Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым


§ 18. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ



жүктеу 4,95 Mb.
бет2/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
§ 18. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау. Технологтың басшылығымен эаглизациялау және купаждау үшін коньяк спиртін іріктеу әрі толық бабына келтіруге беру. Купажды дайындау, купаждау, мөлшерлеу және компоненттер мен желімделетін заттарды купажға беру, купажды араластыру. Емен тойтарманы таңдау және коньяк спиртін резервуарлық бабына келтіру үшін оны өңдеуді ұйымдастыру. Технологиялық режимнің орындалуын, шикізат пен материалдарды шығындау нормаларының сақталуын, жұмыссыздың тоқтамауын және учаскедегі қызмет көрсететін жабдықты пайдалану дұрыстығын бақылау. Шығындарға әкеп соғатын, өнім сапасының төмендеу себептерін уақытында анықтау және жою.

Білуге тиіс: коньяк спиртін бабына келтіру, коньяктарды дайындау технологиясы; емен тойтармасын таңдау және өңдеу технологиясының ережесі; шикізат пен материалдарды шығындау нормасы; қызмет көрсететін жабдықтардың, реттегіш құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері; эгализацилау және купаждау үшін коньяк спиртін іріктеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою тәсілдері.

§ 19. Шарап жасаудаҒЫ қалдықтарды өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шарап жасаудағы қалдықтарды: сығындыларды, бардтарды, винасаларды тасымалдау және олармен қоймаларды, тұндырмаларды және түрлі жабдықтарды толтыру. Қоймалардағы сығындыларды таптау және оларды тиісті материалдармен жабу.

Білуге тиіс: шарап жасаудағы қалдықтарды тасымалдау, сығындыларды қоймаларға тиеу және оларды жабу ережесі; коммуникациялардың орналасу схемасы.

§ 20. Шарап жасаудаҒЫ қалдықтарды өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеушінің басшылығымен шарап жасаудағы қалдықтардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны, жүзім дақылдарын, жемдік ұндарды және басқа өнімдерді алып тастау процесін жүргізу. Бейтараптандырғыштарды бардтар немесе винасалармен толтыру. Қышқылдар мен сілтілер ерітіндісін дайындау. Қышқыл шарап әгін жуу және кептіру, ашытқыларды қысу және кептіру. Айдау аппараттарын тиеу және түсіру, қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру.

Білуге тиіс: шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеу технологиясының негіздері; спирт, ашытқы мен қышқыл шарап әгінің негізгі қасиеті; қызмет көрсететін жабдықтардың, кептіргіштердің, сорғылардың, коммуникациялардың жұмыс істеу принципі; қойылтылған қышқылдармен, ерітінділермен жұмыс істеу ережесі және жабдықтарды олардан тазалау тәсілдері.

§ 21. Шарап жасаудаҒЫ қалдықтарды өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шарап жасаудағы қалдықтардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны, жүзім дақылдарын, жемдік ұндарды және басқа өнімдерді алып тастау процесін жүргізу. Сорғылардың көмегімен, өздігінен ағу және басқа да тәсілдермен шикізаттарды және аралық өнімдерді бейтараптандырғыштарға, декантаторларға толтыру, қышқылдар мен сілтілерді мөлшерлеу, олармен шикізат пен шарап жасау өнімдерін өңдеу. Спирт айдау. Құрамында қант бар сығындыларды арнайы аппараттарда қантты, спиртті және қышқыл шарап әгін алып тастап, оларды ашытпай қоймаларда өңдеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу. оны жұмысқа дайындау. Есеп жүргізу.

Білуге тиіс: шарап жасаудағы қалдықтарды өңдеудің технологиялық процесі және олардан қышқыл шарап әгін, спиртті, ашытқыны алып тастау әдістері; қалдықтардың және олардан өңделген өнімдердің физикалық-химиялық қасиетінің негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың және коммуникацияның құрылғысы және пайдалану ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; шикізат пен дайын өнімді есепке алу ережесі.

§ 22. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің басшылығымен жеміс ашытқысы мен шырындардан шарап материалдарын дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Жеміс ашытқысы мен шырындарды мөлдірлегеннен кейін қоюын құйып алу, оларды ашыту және тұндыру. Құюды жинақтағыштарға толтыру, сынамаларды іріктеу. Технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту. Қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту. Үй жайға күкіртті ангидридті түтін салу.

Білуге тиіс: шикізат пен қосалқы материалдардың негізгі қасиеті; сынамаларды іріктеу ережесі; коммуникациялардың орналасу схемасы; қызмет көрсететін жабдықтың түрлері және оларды қолдану ережесі.

§ 23. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеміс ашытқысы мен шырындардан шарап материалдарын дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Жеміс ашытқысы мен шырындарды жинақтағыштардан тұнбаларға, езінділерді езінді жинағыштан ашыту резервуарларына құю. Ашыту ыдыстарын өңдеу үшін дезинфекциялау құралдарын дайындау. Шарап материалдарды тұндырғаннан немесе ашытқаннан және спирттегеннен кейін ашытқы шөгінділерін төгу (сорғымен сорып алу). Ашытқы шөгінділерін топқа бөлу және өңдеу (тұндыру, сүзу, престеу), оларды қайта өңдеуге беру. Бөшкелерді лагерлерге (ярустарға) орнату, кейін оларға жеміс ашытқысын толтыру. Лагерлерді таратып бөлу, бөшкелерді домалату, ыдыстарда қажетті деңгейді ұстап тұру үшін ыдыстарға шарап материалдарын құю және ыдыстардан құйып алу. Шпунттарды және шпунт тесіктерін өңдеу. Күкіртті ангидридтің ерітіндісін дайындау. Шпунттарды парафиндеу. Ашытқылардың таза дақылдарын жинау және өңдеу бойынша жекелеген операцияларды және жұмыстарды орындау. Технологиялық ыдыстарды зарарсыздандыру. Сынамаларды іріктеу.

Білуге тиіс: жеміс ашытқысының, шырындардың, шараптардың, ашытқылардың негізгі қасиеті; технологиялық ыдыстарды толтыру ережесі; сынамаларды іріктеу, сіңдіргіш ортаны, ыдыстарды, сыйымдылықтарды зарарсыздандыру ережесі; дезинфекциялау құралдарын дайындау ережесі; ашытқы шөгінділерін өңдеу ережесі мен тәсілдері; ашытқының таза дақылдарын жинау және өңдеу ережесі.

§ 24. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің немесе шебердің (технологтың) басшылығымен жеміс ашытқысын, шырындар мен езінділерді ашыту процесін жүргізу: ыдыстарды дайындау, оларды жеміс ашытқысымен, шырынмен немесе езіндімен толтыру, ашытқыны беру, шарап материалдарын сульфиттау және спирттеу, оларды ашытқы тұнбалардан түсіру. Езіндіде жеміс ашытқысын тұндыру немесе ашыту кезінде езіндінге күтім жасау. Сірке суы өндірісінде – сірке суын ашыту процесін жүргізу. Жеміс ашытқысы мен шырындарды мөлдірлету процесін жүргізу. Тұндыру ыдыстарын жеміс ашытқысымен, шырынмен толтыру, күкіртті ангидридті және бентониттің су суспензиясын беру, араластыру, мөлдірлігін қадағалау, мөлдірлегеннен кейін ашытуға беру. Жоғары білікті жеміс ашытқысы мен шырынды өңдеушінің немесе шебердің (технологтың) басшылығымен ашытқының таза дақылдарын көбейту және ашытқыны дайындау бойынша операциялар мен жұмыстарды орындау. Аппаратураларды, жабдықтарды, ыдыстарды, коммуникацияларды дайындау және зарасыздандыру. Қоректік ортаны мөлдірлендіру (сүзу), тұндыру. Зарасыздандырғыштарды қоректік ортамен толтыру, зарасыздандыру және зарасыздандырғыш ыдыстарға құю. Ашытқыны зарасыздандырған ортаға беру. Мөлшерлегіш құрылғылардың, сорғылардың көмегімен ашытқыны беруге көмектесу. Қызмет көрсететін аппаратураларға, сорғыларға, сүзгілерге және коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу. Ашық қазандықтарда жеміс ашытқысын шоғырландыру (әбден пісіру). Қазандықтарды жеміс ашытқысымен толтыру, қыздыру температурасын реттеу, пісіру процесін қадағалау. Жеміс ашытқыларын пісіру шамасына қарай үлкен қазандықтардан кіші қазандықтарға құю, жеміс ашытқыларын бейтараптандыру, дайын концентратты ыдыстарға құйып алу. Бентонит суспензиясын даярлау. Микробиологиялық бақылау үшін цехтер мен қоймаларда сынамаларда сынамаларды іріктеу. Қызмет көрсететін аппаратураларға, коммуникацияларға, сорғыларға, араластырғыштарға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын реттеу. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: шараппен немесе сірке суымен ашыту, ашытқының таза дақылдарын шығару және көбейту процесінің негізгі технологиясы; технологиялық режимдер және оларды орындау мен реттеудің негізгі ережесі; қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, коммуникациялардың жұмыс істеу принципі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; есепке алу ережесі.

§ 25. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеміс ашытқысын, шырындарды, езінділерді ашыту процесін жүргізу. Ыдыстарды дайындау, оларға жеміс ашытқыларын, шырындарды немесе езінділерді толтыру, мөлшерлеу және ашытқыны беру. Сульфиттау, спирттеу. Езіндіні жылумен өңдеу және ферменттеу. Шарап материалдарын ашытқы тұнбаларынан түсіріп алу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертханалық талдау деректері бойынша және органолептикалық әдістің көмегімен ашыту процесін бақылау және реттеу. Қызмет көрсететін сорғыларға, сүзгілерге, араластырғыштарға, коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою. Ашытқының таза дақылдарын генерациялау және өндірістік жағдайда ашытқыны дайындау. Ашытқыны жинау, зарарсыздандырылған қоректік ортаны дайындау, ашытқыны қоректік ортаға себу. Генерациялау процесін қадағалау. Мөлшерлегіш құрылғылардың, сорғылардың көмегімен ашытқыны өндіріске беру. Жеміс ашытқысы мен буды вакуум-аппаратқа бер. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температураны реттеу және ыдырату. Пісіру процесін қадағалау және оның аяқталу сәтін айқындау. Дайын концентратты ыдысқа құю. Жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: шикізаттардың, материалдардың биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті;ашыту процесінің технологиясы, ашытқының таза дақылдарын шығару және көбейту, вакуум-аппараттарда жеміс ашытқысын өндіру; шарап материалдарын, ашытқы мен вакуумдалған жеміс ашытқыларын дайын болғандығын айқындау тәсілдері; қызмет көрсететін жабдықтарды және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

§ 26. Жеміс ашытқысы мен шырындарды өңдеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Толассыз ағында ашыту процесін жүргізу. Кезбе батареяларға, аппараттарға жеміс шырындарын тиеу, ашытқыны беру. Ашыту материалдары ағынының жылдамдығын реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертханалық талдау деректері бойынша және органолептикалық әдістің көмегімен алғашқы ашыту процесін бақылау және реттеу. Ашыту процесінің басталу және аяқталу сәтін айқындау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау, оның жұмысындағы кінәратты жою.

Білуге тиіс: толассыз ағында шараппен ашыту технологиясы; технологиялық режимнің параметрлері және оны реттеу ережесі; талдау әдісі және шарап материалдарын дайын болғандығын айқындау тәсілдері; толассыз ағында жеміс ашытқысын өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері; ашыту материалдары ағынының жылдамдығын реттеу тәсілдері; ашыту процесінің басталуы мен аяқталуын айқындау тәсілдері.

§ 27. КӨПІРГІШ ШАРАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көпіргіш шараптар өндіруде бөтелкедегі құрамды толық немесе ішінара салқындату немесе қатыру. Салқындату және қатыру процесін, камерадағы, ванналардағы ауа мен тұздықтың температурасын, бақылау-өлшеу аспаптары мен органолептикалық әдіс бойынша ванналардағы тұздықтың деңгейін бақылау. Салқындату және мұздату процесінің аяқталу сәтін айқындау. Тоңазытқыш камераларды, ванналарды тиеу және түсіру. Көпіргіш шараптар құйылған бөтелкелерді беру және тасымалдау. Шарап құйылған бөтелкелерді ашыту және бабына келгенін тексеру үшін қатарластыру. Бабына келгенін тексергеннен кейін өндіріске беру, бөтелкелерді қайта қатарлау және шайқау. Ашытылған шарап құйылған бөтелкелерді пюпитрлерге орналастыру және одан шығару. Қатарларды ажырату және қайта қатарлау. Шарап құйылған бөтелкелерді операция аралық тасымалдау. Бабына келтіру процесінде көпіргіш шарап құйылған бөтелкелерді жуу.

Білуге тиіс: көпіргіш шараптарды өндіруде бөтелкедегі құрамды салқындату және қатыру ережесі мен мақсаты; пюпитрлерді дезинфекциялау және орналастыру ережесі; шарап құйылған бөтелкелерді ашыту және бабына келгенін бақылау үшін қатарлау ережесі.

§ 28. КӨПІРГІШ ШАРАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті көпіргіш шараптарды дайындаушының немесе шебердің (технологтың) басшылығымен ашытқының таза дақылдарын көбейту және ашытқыны дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау. Аппараттарды, сыйымдылықтарды, ыдыстарды зарарсыздандыру. Қоректік ортаны мөлдірлеу (сүзу, тұндыру). Зарарсыздандырғыштарды қоректік ортамен толтыру, зарарсыздандыру және зарарсыздандырғыш ыдыстарға құю. Сорғының, өлшегіштің көмегімен ашытқыны қоректік ортаға және өндіріске беру. Аппаратураларға, сорғыларға, сүзгілер мен коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын реттеу. Шарапты тұнбалардан ажыратуға арналған аппаратуралар мен құрылғылардың көмегімен көпіргіш шараптарды бөтелкелерден бөтелкелерге ауыстырып құю. Бос және толтырылған бөтелкелерді ауыстырып құюға дайындау, қатарлардан бөтелкелерді ауыстыру. Толтырылған бөтелкелерді алдын ала салқындату және бос бөтелкелерді көмірқышқылымен толтыру. Қызмет көрсететін аппаратураның жұмысын реттеу. Шикізат пен дайын өнімге есеп жүргізу.

Білуге тиіс: шараптың, ашытқының және қосымша қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті; ашытқының таза дақылдарын көбейтудің негізгі технологиясы; технологиялық режимнің параметрлері және оны орындау ережесі; қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, коммуникацияның жұмыс істеу принципі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; есепке алу ережесі.

§ 29. КӨПІРГІШ ШАРАПТАРДЫ ДАЙЫНДАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аппараттарда үздіксіз жұмыс істейтін батареяларда ашытқылардың таза дақылдарын генерациялау процесін жүргізу. Ашытқыларды жинау. Зарасыздандырылған қоректік ортаны дайындау, ашытқыны қоректік ортаға себу. Генерациялау процесін қадағалау. Сорғылардың, мөлшерлегіш құрылғылардың көмегімен ашытқыны өндіріске беру. Қайта ашыту үшін резервуарлық (немесе тираждық) қоспаны дайындау және өңдеу. Орталықтан тепкіш сорғыларды қолдану, көмірқышқылымен таптау немесе басқа да тәсілдермен қысымды аппараттарды шарап материалдарымен және ликермен толтыру. Қоспаны сутекті жіберу жолымен, ашыту және басқа да тәсілдермен қышқылсыздандыру-майсыздандыру. Қоспаны берілген температураға дейін қыздыру, оны сол деңгейде ұстап тұру және кейін салқындату. Қоспаны көмірқышқылымен таптау жолымен шампандауға беру. Көмірқышқылын шығару және қысымды аппараттардан рессиверге компрессормен сорып алу. Жинағыштарға қоспаның толуын және өңделген қоспаны қайта ашытуға берілуін қадағалау. Судың, қоспаның температурасын, сутекті мөлшерлеуді бақылау. Қант шәрбатын, тираждық және экспедициялық ликерді қазандықтарда, реакторларда, араластырғыш ыдыстарда, ротациялық бөшкелерде және басқа да аппараттарда дайындау. Сорғыларды, мөлшерлегіштерді, шнектер мен басқа да тиегіш механизмдерді қолдана отырып, компоненттерді тиеу. Суды, буды, отынды беру. Зертханалық талдаулардың нәтижелері және органолептикалықәдіс бойынша процестерді бақылау. Дайын болған сәтті айқындау, сүзу, сынамаларды іріктеу.

Білуге тиіс: көпіргіш шараптарды бөтелкелеу және резервуарлық әдіспен дайындау технологиясының негіздері; ашытқының таза дақылдарын генерациялау технологиясы; шараптардың, ашытқылардың, қанттың, көмірқышқылының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті; дайын өнімге қойылатын сапасына қойылатын талаптар мен технологиялық нұсқаулықтар; қызмет көрсететін жабдықтардың, құрылғылардың, коммуникациялардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

§ 30. РЕМЮЕР

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көпіргіш шараптарды өндіруде бөтелкелеу әдісімен (ремюаж) тұнбаларды тығынға әкелу. Бөтелкелерде ашытылудың аяқталу сәтін көзбен, органолептикалық айқындау. Бөтелкелердің пюпитерлерге дұрыс салынуын қадағалау. Тұну сипатын және оны өңдеу әдістерін айқындау. Пюпитердің ұяшықтарынан алмай, бөтелкенің ось бойынша оңға және солға тербелтіп қозғалту жолымен бөтелкелердің тұнбаларын өңдеу, одан әрі бөтелкелерді бастапқы күйден өзгеше орналастыру. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: көпіргіш шараптарды бөтелкелеу әдісімен өндіру технологиясының негіздері; ремюаж процесінің мәні мен маңызы және оны жүргізудің ережесі; шараптардың, ашытқылардың, көмірқышқылының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті; пюпитерлердің құрылғысы және олардан бөтелкелерді шығару; есепке алу ережесі.

II. СПИРТ және арақ-ликер өндірісі


§ 31. Спирт айДАУ және ректификаттау аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық инструкцияға сәйкес кезеңді жұмыс істейтін брагоректификаттау, ректификаттау аппараттарында және аламбикаларда спиртті айдау, ректификаттау процесін жүргізу. Кезеңді жұмыс істейтін айдау аппараттарын тиеу. Вентильдің көмегімен ашытқыны, спиртті, буды, суды беруді реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айдау мен қысымның жылдамдығын қадағалау. Стандартты өнімдерді, жартылай өнімді және қосымша өнімді іріктеу. Ашытқыш пен бардтағы спирттің концентрациясын тексеру. Химиялық зертханалардың талдауы және спирт өлшейтін аспаптардың көрсеткіштері бойынша шығарылатын өнімнің сапасын және қадағалау. Алғашқы және соңғы фракцияның санын реттеу. Сынамаларды алу, алынатын спирттің саны мен сапасын айқындау. Спирт өлшегіш аспаптар бойынша өңделген спирттің санын бақылау, есептеуіштердің көрсеткіштерін жүйелі түсіру. Айдауды аяқтағаннан кейін қондырғыларды түсіру және жуу. Қызмет көрсететін жабдықтың жай-күйін қадағалау. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: кезеңді жұмыс істейтін айдау аппараттарында спирт өндіру технологиясы; айдау және ректификаттаудың, хошиісті спирт алудың теоретикалы негіздері; спиртті, жартылай өнімді және қосымша өнімді іріктеу әдісі, оны іріктеу ережесі; брагоректификаттау процесінде өнімнің шығу, спиртті шығындау нормалары; қызмет көрсететін жабдықтардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аппаратуралары мен автоматика құралдарының құрылғысы, міндеті мен ережесі; бу мен суды оңтайлы шығындау амалдары; есепке алу ережесі.


32. Спирт айДАу және ректификаттау аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық инструкцияға сәйкес үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық қондырғыларда спиртті айдау және ректификаттау процесін жүргізу. Вентильдің немесе автоматика құралдарының көмегімен ашытқыштарды, спиртті, суды беруді реттеу. Брагоректификаттық қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Спиртті айдау және ректификаттау процесін қадағалау, оның технологиялық параметрлерін реттеу: бақылау нүктелеріндегі температураны, қондырғы колонналарындағы қысымды, қондырғының өнімділігін. Стандартты өнімнің, жартылай өнімнің және қосымша өнімнің шығуын қадағалау. Спирт өлшейтін аспаптардың көрсеткіші мен химиялық зертхана талдаулары бойынша бардтағы және лютерлі судағы ректификатты спирттің концентрациясы мен сапасын, спирттің концентрациясын тексеру.автоматика құралдарын қолдана отырып, спиртті айдау және ректификаттаудың технологиялық процесінің барысын талдау негізінде реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: үздіксіз қызмет ететін айдау аппараттарында спирт өндіру технологиясы; түрлі жүйедегі үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық қондырғылар мен автоматика құралдарының құрылғысы; жылу энергиясын шығындау нормалары және оның үнемдеу тәсілдері.
33. Спирт айДАу және ректификаттау аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Регламентке сәйкес үздіксіз қызмет ететін брагоректификаттық қондырғыларда спиртті айдау және ректификаттау процесін жүргізу. Қондырғыға ашытқышты тиеу, қысқа уақытқа тоқтату, қысқа уақытқа тоқтатқаннан кейін қондырғыны қосу, спиртті тарту, жуу, қондырғыны тазалау. Аспаптардың көрсеткіші негізінде спиртті айдау және ректификаттаудың технологиялық процесінің барысын түзеу. Бардта және лютерлі суда спирттің шығындалуын айқындау. Жылы ағын бойынша колонналардың өзара байланысын, сондай-ақ бірнеше параллельді жұмыс істейтін колонналар мен арнайы мақсаттағы колонналардың жұмысын реттеу. Брагоректификаттық қондырғылардың бу мен суды шығындау бойынша жұмысының едәуір үнемді режимін таңдау. Қызмет көрсететін қондырғыны жөндеуге тапсыру және өндеуден алу.

Білуге тиіс: үздіксіз әрекет ететін ашыту ректификаттық қондырғылардың технологиялық схемасы; ашыту ректификаттық қондырғылардың жылу энергиясы бойынша анағұрлым жетілдірілген жаңа схемалары; вакуум қондырғылардың жанама-тікелей ағу қондырғылардың, ашыту ректификациясы жүйесінде бас фракциядан этил спиртін алу бойынша қондырғының, құрылысы және құрылымдық ерекшеліктері және оларды пайдалану ерекшеліктері; құбырлардың орналасу схемасы; тығын және реттеуші арматураның орналасуы және оны пайдалану әдістері; жылу алмастырғыштардың бетін тазалау тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы және жұмыс қағидаттары; өндірістік процестерді автоматтандыру схемасы; қызмет көрсетуші жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері және технологиялық процесті қалыпқа келтіру.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

§ 34. СПИРТТІ ДЕНАТУРАТТАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоспалаушы чандарда денатуратталған спиртті дайындау. Қоспалаушы чанға шикі спирттің немесе этил спиртінің бас фракциясының тиісті мөлшерін жинау, керосин, кетон майын, скипидар, бояу ерітіндісін немесе басқа ингредиентті қосу. Қоспаны мұқият араластыру. Судың тиісті мөлшерін қосу. Дайын денатуратталған спиртті сорғымен өлшем ыдыстарына айдау.

Білуге тиіс: денатуратталған спиртті дайындау технологиясы; спиртті денатураттау чандарының, сорғылардың, өлшем ыдыстарының құрылысы; спиртомерлер мен термометрлердің мақсаты мен жұмыс қағидаттары; спирттің, этил спиртінің бас фракциясының, ингредиенттердің физикалық-химиялық қасиеттері.

§ 35. СІРНЕ СУСЛОСЫН ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сірне суслосын дайындау процесін жүргізу. Сірнені қажетті концентрацияға дейін өсіру. Чанға сірне мен су жинау, механизмдерді қосу, концентрациясы мен температурасын реттеу. Антисептиктер ерітіндісін дайындау және оны сироп жасауға жіберу. Сірнені тұз немесе күкірт қышқылымен ашыту, химикаттарды дозалау. Сірнені, сіңімді заттарды, антисептиктерді жіберіп тұратын сорғыны басқару. Сірнелі суслоны дайындау процесінің барысын бақылау және оны өлшеу құралдарының көмегімен реттеу. Сірненің, сусло мен химикаттардың чаннан ағып кетуінің алдын алу. Сірнені қажетті температураға дейін қыздыру, пастерлеу, салқындату. Талдауға сынамаларды іріктеу. Дайындалған сірнелі суслоны ашытқы және ашыту бөлімдеріне жіберу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: спирт өндірісі технологиясының негіздері; сірненің суслосын дайындау технологиясы; сірненің қасиеттері; спирт өндірісінде пайдаланылатын химикаттардың түрлері мен қасиеттері туралы негізгі мәліметтер; антисептиктерді қолданудың тәсілдері мен қағидалары; қызмет көрсетілетін қондырғының, өлшеу құралдары мен автоматиканың құрылысы және пайдалану қағидалары; құбырлар мен тығын, реттеуші арматураның орналасу схемасы және оны пайдалану әдістері; қышқыл тиген кезде алғашқы көмек көрсету тәсілдері.

§ 36. МОРС ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеміс-жидек шикізатын қабылдау және қоспалауыш чанға салу. Морс пен тұнбаны алғашқы және қайталап құю және ағызу. Өңделген шикізатты тұндыру чандары мен бөшкелерден түсіру. Жеміс-жидек шикізатын престе сығу және сығындысын булауға жіберу. Чандарды, бөшкелерді және басқа жабдықтарды жуу. Морсты, тұнба мен шырынды сорғымен айдау. Морс, тұнба және шырын өндірісі режимін бақылау.

Білуге тиіс: жеміс-жидек шикізатының сапасына қойылатын негізгі талаптар; шикізаттың сапасына қарай морстың, шырын мен тұнбаның негізгі сапалық көрсеткіштері туралы бастапқы мәліметтер; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаттары мен пайдалану ережесі; бастапқы және қайталама құйманың құйылу мерзімі.

§ 37. СІҢІМДІ ЕРІТІНДІ ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұздардың, антисептик ерітінділердің, көпіршік басушылардың сіңімді ерітінділерін дайындау (мочевина, фосфат тиамоний, фосфор қышқылы және т.б.). Химикаттарды жіберу, жеткізу. Араластыру механизмін іске қосу. Ерітіндіні жылыту, көпіршік басушыларды стерильдеу. Ерітіндінің тығыздығын және басқа да көрсеткіштерін тексеру.

Білуге тиіс: тұздардың сіңімді ерітінділерін, химикаттарды, суперфосфат сығындыны, антисептиктерді дайындау технологиясы; спирт өндірісінде пайдаланылатын химикаттардың түрлері мен қасиеттері туралы негізгі мәліметтер.

III. СЫРА ҚАЙНАТУ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬДІ ЕМЕС СУСЫНДАР ӨНДІРІСІ

§ 38. АШЫТҚЫ ЖАСАУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыра суслосын ашыту үшін ашытқы жасау процесін жүргізу. Ашытқыны өңдеу, өсіру және чанда, науада, монжюда сақтау. Тұқымдық және тауарлық ашытқыны ашыту чандарынан алу. Ашытқыны есепке алу және генерациялар мен расалар бойынша бөлу. Ашытқыны ұсақ көзді тордан сүзу арқылы механикалық қоқымнан, қышқылдату және сілтілендіру арқылы бөгде микроағзалардан тазарту. Ашытқыны жуу және белсенді ашытуға дайындау. Қышқылдату және сілтілендіру үшін ерітінді дайындау. Жинақтауыштағы суды ауыстыру, ашытқы жинақтауыштағы температураны бақылау және реттеу. Таза күйіндегі ашытқыны қабылдау және оның өсу процесін бақылау. Ашытқы жинақтарының, тоңазытқыштардың және ашытқы камераларының басқа да жабдықтарының биологиялық тазалығын қамтамасыз ету. Тауарлық ашытқыны ыдыстарға құю. Тауарлық ашытқыны сатуға жіберу және санын есептеу.

Білуге тиіс: тұқымдық ашытқыны өңдеу, оны сақтау технологиясы; ашытқының сипаттамасы, расалардың айырмашылығы; практикалық тәсілдер, ашытқыны алу техникасы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс және пайдалану қағидаты; ашытқыны генерациялар мен расаларға бөлу қағидасы; суслоны ашыту үшін ашытқыны ыдысқа салу нормалары; ашытқыны қышқылдату және сілтілендіру үшін ерітіндіні дайындау ережесі және жұмсау нормалары; жабдықтар мен ашытқы камерасының үй-жайларын санитарлық өңдеу қағидасы.

§ 39. КАПТАЖИСТ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Зауыттық минералды су жинақтау бассейніне қызмет көрсету. Минералды судың бөліп құю желілеріне берілуін, бассейндегі судың температурасы мен деңгейін, құбырлардағы қысымды реттеу. Сынамаларды іріктеу, минералды судың сапасын органолептикалық әдіспен тексеру. Минералды судың қалдығын бассейндерден шығару. Құбырлар желісіне су жіберіп тұратын механизмдерге қызмет көрсету және олардың жұмысын бақылау. Жабдықтар мен бассейндерді санитарлық өңдеуді жүргізу.

Білуге тиіс: минералды судың қасиеттері мен сапасын айқындау тәсілдері; бассейндерді өңдеу және ұстаудың санитарлық қағидалары; минералды суларды бөтелкелерге құю технологиясы; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты және пайдалану қағидалары; құбырлардың орналасу схемасы.
§ 40. СУ ӨҢДЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаты. Сыра өндірісіне арналған технологиялық мақсаттағы суды өңдеу және дайындау процессін жүргізу. Бактарға суық су толтыру, бу жіберу, сүзу, бактағы суларды жұмсарту және қажетті температураға дейін жылыту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бактағы судың деңгейі мен температурасын реттеу. Ыстық суды өндіріске жіберу. Сүзгіні бөлшектеу, жуу және жинақтау. Үй-жайды санитарлық өңдеу. Бактар мен құбырлардың жылу оқшаулауышының жұмысқа жарамдылығын бақылау, олардың жұмысындағы ақаулықтарды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаске үшін ыстық су дайындау жөніндегі технологиялық нұсқаулық; суды жұмсарту және тазалау құралдары мен тәсілдері; бу және су құбырларының схемасы; тығын және реттеу арматурасының, бақылау-өлшеу аспаптарының орналасуы және оларды пайдалану қағидасы; ыстық судың өндіріс учаскелеріне берілу кестесі; су сүзгілерінің жұмыс қағидаты; бактарды, жабдықтар мен үй-жайларды санитарлық өңдеу қағидалары мен мерзімі; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы кемшіліктерді жою қағидасы.

§ 41. СУ ӨҢДЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаты. Жеміс және минералды суды өндіруге арналған газды суды өңдеу және дайындау процессін жүргізу. суды сүзу, салқындату және көмір қышқылымен байыту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сатуратолардағы салқындықты, қысымды, көмір қышқылымен толық байытылуын және газды судың құю машиналарына біркелкі берілуін реттеу. Сүзгілердің, тоңазытқыштардың, сатураторлардың, сорғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын тексеру. Көмірқышқылы бар баллондарды жылжыту, орнату және сатураторларды газгольдерге немесе баллонға қосу. Газгольдерлерге, қызмет көрсету, көмірқышқылы бар баллондарды тасымалдау.

Білуге тиіс: газды су дайындау технологиясы; газды судың сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураның құрылысы, мақсаты және пайдалану қағидасы.

§ 42. СУ ӨҢДЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Су дайындау құрылғыларында (желілерінде) "Пепси" тәрізді алкогольді емес сусындарды өндіру үшін бастапқы ауыз суды өңдеу процесін жүргізу. Механикалық, химиялық, биологиялық және мұқият тазалау (сүзу), кондиционерлеу, жинақтау, салқындату және суды кейінгі операцияларға жіберу. Механикалық (құм), катион, көмір, патрон сүзгілерге, озонаторға, контактілі колонналарға, суды жинақтау және сақтау жинақтауышына, электр сорғыға, эжекторларға, тоңазытқыш құрылғыларға тығын, реттеу арматурасының көмегімен қолмен және басқару пультімен қызмет көрсету, жұмысқа жарамдылығын тексеру және жұмысын реттеу, қызмет көрсетілетін құрылғының жұмысын белгіленген режимде қамтамасыз ету. Құрылғыны жұмыс режиміне дайындау жөніндегі қосалқы жұмыстарды жүргізу: сүзу материалдарын қопсыту және жуу, катионит сүзгілерін күкірт қышқылымен регенерациялау және оларды жуу, белсенді көмірді булау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша құрылғыға берілетін бастапқы судың, сүзгіге құйылатын және одан ағызылатын судың қалыпты жұмыс қысымын, озонатордың жұмысқа жарамдылығын жарық сигналдары бойынша, судың шығынын, жуу және булау уақытын, суды салқындату және булау температурасын, өңделетін және жууға арналған судың сутегі көрсеткішін салқындатуды, ыдыстағы судың деңгейін және т.б. бақылау және реттеу. Сүзу материалдарын қопсыту және жуудан кейін судың тазалығын бақылау. Сынамаларды іріктеу. Тазартылған судың сапасын жүйелі бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: алкогольді емес сусындады өндіру үшін су дайындау аппараттарында су өңдеудің технологиялық схемасы және өңдеу процесі, өңделген судың сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураның құрылысы, мақсаты және пайдалану қағидасы.

§ 43. ҚҰРҒАҚ СЫРА АШЫТҚЫСЫН ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаты. Біліктілігі анағұрлым жоғары құрғақ сыра ашытқысын дайындаушының немесе ауысым мастерінің басшылығымен құрғақ сыра ашытқысын алу процесін жүргізу. Сұйық ашытқыны ашыту чандарынан қабылдау, қажетті мөлшерде сумен араластыру. Ашытқыны ажырату. Ашытқыны тұз ерітіндісімен өңдеу. Ашытқыны ащы дәмі толық кеткенше жуу. Сұйық ашытқының кептіру барабандарына кептіру үшін берілуін реттеу. Ашытқының барабанның бетінде біркелкі орналастырылуын бақылау. Кептіргіштерді түсіруге қатысу және құрғақ сыра ашытқысын ұнтақтауға жіберу. Ұнтақтағыштың жұмысын бақылау. Құрғақ ашытқыны бөлім салу, өлшеу және бөліп салынған ашытқыны белгілеу. Ашытқы салынған қораптар мен жәшіктерді қатарлап тізу.

Білуге тиіс: құрғақ сыра ашытқысын өндіру технологиясының негіздері; ашытқыны ажырату, азаю сапасын айқындау әдістері, ақаулықтардың түрлері және олардың алдын алу және жою тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты және пайдалану қағидасы; дезинфекциялау құралдарын дайындау және қызмет көрсетілетін жабдықтар мен коммуникацияны санитарлық өңдеу қағидасы.

§ 44. ҚҰРҒАҚ СЫРА АШЫТҚЫСЫН ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаты. Құрғақ сыра ашытқысын алу процесін жүргізу. Ашытқыны ащы дәмі толық кеткенше жуу және ажырату режимін қамтамасыз ету. Ашытқыны кептіру процесінің барысын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температурасы мен қысымын реттеу. Ашытқыны кептірудің аяқталу сәтін айқындау, кептіргішті босату. Құрғақ ашытқыны ұнтақтау процесін реттеу. Техникалық құжаттаманы жүргізу. қызмет көрсетілетін жабдықты және бақылау-өлшеу аспаптарын, коммуникацияларды тазалау, дезинфекциялау және жұмысқа жарамдылығын тексеру, олардың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.

Білуге тиіс: құрғақ сыра ашытқысын өндіру технологиясы; ашытқыны ажырату, жуу, кептіру технологиялық режимінің негіздері және оларды реттеу ережесі; сыртқы белгілері бойынша талдау әдістемесі және процестің дұрыстығын айқындау тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы.

IV. АЛКОГОЛЬДІ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬДІ ЕМЕС ӨНІМ

ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ КӘСІПТЕРІ

§ 45. АШЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаты. Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес ашыту процесін жүргізуге қатысу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сыра ашытқысының ашыту ыдысына түсуін және ашыту барысын бақылау. Ашытқыны ашыту камералары мен қысыммен жұмыс істейтін лагерь ыдыстарынан түсіру, оларды ашытқы камераларына жеткізу. Ашытқының ашыту чандарына берілуі; шлангтарды жақындату және қосу, декті алу және сыраны, квасты, ашымалды айдау. Ақаулы өнімді қабылдау және өңдеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ашытылатын массаның температуралық режимін бақылау. Колер, жалбыз тұнбасын және басқа да ингредиенттерді дайындау. ашытқыны айдауға жіберу. Ашытылатын массаны сүзу және пастерлеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау. Шикізатты және дайын өнімді есепке алуды жүргізу.

Білуге тиіс: шикізаттың түрлері мен қасиеттері, ашытудың микробиологиялық тазалығы туралы негізгі мәліметтер; ашыту технологиясының негіздері; ашытқының қасиеттері және олардың қолданылу қағидаттары; ашыту кезінде болатын негізгі процестер; жабдықтар мен коммуникацияны жуу, дезинфекциялау және санитарлық өңдеу қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты және пайдалану қағидасы.

§ 46. АШЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Біліктілігі анағұрлым жоғары ашыту процесінің аппаратшысының немесе мастердің басшылығымен спиртпен ашыту, сыраның әр түрлі сортына арналған сыра ашытқысының басты ашытылу, жеткізіле ашыту және сыраны сақтау, квас пен ашымалды ашыту технологиялық процесін жүргізу. Ашытылған массаны, ашымалды, сыра ашытқысын, квас суслосы концентратын және сыраны ашыту және лагерь ыдыстарына және алдын ала араластыру чандарына қабылдау. Квас суслосының концентратын белгілі бір тығыздыққа дейін араластыру. Квас суслосын ашыту чандарына айдау. Қант сиропын қайнату және оны ашыту чандарына салу. Ашытқыны жіберу, шпунттау, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режимді реттеу. Суды салқындатқыш иірімдерге жіберу, ашымалды шығару жылу алмастырғыштар арқылы айдау жолымен салқындату, дайын өнімді салқындату және бөліп құю үшін айдау. Чандардың микробиологиялық тазалығын тексеру. Ашытудың барлық кезеңдерінде технологиялық режимді бақылау. Квас пен ашымалды араластыру. Сынама алу. Сірне ерітіндісін және күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау. көпіршікті басу қоспасын дайындау және оны ашыту массасына қосу.

Білуге тиіс: шикізатқа қойылатын негізгі талаптар; спирт пен сыра, квас пен ашымалды өндіру технологиясы; ашыту, жеткізе ашыту және сыраның әр түрлі сорттарының сақталуының технологиялық процесі; сақтау мерзімі; ақаулықтардың түрлері және оның алдын алу және жою тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтың және өлшеу құралдарының құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері; өлшеу құралдарын және түзету кестелерін пайдалану қағидасы; суслоның ашытылу тығыздығын, ашыту температурасын айқындау тәртібі.

§ 47. АШЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаты. Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес спиртпен ашыту, сыраның әр түрлі сортына арналған сыра ашытқысының басты ашытылу, жеткізіле ашыту және сыраны сақтау, квас пен ашымалды ашыту технологиялық процесін жүргізу. Чандардың микробиологиялық тазалығын, жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын тексеру. бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ашытудың барлық кезеңдерінде температуралық режимді бақылау. Чандағы, ыдыстағы қысымды, жарықты және қышқылдылықты реттеу. Белгіленген технологиялық режимге сәйкес сыраны ашыту, жеткізе ашыту және ағарту процесін жүргізуді қамтамасыз ету. Қарапайым талдау жүргізу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және жою. Сыраның сүзілуін және карбонизациялануын бақылау, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сүзу кезіндегі қысымын реттеу.

Білуге тиіс: сыра, квас, ашымал өндірудің технологиялық схемасы; коммуникацияның орналасу схемасы; дайын өнімнің технологиялық қасиеттері; өнімнің әр түрлі сорттарын ашыту режимінің қағидалары мен өлшемдері; қарапайым талдаулардың әдістемесі; ашыту өнімдерін өндіруді қолданылатын жабдықтардың құрылысы; оның жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.

§ 48. АШЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаты. Өлшеу және автоматика құралдары жүйесімен жабдықталған ірі көлемді цилиндр-конус танктарда сыраны күрделі биохимиялық және микробиологиялық ашыту және ашуын жеткізу процесін жүргізу. Цилиндр-конус танктардың ашыту массасымен толтырылуын бақылау. Ашытқыны салу, цилиндр-конус танктарға берілетін сыра ашытқысын стерильді ауамен ауаландыру. Сыраны ашыту және ашуын жеткізу процессінің барлық кезеңдерінде бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша температуралық режим мен қысымды реттеу. Сыраның құрамындағы экстрактіні бақылау. Технологиялық режимге сәйкес тоңазытқыш агентті цилиндроконус танктердің қалташықтарына жіберу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және жою. Ашытқыны алу. Сыраны сүзуге (ағартуға) жіберу. Сынаманы алу және талдау жүргізу.

Білуге тиіс: ірі көлемді цилиндр-конус танктарда сыра өндіру технологиясы; коммуникацияның орналасу схемасы; сыраның әр түрлі сорттарының ашытылуы және ашуына жеткізілу режимдері; технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептері және оларды жою тәсілдері; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және қызмет ету қағидаты.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.



§ 49. КУПАЖДАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Біліктілігі анағұрлым жоғары купаждаушының басшылығымен ликер-арақ өнімдері, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарына арналған купаж дайындау процесін жүргізу. Купаждау үшін қажетті материалдар мен ингредиенттерді дайындау. Рецептураға сәйкес купаж жасауға, купаждау чанына тиісті ингредиенттерді салуға және оларды араластыруға қатысу. Сынамаларды алу, бақылау талдауларын жүргізуге қатысу. Белгілеген мерзімде дейін сақтаудан кейін дайын купажды ашуын жеткізу чанына айдау немесе оны сүзуге жіберу. Купажды сүзу және миксерге жіберу (алкогольді емес және алкоголі аз өнімдерге). Купаждау немесе сұрыптау чандарын жуу. Шикізатты және дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: ликер-арақ өнімдерінің әр түрлі сорттарын, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарын дайындау технологиясының негіздері және рецептурасы; ликер-арақ өнімдері мен алкогольді емес сусындардың, шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар; қарапайым талдау, күштілігін айқындау және органолептикалық бағалау әдістемесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану қағидасы, коммуникациялардың орналасу схемасы; шикізатты және дайын өнімді есепке алу қағидасы.

§ 50. КУПАЖДАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаты. Ликер-арақ өнімдері, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарына арналған купаж дайындау процесін жүргізу. Бояғыштарды, қант сиропын және басқа да қажетті материалдар мен ингредиенттерді алу. Рецептураға сәйкес купаж жасау. Купаждау чанына (купаж жинақтау) тиісті ингредиенттерді біртіндеп енгізу және оларды араластыру. Күштілігін түзету, бақылау талдауын жүргізу. Коммуникациялардың, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысқа жарамдылығын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: ликер-арақ өнімдерінің әр түрлі сорттарын, жеміс шырындары мен құрғақ сусын концентраттарын дайындау технологиясы; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, коммуникациялардың орналасу схемасы; шикізатты және дайын өнімді есепке алу қағидасы.

§ 51. СЫРА ҚАЙНАТУ ӨНДІРІСІНДЕГІ СҮЗУ

ЖЕЛІСІНІҢ ОператорЫ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Біліктілігі анағұрлым жоғары сыра сүзу операторының басшылығымен сыраны сүзу технологиялық процессін жүргізу. Сүзу компоненттерін себу, жуу және ағымдағы дозалау. Сыраны сүзу процессін және барлық қосалқы технологиялық процестерді, жуу құралдарының концентрациясын, жуғыш концентраттардың болуын бақылау. Сыраны сүзуге арналған жабдықтарды бөлшектеу, құрастыру және дайындау. картон сүзгіні ауыстыру, сүзгілерді регенерациялауды жүзеге асыру. Жабдықтарды қарапайым жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: сыраны сүзудің технологиялық процестері мен режимдері; шикізаттың түрлері және дайын өнімдер мен қосалқы материалдарға қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және қызмет қағидаттары.

§ 52. СЫРА ҚАЙНАТУ ӨНДІРІСІНДЕГІ СҮЗУ

ЖЕЛІСІНІҢ ОператорЫ

5-разряд

Жұмыс сипаты. Сыраны сүзгіден өткізудің барлық кешенді-механикалық учаскелері мен автоматтандырылған желілерінде технологиялық процесті басқару пультінен жүргізу. Сүзу құрылғыларын жүргізу және тоқтату. Автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен сыраны сүзгіден өткізу процессінің белгіленген режимін, қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз және синхронды жұмысын қамтамасыз ету. Өнім сапасын технологиялық тізбек барысында бақылау. Автоматты бағдарламаларды іске қосу. Концентраттардың болуын мен жуу ерітінділерінің концентрациялау дәрежесін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдыққа жөндеу жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: сыраны сүзгіден өткізудің кешенді-механикалық учаскелері мен автоматтандырылған желілеріне енгізілген автоматтардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысы мен кинематикалық схемалары; сыраны сүзудің технологиялық процессі; шикізаттың түрлері; дайын өнімдер мен қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қызмет ету қағидаттары.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.



§ 53. СЫРА ҚАЙНАТУ ӨНДІРІСІНДЕГІ СҮЗУ

ЖЕЛІСІНІҢ ОператорЫ

6-разряд

Жұмыс сипаты. Сыраны сүзгіден өткізудің барлық автоматтандырылған учаскелерінде технологиялық процесті басқару пультінен немесе компьютерден жүргізу. Сүзу компоненттерін есептеу. Өнімнің сапалық көрсеткіштерін технологиялық тізбектің өн бойында бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату. Автоматты бағдарламаларды іске қосу. Сүзу құрылғыларын жүргізу және тоқтату. Автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық режимнің белгіленген өлшемдерін, қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз және синхронды жұмысын қамтамасыз ету. Технологиялық режимнен ауытқудың алдын алу және оның себептерін жою. Сыраны сүзгіден өткізу технологиялық процессінің аяқталған сәтін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және зертхана талдауының нәтижесі бойынша айқындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге тапсыру және одан алуға қатысу.

Білуге тиіс: сыраны сүзгіден өткізудің автоматтандырылған желілеріне енетін автоматтардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысы мен кинематикалық схемалары; сыраны сүзудің технологиялық процессі; шикізатқа, дайын өнімдерге және қосалқы материалдарға қойылатын талаптар.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.



§ 54. УЫТ ӨНДІРУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаты. Бидайдың уытын өндіру процесіне қатысу. Чандағы ылғалдылықты белгіленген пайызға жеткізе отырып бидайды сулау және бидайдың бастапқы өсу кезеңі үшін қажетті ауаландыруды қамтамасыз ету. Бидайды тиеу, жуу, дезинфекциялау, бидайды айдау, қорытпасын алу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режимді реттеу. Су мен бидайды хлорлау үшін хлорлы әкті дайындау. Бидайды чаннан алу және өсіру үшін аппаратқа және қырманға жеткізу. Бидайды текшелеп үю. Сынаманы алу. Сыртқы белгілері бойынша сулау дәрежесін айқындау. Чанға салынатын бидайдың мөлшерін есептеу.

Білуге тиіс: бидайды сулау қағидасы; уыт дайындауда қолданылатын бидайдың қасиеттері және уыт сапасының сыра ашытқысына, спиртке және басқа да өнімдерге тигізетін әсері; сынамаларды алу, чанға салынатын бидайды есепке алуды жүргізу қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі.
§ 55. УЫТ ӨНДІРУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Ауысым мастерінің немесе біліктілігі анағұрлым жоғары ашытушының басшылығымен бидайды қырманда және жәшікте ашыту процесін жүргізу. Бидайды қырманда жаю. Қабаттың биіктігін белгілеу, қатардың жиектерін бітеу, бидай қабаттарын қолмен немесе механикалық қалақпен қопсыту. Процестің өн бойында ашытудың технологиялық және температуралық режимін бақылау және қолдау. Уытты өсуді жеделдеткіштермен өңдеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және олардың пайда болу себептерін жою. Қарапайым талдау жүргізу. көк уытты әр түрлі жүйедегі кептіргіштерге тасымалдау. Қырманның, жәшіктердің, желдеткіш құрылғыларының, тасымалдау механизмдерінің және басқа да қызмет көрсету жабдықтарының тазалығын тексеру.

Білуге тиіс: қырманда және жәшікте бидайдың уытын өндірудің технологиялық схемасы; бидайды қопсыту тәсілдері; бидай мен уыттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері; уыттың бүлінуі мен бұзылуын туындататын себептер, олардың алдын алу тәсілдері, уытты зарарсыздандыру; қарапайым талдау жүргізу әдістемесі; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы.
§ 56. УЫТ ӨНДІРУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаты. Бидайды қырманда және жәшікте ашыту процесін жүргізу. Бидайды уыт өндіру аппараттарына, қырманға қабылдау. Бидайды өсіру процесін кезеңдерінің барлығында технологиялық нұсқаулыққа сәйкес реттеу. Температураны реттеу және ауаны ылғалдау, оны уыт өндіретін аппараттарға жіберу. Уыт өсірудің температуралық режимін бақылау. Уыт өндіргіштерді, жылжымалы атызды іске қосу және тоқтату. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын тексеру. Ұсақ ақаулықтарды жою. Технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтардың алдын алу және жою. Сынамаларды іріктеу. Бақылау талдауларын орындау. Уыттың дайындығын айқындау.

Білуге тиіс: уыт өндірісінің технологиялық схемасы; уыт дайындау үшін қажетті бидайдың сапасына қойылатын талаптар; уыттың сапасын сыртқы белгілері және диастатикалық қуаты бойынша бағалау; бидайдың әр түрлі түрлерінен уыт өндіру нормалары мен әдістері; уыт өндірісінде қолданылатын жабдықтың құрылысы мен құрылымдық ерекшеліктері.
§ 57. УЫТ ӨНДІРУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаты. Бақылау-өлшеу аспаптарымен және автоматикамен жабдықталған бірлік қуаты жоғары агрегаттарда уытты бірлескен тәсілмен сулау, суару және кептіру биохимиялық процесін жүргізу. Бидайды агрегатқа қабылдау. Ылғалдылықты, температураны және сулау, уытты суару және кептіру ұзақтығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Ұсақ бүрікпелі сумен суара отырып және бапталған ауамен үрлеу арқылы бидайды барлық кезеңдерінде технологиялық нұсқаулыққа сәйкес қопсыту. Жаз мезгілінде салқындату және қыста таза салқын ауаны жылыту, қалыпқа келтірілген ауаны рециркуляциялау. Уыт өсірудің биологиялық және ферментативтік процесін бидай қабатын бапталған ауамен аэрациялау арқылы реттеу. Ауаның және кептіру агентінің агрегатқа жіберілуін реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтың алдын алу және себептерін жою. Сынамаларды іріктеу. Бақылау талдауларын орындау.

Білуге тиіс: бірлік қуаты жоғары агрегаттарда уытты бірлескен тәсілмен уыт өндірудің технологиялық режимінің технологиясы мен өлшемдері; сынамаларды іріктеу қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың құрылысы, құрылымдық ерекшеліктері және пайдалану қағидасы.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.


V. СІРКЕ СУЫ ӨНДІРІСІ
§ 58. СІРКЕ СУЫН ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Үлкен аппараттарда (ферментерлерде) жылдам мерзімді айналдыру және жартылай үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесін жүргізу. Ауа үрлегішке немесе компрессорларға, конденсациялық-тарту жүйесіне және құрамында сірке суы бактериялары бар культуралды сұйықтықты айналдыруға арналған сорғыларға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтың қышқылдану және үздіксіз жұмыс істеу процесінің қалыпты барысын қамтамасыз ету. Жылу алмастырғыштардың температуралық режимі мен сегнер дөңгелектері мен басқа да бүріккіштердің жұмысын реттеу. Культуралды сұйықтықтың сынамасын алу, оны қышқыл мен спирттің концентрациясы бойынша талдау. Талдау нәтижелері бойынша процесс барысын бақылау және реттеу. Ауаның берілуін реттеу. Процестің басталу сәтін айқындау. Шикі сірке суын алу және оны кейінгі операцияларға айдау. Шикі сірке суы мен дайын өнімнің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: жылдам мерзімді айналдыру және жартылай үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесі; сірке суы қышқылы бактериялары мәдениетінің физиологиялық ерекшеліктері; конденсаттық-тарту жүйесі коммуникациясының схемасы; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдалану ерекшеліктері; сынама алу және талдау жүргізу қағидалары; шикі сірке суы мен дайын өнімнің есебін жүргізу қағидасы.

§ 59. СІРКЕ СУЫН ӨНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаты. Аппараттарда немесе 3-5 аппараттан, қарқынды масса алмасудан тұратын батареяларда процестің екі кезеңі бойынша (сірке суы бактерияларының көбеюі мен өсуі) терең мерзімді және үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесін жүргізу. Автоматты аспаптарға қызмет көрсету, температураны, ауаның берілуін, сіңімді орта мен суды реттеу. Қышқыл мен спирттің буын ұстап қалу абсорбциялық жүйесіне қызмет көрсету. Биомассаның мөлшерін нефелометрмен анықтау және суслоны процестің кезеңдері бойынша аппараттарға уақтылы жеткізу. Культуралды сұйықтықты қышқылы мен спиртінің концентрациясы, биомассасының мөлшері бойынша реттеу, процесті талдау нәтижесі бойынша реттеу. Қосылатын сіңімді ортаның қажетті мөлшерін және араластыру коэффициентін, сірке суы қышқылы бактерияларының өсу жылдамдығын және сірке суы қышқылының нұсқаулықта көрсетілген мерзімділікпен өтуін есептеу.

Білуге тиіс: терең мерзімді және үздіксіз тәсілдермен сірке суын алудың технологиялық процесі; сіңімді орта дайындау кезінде есептеу тәртібі; қарқынды масса алмасу аппараттары мен батареяларының құрылысы және пайдалану қағидасы; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

§ 60. СІРКЕ СУЫН ӨҢДЕУ ЖӘНЕ

КУПАЖДАУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Құрамында тірі сірке суы қышқылы бактериялары бар шикі сірке суын пастерлеу, бентонитпен өңдеу, сүзу және купаждау технологиялық процесін жүргізу. Сынама алу. Бентониттің қажетті мөлшерін айқындау. Технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес қажетті концентрациялы бентонит суспензиясын дайындау. Өңделген сірке суын ағызу, оны сүзгі-престе немесе картон престе сүзу. Сүзгіні жуу және қайта зарядтау. Дайын сірке суының сапасы мен концентрациясын тексеру және бақылау. Дайын сірке суын ағызу бөлімшесіне айдау және тапсыру. Бентонит суспензиясын араластыру, жуу және жинақтауыштан шығару. Сүзгілеу және купаждау ыдыстарын жуу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою. Шикізаттың және дайын өнімнің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: шикі сірке суын пастерлеу, бентонитпен өңдеу, сүзу және купаждау технологиялық процесі; сірке суын өңдеу үшін бентонит дайындау тәсілдері; ыдыстан алмастан бұрын бентонитті өңдеу тәсілдері мен қағидасы; дайын сірке суының сапасына қойылатын талаптар; сынама алу қағидасы, талдау жүргізу әдістемесі; сірке суын купаждау үшін есеп жүргізу тәртібі; шикізаттың және дайын өнімнің есебін жүргізу қағидасы.
§ 61. СІҢІМДІ ОРТАНЫ ДАЙЫНДАУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаты. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен сірке суы өндірісінде сіңімді ортаны дайындау процесін жүргізу. Спиртті цехқа қабылдау. Спирттің күштілігін айқындау, оны өлшеуішке айдау. Спирт ортасын дайындау үшін компоненттерді жинақтауышқа жіберу. Спирттік ортаны дайындау, компоненттерді өлшеу, оларды еріту, құрамында тірі сірке суы бактериялары бар сірке суының қажетті мөлшерін есептеу, спирттің қажетті мөлшерін есептеу және өлшеу; араластыру және кондициясына жеткізу. Сынама алу. Сорғыларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: сіңімді ортаны дайындау технологиясының негіздері; спирттік ортаны дайындау технологиясының мәні; сынама алу және қарапайым талдау жүргізу қағидасы; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс қағидаттары және пайдалану қағидасы.

§ 62. СІҢІМДІ ОРТАНЫ ДАЙЫНДАУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаты. Сірке суы өндірісінде сіңімді ортаны дайындау процесін жүргізу. Сіңімді орта (тығын) жасау үшін компоненттерді дайындау: сіңімді тұздарды өлшеу және жасау; сірне өскіндерінің және ашытқы экстрактісін дайындау. Құрамында тірі сірке суы бактериялары бар шикі сірке суы концентрациясын айқындау және оның қажетті мөлшерін есептеу. Есепті компоненттерден тұратын қоспаны (тығынды) жасау, спирттің қажетті мөлшерін жіберу. Қоспаны араластыру және қажетті кондициясына жеткізу, тұндыру. Қоспаның (тығынның) қышқылдандыру чандарына беру және берілу жылдамдығын реттеу. Жабдық жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді анықтау және жою.

Білуге тиіс: сіңімді орта (тығын) жасау, компоненттерді дайындау; қоса дайындау рецептурасы; қоспаның (тығынның) компоненттерінің берілу тәртібі; сынама алу және компоненттері мен қоспаны (тығынды) талдау қағидалары; қоспаның (тығынның) қышқылдандыру чандарына берілу жылдамдығы мен қағидалары, берілу жылдамдығын реттеу қағидалары; тығын бөлімі жабдықтарының құрылысы.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданылған бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген БТБА-ның осы бөлімінде көзделген кәсіптер атауларының тізбесі





р/с№

Осы бөлімге енгізілген жұмысшылар кәсіптерінің атаулары

Разряд диапазондары

2004 жылы шығарылған БТБА бөлімдері мен қолданылған шығарылым бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазондары

БТБА шығарылымының №



Бөлімнің қысқартылған атауы




1

2

3

4

5

6

7

I. Шарап өндірісі

1.

Коньк өндірісінің аппаратшысы

3-5

Коньк өндірісінің аппаратшысы

3-5

51

Алкогольді және алкогольді емес

2.

Шампан өндірісінің аппаратшысы

4-5

Шампан өндірісінің аппаратшысы

4-5

51


3.

Дегоржер

5

Дегоржер

5

51

-"-

4.

Шарап материалдары мен шарап өңдеуші

2-5

Шарап материалдары мен шарап өңдеуші

2-5

51

-"-



5.

Шарап шикізатын өңдеуші

1-4

Шарап шикізатын өңдеуші

1-4

51

-"-


6.

Коньяк спирті мен коньякты өңдеуші

2-5

Коньяк спирті мен коньякты өңдеуші

2-5

51

-"-



7.

Шарап ашыту қалдықтарын өңдеуші

2-4

Шарап ашыту қалдықтарын өңдеуші

2-4

51

-"-


8.

Сыра ашытқысы мен шырынды өңдеуші

1-5

Сыра ашытқысы мен шырынды өңдеуші

1-5

51

-"-


9.

Шампан жасаушы

2-4

Шампан жасаушы

2-4

51

-"-


10.

Ремюер

5

Ремюер

5

51

-"-

II. Спирт және ликер-арақ өндірісі

11.

Спиртті айдау және ректификаттау аппаратшысы

4-6

Спиртті айдау және ректификаттау аппаратшысы

4-6

51

Алкогольді және алкогольді емес

12.

Спиртті денатураттаушы

3

Спиртті денатураттаушы

3

51

Алкогольді және алкогольді емес

13.

Сірне суслосын жасаушы

3

Сірне суслосын жасаушы

3

51

-"-


14.

Морс жасаушы

2

Морс жасаушы

2

51

-"-

15.

Сіңімді ерітінділерді жасаушы

2

Сіңімді ерітінділерді жасаушы

2

51

-"-


III. Сыра қайнату және алкогольді емес сусындар өндіріс

18.

Ашытқы жасау аппаратшысы

3

Ашытқы жасау аппаратшысы

3

51

Алкогольді және алкогольді емес

19.

Каптажист

3

Каптажист

3

51

-"-

20.

Су өңдеуші

2-4

Су өңдеуші

2-4

51

-"-

21.

Құрғақ сыра ашытқысын жасаушы

2-3

Құрғақ сыра ашытқысын жасаушы

2-3

51

-"-

IV. Алкогольді және алкогольді емес өнім өндірісіне арналған жалпы кәсіптер


22.

Ашыту процесінің аппаратшысы

3-6

Ашыту процесінің аппаратшысы

3-6

51

Алкогольді және алкогольді емес

23.

Купажист

4-5

Купажист

4-5

51

-"-

24.

Сыра қайнату өндірісінде сүзу желісінің операторы

4-6

Сыра қайнату өндірісінде сүзу желісінің операторы

4-6

51

-"-

25.

Уыт өндіруші

3-6

Уыт өндіруші

3-6

51

-"-

V. Сірке суының өндірісі

26.

Сірке суын жасау жөніндегі аппаратшы

4-5

Сірке суын жасау жөніндегі аппаратшы

4-5

51

-"-

27.

Сірке суын өңдеу және купаждау аппаратшысы

4

Сірке суын өңдеу және купаждау аппаратшысы

4

51

-"-

28.

Сіңімді орта дайындау аппаратшысы

3-4

Сіңімді орта дайындау аппаратшысы

3-4

51

-"-

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау