«Уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу» бөлімі
§ 1. Уытты тамырды іріктеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тың жерлерден уытты тамырды өндіру. Уыттыф тамырды плантажды соқамен аударылған топырақ қабатынан қол орақпен қазып алу. Тамырларды қабатты траншеяда (трактор бороздасында) бөле отырып іріктеу. Уытты тамырды іріктеп алу. Тамырды қимасы, мөлшері, сыртқы және ішкі түсіне қарай стандартқа сәйкес сұрыптау. Сүтті шикілігі бар тамырларды бракқа шығару. Карабашты (тамырдың жердегі өскіндерін) жасыл массадан кесіп алу. Уытты тамырды бороздаға апару, текшелеп жинау және сақтауға тапсыру.
Білуге тиіс: ашық траншеяда (бороздада) орақпен жұмыс істеу ережесін; тың жерлерден уытты тамырды таңдау және қолмен қазып алудың жолдарын; уытты тамыр сапасына қойылатын талаптарды және олардың жабайы шөптердің, бұталардың тамырларынан, суланған, шіріген және стандартқа сай емес уытты тамырдан түсі мен көлемі бойынша ерекшеліктерін; уытты тамырды кептіру үшін жинаудың жолдарын.
§ 2. Уытты тамырды іріктеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Егістік жерлерден уытты тамырды өндіру. Уытты тамырды аударылған топырақ қабатынан қол орақпен қазып алу, кептіру, стандартқа сәйкес сұрыптау, шикі тамырларды бракқа шығару. Тамырды сыртқы және ішкі түсіне, бояуы мен ылғалына қарай сапасын анықтау. Тамырды отырғызуға қажетті мөлшерге дейін кесу, жер ауданына қарай бұраларды бөлу. Уытты тамырды өсіру үшін берілген тереңдіктегі жерге отырғызу.
Білуге тиіс: уытты тамырды егістік жерлерде өсіру технологиясының мәнін және қолмен іріктеу жолдарын; уытты тамырды отырғызу ережесі мен оның өсу мерзімін; уытты тамырдың сыртқы және ішкі бояуына қарай сапасын анықтау тәсілдерін; уытты тамырдың биологиялық ерекшіліктерін; уытты тамырдың түрлері мен оны өсіру тәсілдерін.
§ 3. Нығыздау машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Уытты тамырды пресс-камерада нығыздау кезінде түрлі нығыздауды басқару. Қызмет көрсететін жабдықты тексеру, жұмысқа дайындау және іске қосу, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оның жұмысын реттеу. Уытты тамырды нығыздау процесінде киптің стандартты салмағын алу үшін оның қажетті санын анықтау. Бақылау-өлшеу аспаптарының, пресс-автоматиканың және блокировканың жұмысын, майдың қысымын бақылау. Нығыздауды баптау. Шток тақталарын, золотникті қораптар мен грандбуксты толық жұмыстай отырып ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықтың және қолданылатын айлабұйымның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды майлау. Жүргізілетін жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: нығыздауыштар мен қызмет көрсететін қосалқы жабдықтардың құрылымын, пайдалану ережесін; сыртқы түрі бойынша киптің стандартты салмағын анықтау тәсілдерін; нығыздау механизмдерінің жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жоюдың тәсілі мен ережесін; гидравлика мен пневматика негіздерін; нығыздауды баптау тәсілдерін; слесарь ісі негіздерін.
§ 4. Уытты тамырды қабылдаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Уытты тамырды іріктеушілерден қабылдап алу. Іріктелген тамырды сыртқы және ішкі түсіне, бояуы мен ылғалына қарай сапасын анықтау. Құрамындағы экстрактивті заттарды, глицирризинді анықтау үшін химиялық талауға сынама алу. Уытты тамырды іріктеушілерді жыртуға және тамырды өндіруге арналған алаңдарға қою. Қажет кезінде - егістік және тың жерлерден уытты тамырды өндіру. Плантажды соқаның жұмысын қадағалау және уытты тамырдың жапырылуына қарай жыртудың тереңдігі мен енін реттеу. Уытты тамырды егістіктен шығару және оны өнеркәсіптік қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Білуге тиіс: тамырды сыртқы және ішкі түсіне, бояуы мен ылғалына қарай сапасын анықтау тәсіллдерін; плантажды соқаның жұмысын қадағалау және уытты тамырдың жапырылуына қарай жыртудың тереңдігі мен енін реттеу ережесін; алғашқы есеапті жүргізу негіздерін; таразыны пайдалану ережесін; уытты тамырды қысқы сақтау үшін үйме ережесін.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
Р/с№
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Разряд
тар диапазоны
|
2004 жылы шығарылған
БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар
|
Разрядтар диапазоны
|
БТБАшығарылым
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Уытты тамырды іріктеуші
|
4-5
|
Уытты тамырды іріктеуші
|
4-5
|
51
|
Уытты тамыр
|
2
|
Нығыздау машинисі
|
3
|
Нығыздау машинисі
|
3
|
51
| -"-
|
3
|
Уытты тамырды қабылдаушы
|
5
|
Уытты тамырды қабылдаушы
|
5
|
51
| -"-
|
Достарыңызбен бөлісу: |