Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым


«Элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі»



жүктеу 4,95 Mb.
бет17/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


«Элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі» бөлімі

§ 1. Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі жемдерді, минералды, жемазық және құнары төмен тамақ шикізаты мен жартылай фабрикаттарды ұнтақтау (уату), шикізатты және дайын өнімді металл магнитті қоспалардан, оларды электр магнитті сепараторлардағы, магнитті колонкалардағы магнитті тоспалардың көмегімен ұстау арқылы тазарту процесін жүргізу. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерлде бекітілгенен басқа, түрлі типтегі қапты тігу машиналарында тігу. Шикізатты қабылдау, орнын ауыстыру, тазалау және сапасын ескере отырып силостар бойынша таратып бөлу, өнімдер мен шикізатты біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ыдыстарға салу және түсіріп алу. Қарапайым жармалауыштардың, транспорт механизмдерінің, магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қап тігу машининаларынң жұмысын бақылалу, оларға қызмет көрсету. Қарапайым тазарту машиналарының, тасымал құралдарының, тиеу-түсіру құралдарының жұмысын, силостың дұрыс толтырылуын қадағалау. Таңбалау белгілерін тігу, шпагат пен жіптерді жеткізу. Қапты тігу машиналарына жіп өткізу. Магниттік қорғау қондырғыларын металдан тазарту. Металл магнитті қоспаларды жинау және зертханаға тапсыру. Аспирационды және басқа да коммуникациялар мен жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және ажырату, оның жұмысындағы ақауларды жою. Тазартуға келіп түсетін өнімнің жылжу жылдамдығы мен қаба қалыңдығын реттеу. Жабдық пен бөлшектерді тазарту, майлау және жуу. Орынжайды газациялауға дайындауға қатысу.

Білуге тиіс: комбикорм зауыттарында шикізат пен дайын өнімді металл магнитті қоспалардан тазарту ережесін; дайын өнім салынған қаптарды таңбалау және тігу ережесін; шикізатты тасымалдау, қарапайым механизмдерде сепарациялау, жармалаудың тәртібін; магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қап тігу машининалары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмыс принципін; магнитті жабдықтың жүк көтеру нормаларын; жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту тәсілдерін; майлау жүйесі мен қолданылатын жанар-жағармай материалдарын.

§ 2. Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шроттарды, жмых және басқа да шикізатты жармалаудың; минералдарды сепарациялау және тарелкалы дозаторларды а дозалаудың; тұзды. мелді кептірудің; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғылардан басқа, барлық типтегі аппараттарда қаптаудың технологиялық процесін жүргізу. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде тігу. Шикізатты қабылдау, орнын ауыстыру, тазалау және сапасын ескере отырып силостар бойынша таратып бөлу, өнімдер мен шикізатты ыдыстарға салу және түсіріп алу. Жармалауыштардың, сепараторлардың, тарелкалы дозаторлардың, тұз бен мелға арналған кептіргіштердің, барлық типтегі транспортерлердің, сүзгілердің, тиеу-түсіру құрылғыларының, автоматты карусельді қондырғылардан басқа, барлық типтегі весовыбой аппараттарының, автоматты карусельді қондырғыларымен жабдықталған желілердегі қапты тігу машиналарының және күрделілі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Дәннің силосқа толтырыллуы мен одан түсірілуін қадағалау. өлшеудің дұрыстығын, өнңм салынған қаптардың стандартты салмағының сақталуын тексеру. Жармалуыштар мен сепараторлардағы електерді ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Өнімнің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: шроттарды, жмых және басқа да шикізатты жармалау; минералдарды сепарациялау және дозалау; тұзды, мелді кептіру процесі технологиясын; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғылардан басқа, барлық типтегі аппараттарда қаптаудың тәртібін; қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде тігу ережесін; силостарды толтыру мен өнімді беру ережесін; жармалауыштардың, сепараторлардың, тарелкалы дозаторлардың, тұз бен мелға арналған кептіргіштердің, барлық типтегі транспортерлердің, сүзгілердің, тиеу-түсіру құрылғыларының, автоматты карусельді қондырғылардан басқа, барлық типтегі весовыбой аппараттарының құрылымы мен жұмыс принципін; електердің түрлері мен оларды ауыстыру ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін.

§ 3. Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы комбикормды түйіршіктеу, түйіршіктерді жармалау және фракциялары бойынша сұрыптаудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Комбикорм компоненттері мен белок витаминді қоспаларды тарелкалы дозаторларда дозалаудың, дән шикізатын жармалаудың, мелассирлеудің (сұйық компоненттерді қабылдау, оларды қоймаға тапсыру, қыздыру және өндіріске беру), түрлі өнімдерді шнекті кептіргіште кептірудің, ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың әртүрлі түрлері мен жас топтарына арналған байыту қоспаларын өндірудің технологиялық процесін тарелкалы дозаторлармен жарақталған комбикорм зауыттарында жүргізу. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде тігу. Шикізатты қабылдау, орнын ауыстыру, тазалау және сапасын ескере отырып силостар бойынша таратып бөлу, өнімдер мен шикізатты ыдыстарға салу және түсіріп алу. Жармалауыштардың, сепараторлардың, тұз бен мелға арналған кептіргіштердің, барлық типтегі транспортерлердің, сүзгілердің, тиеу-түсіру құрылғыларының, автоматты карусельді қондырғылардан басқа, барлық типтегі весовыбой аппараттарының, автоматты карусельді қондырғыларымен жабдықталған желілердегі қапты тігу машиналарының және күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Дәннің силосқа толтырыллуы мен одан түсірілуін қадағалау. өлшеудің дұрыстығын, өнңм салынған қаптардың стандартты салмағының сақталуын тексеру. Микроэлементтерді, витаминдерді, антибиотиктер мен толтырғыштарды өлшеу, елеу және араластыру. Қызмет көрсететін жабдықтың белгіленген жұмыс режимінің сақталуын қамтамасыз ету, оны реттеу және баптау.

Білуге тиіс: дәнді шикізатты, комбикорм компоненттері мен белок витаминді қоспаларды тарелкалы дозаторларда дозалаудың, дән шикізатын жармалаудың, мелассирлеудің технологиялық процесі мен схемасын; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғыларда таралаудың тәртібін; шнекті кептіргіштің, автоматты карусельді қондырғылардың және күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың құрылымын; өнімнің ассортименті мен сапалық параметрлерін; комбикорм, белокты-витаминді қоспан, премикстер, байыту қоспалары, карбамид концентратын өндіруге арналған шикізат номенклатурасын; қызмет көрсететін жабдықты жөндеудің тәртібін; жабдықты қосу мен тоқтатудың ережесі мен кезектілігін; жабдықтыңжұмысын бақылау әдістерін; орынжайды газациялауға дайындау ережесін.

§ 4. Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Комбикорм компоненттері мен белок витаминді қоспалар мен премикстерді дозалау және араластырудың технологиялық процестерін көлемді дозаторлармен жарақтандырылған комбикорм зауыттарында жүргізу. Сусымалы комбикормды түйіршіктеу, комбикорм өндіруге арналған байыту қоспаларын дайындау процесін технологиялық желілерді жүргізу. Көлемді дозаторларды, түрлі конструкциядағы кептіргіштерді, экструдерлерді баптау, реттеу, жұмысын бақылау және оларға қызмет көрсету. Жабдықтың жұмысын комбикормның берілген рецептң бойынша баптау. Қажетті шикізат есебін жасау. Шығарылатын өнімнің сапасын, жабдыққа түсетін жүктемені және желі жұмысының тиімділігін бақылау. Комбикорм өндірісіндегі технологиялық желілердің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету. Өнімнің шығу нормаларының сақталуын бақылау. Жетекті ременьдердің, қоршаулардың жай-күйін қадағалау, және олардың уақытында жөнделуін и ұйымдастыру. Қайта өңделген шикізаттың, шығарылған дайын өнімнің, жемазыққа жарамайтын қалдықтардың есебін жүргізу. Ауысым журналы мен басқа да құжаттаманы жүргізу. Комбикорм зауыты жабдықтарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: көлемді дозаторлармен жаебдықталған комбикорм зауыттарында комбикорм өндірісі процесі технологиясын жүргізу ережесін; комбикормдар мен белок-витаминді қоспалардың, премикстердің компоненттерін дозалаудың технологиялық процесі схемасын; комбикорм зауыттары жабдығының құрылымын, оларды тиімді пайдалану жолдарын; щикізаттың, дайын өнімнің сапа көрсеткіштерін (нормаларын); комбикорм рецептін; жабдыққа түсеін жүктеме нормасын және оны реттеу тәсілдерін; жабдықты жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізудің тәртібін; қайта өңделген шикізатты, дайын өнім шығымы есебінің журналын және басқа да құжаттаманы толтыру ережесін.

§ 5. Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Комбикорм компоненттері мен белок витаминді қоспалар мен премикстерді дозалау және араластырудың технологиялық процестерін таразы дозаторлармен және көпкомпонентті таразылармен жарақтандырылған комбикорм зауыттарында жүргізу. Сусымалы комбикормды түйіршіктеу, комбикорм өндіруге арналған байыту қоспаларын дайындау процесін технологиялық желілерді жүргізу. Көлемді дозаторларды, түрлі конструкциядағы кептіргіштерді, экструдерлерді баптау, реттеу, жұмысын бақылау және оларға қызмет көрсету. Жабдықтың жұмысын комбикормның берілген рецептң бойынша баптау. Қажетті шикізат есебін жасау. Шығарылатын өнімнің сапасын, жабдыққа түсетін жүктемені және желі жұмысының тиімділігін бақылау. Комбикорм өндірісіндегі технологиялық желілердің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету. Компоненттерді араластыру мен дозалау процесінің автоматты режимін қамтамасыз ету. дың Өнімнің шығу нормасын есептеу. Комбикорм зауыты жабдықтарын басқару пультінен немесе қолмен басқару құралының көмегімен қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: таразы дозаторлармен және көпкомпонентті таразылармен жарақтандырылған комбикорм зауыттарында технологиялық процесті жүргізу мен ұйымдастыру ережесін, басқару пультінің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; өнімнің шығу және қалдықтың нормасын есептеудің әдістерін; перфокарталармен жұмыс істеу ережесін; комбикорм зауыты жабдығының конструктивтік ерекшеліктерін; қайта өңделетін шикізат пен дайын өнім ылғалдылығының анағұрлым оңтайлы шамасын және оның сапасына қойылатын талаптарды.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 6. Жарма өндірісінің аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәндерді және қауыздау өнімдерін металломагнитті қоспалардан тазарту процесін оларды электромагнитті сепараторларда, магнитті колонкаларда ұстау жолымен тазарту процесін жүргізу. Тазартуға келіп түсетін дәндер мен қауыздау өнімдерінің жылджу жылдамдығы мен қабат қалыңдығын реттеу. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерлде бекітілгенен басқа, түрлі типтегі қапты тігу машиналарында тігу. Магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қапты тігу машиналарына қызмет көрсету, жұмысын бақылау және қадағалау. Таңбалау белгілерін тігу. Қапты тігу машиналарына жіп өткізу. Магниттік қорғау қондырғыларын металдан тазарту. Металл магнитті қоспаларды жинау және зертханаға тапсыру. Аспирационды және басқа да коммуникациялар мен жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және ажырату, оның жұмысындағы ақауларды жою. Тазартуға келіп түсетін өнімнің жылжу жылдамдығы мен қаба қалыңдығын реттеу. Жабдық пен бөлшектерді тазарту, майлау және жуу. Орынжайды газациялауға дайындауға қатысу.

Білуге тиіс: жарма зауыттарында шикізат пен дайын өнімді металл магнитті қоспалардан тазарту ережесін; дайын өнім салынған қаптарды таңбалау және тігу ережесін; шикізатты тасымалдау, қарапайым механизмдерде сепарациялау, жармалаудың тәртібін; магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қап тігу машининалары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмыс принципін; магнитті жабдықтың жүк көтеру нормаларын; жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту тәсілдерін; майлау жүйесі мен қолданылатын жанар-жағармай материалдарын.

§ 7. Жарма өндірісінің аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәндерді қайта өңдеуге дайындаудың (дән массасын қоспалардан тазарту, дәннің бетін "құрғақ" тәсілмен тазарту, жарма дақылдарын гидротермиялық өңдеу), дәнді, жарма, бұршақ, майлы дақылдарды қауыздау, қауыздау өнімдерін елеу процестерін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Қауыздау және жарма өнімдерін сұрыптау, жарманы таспалы конвейерлі кептіргіштерде кептіру. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерлде бекітілгенен басқа, түрлі типтегі қапты тігу машиналарында тігу. Жарма сұрыптау машиналарының, таспалы конвейерлі кептіргіштерің, транспортерлердің, сүзгілердің, желдеткіштердің, аспирационды қондырғылардың, коммуникациялардың, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде орнатылған қап тігу машиналарының барлық түрлерінің және күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Аспирационды және басқа да коммуникациялар мен жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және ажырату, оның жұмысындағы ақауларды жою. Тазартуға келіп түсетін өнімнің жылжу жылдамдығы мен қаба қалыңдығын реттеу. Жабдық пен бөлшектерді тазарту, майлау және жуу. Орынжайды газациялауға дайындауға қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтарда өнімнің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жарманы кептіру және сұрыптаудың технологиялық процесін; дәнді гидротермиялық өңдеудің, елеудің және қауыздаудың тәртібін; дайын өнім салынған қаптарды таңбалау және автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде тігу ережесін; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғылардан басқа барлық типтегі аппараттарда таралаудың тәртібін; жарма сұрыптау машиналарының, таспалы конвейерлі кептіргіштерің, транспортерлердің, сүзгілердің, желдеткіштердің, аспирационды қондырғылардың, коммуникациялардың, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде орнатылған қап тігу машиналарының барлық түрлерінің және күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың құрылымы мен пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін.


§ 8. Жарма өндірісінің аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, жарма, бұршақ, майлы дақылдарды қауыздау, қауыздау өнімдерін елеу, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестерін әртүрлі конструкциядағы машиналар мен механизмдерде, қауыздау өнімдерін елеу процесін жүргізу. Жарманы булы және басқа да кептіргіштерде гидротермиялық өңдеу және кептіру. Дайын өнімді автоматты карусельді қондырғыларда таралау. Қауыздаушы, ұшырушы, тегістеуші және жылтыратушы қондырғылар мен машиналардың, булы және басқа да кептіргіштердің, автоматты карусельді қондырғылар мен басқа қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтың белгіленген жұмыс режимін, дәннің және қауыздау өнімдерінің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Сепараторларда, рассевтерде елеуішті орнату және керу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын реттеу және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: дәнді, жарма, бұршақ, майлы дақылдарды қауыздау, қауыздау өнімдерін елеу, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестерін әртүрлі конструкциядағы машиналар мен механизмдерде, қауыздау өнімдерін елеудің технологиялық процесін; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғыларда қаптарға таралаудың тәртібін; дәннің, дайын өімнің және қалдықтардың сапалық көрсеткіштерін (нормаларыны); елеуіштердің нөмірлері мен түрлерін; жабдыққа түсетін жүктемені және электр қозғағыш қуатын ескере отырып оларды белгілеу тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың; қауыздаушы, ұшырушы, тегістеуші және жылтыратушы қондырғылар мен машиналардың, булы және басқа да кептіргіштердің, автоматты карусельді қондырғылардың құрылымын; жарма зауытын қосу және тоқтату кезінде жабдықты желіге қосу мен ажыратудың тәртібін; абразивті жұмыс қабатын қалпына келтіру және жөндеу тәсілдерін; жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін және оның тиімді жұимыс істеуіне жағдай туғызу ережесін.


§ 9. Жарма өндірісінің аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дән массасын қоспалардан тазарту, жарма, өнімдерін гидротермиялық өңдеу, дәнді қауыздау, ұнтақтау, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестерін жүргізу. Дәнді тазалаушы және қауыздаушы, ұшырушы, тегістеуші және жылтыратушы қондырғылар мен машиналарға қызмет көрсету. Технологиялық процес режимдерін: тазарту, гидротермиялық өңдеу, дәнді қауыздау, ұнтақтау, тегістеу және жылтыратуды баптау және реттеу. Дайын өнімнің сапасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертхана талдауы бойынша және органолептикалық бақылау. Жетекті ременьдердің, қоршаулардың жай-күйін қадағалау және оларды уақытында жөндеуді ұйымдастыру. Шығарылатын өнім мен қалдықтың есебін жүргізу. Ауысым журналына жазба жүргізу. Жарма зауытының жабдығын жөндеуге қатысу. Дәнді тазарту мен басқа да өндірістік бөлімдердің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: жарма зауытындағы технологиялық процестерді жүргізу ережесін; жарма, өнімдерін гидротермиялық өңдеу, дәнді қауыздау, ұнтақтау, тегістеу және жылтыратудың оңтайлы режимдерін; дәннің, дайын өнім мен қалдықтың сапасына қойылатын талаптарды; дәннің технологиялық қасиеттерін; жарма зауытының жабдығының құрылымын, оны тиімді пайдалану ережесін; жабдыққа түсетін жүктеме нормасын; жарманың шығу нормасы мен сапасын; машиналардың жұмысын бақылау әдістерін, олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; жабдықты қосу мен тоқтату ережесін, кезектілігін; жоспарлы алдын ала жөндеудің, електерді ауыстырудың тәртібін; қайта өңделген дәннің, дайын өнім шығымының журналын жүргізудің тәртібін.

§ 10. Жарма өндірісінің аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді қайта өңдеуге (сепарациялау, гидротермиялық өңдеу) дайындау, дәнді қауыздау, ұнтақтау, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестерін жоғары өнімді жабдықтарда қарақұмық, күріш, арпа зауыттарында, тары, арпа жармасы, бұршақ, жүгері шығару зауыттарындағы басқару пультінен жүргізу. Дәнді тазалаушы және қауыздаушы, ұшырушы, тегістеуші және жылтыратушы қондырғылар мен машиналарға қызмет көрсету. Технологиялық процес барысын, дәнді қайта өңдеуге дайындаудың сапасын, бақылау, қайта өңдеу процесінің белгіленген режимдері мен дайын өнімнің шығымы нормасының сақталуын, жабдыққа түсетін жүктемені бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертхана талдауы бойынша және органолептикалық бақылау. Жабдықтардың және бөлімшелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықтың, пневматикалық көлік пен аспирация жүйедерінің жұмыс режимін реттеу және баптау. Өнім шығымының нормасын есептеу. Жетекті ременьдердің, қоршаулардың жай-күйін қадағалау және оларды уақытында жөндеуді ұйымдастыру. Жарма зауытының жабдығын басқару пультінен немесе қолмен басқару құралдарының көмегімен іске қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: жарма зауытындағы технологиялық процестерді жүргізу ережесін; дәнді қайта өңдеуге дайындау мен жарма шығымының схемасын; бюасқару пульті мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану ережесін; жарма зауытындағы жабдықтың конструктивтік ерекшеліктерін; жарма дақылдары дәндерінің түрлерін қайта өңдеу режимдері мен ылғалдылығының оңтайлы шамаларын; дайын өнім шығымы нормасын есептеу тәртібін; жабдықтың жұмысын баықлау әдісі мен оның ақауларын жою тәсілдерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


§ 11. Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді және тарту өнімдерін металломагнитті қоспалардан тазарту процесін оларды электромагнитті сепараторларда, магнитті колонкаларда ұстау жолымен тазарту процесін жүргізу. Тартуға келіп түсетін дәндер мен қауыздау өнімдерінің жылжу жылдамдығы мен қабат қалыңдығын реттеу. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерлде бекітілгенен басқа, түрлі типтегі қапты тігу машиналарында тігу. Магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қапты тігу машиналарына қызмет көрсету, жұмысын бақылау және қадағалау. Таңбалау белгілерін тігу. Қапты тігу машиналарына жіп өткізу. Магниттік қорғау қондырғыларын металдан тазарту. Металл магнитті қоспаларды жинау және зертханаға тапсыру. Аспирационды және басқа да коммуникациялар мен жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және ажырату, оның жұмысындағы ақауларды жою. Тазартуға келіп түсетін өнімнің жылжу жылдамдығы мен қаба қалыңдығын реттеу. Жабдық пен бөлшектерді тазарту, майлау және жуу. Орынжайды газациялауға дайындауға қатысу.
Білуге тиіс: ұн тарту зауыттарында шикізат пен дайын өнімді металл магнитті қоспалардан тазарту ережесін; дайын өнім салынған қаптарды таңбалау және тігу ережесін; шикізатты тасымалдау, қарапайым механизмдерде сепарациялау, жармалаудың тәртібін; магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қап тігу машининалары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмыс принципін; магнитті жабдықтың жүк көтеру нормаларын; жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту тәсілдерін; майлау жүйесі мен қолданылатын жанар-жағармай материалдарын.


§ 12. Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәндерді тартуға дайындаудың (дән массасын қоспалардан тазарту, дәннің бетін "құрғақ" тәсілмен тазарту, жарма дақылдарын гидротермиялық өңдеу), дәнді, жарма, бұршақ, майлы дақылдарды тарту, тарту өнімдерін елеу процестерін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Қауыздау және жарма өнімдерін сұрыптау, жарманы таспалы конвейерлі кептіргіштерде кептіру. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерлде бекітілгенен басқа, түрлі типтегі қапты тігу машиналарында тігу. Жарма сұрыптау машиналарының, таспалы конвейерлі кептіргіштерің, транспортердің, сүзгілердің, желдеткіштердің, аспирационды қондырғылардың, коммуникациялардың, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде орнатылған қап тігу машиналарының барлық түрлерінің және күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен бақылау және қадағалау. Дайын өнім салынған қаптардың стандартты салмағының сақталуын тексеру. Елеуіштерді ауыстыруға және керуге қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Өнімнің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жоюға қатысу.

Білуге тиіс: дәнді тазарту мен тартудың, жармадунсты өімдерді елеу мен байытудың гидротермиялық өңдеудің, елеудің және қауыздаудың тәртібін; дайын өнім салынған қаптарды таңбалау және автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде тігу ережесін; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғылардан басқа барлық типтегі аппараттарда таралаудың тәртібін; жарма сұрыптау машиналарының, таспалы конвейерлі кептіргіштерің, транспортерлердің, сүзгілердің, желдеткіштердің, аспирационды қондырғылардың, коммуникациялардың, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерде орнатылған қап тігу машиналарының барлық түрлерінің және күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың құрылымы мен пайдалану ережесін; елеуіштердің түрлерін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау мен жою тәсілдерін.


§ 13. Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді және оның өнімдерін пневмотранспорт және желдеткіш қондырғыларын пайдалана отырып тасымалдау, дәнді тартуға дайындаудың (дән массасын қоспалардан тазарту, дәннің бетін "құрғақ" тәсілмен тазарту, жарма дақылдарын гидротермиялық өңдеу) және обойлы ұнтарту зауыттарындағы дәннің тартылған өнімдерін елеу процестерін жүргізу. Дәнді тазарту, үлесті салмағы бар қоспалардан айыру, дәнді жуу машиналарында ылғалдау, жарма мен дунстарды байыту, сұрыпты ұн тарту зауыттарындағы автоматты карусельді қондырғыларда қаптарға таралаудың технологиялық процесін жүргізу. Ұн тарту зауыттарындағы дән тазалау машианалары мен рассевтердің, жуу, елеуішпен елеу машиналарының, сығымдау колонкаларының, тұндырғыштардың, кондиционерлердің, автоматты карусельді қондырғылары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтың жұмысын бақылау және оларға қызмет көрсету. Дән тазарту бөлімі мен қалдықтар цехының қамбаларын тазалау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Өнімнің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жоюға қатысу.

Білуге тиіс: дәнді және оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау процесін; обойлы ұнтарту зауыттарындағы технологиялық процестің мәнін және дәнді тартуға дайындау және елеу схемасын; дәнді «ылғалды» және "құрғақ" тәсілмен тазартудың технологиялық процесін; сұрыпты ұн тарту зауыттарында дәнді тартуға дайындау және тартылған өнімді байытудың схемасын; автоматты карусельді қондырғыларжда өнімді қапқа таралаудың тәртібін; елеуіштерді ауыстырудың тәртібін және олардың нөмірі мен түрлерін; пневмотранспорт және желдеткіш қондырғыларын пайдалану ережесін; дән тазалау машианалары мен рассевтердің, жуу, елеуішпен елеу машиналарының, сығымдау колонкаларының, тұндырғыштардың, кондиционерлердің, а автоматты карусельді қондырғылары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; қайта өңделетін дәннің үлгілерін; дәннің, дайын өнімнің, қалдықтардың сапалық көрсеткіштерін (нормаларын); қызмет көрсететін жабдықты жөндеу тәртібін; жабдықты қосу мен тоқтатудың ережесі мен кезектілігін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын бақылау әдістерін және ақауларды анықтау мен жою тәсілдерін.


§ 14. Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді тартуға дайындаудың (дән ауамен баптау, тарту партияларын дайындау), дәнді обойлы, қауызын жұлу, бір және екі сұрыпты тарту зауыттарындағы тарту түріне қарай білікті станоктарда уату, тартудың барлық түріндегі зауыттарда дәнді уату өнімдерін елеудің технологиялық процесін жүргізу. және обойлы ұн тарту зауыттарындағы дәннің тартылған өнімдерін елеу процестерін жүргізу. Дәнді тазарту обойлы, қауызын жұлу, бір және екі сұрыпты тарту машиналарының, тартудың барлық түріндегі зауыттарда рассевтердің, бидай мен қара бидай дәнін обойлы, қауызын жұлу, бір және екі сұрыпты тарту диірмендерінің жұмысын бақылау, реттеу және оларға қызмет көрсету. Дәнді тартуға дайындау, дәнді уату мен тартылған өнімді елеудің сапасын, жабдыққа түсетін жүктемені және машиналардың жұмыс тиімділігін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, зертхана талдауы бойынша және органолептикалық бақылау. Дән тазалау, тарту және шығару бөлімдері жабдықтары жұмысының өзара үйлесімін қамтамасыз ету. Дайын өнімнің шығу нормасын қамтамасыз ету және сақталуын бақылау. Өнім шығымының нормасын есептеу. Жетекті ременьдердің, қоршаулардың жай-күйін қадағалау және оларды уақытында жөндеуді ұйымдастыру. Жарма зауытының жабдығын іске қосу және тоқтату. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Елеуіштерді ауыстыруға және керуге қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Жұмыс зоналары мен қызмет көрсететін жабдықтың қалыпты санитарлық жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Бидай мен қара бидай дәнін обойлы, қауызын жұлу, бір және екі сұрыпты тарту зауыттарында жұмысшылар бригадасына басшылық ету.

Білуге тиіс: бидай мен қара бидай дәнін обойлы, қауызын жұлу, бір және екі сұрыпты тарту зауыттарында технологиялық процесті жүргізу ережесін; дәнді тартуға дайындау, дәнді уату мен оны ұн етіп тарту схемасын; ұн тарту зауыттарындағы жабдықтың құрылымын, оны тиімді пайдалану жолдарын; дәннің технологиялық қасиеттерін; дән ылғалының барынша оңтайлды шамасын және дән типтерін өңдеу режимдерін; жабдыққа түсетін жүктемені нормалары мен оларды реттеу тәсілдерін; жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізудің тәртібін; Өңделген дәннің және дайын өнімнің шығымы есебін жүргізудің тәртібін.

§ 15. Ұн тарту өнідірісінің аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді тартуға дайындаудың және дәнді ерекше күрделі жабдықта: бидайды көп сұрыпты (нан пісіруге тарту, қатты және жұмсақ жоғары шыны үріндегі бидайды макарон өнеркәсібіне арнап тарту) тарту зауыттарының диірмендері мен жоғары өнімді жабдық кешенімен жарақтандырылған ұн тарту зауыттары мен диірмендерінде уатудың технологиялық процесін жүргізу. Дән тазалау жабдығын, вальцілі станоктар мен басқа да ерекше күрделі жабдықты басқару пультінен бақылау және оларға қызмет көрсету. Технологиялық процес барысын, дәнді қайта өңдеуге дайындаудың сапасын, бақылау, уатудың белгіленген режимдерінің сақталуын, жабдыққа түсетін жүктемені бақылау. Қызмет көрсететін жабдықты, пневматикалық транспорт пен аспирации жүйелерін реттеу және баптау. Өнімнің шығым нормасын есептеу.Дайын өнімнің шығым нормасының сақталуын бақылау және қамтамасыз ету. Жабдықты басқару пультінен немесе қолме басқару құралының көмегімен іске қосу және тоқтату. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Елеуіштерді ауыстыруға және керуге қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Жұмыс зоналары мен қызмет көрсететін жабдықтың қалыпты санитарлық жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Бидайды көп сұрыпты сұрыпты тарту зауыттарында жұмысшылар бригадасына басшылық ету.

Білуге тиіс: бидайды жоғары өнімді жабдық кешенімен жарақтандырылған көп сұрыпты тарту зауыттарында тартудың технологиялық процесін ұйымдастыру және жүргізу ережесін; басқару пульті мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызмет көрсету ережесін;ұн тарту зауыттары жабдықтарының конструктивті ерекшеліктері мен оны тиімді пайдаалану жолдарын; жабдықты басқару пультінен немесе қолме басқару құралының көмегімен іске қосу және тоқтатудың ережесі мен кезектілігін; ұн тарту жабыдығының жұмысын бақылау әдістерін және оның ақауларын анықтау мен жою тәсілдерін; дайын өнімнің шығымын есептеу тәртібін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


§ 16. Дәнді өңдеу аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәндерді металломагнитті қоспалардан тазарту процесін оларды жабдыққа орнатылған магнитті қоршауларда ұстау жолымен тазарту процесін жүргізу. Дәнді қабылдау, орнын ауыстыру, кептіру және силотар бойынша немесе оның сапасын ескере отырып келесі өңдеуге таратып бөлуді біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Дән кептіру оттықтарында отынды жағу процесін жүргізу, магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің жұмысын қадағалау және бақылау, олаға қызмет көрсету. Транспортерлердің, қарапайым тазарту машиналары мен кептіргіштердің жұмысын қадағалау, оларға қызмет көрсетуге қатысу. Силостардың дұрыс толуын қадағалау. Металдан тазартуға келіп түсетін дәннің қозғалу жылдамдығы мен қабатының қалыңдығын реттеу. Магнитті қорғагыш пен жинауышты металдан тазарту. Металл магнитті және басқа да қоспаларды жинау және зертханаға тапсыру. Аспирационды және басқа да коммуникациялар мен жабдықтарды дән қалдығынан тазарту. Дән кептіргіштердің шахталарын, оттықтары мен форсуналарын кезеңдеп тазалау. Өңделетін дақыл ауыстырыған кезде дән кептіргіштерді, сепараторлар мен басқа да жабдықтарды тазарту. Сынама іріктеу кезінде көмек көрсету. Қызмет көрсететін жабдықты желіге қосу және ажырату, оны ұсақ ақауларын жоюға қатысу. Силостарды, элеваторлар мен басқа да нысандарды газациялауға дайындауға қатысу. Жұмыс орны мен жабдықты жинау.

Білуге тиіс: дақылдар және дәннің сапасы туралы жалпы деректерді; дәнді металломагнитті қоспалардан тазарту ережесін; дәнді қабылдау, орнын ауыстыру, кептіру және силостар бойынша таратып бөлудің, дән кептіру оттықтарында отынды жағудың ережесі мен тәртібін; магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондар мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмыс принципін; магнитті жабдықтың жүк көтеру нормаларын; магнитті қорғағыш қондырғыларын металдан тазарту тәсілдерін; майлау жүйесін және қолданылатын жанар-жағармай материалдарын.

§ 17. Дәнді өңдеу аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, бұршақ, майлы және басқа да дақыл дәндерін қабылдау, силостар бойынша немесе оның сапасын ескере отырып келесі өңдеуге таратып бөлуді барлық түрдегі транспортерлердің көмегімен жүргізу. Дәнді сепараторларда, триерлерде сепарациялау. Жүгері собығын тарту, тұқымы мен дәнін калибрлеу машианалары мен триерлерде фракцияларға бөлу. Дәнді зарарсыздандырғышта және абсқа да арнаулы аппараттарды зарарсыздандыру. Тамақ. жем нысанындағы әртүрлі дәнді дақылдардың дәндерін, бұршақ тұқымын, жүгері собығы мен майлы дақыл тұқымын барабанды дән кептіргіштерде кептіру. Барлық типтегі транспортерлердің, сепараторлардың, калибрлеу машианалары мен триерлердің, жүгері собығын өңдейтін молотилкалардың, барабанды дән кептіргіштердің, сүзгілердің, аспирационды қондырғылар мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтың жұмысын бақылау және қадағалау, оларға қызмет көрсету. Елеуіштерді ауыстыруға қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Өнімнің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жоюға қатысу. Жұмыс зоналары мен қызмет көрсететін жабдықтың қалыпты санитарлық жағдайын қамтамасыз ету. Кептірілген дәннің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: дәнді, бұршақ, майлы және басқа да дақыл дәндерін қабылдау және сепарациялау, жүгері собығын тарту, тұқымы мен дәнін калибрлеу машианалары мен триерлерде фракцияларға бөлу, дәнді зарарсыздандыру, кептіру тәртібін; транспортерлердің, сепараторлардың, калибрлеу машианалары мен триерлердің, жүгері собығын өңдейтін молотилкалардың, барабанды дән кептіргіштердің, сүзгілердің, аспирационды қондырғылар мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтың құрылымын; қорғаныс жабынына арналған эмульсияларды дайындау тәсілдерін; зарарсыздандырғыштарды улы химикаттармен толтыру тәсілдерін, ерітінді даярлау үшін оларды жұмсаудың жол берілетін шекті нормасын; улану белгілерін, оның алдын алу және зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын; зарарсыздандырылған тұқымның сапасына қойылатын талаптарды.

§ 18. Дәнді өңдеу аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, тұқымдарды күрделі дән тазалау, дән сұрыптау машина-агрегаттарында тазалау; түрлі дақылдардың тұқымын, бұршақ, майлы дақылдарды, жүгері собығын жылжымалы, камералы кептіргіштерде, өнімділігі сағатына 30 т дейінгі шахталық кептіргіштерде кептіру, қызмет көрсететін дән кептіргіш оттығына отын жағу технологиялық процесін жүргізу. Транспортерлердің, калибрлеу машианалары мен триерлердің, дән тазалау, дән сұрыптау машина-агрегаттарының, жылжымалы, камералы және шахталық кептіргіштер мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың жұмысын бақылау және қадағалау, оларға қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: дәнді тұқымдарды күрделі дән тазалау, дән сұрыптау машина-агрегаттарында тазалау, сұрыптау, дәндер мен тұқымдарды жылжымалы, камералы кептіргіштерде, шахталық кептіргіштерде кептірудің технологиялық процесі мен схемасын; технологиялық режим параметрлері мен жылу жеткізгіштің жануы мен қоспасын жасау реттеу ережесін; күрделі дән тазалау, дән сұрыптау машина-агрегаттарының, калибрлеу машианалары мен триерлердің, жылжымалы, камералы және шахталық кептіргіштер мен қызмет көрсететін күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтың құрылымын; өңделетін дәннің түрлері мен нөмірін, оның сапалық көрсеткіштерін; қызмет көрсететін жабдықты жөндеудің, елеуіштерді ауыстырудың тәртібін, олардың нөмірі мен түрлерін; жабдықты іске қосу мен тоқтату ережесін және кезектілігін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын бақылау әдістерін және оның ақауларын анықтау мен жою тәсілдерін.


§ 19. Дәнді өңдеу аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тамақ, жемдік және тұқымдық нысандағы әртүрлі дақылдарыдң дәндерін өнімділігі сағатына 30 т дейінгі шахталық кептіргіштерде кептірудің технологиялық процесін жүргізу. Қызмет көрсететін дән кептіргіш оттығына отын жағу. Шахталық кептіргіштер мен қызмет көрсететін қосалқы жабдықтың жұмысын бақылау және қадағалау, реттеу, оларға қызмет көрсету. Дән кептіргіштердің жұмыс режимін, кептіргіштегі дәннің жылжуын, кептіру агентінің саны мен температурасын, кептіру камераларындағы дәннің қызу температурасын, және кептірілген дәннің салқындату камерасында салқындау режимін реттеу. қызмет ткөрсететін жабдықтағы жану, тарту және температура режимін реттеу. Дәннің кебу сапасын бақылау. Жетекті ременьнің, қоршаудың жай-күйін қадағалау және олардың уақыты жөнделуін ұйымдастыру. Жабдықты қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: дәнді кептірудің және шахталық кептіргіштердегі оттықта сұйық отынды жағу технологиялық процесін жүргізу ережесін; түрлі жүйедегі дән кептіргіштер мен басқа да жабдықтың құрылымын, оларды тиімді пайдалану жолдарын; дәнді кептірудің параметрлері мен режимін; дәннің технологиялық қасиеттерін; дәннің кептірілгеннен кейінгі ылғалының оңтайлы шамасын; дәннің түрлі дақыл тұқымының сапасына қойылатын талаптарды; түрлі дақылдармен жұмыс істеу ерекшелігін; отын мен электр энергиясын үнемдеу жөніндегі іс-шараларды; жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізудің тәртібін.

§ 20. Дәнді өңдеу аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тамақ, жемдік және тұқымдық нысандағы әртүрлі дақылдардың дәндері мен тұқымын газ-рециркуляциондық, рециркуляционды-изотермиялық дән кептіргіштер мен дәнді алдын ал қыздыратын дән кептіргіштерде өңдеудің (кептірудің) технологиялық процесін жүргізу. Дәнді рециркуляциялайтын кептіргіштердің жұмысын бақылау және оларға қызмеғт көрсету. Газ типтес отынды жағу. Қызмет ткөрсететін жабдықтағы жану, тарту және температура режимін реттеу. Дән кептіргіштердің жұмыс режимін, кептіргіштегі дәннің жылжуын, кептіру агентінің саны мен температурасын, кептіру камераларындағы дәннің қызу температурасын, және кептірілген дәннің салқындату камерасында салқындау режимін реттеу. Рециркуляцияның қайталауы санын және дәнді кептіру режимін іріктеу. Кептіру сапасын қамтамасыз ету, дән мен тұқымның ылғалдылығын тиісті стандарт талаптарына сәйкес деңгейге жеткізу. Жылу жеткізушінің қажетті мөлшері мен температурасы мен дәннің ылғалын есептеп шығару. Дәнді алдын ала тазалау жабдығының жұмысын бақылау. Оттықтардың, насостардың, жылу құбырының, ауа үрлеуіштің және басқа да жабдықтың жұмысын қадағалау. воздуходувок и другого оборудования.

Білуге тиіс: дәнді кептірудің технологиялық процесін жүргізу және ұ»ымдастыру ережесін; басқару пультінің, бақылау-өлшеу аспаптарының, қызмет көрсету зонсасы жабдығының құрылымын, оны қолдану және тиімді пайдалану ережесін; түрлі жүйедегі дән кептіргіштер мен басқа да жабдықтың құрылымын, оларды тиімді пайдалану жолдарын; дәнді кептірудің параметрлері мен режимін; дәннің технологиялық қасиеттерін; дәннің кептірілгеннен кейінгі ылғалының оңтайлы шамасын; дән кептіргіш оттықтарына қойылатын талаптарды; дән кептіру жабдықтарын басқару пультінен қосу және тоқтату кезектілігі мен ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау тәсілдерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

21. Дәнді тиеу-түсіру машиналарының машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді дақылдарды және тара-буып түю жүктерін тиеу және түсіру кезінде қойма ішіндегі стационарлық механизмдерді басқару. Стационарлық және жылжымалы транспортерлерге, силостар мен қоймаларда дәнді тиеу және түсіру кезінде, дән мен өнімнің орнын ауыстырған кезде тиеу-және түсіру жұмыстарында арбаларды, механикалық күректер мен бұрма құбырларды лақтыратын норий типіндегі транспортерге қызмет көрсету. Механизмдерге техникалық қызмет көрсету. Машинаны қоректендіру көзіне қосу және ажырату. Механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау және олардың қарапайымдарын жою. Жұмыс аймағындағы және қызмет көрсететін жабдықтың қалыпты санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: транспортерлердің, лақтырушы арбалардың, механикалық күректер мен бұрма құбырлардың, шығырлардың, олардың қосу жабдығының жұмыс принципін; элеватордағы, қоймадағы дәнді орналастыру мен орнын ауыстырудың технологиялық схемасын; дәннің сапасы мен мөлшерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесін.

§ 22. Дәнді тиеу-түсіру машиналарының машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді дақылдарды және басқа да жүктерді тиеу және түсіру кезінде түрлі типтегі электр жетекті өздігінен бергіштерді, бір типтес автомобиль көтергіштерді басқару. қойма ішіндегі стационарлық механизмдерді басқару. Тиеу-түсіру механизмдеріне қызмет көрсету және олардың жұмысын реттеу. Электр қозғағыштарды қосу және тоқтату. Тростар мен тезегіштердің бекітілуін, май құбырларының, насостар мен автомобиль көтергіштердің гидрожүйеь желіліерінің жай-күйін тексеру. Механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою.

Білуге тиіс: вагон тиегіштердің, вагон түсіргіштерді автомобиль көтергіштердің, өздігінен бергіштердің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; электр қозғағыштарды пайдалану және оларды техникалық күту ережесін; тиеу және түсіру жұмыстарын орындау, механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою тәсілдерін; слесарь және электрослесарь ісі негіздерін; гидрожүйе май құю және қозғағыштар мен көтеру механизмдерін майлау ережесін; жабдықты техникалық қарауды жүргізу ережесін.

23. Дәнді тиеу-түсіру машиналарының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүктердің барлық түрлерін кемеден, баржадан, вагоннан, автомобильден түсіру және тиеу кезінде өздігінен жүретін дән тиегіштерді, аккумуляторлы автотиегіштерді, инерционды вагон тиегіштерді, жылжымал пневматикалық қондырғыларды басқару. Рамалар мен қозғағыштардың жерге дұрыс қосылуын тексеру. Электр қозғағыштарды қосу және тоқтату. Машиналарға техникалықь қызмет көрсету, оларды тазалау және майлау. Қызмет көрсететін машиналарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: дән мен оның қайта өңделген өнімдері туралы негізгі деректерді; жылжымалы пневматикалық қондырғылардың, дән тиегіштерді, аккумуляторлы автотиегіштерді, инерционды вагон тиегіштерді, вагон тиегіштердің, вагон түсіргіштердің, автомобиль көтергіштердің, өздігінен бергіштердің құрылымын, техникалық сипаттамасын, нысаны мен жұмыс принципін; тиегіштерді жұмысқа қосуға дайындау ережесін; өздігінен жүретін тиегіштерді басқару кезінде жүргізу, дабыл беру және көшеде жүру ережесін; электр қозғағыштарды пайдалану және оларды техникалық күту ережесін; тиеу және түсіру жұмыстарын орындау тәсілдерін, жүкті үю ережесін; механизмдердің жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.

24. Дәнді тиеу-түсіру машиналарының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді дақылдарды кемеден, баржадан, вагоннан, автомобильден түсіру және жағадағы қабылдау құрылғыларына дейін орнын ауыстыру кезінде түрлі типтегі стационарлық жүзбелі пневматикалық қайта тиегіштерді басқару. Бақылау-өлшеу аспаптарының және айлабұйымдардың көмегімен қайта тиегіштердің оңтайлы жұмыс режимін, тиіст вакуум параметрлерін белгілеу және олардыы жұмыс барысында ұстап тұру, оларға қызмет көрсету. Турбонасос подшипниктерін қыздырудың шекті температурасын және майлау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, ауа үрлеу машинасы мен пневматикалық қайта тиегіштердің жұмысыын қамтамасыз ету және реттеу. Қызмет көрсететін машиналар мен барлық қайта тиегіш жүйелерінің жұмысындағы ақауларды анықтау, олардың алдыни алу және жою. Жекелеген тораптарды, механизмдер мен бөлшектерді кезеңдеп тазалау, қарау, жуу және ағымдық жөндеу. Жабдықты жөндеуге арналған ақау ведомосын жасау.

Білуге тиіс: дән мен оның қайта өңделген өнімдері туралы негізгі деректерді; жылжымалы пневматикалық қондырғылардың, дән тиегіштерді, аккумуляторлы автотиегіштерді, инерционды вагон тиегіштерді, вагон тиегіштердің, вагон түсіргіштердің, автомобиль көтергіштердің, өздігінен бергіштердің құрылымын, техникалық сипаттамасын, нысаны мен жұмыс принципін; тиегіштерді жұмысқа қосуға дайындау ережесін; өздігінен жүретін тиегіштерді басқару кезінде жүргізу, дабыл беру және көшеде жүру ережесін; электр қозғағыштарды пайдалану және оларды техникалық күту ережесін; турбонасостардың жұмысын реттеу ережесін.

25. Аэрозоль көлігі желілерінің машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық цехтардан, ұнтасушы-вагондардан өнімді қабылдау және тарасыз сақтау қоймасына жіберу кезінде аэрозоль көлігі желілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Аэрозоль көлігі желілерін үрлеу, тапзарту және жұмыс жағдайында ұстау. Жабдықтың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Аэрозоль көлігі желілеріндегі ақауларды анықтау және жою. Аспирационды желілердіт тазалау. Жабдықты күрделі және ағымдық жөндеуге қатысу. Жабдықтың техникалық жай-кеүйін және пайдаланылуын, жұмыс аумағы мен қызмет көрсететін жабдықтың пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: аэрозоль көлігі желілерінің құрылымын, жұмыс принципін, нысаны мен пайдалану ережесін; өнімді диірмендер мен тарасыз сақтау қоймасына орналастыру және орнын ауыстырудың технологиялық схемасын; аэрозоль көлігі желілеріндегі ақауларды анықтау және оларды жою тәсілдерін. Ауаның параметрлеріне қойылатын талаптарды; ұн таистфын вагонға өнімді тиеу және түсіру кезіндегі операцияларды орныдаудың ережесі мен кезектілігін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы нормалар мен ережелерді.

26. Диірменші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тамақ және жемазық дақылдарын (дәнді, бұршақ және т.б.) өнміділігі тәулігіне 50 т астық тартатын вальцілі диірмендер мен тас диірмендерде тартуды тартуға дайындау операцияларын: дән массасын қоспалардан тазарту, дән қаығын тазалау, гидротермиялық өңдеуді орындай отырып жүргізу. Дәннің тартуға үздіксіз және біркелкі түсуін, ұнтақтаудың берілген дәресежсін (тарту өнімінің жармалануын), аралық және соңғы өнім сапасын қамтамасыз ету. Ұнды өлшеу, буып-түю және тасымалдау. Жұмыс қабаттарын, үстіңгі және астыңғы диірмен тастарын, вальцыларды, жүгіоменің дұрыс орналасуын, сақинаның бекітілуін, қозғалу жылдамдығы мен өнімділігін әртүрлі айлабұйымдардың көмегімен реттеу. Диірмен тастарын қайрау, теңгермелееу және орнату. Жабдық пен коммуникацияларыдң жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Шағын диірмендерде – шикізат пен дайын өнім есебі құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: дәнді тартуға дайындаудың, тарту мен елеудің технологиялық процесі схемаларын; тарту, елеу, дән тазалау және қосалқы жабдықтардың құрылымымен жұмыс принципін; тамақ және жемазық дақылдарының ұндық қасиеттерін; шикізаттың жұмсалуы нормасын, шикізат пен дайын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттарды; жабдықтың тиімді жұмыс істеу шарттарын.

Диірмен тастарының насечкасыз жабдығында жұмыс істеу кезінде – 3- разряд.



§ 27. Дезинсекциялау қондырғысының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Астық қоймалары мен олардың маңындағы аумақтарды, сондай-ақ қоймадағы астық өнімдерін аэрозольді және ылғалды дезинсекциялау процесін жүргізу. Аэрозольді генераторлар мен бүркуіштердің жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Қондырғыны жұмысқа дайындау. Қондырғыны күштік желіге қосу және қосудың дұрыстығын, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын бақылау. Берілетін улы химикаттардың есебін шығару және дозалау. Жұмсалған улы химикаттардың есебін жүргізу. Қонджырғына қажетті жұмыс режиміне баптау. Қондырғыны басқару және оның жұмысын қадағалау, бақылау. Қондырғының электромеханикалық және гидравликалық жүйелерінің ақауларын анықтау, алдын алу және жою. Жекелеген тораптар мен механизмдерді кезеңдеп қарау, тазалау және ағымдық жөндеу. Қондырғыға қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігін бақылау. Жабдықты дезинсекция жүргізілгеннен кейін сүрту.

Білуге тиіс: аэрозольді генераторлар мен бүркуіштердің көмегімен нысандарды дезинсекциялау ережесін; қызмет көрсететін қондырғының, құрылымы мен жұмыс принципін, принципті электр схемасын, гидрожүйені; улы химикаттардың қасиеттерін және олармен жұмыс істеу ережесін; қорғану құралдары мен айлабұйымдарды қолдану ережесін және қауіпсіздік шараларын; улану кезінде алғашқы көмек көрсету шараларын; жабдықтың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін; жоғары вольтті жабдықты және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін.


§ 28. Дезинсекциялау қондырғысының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Астық қоймаларында, элеваторлар мен дән өңдеу кәсіпорындарында фумигациялау және радиациялық дезинсекциялау процесін түрлі атмосфералық жағдайларда (температурада, ылғалда) фумигациондық қондырғымен және радиационды дезинсекторен жүргізу. Аэрозольді генераторлар мен бүркуіштердің жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Қондырғыны жұмысқа дайындау. Қондырғыны күштік желіге қосу және қосудың дұрыстығын, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын бақылау. Берілетін улы химикаттардың есебін шығару және дозалау. Экспозиция кезінде зарарсыздандырылатын нысандағы фумиганттардың болуын бақылау. Нысанға берілетін фумиганттардың санын реттеу. Қондырғының пневмогаз жүйесіндегі ақауларын анықтау, алдын алу және жою.

Білуге тиіс: барлық типтегі қондырғылардың көмегімен нысандарды дезинсекция жүргізудің ережесі мен ұйымдастыруды; фумигация процесін реттеу ережесін; барлық типтегі дезинсекционды қондырғылардың құрылымын, конструктивтік ерешеліктерін, принципті гидропневмогазды құрастырмалы схемасын; радиационды қондырғымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін.

§ 29. Пакет қалыптаушы машиналардың операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы өнім салынған қаптарды массасы 900 - 1200 кг. пакеттерге салу кезінде пакет қалыптаушы машиналарды басқару. Пакет қалыптаушы машиналардың, масымалдау механизмдерінің жұмысын автоматы және қол режимдерінде бақылу және оларға қызмет көрсету. Салмаларды өніммен тасымалдау кезінде аккумуляторлы тиегішті басқару және оларды текшелеп жинау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеге қатысу. Жабдықтың техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын, жұмыс аймағы мен қызмет көрсететін жабдықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қаптарды пакетке салу технологиясын; пакет қалыптаушы машиналардың, электр тиегіштің құрылымы мен пайдалану ережесін; пакетті көтерудің, орнын ауыстыру мен текшелеп жинау ережесін; қызмет көрсететін жабдықты қосу мен тоқтатудың кезектілігі мен ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысына тән ақауларды, оларды жою тәсілдерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, жұмыс аймағы мен қызмет көрсететін жабдықтың санитарлық жағдайы ережесі мен нормаларын.

§ 30. Пакет қалыптаушы машиналардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы өнім салынған қаптарды массасы 900 - 1200 кг. пакеттерге салу кезінде пакет қалыптаушы машиналарды басқару. Пакет қалыптаушы машиналардың, стационарлық, тасымалдау механизмдерінің, тығыздау машиналарының, бос тұғырды машинаға беретін автоматы құрылғының, пакеттерді ілмектеу механизмдерінің жұмысын автоматты және қол режимдерінде бақылау және оларға қызмет көрсету. Салмаларды өніммен тасымалдау кезінде аккумуляторлы тиегішті басқару және оларды текшелеп жинау. Машиналардың жекелеген механизмдері мен тораптарын кезеңдеп қарау, тазалау және ағымдық жөндеу. Жабдықты жөндеу ведомостарын жасау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеге қатысу. Жұмыс аймағы мен қызмет көрсететін жабдықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: қаптарды пакетке салу технологиясын; пакет қалыптаушы машиналардың, электр тиегіштің құрылымы мен пайдалану ережесін; пакетті көтерудің, орнын ауыстыру мен текшелеп жинау ережесін; қызмет көрсететін жабдықты қосу мен тоқтатудың кезектілігі мен ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысына тән ақауларды, оларды жою тәсілдерін; автоматтыв басқару элемнеттерін реттеу ережесін; машинаны және таптауыш машинаны жүктің бір түрінен екіншісіне қайта баптау тәсілдерін; слесарь және электрослесарь ісі негіздерін.

§ 31. Элеваторды басқару пультінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәнді теміржол вагондары мен автомобиль көлігінен қабылдаудың технологиялық процесін технологиялық маршруттарын элеваторды басқару пультінен теру жолымен жүргізу. Дән мен тарту өнімдерін автоматы таразыларда өлшей отырып босату, дәннің орнын ауыстыру. Қашықтықтан басқарылатын, автоматизация құралдарын, бақылау және дабыл аппаратурасының жұмысын бақылау, қызмет көрсету және жөндеу мен баптауға қатысу. Дән мен тартылған өнімдерді қабылдау және блсату құжаттарын жүргізу. Силостарды өніммен толтыру, өнімді ұн тасушы көлікке босату есебін жүргізу Дозаторлардың жұмыс режимін реттеу. Өнімнің транспортерлерге біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қоймаға келіп түскен өнімнің салмағын сұрыптауға жол бермей есепке алу. Таразаның жұмысын кезеңдеп тексеру. Қызмет көрсететін жабдықтың тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: астық өнімін элеватор мен қоймада орналастыру мен қозғаудың технологиялық схемасын; аспирационды желілер мен қондырғылардың схемасын; басқару пультінің кинематикалық схемасын; технологиялық, көтеру-тасымалдау, аспирационды қондырғылардың, эрозольтранспорт желісінің пульттен басқару режимін ескергендегі нысанын, жұмыс принципі мен құрылымын; жабдықтың жұмысындағы ықтимал ақауларды, оларды анықтау және жою тәсілдерін; астықты тасымалдаудың оңтайлы технологиялық маршруттарын таңдау тәртібін және қосу кезектілігін; элеватор мен қоймадағы технологиялық процестерді ұйымдастыру мен жүргізу ережесін.


2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Разрядтар диапазоны

БТБАшығарылым




Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

2-6

Комбикорм өндірісінің аппаратшысы

2-6

51

Ұн-жарма өндірісі

2.

Жарма өндірісінің аппаратшысы

2-6

Жарма өндірісінің аппаратшысы

2-6

51

-"-





3.

Ұн тарту

өндірісінің аппаратшысы



2-6

Ұн тарту

өндірісінің аппаратшысы



2-6

51

-"-





4.

Дәнді өңдеу аппаратшысы

2-6

Дәнді өңдеу аппаратшысы

2-6

51

-"-





5.

Дәнді тиеу-түсіру машиналарының машинисі

2-5

Дәнді тиеу-түсіру машиналарының машинисі

2-5

51

-"-





6.

Аэрозоль көлігі желілерінің машинисі

4

Аэрозоль көлігі желілерінің машинисі

4

51

-"-





7.

Диірменші

3-4

Диірменші

3-4

51

-"-


8.

Дезинсекциялау қондырғысының операторы

4-5

Дезинсекциялау қондырғысының операторы

4-5

51

-"-





9.

Пакет қалыптаушы машиналардың операторы

3;5

Пакет қалыптаушы машиналардың операторы

3;5

51

-"-





10

Элеваторды басқару пультінің операторы

4

Элеваторды басқару пультінің операторы

4

51

-"-





жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау