмдерін жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: теміржолдарды төсеу кезінде жол берілетін тереңдік пен көлдегі рапаның тығыздығын; көл мен бассейнде ұстаудың техникалық шарттары мен нормаларын; теміржол бөліктерін, бұрмалар мен көлдің немесе бассейннің түбіндегі айырықтардың құрылымын; рельсті бұрғылау станогын реттеуді; жасанды құрылғылардың, жол бұрмасының құрылымын; рельсті бұрғылау станогының, жол бұрмасының жұмысында ақаулардың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін.

§ 25. Көлдегі жол жұмысшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұз қабаты бойынша жолдар мен бұрма жолды төсеу. Жүзбелі жол жылжытқыштар мен жол көтергіштерді басқару. Көлдерде немесе бассейндерде жол айырықтарын құру, теміржолды рихтовкалау, қайта пішу, тұзбен өңдеу және жылжыту. Темір жолдар мен бұрмаларды ағымдық жөндеу. Жоғары жол құрылысы материалдарын ауыстыру есебі кітабын жүргізу. Көлдегі жылжымалы дабылдар мен жол белгілерінің орнатылған жерлерін анықтау.

Білуге тиіс: жолдар мен жол құрылғыларының конструкциясын; көлдің түбінде жол салу мен бұрма жолды төсеу ережесін; көлдегі қисық темілжол бөлігін ұсату шарттарын; қисық жолдарды түзеуді есептеу әдісі мен жолдарын; жол жұмыстарын өлшеу және есептеу ережесін; көлдің түбіндегі шылаулы топырақтың қасиеттерін; қабаттың шөгу қуатының шамасы мен қабаттағы тұздың физикалық-механикалық қсаиеттерін; қолданылатын жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы себептерін және оларды жою тәсілдерін.

§ 26. Тұз комбайнындағы құбыршы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды көлік құралдарына тиеу. Комбайннан тұздың түсу ағынын реттеу. Комбайнның тасымалдау құралдарының (элеватордың, қабылдау бункерінің, тиеу құбырының) жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою. Тасымалдау құралдарының жылжуын қадағалау.

Білуге тиіс: элеватордың, қабылдау бункерінің, тиеу құбырының құрылымын; тұзды көлік құралдарына тиеу ережесін; тұздың сапасына қойылатын талаптарды; қолданылатын жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы анықтау және оларды жою тәсілдерін.

II. Пісірілген тұз өндірісі




§ 27. Тұздың буын кетіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды судың буын кетіру және тұзды кристалдау процесін пісіру қондырғыларында (чрендарда) жүргізу. Чреннен тұзды күреп алу, оны колпактағы бөлмелерге таратып бөлу. Тұзды кептіру қондырғыларында кептіру. Чренді тұзды сумен толтыру. Тұзды судың температурасы мен деңгейін өлшеу. Пісіру қондырғысы жұмысының жылу режимін реттеу. Чрендегі тұзды араластыру. Чренді қақтан тазарту. Чренді, күреп алу механизмдері мен тасымалдау құрылғыларын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: буын кетіру және кептіру қондырғыларының, күреп алу механизмдері мен тасымалдау құрылғыларының құрылымы мен райдалану ережесін; тұзды күреп алу, оны колпакта таратып бөлу ережесін; жылыту жүйесі мен чренді тұзды сумен толтыру схемасын; тұзды судың шекті концентрациясы мен жұмсау нормасын; қосу аппаратурасын пайдалану ережесін; чрен тақтасын қақтан, кептіру алаңын тұз бен күлден тазартудың ережесі мен тәсілдерін; жабдықты майлау режимінің параметрлері мен қолданылатын жанар-жағармай материалдарын; қолданылатын жабдықтың жұмысында ақаудың пайда болуы анықтау және оларды жою тәсілдерін.


§ 28. Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды су өндіру ұңғымасын іске қосу, тоқтату жөніндегі технологиялық операцияларды орындау және технологиялық схемаларды құрастыру және бөлшектеуге біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен қатысу. Насос жабдығы мен аспаптарына қызмет көрсету. Ақпарат үшін КИПиА аспатарының көрсеткіштерін түсіру. Технологиялық құбырлар мен арматураның жай-күйін бақылау.Күрделі емес жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тасты тұздың пайда болу негіздерін; тұзды су өндіру ұңғымасының конструкциясын; тұзды су өндірудің технологиялық схемасын; слесарь ісі, электротехника, тұзды су өндіру ұңғымасы құрылысының негіздерін.

§ 29. Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды су өндіру жөніндегі технологиялық процесті бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жүргізу. Жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау. Ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөнінегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, КИПиА аспаптарының, құбырлардың жұмысын бақылау. Технологиялық құбырлар мен арматураның жай-күйін бақылау.Күрделі емес жабдықты жөндеуге қатысу. Ұңғымаға берілетін аралас маточник пен өндірілетін тұзды су сынамасын алу, олардлы зертханаға беру. Ұңғыма ме басқа да тұзды су өндіру жабдығының жұмысындағы байқалған ақаулар туралы жұмыс басшысына және біліктілігі анағұрлым жоғары операторға ақпарат ұсыну.

Білуге тиіс: тұз кен орнының пайда болуы туралы негізгі ұғымдарды; тұзды су өндіру ұңғымасының конструкциясын; тұзды су өндірудің технологиялық схемасын; слесарь ісі, электротехника, тұзды су өндіру ұңғымасы құрылысының негіздерін; қолданылатын құралдар мен айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, пайдалану ережесін; тұзды су өндіру ұңғымалары мен насос агрегаттарын қосу және тоқтату ережесін; ұңғымадағы тұзды су-ерітпеуіш шекарасын бақылау әдістерін; қызмет көрсететін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика құралдарының құрылымын.

§ 30. Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды су өндіруді бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен және өндірілген тұзды келесі операцияларға 3-5 км. қашықтыққа айдау жөніндегі технологиялық процесті жүргізу. Жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау. Ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөнінегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, құбырлардың жұмысын бақылау. Жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларын, коммуникациялдарды бөлшектеу және монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету. Тұзды су жөніндегі технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу. Ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және тапсыру, автоматика и телемеханика құралдарының жұмысын бақылау. Ұңғымалардың зерттеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: тұз кен орнының пайда болуы туралы негізгі ұғымдарды; тұздың, тұзды судың физикалық-химиялық қасиеттерін; тұзды су өндірудің технологиялық схемасын; слесарь ісі, электротехника, тұзды су өндіру ұңғымасы құрылысының негіздерін; қолданылатын құралдар мен айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, пайдалану ережесін; тұзды су өндіру ұңғымалары мен насос агрегаттарын қосу және тоқтату ережесін; тұзды су ұңғымаларын бұрғылау мен игеру техникасы мен технологиясы негіздерін.

§ 31. Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды су өндіруді бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен және өндірілген тұзды келесі операцияларға 3-5 км. қашықтыққа айдау жөніндегі технологиялық процесті жүргізу. Ұңғыманың жұмыс режимін қолдау және жақсарту жөнінде геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру. Ұңғыманың және өнімділігі тәулігіне 500 куб.м. ортадан тепкіш насостардың жұмыс режимін игеру және қажетті жұмыс режиміне шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау. Ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөнінегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, құбырлардың жұмысын бақылау. «Экстра» тұзын алу үшін тұзды суды өндіру және өндіріске қайта айдау жөніндегі процесті жүргізу жөніндегі жедел ақпарат. Жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларын, коммуникациялдарды бөлшектеу және монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету. Тұзды су жөніндегі технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу. Ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және тапсыру, автоматика и телемеханика құралдарының жұмысын бақылау. Ұңғымалардың зерттеу жұмыстарына қатысу. Ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Күштік және жарық беру желісіндегі, қосу-реттеу аппаратурасы мен электр қозғағыштың күрделі емес ақаулардың себептерін анықтау және жою. Біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық ету.

Білуге тиіс: тұзды суды дайындап жуу және өндіру процесі технологиясые, жер астындағы және жер үстіндегі жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен құрылымын; ұңғыманы жер астында және күрделі жөндеу түрлерін; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымын және пайдалану ережесін; қызмет көрсететін аппаратураның, автоматиканың монтаждау және принципті схемаларын; электротехника, автоматика негіздерін; энергиямен қамтамасыз ету, су, кәріз, жылу желілерінің құрылымын; бақылау-өлшеу аспаптарынаың құрылым мен оларға қызмет көрсету; тұзды су өндіру ұңғымалары мен насос агрегаттарын іске қосу және тоқтату ережесін; ұңғымадағы тұзды су-ерітпеуіш шекарасын бақылау әдістерін.

§ 32. Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды су өндіруді бұрғылау ұңғымалары арқылы тас тұзды жер астында еріту әдісімен және өндірілген тұзды келесі операцияларға 3-5 км. қашықтыққа айдау жөніндегі технологиялық процесті жүргізу. Ұңғыманың, өлшеу қондырғыларының, қыспа насостары мен компрессор стансаларының үздіксіз жұмысын және қолдау, жақсарту жөнінде геологиялық-техникалық іс-шараларды бақылауды жүзеге асыру. Еңбек өнімділігі тәулігіне 1200 куб.м. ортадан тепкіш насостарды жұмыс режиміне шығару және шикі тұзы суға арналған стандарт талаптарына сәйкес ұңғыма тұзды суын алуға дейінгі айдап шығарылатын тұзды су параметрлеріне бақылау жүргізу. Жабдықтар мен механизмдерге қызмет көрсету, бөлшектеу және монтаждау. Ұңғымалардың берілген жұмыс режимін ұстау жөнінегі жұмысты жүзеге асыру, технологиялық жабдықтың, насос агрегаттарының, жаппа аппаратурасының, құбырлардың жұмысын бақылау. Ұңғымалар бойынша есептерді ж.үгізу және деректерді өңдеуге басшылық ету. Жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларын, коммуникациялдарды бөлшектеу және монтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету. Тұзды су жөніндегі технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу. Ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және тапсыру, автоматика и телемеханика құралдарының жұмысын бақылау. Ұңғымалардың зерттеу жұмыстарына қатысу. Нысандарды жерасты (ағымдық) және күрделі жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу. Ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қосу электр жабдығын, басқару стансасын, автоматика және телемеханика блоктарын, монтаждауға қатысу, автоматика және телемеханика жүйелеріндегі бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау. Тұзды судың есебін бақылау. Учаскеге қызмет көрсетудің вахталық құжаттамасын жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық ету.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; тұзды су өндіру ұңғымалары мен жабдықтың техникалық сипаттамасы мен құрылымын; ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу түрлерін; ұңғыманы игеру және зерттеу, тұзды су өндіруді интенсифтендіру әдістерін; автоматика, телемеханика бағдарламалық құрылғыларының, кәсіпшілікті кешенді автоматтандыру кезінде қолданылатын жүйелердің құрылымы мен пайдалану ережесін, автоматика және телемеханика негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 33. Тұзды суды химиялық тазарту реакторшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзды суды тазарту процесін жүргізу. Тұзды суды тазарту үшін реактивтерді дайындау. Булау қондырғыларын иазартылған тұзды сумен үздіксіз қамтамасыз ету. Тұзды су мен сода ерітінсдісінің температурасын өлшеу.

Білуге тиіс: тұзды суды тазартудың технологиялық схемасын; химиялық реактивтердің химиялық құрамын және жасау ережесін; химиялық реактивтер мен тұзды суды сандық пропорциясын; реакторлардың, каустификаторлардың, тұндырғыш пен басқа да қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін; реакторжы жууға тоқтату мен оны жуы тәсілдерін.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Разрядтар диапазоны

БТ

БА

шығарылым






Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

I. ТАСТЫ, ӨЗДІГІНЕН ШӨГЕТІН ЖӘН ШӨГЕТІН АС ТҰЗЫ ӨНДІРІСІ

1.

Тұзды байыту қондырғысының аппаратшысы

3-4

Тұзды байыту қондырғысының аппаратшысы

3-4

51
Тұз өнд.




2.

Көлде тұз өндіру агрегаттарының машинисі

3;5

Көлде тұз өндіру агрегаттарының машинисі

3;5

51

-"-


3.

Вальцілі станоктардың машинисі

2-4

Вальцілі станоктардың машинисі

2-4

51

-"-


4.

Механикалық таптауыш машинисі

4

Механикалық таптауыш машинисі

4

51

-"-


5.

Тұзды байыту қондырғысының машинисі

3;5

Тұзды байыту қондырғысының машинисі

3;5

51

-"-



6.

Тұз комбайнының

машинисі


4-6

Тұз комбайнының

машинисі


4-6

51

-"-


7.

Тұз жинау комбайнының машинисі

3-6

Тұз жинау комбайнының машинисі

3-6

51

-"-



8.

Рапо айдаушы-моторшы

4

Рапо айдаушы-моторшы

4

51

-"-

9.

Бассейндерде

тұзды үймелеуші



4

Бассейндерде

тұзды үймелеуші



4

51

-"-


10

Бассейндерді дайындаушы

2-4

Бассейндерді дайындаушы

2-4

51

-"-


11

Көлдегі жол жұмысшысы

3-5

Көлдегі жол жұмысшысы

3-5

51

-"-


12

Тұз комбайнындағы

құбыршы


2

Тұз комбайнындағы

құбыршы


2

51

-"-

Пісірілген тұз өндірісі

13

Тұздың буын кетіруші



4

Тұздың буын кетіруші



4

51

Тұз өнд.


14

Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

2-6

Тұзды су өндіру ұңғымасының операторы

2-6

51

-"-



15

Тұзды суды химиялық тазарту реакторшысы

4

Тұзды суды химиялық тазарту реакторшысы

4

51

-"-

































































































































































































жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау