Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым


«САУДА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ» бөлімі



жүктеу 4,95 Mb.
бет18/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


«САУДА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ» бөлімі

§ 1. Бармен

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Келушілерге бар тұғырынан тұтынуға дайын алкогольсіз және бәсең алкогольді ішімдіктерді (сыра, жеміс және минералды сулар), кондитер тағамдарының мен алкогольсіз және алкогольді ішімдіктердің, салқын және ыстық тағамдар мен басытқылардың шектеулі ассортиментін дайындай отырып ұсынып қызмет көрсету. Ішімдіктерді, тамақ пен өнімдерді қабылдап алу және оларды қажетті режимді ескере отырып сақтау. Сөрелерді және бар тұғырын безендіру, оларды үлгілі жағдайда ұстау. Музыкалық аппаратураны (проигрывателльдер, моно- и стереомагнитофондар немесе музыкалы автоматтар) пайдалану және оларға қызмет көрсету. Келушілердің өздерін мәдениетті ұстауын қадағалау. Қажетті есепті жүргізу, тауар есептемесін жасау және тапсыру. Қолма қол ақшаны, чектарды тапсыру.

Білуге тиіс: кондитер тағамдары мен алкогольсіз және алкогольді ішімдіктердің, салқын және ыстық тағамдар мен басытқылардың шектеулі ассортиментін дайындаудың ассортиментін, рецептурасын, технологиясын; барлардағы сатылатын тұтынуға дайын алкогольсіз және бәсең алкогольді ішімдіктермен, кондитер тағамдарының ассортиментін, олардың тауарлық сипаттамаларын, босату және бар тұғырына қойылу ережесін; ішімдіктерге, салқын және ыстық тағамдар мен басытқыларға бағаты түзу ережесін; екінші және бірінші санаттағы барларда келушілерге қызмет көрсету этикетң мен ережесін; тұтынушылармен есеп айырысу ережесін; барларла қолданылатын жабдықтар мен музыкалы аппаратураны пайдалану ережесі мен жұмыс принципін; тауар есептемесін жүргізу және жасау, қолма қол ақшаны, чектарды тапсыру ережесін.


§ 2. Бармен

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Келушілерге бар тұғырынан тұтынуға дайын алкогольді ішімдіктерді (шарап, коньяктар, ликерлер), кондитер тағамдарының мен алкогольсіз және бәсең алкогольді ішімдіктердің мол ассортиментін: күшті, десертті, көбікті, жемісті, жұмыртқамен, қабатты коктейльдерді, крюшондарды, пунштарды, грогтарды, глинтвейктерді, дейздер мен басқа да ішімлдіктерді дайындай отырып ұсынып қызмет көрсету. Шейкерлердегі, крюшонницаалардағы ішімдік компоненттерін инструменттер мен механизмдердің көмегімен араластыру. Әртүрлі суық және ыстық басытқыларды: сандвичтерді, канапе, сосискилерді, шұжықты, қамырдағы ветчинаны, фаршталған жұмыртқаны, жемістер мен жидектерден жасалған салатты, тұзды миндальді, қаймақты, маслиналарды, печенье мен т.б. дайындау. Тұтынушыларды қарсы алу, оларды сатылатын ішімдіктердің ассортиментімен және рецептурасымен таныстыру. Біліктілігі анағұрлым төмен бармендерге басшылық ету және жұмысын ұйымдастыру.

Білуге тиіс: кондитер тағамдары мен алкогольсіз және бәсең алкогольді ішімдіктердің, салқын және ыстық тағамдар мен басытқылардың мол ассортиментін дайындаудың ассортиментін, рецептурасын, технологиясын; барлардағы сатылатын тұтынуға дайын алкогольсіз және бәсең алкогольді ішімдіктермен, кондитер тағамдарының, шарап, коктейль-барларда, коктейль-холлдарда және басқа да барларла сатылатын, сатып алынатын тауарлардың түрлерін, ассортиментін, рецептурасы мен дайындау технологиясын; барда пайдаланылатын айлабұйымға, асхана ыдыстарына, аспаптарға, жабдыққа (мұзды генераторлар мен т.б.) қойылатын талаптарды; жоғары санаттағы және люкс санатындағы барларда келушілерге қызмет көрсету этикеті мен ережесін.


§ 3. Буфетші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұтынуға дайын кулинарлық өнімдерді: суық тағамдар мен басытқыларды, ыстық екніші тағамдарды, тәтті тағамдарды, ыстық сусындарды, наннан жасалған кулинарлық және кондитерлік өнімдерді, сүт және басқа да тамақтарды чекам бойынша немесе қолма қол ақшаға босату. Тағамды турау, өлшеу, үлестеу, тарелкалар мен басқа да ыдыстарға салу, стакандарға құю. Босатылатын даналы және өлшенетін тауарларды буып-түю. Тауар құнын есептеу, тұтнушылармен есеп айырысу. Қабылдау-тапсыру құжаттары бойныша өнімдер мен тауарларды алу, ассортиментін, саны мен сапасын тексеру, стандартсыз тауарларды сұрыптау және бұзылуының алдын алу. Өнімдер мен тауарларды сатуға дайындау, буфет сөресіне қою, баға белгілерін жапсыру. Таразыларды тексеру. Тамақ қалдықтарын, тараны, шыны ыдыстарды, макулатураны жинау және тапсыру. Қажетті есепті жүргізу, тауар есептемесін жасау және тапсыру. Қолма қол ақшаны, чектарды тапсыру.

Білуге тиіс: буфетте қелушілерге қызмет көрсету және олармен есеп айырысу ережесін; буфет арқылы сатылатын тұтынуға дайын өнімнің ассортиментін, қасиеттерін, бомату нормаларын; буфеттегі сауда-технологиялық жабдықты, өлшеу таразы аспаптарын пайдалану ережесін; таразыны тексеру, кір тастарын таңбалау мерзімін; пайдаланылатын асхана ыдысыныңғ аспаптар мен айлабұйымдардың атауы мен нысанын; стандартқа сәйкес келмейтін кулинарлық тағамдар мен тауарларды сыртқы белгілері бойынша бракқа шығару тәсілдерін; тауарларды сақтау мен босатудың мерзімі мен температуралық режим параметрлерін; тауар есептемесін жасау және қолма қол ақшаны тапсыру ережесін.

§ 4. Буфетші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Буфеттер арқылы сатылатын: мектептегі таңғы асты, бутербродтарды, қуырылған жұмыртқаны, сосискиді, сарделкиді, ыстық және суық сусындардың шектеулі ассортиментін дайындау және босату. Тамақты ысыту.

Білуге тиіс: кулинарлық өнімдердің шектеулі ассортиментін: бутербродтарды, қуырылған жұмыртқаны, сосискиді, сарделкиді, ыстық және суық сусындарды және т.б. дайындаудың технологиясы мен рецептурасын, босату ережесін; сатылатын тағамның, тауарлардың, кулинарлық және кондитерлің өнімдердің тауар-технологиялық сипаттамасын; дастарханды безендіру ережесін; тамақ пен өнімдерді кесу, үлестеу және безендіру ережесін; тауарды сөрелерде, буфет тұғырында, тоңазытқыш шкафтарында орналастыру мен қоюдың тәсілдері мен ережесін.

§ 5. Буфетші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Буфеттер арқылы сатылатын кулинарлық өнімді: балық, уылдырық және басқа да гастрономиялық өнімдер қосылған бутербродтардың мол ассортиментін дайындау және босату. Алкогольді ішімдіктерді арнаулы ыдыстарға құю. Тапсырыс берілген тағамдарға сәйкес шарап-арақ өнімдерін іріктеу. Сөрелерді безендіру, дастарханды жасау.

Білуге тиіс: кулинарлық өнімдердің шектеулі ассортиментін: бутербродтарды, қуырылған жұмыртқаны, сосискиді, сарделкиді, ыстық және суық сусындарды және т.б. дайындаудың технологиясы мен рецептурасын, босату ережесін; жекелеген тауарларды босатудың ережесін (температурасын, түрлі шарап, шарап-арақ, кулинарлық және кондитерлік өнімдердіғ сусындарды, жемістер және т.б. босату нормасын); сусынды, шарапты құю ережесін; пайдаланылатын ыдыс түрлерін; виды используемой посуды; шарап-арақ өнімдерінің тапсырыс берілген тағамдарға сәйкес болуы ережесін.

§ 6. Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындау кезінде қосалқы жұмыстарды орындау; ұнды, кітірлек нанды елеу, льезон дайындау, лас жерлерді жуу, еттің, құстың таңбасын алу, етті жуу, кептіру. Ішек-қарынды бөлу және тазалау; сіңірлерін, майларын, қан қатпаларын және т.б. кетіру.Сиыр, бұзау, қой және басқа ұшалардың төсі мен мойын бөліктерін сіңірлеу: сіңірлерін, ірі қан қатпаларын, тамырларын, сүйек, шеміршек қалдықтарын және т.б. алу. Ет пен ішек-қарынды белгіленген мөлшердегі кесектерге кесу және тараға салу. Дайын жартылай фабрикаттарды ұнға аунату және оларды лотоктарға, табаларға салу. Тамақ қалдықтарын жинау және тапсыру.

Білуге тиіс: ет пен ішек-қарынды тазарту және сіңірлеу тәсілдерін; өңделетін ұшалардың бұлшық ет, май және қосынды бөліктерінің орналасуын; әртүрлі жартылай фабрикаттарды ұнға аунатудың ережесі мен түрлерін; льезон дайындау компоненттерінің арақатынастары мен ережесін; тамақ қалдықтарын жинау, сақтау және тапсыру ережесін; пышақтарды қайрау және түзеу ережесін.

§ 7 Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындау кезінде шикізатты алғашқы өңдеудің қарапайым процестерін жүргізу. Картопты, көкөністер мен әшкөкті, жемістерді машинамен немесе қолмен тазалау. Картопты және тамырлы дақылдарды машинамен белгіленген қалдық нормаларын сақтай отырып тазалау процесін қадағалау. Картопты және тамырлы дақылдарды машинамен тазалағаннан кейін көздерден, дақтардан, қалған қабықтан тазарту. Картопты және тамырлы дақылдарды машинамен немесе қолмен сұрыптау, калибрлеу, жуу. Картопты және тамырлы дақылдарды машинаға тиеу. Сиыр, бұзау, қой және басқа ұшалардың жауырыны мен қалың еттерін сіңірлеу. Етті тазалау. Пышақтарды қайрау және түзеу.

Білуге тиіс: картопты, көкөністер мен әшкөкті, жемістерді машинамен немесе қолмен алғашқы өңдеудің техникалық ережесін; дайын жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптарды; картопты және тамырлы дақылдарды тазалау кезінде жорл берілетін шекті қалдық нормаларын.

§ 8. Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай фабрикаттарды дайындау кезінде шикізатты алғашқы өңдеудің күрделілігі орташа процестерін жүргізу. туш, Ірі және ұсақ малдың жартылай ұшасын, ұшасын оларды бұзу схемасына сәйкес кулинарлық мүшелеу. Бұзау, қой төстерін шеміршегінен ажырату. Ұшаның төс-белдеме бөлігін блектеу. Бұлшық, май және сіңір тіндерін сүйекте етғ етте сүйек қалдырмай ажыратып бөлу. Сүйекті еттен толық тазарту. Ұшалардың омыртқа-белдеме бөлігі мен артқы аяғын сіңірлеу. Сүйекті арамен кесу. Балық түрлерін мүшелеу. Ұшаларды фиксациялау әдісімен өңдеу. Ішек-қарынды үлестеп бөлу. Еттен, балық пен көкөністен котлет массасын, пельмен, вареник дайындау. Картопты сульфитациялау. Картопты сульфитациялаудан кейін жуу. Сульфитациялау ерітіндісін жасау, оны белгілі бір пропорцияда ыдыстарға құю. Қуыратын, пісіретін самасаға және басқа да тағамжарға доржылы қамыр ашыту. Қамырды бөлу. Етті сұрып түрлері бойынша: бүйір, сыртқы бөлік, үстіңгі, астыңғы бөліктерге бөлу. Сүйекті түрлері бойынша сұрыптау. Еттен шағын кесекті жартылай фабрикаттарды: бефстроган, азу, гуляш, рагу, палауға және т.б. бөлу. Кейінгі жылумен өңдеу түріне қарай балықты үлестеп қабықты, қабықсыз филе, омыртқаменжәне омырқасыз етіп бөлу. Картопты, шикі, ашыған және піскен көкөністі ұсақтап турау. Салмағының берілген рецептурасын сақтай отырып, котлет массасынан тағамдарды жасау. Көкөністі фарштау, салат, маринад жасау. Жартылай фабрикаттарды өлшеу, тараға салу, буып-түю. Арамен кесілген құбырлы, омыртқалы, қабырға сүйектерімен белгілі бір арақатынаста бөліп салу.

Білуге тиіс: ұшаны, құсты, балықты мүшелеу схемасын; еттен, құстан, балықтан, ішек-қарыннан, кесілген және котлет массасынан, тазаланған картоптан, көккөністен, ашыған қамырдан ірі кесекті және шағын кесекті жартылай фабрикаттарды, тұшпара мен вареникке қамыр дайындаудың технологиялық процесінің мәнін; шикізат сапасын органолептикалық бағалау әдістерін; дайындалатын жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптарды, олралы сатудың мерзімі мимен шарттарын, буып-түю, саөтау және тасымалдау ережесін; қызмет көрсететін жабдықты пайдалану, таразыны тексеру ережесін

§ 9. Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Еттен, ауылшаруашылығы құстарынан, жабайы қанаттылардан, бекіре тектес балықтан жартылай фабрикаттарды дайындау, құс ұшасын, ірі және ұсақ мал ұшаларының жауырын, төс пен қабырға бөліктерін түсіру кезінде шикізатты алғашқы өңдеудің күрделі процестерін жүргізу. Табиғи (антрекоттар, бифштекстер, лангеттер, филе, эскалоптар және т.б) және ұнға аунатып қуыруға арналған (ромштекстер, шницельдер мен т.б.) ет мен құстың ірі кесекті үлесті жартылай фабрикаттарын кесу. Шашлыкка, кнельді массаға ет дайындау. Бекіре тектес балықты буындарға бөліп кесу. Буындарды үлестеп кесу. Құмшекерлі және қабаты қамыр дайындау.

Білуге тиіс: құс ұшасын, ірі және ұсақ мал ұшаларының жауырын, төс пен қабырға бөліктерін түсірудің, бекіре тектес балықты мүшелеудің жолдары мен ережесін; ірі және ұсақ мал ұшаларының, бекіре тектес балықтың кулинарлық нысанын; еттен, құстан, бекіре тектес балықтан жасалатын үлесті жартылай фабрикаттар ассортиментін, оларды дайындаудың технологиялық процесінің мәнін; құмшекерлі және қабаты қамыр дайындаудың рецепті мен технология мәнін.

§ 10. Тамақ жартылай фабрикаттарын дайындаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фаршталған котлет, галантин, рулеттер мен басқа да жартылай фабрикаттарды дайындау кезінде етті, ауылшаруашылығы құстарын, жабайы қанаттыларды алғашқы өңдеудің ерекше күрделі процестерін жүргізу. ; ірі мал ұшаларының сан және мойын, және ұсақ мал ұшаларының қол мен сан бөліктерін түсіру. Етті сұрыптар бойынша бөлшектеу. Ұшалар мен жарты ұшаларды ыстауға арнап мүшелеу.

Білуге тиіс: ірі және ұсақ мал ұшаларының, бекіре тектес балықтың кулинарлық нысанын; еттен, құстан, бекіре тектес балықтан жасалатын ерекше күрделі жартылай фабрикаттар дайындаудың технологиялық процесінің мәнін; құс ұшасын, ірі және ұсақ мал ұшаларының жауырын, төс пен қабырға бөліктерін түсіру ережесін; ұшаның анатомиялық құрылымын, буындардың қосылу тұстарын, сүйек жүйесін; ұшаның, жарты ұшаның салсағына қарай жартылай фабрикаттар шығымы нормасын.

§ 11. Тауарларды жинақтаушы

2-разряд

Жұмы сипаттамасы. Тауарларды құжаттардың негізінде іріктеу және партияның жинақтайтын жерге тасымалдау. Іріктелген тауардың атауы мен санын құжаттарада көрсетілген атаулармен және сандармен салыстырып тексеру. Тауар партияларын жинақтау, өлшеу, буып-түю, таңбалау белгісін, биркасы мен алушының мекенжайын құжаттарға сәйкес толтыру. Тауарды түгендемеге дайындау.

Білуге тиіс: тауарларды жинатау ережесін; қоймадағы тауар ассортименті мен олардың бағасын; тауарды қоймалау мен сақтау шарттарын; тауарды өлшеу, буып-түю ережесін; таразыны реттеу тәсілдерін; белгі мен бирканы толтырудың тәртібін.

§ 12. Бақылаушы-кассир

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сауда залындағы тауарлар ассортиментінің уақытылы толықтырылуын, олардың сақталуын, бақылау-касса машинасының жарамдылығы мен дұрыс пайдаланылуын бақылау. Тауардың санын, салмағын, метражын, жұптылығын, ярлыгын, пломбысын,ы,бағасы мен сапасын тексеру. Тұтынушылармен тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу: тауардың құнын есептеу, ақшаны алу, чекты шығару, қалған ақшасын қайтару, чекты өшіру. Бақылау-касса машинасының ұсақ ақауларын жою, оған бақылау және чек ьаспаларын салу, датчиктердің көрсеткіштерін жазу, нумераторды нөлге қою және дататорды белгілеу. Тауарды сатуға дайындау: буылғанын жазу, сыртқы түрін қарау, сүрту, жинақтау және сұраныстың жиілігі мен жұмыс ыңғайына қарай тауарларды топтар, түрлері мен сұрыатары бойынша бөліп орналастыру. Баға белгілерін толтыру және беекіту. Ақшаны санау және оны белгіленген тәртіппен тапсыру. Сатылмаған тауар мен тараны жинау.

Білуге тиіс: тауарлардың ассортиментін, сыныптамасын, сипаттамасы мен нысанын; артикулдар мен таңбалауды оқу ережесін; бөлек бағаны; тауарды жинақтау және жиынтықтау жолдарын; бұйым мөлшерінің шкаласын және оларды анқтау ережесін; тауардың сапасына қойылатын негізгі талаптар мен техникалық шарттарды, тараны және олардың таңбаларын; брактың түрлерін және тауарды бракқа шығару ережесін; тауарды пайдаланудың кепілді мерзімін және олаоды айырбастау ережесін; бақылау-касса машинасының құрылымы мен пайдалану ережесін.

§ 13. Бақылаушы-кассир

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тауарлар ассортиментінің уақытылы толықтырылуын бақылау. Қоймадағы тауар ассортиментімен танысу, оны алуға қатысу. Таңбасына (накладной ведомосына). сәйкес келмейтін тауардың түскені туралы әкімшілікті хабардар ету. Дүкен ішіндегі және терезе сөрелерін безендіру, олаодың жай-күйін бақылау. Сатып алушыларға тауардың нысаны, қасиеттері мен сапасы және оның бағасы туралы кеңес беру. Сатып алушыларға өазара бірін бірі алмастыратын жаңа тауарлар және ілеспе ассортимент тауарларын ұсыну. Сатып алушылар сұраныстарын зерттеу.

Білуге тиіс: тауардың нысаны, сипаттамасы мен нысанын; тауарды жасауға кететін шикізат пен материалдардың түрлерін, оларды тану тәсілдерін; тауардың сапасын анықтау әдістерін; сауда-техникалық жабдық құрылымының негізгі основные принциптерін; дүкен ішіндегі сөрелерді безендіру принциптерін.

§ 14. Бақылаушы-кассир

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоймадан тауар алу және оның сапасын анықтау. Сату сомасын касса есептеуішінің көрсеткіштерімен салыстыру. Тауар есептемесін, брак, жетіспеу, сұрпы ауысу, материалдық құндылдықтарды тапсыру кезінде қабылдау-тапсыру актілерін жасау. Түгендеме жүргізуге қатысу. Әкімшілік болмаған кезде сатып алушылармен даулы мәселелерді шешу. Біліктілігі анағұрлым төмен бақылаушы-кассирдің жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: тауардың сапасын анықтау әлістерін; түгендеме жүргізудің, брак, жетіспеу, сұрпы ауысу, материалдық құндылдықтарды тапсыру кезінде қабылдау-тапсыру актілерін жасау және ресімдеу тәртібін; сатып алушыларға қызмет көрсетудің прогрессивті нысандары мен әдістерін.

Ескертпе. Кассалық операциялар жоқ кезде кәсіп "Бақылаушы" деп аталады.

§ 15. Асүй жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай фабрикаттар мен шикізатты өндірістік цехтарға жеткізу. Бөшкелерді, жәшіктерді, өнім салынған қаптарды, шыны және қаңылтыр банкілерді, ондағы тамақтың сақталуын қамтамасыз ете отырып ашу. Тарадан өнімді түсіру. Жартылай фабрикаттар мен шикізатты, өнімдерді, айлабұйымды, тараны цех ішінде тасымалдау. Қазандарға су толтыру. Дайын өнімді таратып бөлуге немесе экспедициға жеткізу. Сыртқы желіне арналған өнімді функциональды тараға салу, оны көлікке тиеу. Электр, газ қазандарын, плиталарды, шкафтарды, қайнатқыштарды қосу. Түскі асты жиынтықтау кезінде подностарды транспортерге қою. Подностраға асхана аспаптарын, нанды, салқын бастықы салынған тарелкаларды, сусын құйылған стакандарды қою, тарелкаларды, кастрюльдерлі қақпақпен жабу. Тамақ қалдықтарын жинау.

Білуге тиіс: асүй ыдысының, инвентардың, құралдың атауы мен нысанын; тараны, бөшкелерді, консерв банкаларын ашулың тәсілдері мен ережесін; өнідірісте өнімдерді, дайын өнімді тасымалдау ережесін; электр, газ қазандарын, плиталарды, шкафтарды, қайнатқыштар мен басқа да жылу жабдығын қосу және ажырату ережесін; қатты және сұйық отынмен істейтін плиталарды жағу ережесін.

§ 16. Ыдыс жуушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасыв. Ыдысты жуу кезінде дайындық жұмыстарын орындау. Пайдаланылған ыдысты үстелдерден арбаларға немесе транспортерге жинау. Арбаны ыдысымен жууға апару. Ыдысты арбадан түсіру. Үстелдерге қол сулықтарды, дәмдеуіш салынған аспаптарды қою және оларды күні бойы толтырып отыру.

Білуге тиіс: пайдаланылған ыдысты үстелдерден жинау кезіндегі санитарлық талаптарды және этикет ережесін; түрлі ыдыстармен және оны тасымалдайтын арбалармен жұмыс істеу ережесін.

§ 17. Ыдыс жуушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасыв. Асхана және асүй ыдыстарын, приборларды, подностарды, инвентарь мен құралдарды, тараны жуу және зарарсыздандыру заттарын қолдана отырып қолмен және ыдыс жуу машиналарында жуу. Арнаулы жуу ерітінділерін жасау. Ыдысты ас қалдығынан тазарту. Ыдыстарды, приборларды, подностарды, сүрту және кептіру. Тамақ қалдықтарын жинау. Таза ыдыстарды, приборларды, подностарды таратып бөлу немесе үстелдерге желісіне (үстелдерді алдын ала жасайтын асханаларда) жеткізу

Білуге тиіс: ыдысты қолмен және ыдыс жуу машиналарында жуу, ыдысты, инвентарь мен құралдар мен түрлі нысандағы тараны кептіру тәсілдерін; жуу және зарарсыздандыру заттарын және олармен ерітінді жасау ережесін; ыдыспен, приборлармен жұмыс істеу ережесін және оларды сақтау тәсілдерін; тамақ қалдықтарын жинау және сақтау ережесін.

§ 18. Даяшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дастарханы қарапайым және күрделлілігі орташа әрі тағам мәзірі күрделі емес кәсіпорындарда: санаторийлардағы, пансионаттардағы, профилакторийлардағы, турбазалар мен демалыс үйлеріндегі диеталық асханаларда, саяхат кемелеріндегі мейрамханаларда, вагон-мейрамханалар мен туристік-саяхат поездаарында, жиынтық тамақтану рационын ұсынушы мейрамханаларда және т.б. келушілерге алдын ала ақысы төленген жолдамалар, чектар, талондар бойынша және бақылау-касса аппараттарында ақшаны ресімдемеей және келушілерге ұсынбай қолма қол ақшаға қызмет көрсету. Ыстық тамаққа алдын ала тапсырыс алу және жолаушыларға тікелей вагондарда қызмет көрсету. Мейрамхана, кафе, бар залдарында кондитер өнімдерін, сувенирлер, гүл және т.б. тауарларды, жолаушылар вагондарында бірінші және екінші ыстық тамақтарды, мсүт-айран өнімдерін, кулинарлық және кондитер тағамдарын, сувенирлерді, жол жиынтықтарын, алкогольміз сусындарды, нан өнімдерін аралап жүріп сату Үстелдерді алдын ала жасау. Кірлеуіне қарай дастархан мен қолсулықтарды ауыстыру. Үстелдерді жинау. Пайдаланылған ыдысты, приборларды, дастархан заттарын, қолма қол ақшаны, чектарды, талондарды, сатылмаған тауар мен өнімдерді тапсыру.

Білуге тиіс: дастарханды ақысы алдын ала төленген жолдамалар, чектар, талондар бойынша жасау және қызмет көрсету ережесін; тағамдарды берудің қысқаша кулинарлық сипаттамасын, кезектілігін; сатылатын кулинарлық, кондитерлің өнімдер мен тауарлардың бағасын; пайдаланылатын асхана ыдысының, заттардың түрлерін, нысанын және оларға қоойылатын талаптарды, оларды алу мен тапсыру тәртібін; қолданылатын жабдық пен айлабұйымды пайдалану ережесін; келушілермен есеп айырысудың, қолма қол ақшаны, чектарды, талондарды тапсырудың тәртібін.

§ 19. Даяшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дастарханның жасалуы күрделі: мейрамханаларда, кафеде, екінші және бірінші санаттағы барларда келушілерге, олардан тапсырыс қабылдай отырып, счеттерді ресімдеп және оларға ұсына отырып қызмет көрсету. Ұйымдардың, жеке адамдар мен топтардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорныдарында, мекемелерде, үйде, зауыттарда: үйлену тойлары, мерейтойлар, жолдастық кездесу, отбасылық түскі ас, демалыс кештері, тақырыптық кештер, балдар, ұлттық асүй мәзірі дегустациялары симяқты салтанаттарға қызмет көрсету. Келушілердің тағам және сусын таңдауына жәрдем көрсету және оларды үстелге немесе нөмірге апарып беру. Счетқа сәйкес келушілермен есеп айырысу.

Білуге тиіс: мейрамханаларда, кафеде, екінші және бірінші санаттағы барларда ас мәзіріне тапсырмалы және фирмалық тағамдарды, сусындар мен кондитерлік өнімдерді қоса отырып қызмет көрсетудің түрлерін; әртүрлі салтанаттардың, жеке адамдар мен топтардың тапсырысы бойынша іс-шаралардың үстелдерін безендіру және оларға қызмет көрсетудің түрлері мен ережесін; сатылатын тағамдардың, сусындардың ассортиментін, шығу нормасын, жан-жақты кулинарлық сипаттамасын, ұсыну ережесі мен бағасын; счеттерді ресімдеу және олар бойынша келушілермен есеп айырысу тәртібін; бақылау-касса аппараттарын пайдалану ережесін.

§ 20. Даяшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дастарханның жасалуы ерекше күрделі, ұлттық ерекшеліктері мен кәсіпорнынның тақырыптық бағытын көрсететін: қала сыртындағы, ұлттық мейрамханаларда, кафеде, жоғары және люкс санатындағы барларда келушілерге қызмет көрсету. Салтанантты және ресми қабылдауларға, кеңестерге, конференцияларға, келіссіөздерге, съездерге салтанаттарға қызмет көрсету. Шетелдік туристерге қызмет көрсету. Фирмалық тағамдар мен сусындарды, қорытынды операцияларды, осы тағамға тапсырыс берген клиенттердің алдында жүргізе отырып ұсыну. Қызмет көрсету кезінде ыстық ылғалды қол сулықтарды ұсыну.

Білуге тиіс: ұлттық ерекшеліктері мен кәсіпорнынның тақырыптық бағытын көрсететін: дастархандарды безендірудің түрлері мен ережесін; салтанантты және ресми қабылдауларда, кеңестерде, конференцияларда, келіссіөздерде, съездерде шетелдік туристерге қызмет көрсетудің нысандары мен ережесін; шарап және шарап-арақ ассортиментінің берілетін тағамның сипаты мен кезектілігіне сәйкес болуын; шетелдік туристердің тамақтану ерекшеліктерін; даяшылардың еңбегін ұйымдастыру нысандарын (жеке, бригадалық-звенолық, бригадалық); келушілермен сөйлесуге қажетті көлемде шет тілдерді.

§ 21. Аспаз

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тағам және кулинарлық өнімдержі дайындау кезінде көмекші жұмыстарды орындау. Картопты, көкөністерді, жемістерді, жидектерді жуғанға дейін немесе жуғаннан кейін пышақтың және басқа да айлабұйымдардың көмегімен тазалау. Әшкөкті, Картопты, көкөністерді, жемістерді, жидектерді іріктеу. Ақаулы даналары мен бөгде қосапаларды алып тастау. Көкөністі оларды тазалағаннан кейін жуу. Нанды, картопты, көкөністерді турау. Балықты, етті, құсты жібіту. Балықтың, жабайы құстың, құстың ішін тазалау. Сельд, кильканы турау. Ішек-қарынды өңдеу.

Білуге тиіс: шикізат пен тамақты алғашқы кулинарлық өңдеу ережесін және олардан жасалған жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптарды; нан турау ережесін; тазартылған көкөністі сақтаудың мерзімі мен шарттарын; барлық маркадағы нан кесу машиналарының құрылымын, оларды реттеу және пайдалану ережесін; нанды қолмен және машинамен кесу кезіндегі қауіпсіз жұмыс жолдарын.

§ 22. Аспаз

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым кулинарлық өңдеуді қажет ететін тағам және кулинарлық өнімдерді дайындау. Картопты, басқа да көкөністерді ботқаларды, бұршақ және макарон өнімдерін, жұмыртқаны пісіру. Картопты, басқа да көкөністерді, котлет массасынан (көкөніс, балық, ет) жасалған құймақты қуыру. Көкөніс және жарма өнімдерін пісіру. Өнімдерді сүзу, сүрту, араластыру, ұнтақтау, қалыптау, фарштау. Бутербродтарды, жартылай фабрикаттардан, консервілер мен концентраттардан жасалатын тағамдарды дайындау. Жаппай сұраныстағы тағамдарды үлестеп бөлу (жиынтықтау), таратып бөлу.

Білуге тиіс: тағамдардың рецептурасын, дайындау технологиясының мәнін, сапасына қойылатын талаптарды, үлестеп бөлу (жиынтықтау) ережесін, сақтаудың мерзімі мен шарттарын; картоптың, басқа да көкөністердің, ботқалардың, бұршақ және макарон өнімдерінің, жұмыртқаның, жартылай фабрикаттардың, консервілер мен концентраттардың, котлет массасынан жасалған тағамдардың түрлерін, қасиеттерін; кулинарлық нысанын,олардың жарамдылығын анықтаудың белгілері мен органолептикалық әдістерін; оларды жылмен өңдеуге дайындау жөніндегі операциялардың кезектілігін, жолдары мен ережесін; технологиялық жабдықтың, өндірістік айдабұйымның, құралдың, өлшеу таразы аспаптарының, ыдыстың нысанын, пайдалану және оларды күтіп ұсату ережесін.

§ 23. Аспаз

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа кулинарлық өңдеуді қажет ететін тағам және кулинарлық өнімдерді: жас, пісірілген және түсіңрілген көкөністерден жасалатын, ет, балық қоыслған түрлі салаттарды; винегреттерді; маринадты балықты; сілікпені; табиғи сельдіні гарнирімен гарниром дайындау, соустарды, әртүрлі пассеровкаларды; ыстық және салқын сусындарды; тәтті тамақтарды, ұн тағамдарын: варениктерді, тұшпараны, расстегайды, кулебякты, самсаны, үй кеспесін, ватрушкаларды және т.б. тағамдарды дайындау.

Білуге тиіс: күрделілігі орташа кулинарлық өңдеуді қажет ететін кулинарлық өнімдерді дайындау рецептурасын, технологиясының мәнін; олардың сапасына, сақтау және таратып бөлу кезінде мерзімі мен шарттарына қойылатын талаптарды; оларды жылумен өңдеуге дайындау жөніндегі операциялардың кезектілігін, жолдары мен ережесін; технологиялық жабдықтың, өндірістік айдабұйымның, құралдың, өлшеу таразы аспаптарының, ыдыстың нысанын, пайдалану және оларды күтіп ұсату ережесін.


§ 24. Аспаз

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі кулинарлық өңдеуді қажет ететін тағам және кулинарлық өнімдерді: тұздықталған немесе фаршталған торай; бауыр паштеті; желедегі балық кнелі; тұздықталған немесе фаршталған балық; ет ішек-қарын; бұзау етінен жасалған вегетариандық желедегі фрикадельки, ет сыры; пісірілген және түсіңрілген көкөністерден жасалатын, ет, балық қоыслған түрлі салаттарды; винегреттерді; маринадты балықты; алмамен немесе картоппен және т.б. фаршталған ауылшаруашылық құстарын, дайындау. Табиғи және фаршталған булы омлеттерді, жұмыртқа ботқасын, түрлі соустар мен тұзықтарды, құмшекерлі және қабатты қамырдан жасалған: волованды, крутондарды, тарталеткаларды жасау. Менюді, жартылай фабрикаттар мен тауарларға тапсырысты, тауар есептемесін жасау.

Білуге тиіс: күрделі кулинарлық өңдеуді қажет ететін кулинарлық өнімдерді дайындау рецептурасын, технологиясының мәнін; олардың сапасына, сақтау және таратып бөлу кезінде мерзімі мен шарттарына қойылатын талаптарды; рационалды тамақтану негіздерін; оларды жылу кезінде (ысыту мен қыздырудың түрлі әдістерін қолдану, белгілі бір ортаны - қышқыл, тұзды және т.б. қалыптастыру) мен өңдеуге дайындау жөніндегі операциялардың кезектілігін, жолдары мен ережесін; жұпарлы заттарды және кулинарлың өнім сапасын жақсарту үшін оларды қолдану тәсілдерін; қолданыстағы рецептура жинақтарын, технологиялық нұсқаулықтар мен оларды пайдалану ережесін; ас мәзірін, тамаққа тапсырысты жасау, тауар есептемесін жасау ережесін.

§ 25. Аспаз

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі кулинарлық өңдеуді қажет ететін тағам және кулинарлық өнімдерді: тұздықталған немесе фаршталған торай; бауыр паштеті; желедегі балық кнелі; тұздықталған немесе фаршталған балық; ет ішек-қарын; бұзау етінен жасалған вегетариандық желедегі фрикадельки, ет сыры; пісірілген және түсіңрілген көкөністерден жасалатын, ет, балық қоыслған түрлі салаттарды; винегреттерді; маринадты балықты; алмамен немесе картоппен және т.б. фаршталған ауылшаруашылық құстарын, дайындау. Табиғи және фаршталған булы омлеттерді, түрлі соустар мен тұздықтарды, құмшекерлі және қабатты қамырдан жасалған: волованды, крутондарды, тарталеткаларды, желеленген кремді, мусстарды, самбукті, тәтті соусты, көпсітілген қантты кілегейлі сироптағы жеміс пен жидектерді және т.б. жасау. Тапсырыс берілген және фирмалық тағамдарды, ұлттық және шетелдік асүй тағамдарын, көрме-саудадағы өнімдер мен дайын тағамдарды үлестеп бөлу, ресімдеу және таратып бөлу.

Білуге тиіс: барлық тағамдар мен кулинарлық өнімдерді дайындау рецептурасын, технологиясының мәнін; фирмалық тағамдарды, ұлттық және шетелдік асүй тағамдарын дайындау ерекшіліктерін; диета сипаттамаларын; жекелеген диеталар бойынша тұтынуға тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді; жылумен өңдек кезінде тамақ өнімдеріндегі белоктардың, майлардың, көміртегінің, дәрумендердің, бояушы және басқа да заттардың өзгерістерін; тапсырыс берілген және фирмалық және диеталық тағамдарды, үлестеп бөлу, ресімдеу және таратып бөлу ережесін; мерекелік, банкет мәзірін, тамақтанушылардың жекелеген контингенттеріне қызмет көрсетудің ас мәзірін жасау ережесін; дайын өнімнің ақауларын жою тәсілдерін.

Орта кәсіпітк білім талап етіледі.

§ 26. Балалар тамағының аспазы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балалар консультацияларында, яслиде, балабақшада, ясли-бақшада, мектептерді және басқа да қоғамдық тамақтандыру кәсіпорныдарында балаларға арналған тағамдарды пісіру; Әртүрлі жастағы балаларға арналған "В" типтес сүт қоспаларын; қалпына келтірілген бейімделген сүт қоспасын; тұтқыр, жартылай тұтқыр, түрлі жармалардан сусымалы ботқаларды; пісірілген, бұқтырылған, көміп пісірілген пюре мен басқа да көкөкніс тағамдарын; көкөніс, жеміс, жеміс-көкөніс, көкөніс-ет салаттарын, винегреттерді дайындау. Ет және тауық сорпасын пісіру; сүйек сорпасында вегетариандық, пюре тәріздес, салқын және құймалы сорпаларды пісіру. Пассеровкалардың, томатты, қаймақты, сүт және жеміс соустарының түрлерін; суфле, тефтель, гаше, котлет, гуляш және басқа да ет, тауық және балық өнімдерінен жасадатын тағамдарды; ми, гаше және ішек-қарыннан басқа да тағамдарды; жармадан көміп пісірілген тағамдарды; ет, жұмыртқа және ірімшік қосылған көкөністерді; ет және жұмыртқа тағамдарын дайындау. Ыстық және салқын сусындарды, жеміс және көкөніс шырындарын, компот, кисель, морс, мусс, желе және басқа да үшінші тағамдарды дайындау. Ашыған және тұщщы қамыр араластыру, одан булочка,самса, құймақ, ватрушки, кітірлек нан мен басқа да өнімдер пісіру. Еметін, жас сәбилерге, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған нормаларға сәйкес тағамдарды үлестеп бөлу.

Білуге тиіс: еметін, жас сәбилердің , мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тамақтандырудың негіздері мен мәнін; түрлі тамақ өнімдерінің сипаттамасы мен биологиялық құндылығын, тамақ өнімдерінің жарамдылық белгілері мен оны анықтаудың органолептикалық әдістерін; шикі және дайын өнімді, жартылай фабрикаттарды сақтау және өткізу мерзімдерін; балаларға арналған тамақты кулинарлық өңдеу ерекшеліктерін; қамырдан жасалған бірінші, екінші, үшінші және салқын тағамдарды дайындау технологиясының мәнін; жылумен өңдеу және басқа да пісіру, қуыру, көміп пісіру процестерінің режим параметрлері мен ұзақтығын; шикізатты салудың нормасын, арақатынасы мен кезектілігін; баланың жасына қарай тағам мөлшшерін; өнімдерді алмастыру кестесін пайдалану ережесін; қызмет көрсететін механикаландырылған, жылу, салмақ өлшеу, тоңазыту және басқа да жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципін, оны пайдалану мен күтіп ұстау ережесін; ас блогын ұстаудың санитарлық ережесін; жеке адам гигиенасын; тамақтан уланудың алдын алу шараларын; балаларға тамақты таратып бөлу ережесін.

§ 27. Сүт коктейлдерін жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірімшіктен басқа да сүт тағамдарынан сүт, кілегейлі, сүт-жеміс коктейльдері мен кулинарлық өнімдерді: балмұздақты кисель, кремдер, желе, толтырғышы бар көбікті кілегей дайындау. Сүттен, кілегейден, сироптан, балмұздақтан берілген рецептура бойынша қоспалар дайындау; көбіктеу, арнаулы ыдысқа құю. Тамақтарды қабылдап алу және оларды талап етілетін ереже мен режимді ескере отырып сақтау. Коктейльді, балмұздақты, жемістерді, жидектерді, сүт және ашыған сүт өнімдерін босату. Тауар есептемесін жасау.

Білуге тиіс: ірімшіктен басқа да сүт тағамдарынан сүт, кілегейлі, сүт-жеміс коктейльдері мен кулинарлық өнімдерді жасаудың рецептурасын және технологиясы мәнін; пайдаланылатын шикізаттың түрлері мен тауарлы сипаттамасын; өнімді босату ережесін; көбіктеуге арналған аппараттардың құрылымы мен пайдалану ережесін; тауар есептемесін жасау ережесін.

§ 28. Сусындарды жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецептура мен технология бойынша шәйдің, кофенің, какаоның шектеулі ассортиментін жасау. Кофе дәндерін қуыру, кептіру және ұнтақтау. Сусындарды үлестеп бөлу. Дайындалған сусындарды, қантты, бутербродтарды, кондитер өнімдерін, балмұздақты, лимонды, джемді, балды, вареньені, повидла мен басқа да шәй немесе кофе тағамдарын босату. Өнімдерді қабылдап алу және сақтау.

Білуге тиіс: сусындар мен ілеспе өнімдердің ассортиментін, рецептурасын, дайындау технологиясының мәнін және босату ережесін; шикізхатты сақтаудың шарттары мен мерзімдерін; пайдаланылатын жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесі.

§ 29. Сусындарды жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Берілген рецептура мен технология бойынша шәйдің, кофенің варшавалық, шығыстық, ликерлі, коньякты, лимоноды, кілегей қосылған, гляссе және т.б. түрлерін, какаоны, шоколадты, түрлі ұлттық сусындарды жасау, Кофенің түрлі сорттарынан қоспа жасау. Сусынды, бутербродтарды, кондитер өнімдерін, балмұздақты беруге арналған ыдысты іріктеу. Тауар есептемесін жасау.

Білуге тиіс: ірімшіктен басқа да сүт тағамдарынан сүт, кілегейлі, сүт-жеміс коктейльдері мен кулинарлық өнімдерді жасаудың рецептурасын және технологиясы мәнін; пайдаланылатын шикізаттың түрлері мен тауарлы сипаттамасын; өнімді босату ережесін; көбіктеуге арналған аппараттардың құрылымы мен пайдалану ережесін; тауар есептемесін жасау ережесін

§ 30. Тауарды қабылдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тауарды қабылдап алу. Буып-түюдің тұтастығын, ярлыктар мен тауа таңбасының болуын тексеру. Таңбалаудың буып-түю бірлігіндегі: пачкадағы, кипадағы, жәшіктегіжәне т.б. сәйкес болуын тексеру. Тауарды атаулы, артикулым, бағасы, мөлшері және .б. бойынша сұрыптау. Тауарды қойма ішінде орналастыру, сақтау және орнын ауыстыру. Тауарды түгендемеге дайындау.

Білуге тиіс: тауарды қабылдап алу ережесін; қоймадағы (базадағы), тауардың ассортименін, оның сыныптамасын; таңбалау және сұрыптау ережесін; тауарды қоймалау және сақтау ережесін.

§ 31. Азық-түлік емес тауарларды сатушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алушыларға қызмет көрсету: тауарды ұсыну және көрсету, оларды демонстрациялау, тауарды таңдауға көмектесу. Тауардың құнын есептеу және чек жазып беру. Кепілді пайдалану мерзімі бар тауарға паспорт жазу. Тауарды буып-түю және беру немесе оны бақылауға тапсыру. Тауар қорының уақытылы толықтырылуын, олардың сақталуын, жабдықтың дұрыс пайдаланылуы мен жарамдылығын, жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіпті бақылау. Тауарды сатуға дайындау: бумасын ашу, құрастыру, жинақтау, пайдаланы ерекшеліктерін және т.б. тексеру. Жұмыс орнын дайындау: сауда-технологиялық жабдықтың, инвентарь мен құралдардың болуын және жарамдылығын тексеру; тауарларды топтары,түрлері мен сұрыптары бойынша сұраныс жиілігі мен жұмыс орныныңы ыңғайлылығын ескере отырып орналастыру. Буып-түю материалын алу және дайындау. Сатылмаған тауар мен тараны жинау. Тауарды түгендемеге дайындау. Қажет кезінде - бақылау-касса машинасында жұмыс істеу, чектарды (ақшаны) санау және оларды белгіленген тәртіппен тапсыру, сату сомасын касса есептеуіштері көрсеткіштерімен салыстырып тексеру.

Білуге тиіс: тауардың ассортиментін, сыныптамасын, сипаттамасы мен нысанын, оларды пайдалану және күтіп ұстау тәсілдерін; артикулі мен таңбалауын оқу ережесін; бөлшек бағаны; матаны іріктеу, өлшеп беру, тауарды жинақтау жолдарын; бұйым мөлшері шкаласын және оны айқындау ережесін; тауар сапасына, тараға және таңбалауға қойылатын негізгі стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын; брак түрлерін және тауарды ауыстыру ережесін; тауарды пайдаланудың кепілді мерзімін; сауда-технологиялық жабдықтың, бақылау-касса машинасының құрылымы мен пайдалану ережесін; тауар, еңбек шығындарын қысқарт және табысты арттыру тәсілдерін.

32. Азық-түлік емес тауарларды сатушы



4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алушыларға қызмет көрсету, оларға тауардың нысаны, қасиеттері, сапасы, конструктивтік ерекшеліктері, күтіп ұстау ережесі, ағымдағы маусымның бағалары мен моданың жай-күйі туралы консультация беру. Жаңа, өазара ауыстырылатын тауарлар мен ілеспе ассортимент тауарларын ұсыну. Сөрелерді және дүкен ішіндегі сөрені безендіру, олардың жай-күйін бақылау. Тауарды алуға қатысу, таңбаға (накладной ведомосына). сәйкес емес тауардың түскені туралы әкімшілікті хабардар ету. Сыйлық және мерекелік жинақтарды жасау және безендіру. Сатып алушылар сұранысын зерттеу.

Білуге тиіс: тауардың ассортиментін, нысанын, қасиеттерін, сапасын, оларды күтіп ұстау ережесін, ағымдағы маусымның бағалары мен моданың жай-күйін; жынысына, жасына, тауар туралы білімін деңгейіне және басқа да ерекшеліктеріне орай түрлі сатып алушылар контингенттеріне қызмет көрсетудің жолдары мен әдістерін; тауарды дайындауға кететін шикізат пен материалдардың түрлерін, оларды айыру тәсілдерін; негізгі тауар жеткізушілердің атауын, олардың өнімдерінің ассортимент ерекшеліктері мен сапасын; сауда-технологиялық жабдығы құрылымының негізгі принциптерін; сөрелерді және дүкен ішіндегі сөрені безендіру принциптерін; сатып алушылар сұранысы туралы деректерді жинақтау әдістерін.

§ 33. Азық-түлік емес тауарларды сатушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алушыларға қызмет көрсету. Қоймадан атуар алу. Түгендеме жүргізуге қатысу. Тауар есептемесін, брак, жетіспеу, сұрпы ауысу, материалдық құндылдықтарды тапсыру кезінде қабылдау-тапсыру актілерін жасау. Түгендеме жүргізуге қатысу. Әкімшілік болмаған кезде сатып алушылармен даулы мәселелерді шешу. Біліктілігі анағұрлым төмен сатушылардың және оқушылардың жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: тауар жеткізушілерден тауар қабылдап алудың тәртібін; тауарды бракқа шығару ережесін; тауардың сапасына, тараға және таңбалауға қойылатын стандарттар мен техникалық шарттардың негізгі талаптарын; терезе сөркелерін безендіру принциптерін; түгендеме жүргізудің тәртібін, тауар есептемесін, брак, жетіспеу, сұрпы ауысу, материалдық құндылдықтарды тапсыру кезінде қабылдау-тапсыру актілерін жасаудың тәртібін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 34. Азық-түлік тауарларын сатушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сатып алушыларға қызмет көрсету: тауарды өлшеп беру, таразылау, буып-түю, құнын есептеу және чек деректемелерін тексеру, тауарды беру. Тауар қорының уақытылы толықтырылуын, олардың сақталуын, жабдықтың дұрыс пайдаланылуы мен жарамдылығын, жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіпті бақылау. Тауарды сатуға дайындау: бумасын ашу, құрастыру, жинақтау, пайдаланы ерекшеліктерін және т.б. тексеру. Жұмыс орнын дайындау: сауда-технологиялық жабдықтың, инвентарь мен құралдардың болуын және жарамдылығын тексеру; тауарларды топтары,түрлері мен сұрыптары бойынша сұраныс жиілігі мен жұмыс орныныңы ыңғайлылығын ескере отырып орналастыру. Буып-түю материалын алу және дайындау. Чектарды (ақшаны) санау және оларды белгіленген тәртіппен тапсыру, сату сомасын касса есептеуіштері көрсеткіштерімен салыстырып тексеру. Сатылмаған тауар мен тараны жинау. Тауарды түгендемеге дайындау.

Білуге тиіс: тауардың ассортиментін, сыныптамасын, сипаттамасы мен нысанын, оларды пайдалану және күтіп ұстау тәсілдерін; бөлшек бағаны; тауардың табиғи шығыны нормаларын және оларды есептен шығару тәртібін; сауда-технологиялық жабдықтың, бақылау-касса машинасының құрылымы мен пайдалану ережесін; тұтынушыларға қызмет көрсетудің жолдары мен әдістерін; тауар, еңбек шығындарын қысқарту жолдарын.

§ 35. Азық-түлік тауарларын сатушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алушыларға қызмет көрсету, оларға тауардың нысаны, қасиеттері, жекелеген тауар түрлерінің дәмдік ерекшеліктері, кулинарлық нысаны мен тағамдық құндылықтары туралы консультация беру. Жаңа, өазара ауыстырылатын тауарлар мен ілеспе ассортимент тауарларын ұсыну. Тауарды алуға қатысу. Таңбаға (накладной ведомосына). сәйкес емес тауардың түскені туралы әкімшілікті хабардар ету. Сөрелерді және дүкен ішіндегі сөрені безендіру, олардың жай-күйін бақылау. Сатып алушылар сұранысын зерттеу.

Білуге тиіс: тауардың дайындауға кететін шикізаттың негізгі түрлерін; тауарды дайындауға кететін шикізат пен материалдардың түрлерін, оларды айыру тәсілдерін; тауар сұрпының белгілерін; тауарды сақтау және сату кезінде гі шығындарды азайту әдістерін; сөрелерді және дүкен ішіндегі сөрені безендіру принциптерін; негізгі тауар жеткізушілердің атауын, олардың өнімдерінің ассортимент ерекшеліктері мен сапасын; сауда-технологиялық жабдығы құрылымының негізгі принциптерін; жынысына, жасына, тауар туралы білімін деңгейіне және басқа да ерекшеліктеріне орай түрлі сатып алушылар контингенттеріне қызмет көрсетудің жолдары мен әдістерін; еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеудің ұжымдық нысандары негіздерін.

§ 36. Азық-түлік тауарларын сатушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алушыларға қызмет көрсету. Қоймадан атуар алу, олардың сапасын органолептикалық белгілері бойынша анықтау, зартхана талдауына үлгілерді алу. Сауда-технологиялық жабдықты жөндеуге тапсырыс жасау. Әкімшілік өкілдері болмаған кезде тұтынушылармен даулы мәселелерді шешу. Түгендеме жүргізуге қатысу. Біліктілігі анағұрлым төмен сатушылардың жұмысына басшылық ету.

Білуге тиіс: тауар жеткізушілерден тауар қабылдап алудың тәртібін; тауардың сапасына, тараға және таңбалауға қойылатын стандарттар мен техникалық шарттардың негізгі талаптарын; тауарды бракқа шығару ережесін; терезе сөрелерін безендіру принциптерін; түгендеме жүргізудің тәртібін, тауар есептемесін, брак, жетіспеу, сұрпы ауысу, материалдық құндылдықтарды тапсыру кезінде қабылдау-тапсыру актілерін жасаудың тәртібін; сатып алушыларға қызмет көрсетудің прогрессивті нысандары мен әдістерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


§ 37. Ет шабушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұшаларды қолданыстағы схемаларға сәйкес бөліктерге бөлу және оларды ұсақ кесектерге шабу. Ұшаның тамақтық жарамдылығына қарай таңбалауын және ет бақылау стансасы анықтамасының болуын тексеру. Зертханалық талдауға ет үлгілерін іріктеу. Етті сөреге қою және жекелеген бөліктерді қабырғадағы жабдық ілмектеріне ілу. Жұмыс орнын дайныдау, инвентарь мен жабдықты тексеру.

Білуге тиіс: әртүрлі жануарлардың ұшаларын сұрып бойынша шабу схемасын және оны мүшелеу ережесін; етті шабуға қабылдау ережесін; ет тауарларының сапасына қойылатын негізгі талаптарды; тамақтық жарамдылығын анықтау үшін үлгі алу ережесін; құралдарды қайрау, түзеу және сақтау ережесін; шабу колодасын ұстаулың санитарлық-гигиеналық ережесін.

§ 38. Сауда және тоңаытқыш жабдығы жөніндегі

электр механигі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сауда аппараттарының, автоматтар мен жартылай автоматтардың, тамақ өнімдерін өңдеуге арналған машиналардың, электр жылу сауда-технологиялық жабдығының, жеміс-көкөніс базасы жабдығының және қызмет көрсететін жабдықтың механикалық, электр, гидравликалық бөліктерін ағымдық жөндеу, реттеу және демонтаждау, оларға техникалық қызмет көрсету. Тоңазытқыш жабдығының механикалық, электр, гидравликалық бөліктерін біліктілігі анағұрлым жоғары электр механигінің басшылығымен монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және техникалық қызмет көрсету. Сауда-технологиялық жабдығының қысым және температура релесін, сақтандыру құрылғыларын орнату және реттеу. Бөлшектерді престерде престемелеу. Желдеткіштерді, коленвалдарды теңгермелеу. Коммутациялық сымдарды монтаждау. Бөлшектерді әртүрлі дәнекерлермен дәнекерлеу. Резьбаны түзеу. Жүйеге хладагент, май және хладоноситель құю, тоңазыту машиналарының герметикалылығын тексеру.

Білуге тиіс: аппараттардың, автоматтар мен жартылай автоматтардың, тамақ өнімдерін өңдеуге арналған машиналардың, электр жылу сауда-технологиялық жабдығының, жеміс-көкөніс базасы жабдығының жұмыс принципін және оларға қызмет көорсетуге арналған техникалық талаптарды; қосуды қорғау және реттеуші аппаратураның ақауларын анықтау және жою тәсілдерін; универсальды және арнаулы инструменттің құрылымын және қолдану ережесін; жанар-жағармай материалдарының түрлерін; жүйені хладагентпен зарядтау ережесін және тәсілдерін; сауда-технологиялық жабдығының жүйесі және оны жөндеу туралы ережені; тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережесін және тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі ережесін; электр техникасы негіздерін.

Жұмыс үлгілері.

Техникалық қызмет көрсету, демонтаж, ағымдық жөндеу, реттеу:

1. Сұйық тамақтарды дайындауға және сатуға арналған автоматтарды.

2. Сұйық тамақтарды сатуға арналған автоматтарды.

3. Консервіленген бірінші және екінші тағамдарды сатуға арналған автоматтарды.

4. Даналы заттарды сатуға арналған автоматтарды.

5. Арнаулы автоматтарды.

6. бумен пісіретін электр аппараттарын.

7. Грильдер мен кәуап пештерін.

8. Қуыру табасын.

9. Электр су қайнатқыштарды.

10. Электрмен ас пісіру қазандарын.

11. Бірінші және екінші тағамдарға арналған электр мармиттерді.

12. Тамақ өнімдерін тазалуға, майдалауға және кесуге арналған машиналар мен механизмдерді.

13. Тамақ өнімдерін араластыруға, көпіртуге арналған машиналар мен механизмдерді.

14. Консервіленген көкөністер мен жемістерді дайындауға арналған машиналарды, қондырғылар мен агрегаттарды.

15. Электр плиталарды.

16. Сигарет, шырпы және газет сатуға арналған жартылай автоматтарды.

17. Көп тауарлы жартылай автоматтарды.

18. Электр табаларды.

19. Электр фритюрницаларды.

20. Тұрмыстық тоңазытқыштарды.

§ 39. Сауда және тоңаытқыш жабдығы

жөніндегі электр механигі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сауда аппараттарының, автоматтар мен жартылай автоматтардың, тамақ өнімдерін өңдеуге арналған машиналардың, электр жылу сауда-технологиялық жабдығының, жеміс-көкөніс базасы жабдығының және қызмет көрсететін жабдықтың механикалық, электр, гидравликалық бөліктерін күрделі жөндеу, баптау. Қарапайым автоматика схемалы тоңазытқыш машиналарын монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және техникалық қызмет көрсету. Термореттеуіштерді, соленоидтер мен баровентилей орнату. Электр күштік қондырғыларды жерге қосу, нөлдеу. Қызмет көрсететін машиналар мен жабдықтарды сынау. Ішкі паздарды, шлиц қосындыларын жұмыстау. Тартпалар мен саңылауларды жеткеру. Жөнделетін бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды орталандыру. Қызмет көрсететін жабдықтың бөлшектерін пісіру. Сауда қызметкерлеріне жөнделетін жабдықты пайдалану ережесі жөнінде нұсқама беру. Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, оны күрделі жөндеу мен баптаудың ережесі мен тәсілдерін, техникалық талаптарды; тоңазытқыш машиналарындағы, жабдықтағы, реттеу аспабындағы негізгі ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін;сымдардың, тегіс салмалардың және қорғану аспаптарының қиыспаларын ток жүктемесіне қарай таңдау ережесін; хладагент қасиеттерін; бөлшектер мен тораптардың мерзімінен бұрын тозу себептерін және оны қалпына келтіру тәсілдерін; қысыммен жұмыс істейтін түрлі қоысндыларды пісіру мен дәнекерлеу режимі мен тәсілдерін; кәсіпорындарындағы, ұйымдар мен мекемелердегі еңбек қауіпсіздігі туралы ережені; термодинамика негіздерін және тоңазыту машиналарының жылу есептерін.

Жұмыс үлгілері.

Күрделі жөндеу, баптау және монтаждау:

1. Сұйық тамақтарды дайындауға және сатуға арналған автоматтарды.

2. Сұйық тамақтарды сатуға арналған автоматтарды.

3. Консервіленген бірінші және екінші тағамдарды сатуға арналған автоматтарды.

4. Даналы заттарды сатуға арналған автоматтарды.

5. Арнаулы автоматтарды.

6. бумен пісіретін электр аппараттарын.

7. Грильдер мен кәуап пештерін.

8. Қуыру табасын.

9. Электр су қайнатқыштарды.

10. Электрмен ас пісіру қазандарын.

11. Бірінші және екінші тағамдарға арналған электр мармиттерді.

12. Тамақ өнімдерін тазалуға, майдалауға және кесуге арналған машиналар мен механизмдерді.

13. Тамақ өнімдерін араластыруға, көпіртуге арналған машиналар мен механизмдерді.

14. Консервіленген көкөністер мен жемістерді дайындауға арналған машиналарды, қондырғылар мен агрегаттарды.

15. Электр плиталарды.

16. Сигарет, шырпы және газет сатуға арналған жартылай автоматтарды.

17. Электр табаларды.

18. Электр фритюрницаларды

19. Тұрмыстық тоңазытқыштарды



Демонтаждау, монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау:

1. Батареларды автоматты ерітпейтін тоңазыту машиналарын.

2. Өнімділігі З,5 кВт. дейінгі алмалы тоңазыту агрегаттары бар тоңазыту жабдығын.

3. Орнатылған тоңазыту агрегаттары бар тоңазыту жабдығын.



§ 40. Сауда және тоңаытқыш жабдығы

жөніндегі электр механигі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық, электр, гидравликалық бөліктерді ағымдық жөндеу, реттеу және тамақ өнімдерін, таратып бөлуге, қайта өңдеуге, бөліп салуға және буып-түюге, жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған автоматты, жартылай автоматты және ағынды-механикаландырылған желілерді, кулинарлық өнімдерді дайындауға арналған жабдықты, қызмет көрсететін жабдықтың аспаптары мен басқару электр щиттерін демонтаждау, оларға қызмет көрсету. Күрделілігі орташа автоматика схемалы тоңазытқыш машиналарын монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және техникалық қызмет көрсету. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды сынау. Сынау нәтижелері бойынша жұмыс диаграммалары мен сипаттамаларын алу. Жауапты бөлшектерді статикалық және динамикалық теңгермелеу. Өлшеу және сынау стенділері мен пульттарын құрастыру, реттеу және баптау.

Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты және ағынды-механикаландырылған желілерді, кулинарлық өнімдерді дайындауға арналған жабдықты, қызмет көрсететін сауда және тоңазытқыш жабдығының құрылымын, оларға қызмет көрсетуге қойылатын техникалық талаптарды; тоңазытқыш қондырғыларының жұмыс режимдерін; автоматиканың электр және электронды схемаларын; тоңазытқыш қондырғыларының құбырларын пневматикалық және гидравликалық сынаудың және олардың тармақты жүйелерінің герметикалылығын тексерудің мерзімдері мен ережесін; сорбенттерді, жана-жағармай материалдарын регенерациялаудың тәсілдері мен режимін; электроника негіздерін.

Жұмыс үлгілері.

Техникалық қызмет көрсету, демонтаж, ағымдық жөндеу, реттеу:

1. Сұйық қамырдан пончик, самса және пісірмелер дайындауға арналған автоматтарды.

2. Жарманы бөліп салуға арналған автоматтарды.

3. Кешенді түстіктерді жиынтықтауға, жинақтауға және босатуға арналған желілерді.

4. Көкөністер мен жемістерді іріктеуге, бөліп салуға және буып-түюге арналған желілерді.

5. Вареник жасауға арналған желілерді.

6. Тазартылған картоп пен басқа да жартылай фабрикаттарды шығару жөніндегі желілерді.

7. Өзіне өзі қызмет көрсету сөрелері желілерін.

8. Азық-түлік тауарларын бөліп салуға және буып-түюге арналған желілерді.

9. Көкөністер мен жемістерді жууға және іріктеуге арналған машиналарды.

10. Салмалы құймақ дайындауға арналған машиналарды.

11. Котлеттер мен басқа да жартылай фабрикаттарды қалыптауға арналған машиналарды.

12. Еттен жасалатын өнімдерді қуыруға арналған конвейерлі пештерді.

Демонтаждау, монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау:

1. Кондиционерлерді.

2. Льдогенераторды.

3. Батареялары автоматты еритін тоңазыту жабдығын.

4. Өнімділігі З,5 кВт. дейінгі алмалы тоңазыту агрегаттары бар тоңазыту жабдығын.


§ 41. Сауда және тоңаытқыш жабдығы

жөніндегі электр механигі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық, электр, гидравликалық бөліктерді күрделі жөндеу, реттеу және тамақ өнімдерін, таратып бөлуге, қайта өңдеуге, бөліп салуға және буып-түюге, жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған автоматты, жартылай автоматты және ағынды-механикаландырылған желілерді, кулинарлық өнімдерді дайындауға арналған жабдықты, қызмет көрсететін жабдықтың аспаптары монтаждау. Күрделі және ерекше күрделі автоматика схемалы тоңазытқыш машиналарын монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және техникалық қызмет көрсету. Электр аппараттары мен пайдалану стансаларын жұмыс диаграммалары мен сипаттамаларын ала отырып кешендің сынау. Электронды бақылау-өлшеу және бақылау-тіркеуші аспаптарды стенділерде сынау. Электронды сауда және тоңазыту жабдығының құрамына енетін электронды блоктарды реттеу.

Білуге тиіс: автоматты, жартылай автоматты және ағынды-механикаландырылған желілер мен барлық сауда және тоңазыту жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық, технологиялық және электр схемаларын; қашықтықтан басқаратын электронды схемалар мен электр желілері аспаптарының құрылымын; реттеуші құрылғы мен электронды жабдықтың жекелеген элементтерін есептеу әдістерін; формулярлар мен пайдалану құжаттамасын жүргізу ережесін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Жұмыс үлгілері.

Күрделі жөндеу, баптау және монтаждау:

1. Сұйық қамырдан пончик, самса және пісірмелер дайындауға арналған автоматтарды.

2. Жарманы бөліп салуға арналған автоматтарды.

3. Кешенді түстіктерді жиынтықтауға, жинақтауға және босатуға арналған желілерді.

4. Көкөністер мен жемістерді іріктеуге, бөліп салуға және буып-түюге арналған желілерді.

5. Вареник жасауға арналған желілерді.

6. Тазартылған картоп пен басқа да жартылай фабрикаттарды шығару жөніндегі желілерді.

7. Өзіне өзі қызмет көрсету сөрелері желілерін.

8. Азық-түлік тауарларын бөліп салуға және буып-түюге арналған желілерді.

9. Көкөністер мен жемістерді жууға және іріктеуге арналған машиналарды.

10. Салмалы құймақ дайындауға арналған машиналарды.

11. Котлеттер мен басқа да жартылай фабрикаттарды қалыптауға арналған машиналарды.

12. Еттен жасалатын өнімдерді қуыруға арналған конвейерлі пештерді.

Демонтаждау, монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау:

1. Автоматика схемаларында электронды аспаптары бар льдогенераторды.

2. Қашықтықтан басқарылатын тоңазыту машиналарын.

3. Автоматика схемаларындағы транзисторлық элементтерді жартылай өткізгіш құрылғыларын қолданылатын тоңазыту машиналарын.

4. Бағдарламалы басқарылатын тоңазыту машиналарын.

5. Автоматика схемаларында электронды аспаптары бар тоңазыту машиналарын.

6. Фризерлерді.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Раз

ряд


тар диапазоны

2004 ж. шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Раз

ряд


тар диапазоны

БТ

БА

шығарылым






Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1

Бармен

4-5

Бармен

4-5

51

Қоғамд. тамақт.

2

Буфетші

3-5

Буфетші

3-5

51

-"-

3

Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы

1-5

Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы

1-5

51

-"-

4

Тауарларды жинақтаушы

2

Тауарларды жинақтаушы

2

51

Сауда

5

Бақылаушы-кассир

2-4

Бақылаушы-кассир

2-4

51

Қоғамд. тамақт.

6

Асүй жұмысшысы

2

Асүй жұмысшысы

2

51

-"-

7

Ыдыс жуушы

1-2

Ыдыс жуушы

1-2

51

-"-

8

Даяшы

3-5

Даяшы

3-5

51

-"-

9

Аспаз

2-6

Аспаз

2-6

51

-"-

10

Балалар тамағының аспазы

5

Балалар тамағының аспазы

5

51

Сауда

11

Сүт коктейлдерін жасаушы

3

Сүт коктейлдерін жасаушы

3

51

Қоғамд. тамақт.

12

Сусындарды жасаушы

3-4

Сусындарды жасаушы

3-4

51

-"-

13

Тауарды қабылдаушы

2

Тауарды қабылдаушы

2

51

Сауда

14

Азық-түлік емес тауарларды сатушы

3-5

Азық-түлік емес тауарларды сатушы

3-5

51

-"-




15

Азық-түлік тауарларын сатушы

2-4

Азық-түлік тауарларын сатушы

2-4

51

-"-




16

Ет шабушы

3

Ет шабушы

3

51

-"-


17

Сауда және

тоңазытқыш жабдығы жөніндегі электр механигі



3-6

Сауда және

тоңазытқыш жабдығы жөніндегі электр механигі



3-6

51

Қоғамд. тамақт.

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау