Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы



жүктеу 32,55 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.12.2017
өлшемі32,55 Kb.
#3426


Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503

Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7363

тіркелді


      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4)

 іске асыру мақсатында

тармақшасын

БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс

істеу 

 бекітілсін.



ережесі

      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында

жариялануын қамтамасыз етсін.

      3) Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығы

(Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5343

тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы № 170 (1570) «Заң газетінде» жарияланған);

      2) «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548

бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 528 

 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық

бұйрығы


актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195

«Заң газетінде» жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б.Шаяхметовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін

      атқарушы                                        М. Сарыбеков

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым   

министрінің      

міндетін атқарушысының

2011 жылғы 1 желтоқсандағы

№ 503 бұйрығымен  

бекітілді     



Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру

және оның жұмыс істеу

Ережесі

1. Жалпы ережелер


      1. Осы Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру

және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007

жылғы 27 шілдедегі 

 сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы Білім берудің

Заңына

бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ББАЖ) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін, оның



құрылымы мен міндеттерін анықтайды.

      2. ББАЖ-ның мақсаты білім беру ұйымдарын, білім беруді басқару органдарын Қазақстан

Республикасының білім беру ұйымдары қызметі туралы толық, сенімді және салыстырмалы ақпаратпен

дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады.

      3. ББАЖ-ның міндеттері:

      1) білім беру мониторингін және білім беруді басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қатысушылары мен элементтерін

бірдейлендіру;

      3) білім беру ұйымдарының қызметі, кадрлық құрамы және білім алушылардың жетістіктері

туралы мәліметтерді жинақтау және өңдеу процесін автоматтандыру;

      4) талдау және ақпараттық мәліметтердің мекен-жайлық ұйымдары:

      әрбір білім алушы бойынша;

      әрбір білім беру қызметкері бойынша;

      әрбір білім беру ұйымы бойынша.

      5) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру;

      6) интернет-ресурстары және/немесе мобильдік байланыс арқылы оқушылардың жетістігі туралы

қоғамды хабардар ету;

      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) ақпараттық жүйе - қорландыру, сақтау, арнаулы өзгеріс және деректерді қашықтықтан

жіберуді қамтамасыз ететін (бейінді мамандар мен автоматтық техникалық құралдардың бірге

қатысуын болжамдайтын) ақпараттың автоматтандырылған өңделу жүйесі;

      2) деректер базасы - қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірге сақтау,

автоматтандырылған енгізу және әкімшілік етуге арналған деректердің жүйелендірілген жиынтығы;

      3) бағдарламалық қамтамасыз ету - компьютерлік бағдарламалар мен белгілі бір мәселелерді

шешуге арналған және аппараттық құралдармен қатар тасымалдайтын машиналарда сақталатын

деректерді қосатын ақпараттық технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі. Бағдарламалық қамтамасыз

ету басқа бағдарламаларда қолдану үшін берілген мәліметтер немесе процессор үшін нұсқаулықтар

тізбегі түрінде іске асырылған алгоритм болып табылады.



2. ББАЖ-ны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуінің тәртібі

      6. ББАЖ (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгей және білім беру ұйымдарының

деңгейі) білім беру ұйымдарымен басқару иерархиясы негізінде ұйымдастырылады және жұмыс істейді.

      7. ББАЖ-ны ұйымдастыру өңірлік тиістілікті және білім беруді дамытудың өңірлік

бағдарламаларының ерекшеліктерін ескереді.

      8. ББАЖ ақпараттық ортада деректер ағынын ұйымдастыруды бес бағыт бойынша жүзеге асырады:

      1) ақпараттық - Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін

қамтамасыз ету;

      2) әкімшілік - білім беруді басқарудың барлық деңгейінде басқару шешімдерін ақпараттық

қамтамасыз ету;

      3) оперативтік - желілік мониторинг және әкімшілік ету, деректерді резервтік сақтау және

өңдеу жүйесін іске асыру, оперативті-техникалық персоналдық техникалық байланысын ұйымдастыру;

      4) технологиялық - ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты

ішкі жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру,

инновациялық технологияларды қолдану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;

      5) нәтижелілік - білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың

үлгерімі мен сабаққа қатысуының жедел мониторингі және оны бағалау.

      9. ББАЖ-ны ұйымдастыру төмендегі бағыттар бойынша білім алушылар үшін бірыңғай ақпараттық

кеңістіктің дамуын болжайды:



      1) педагогтар және білім алушылардың форумдары мен чаттары;

      2) білім бері ұйымдарының web-порталдары.

      10. ББАЖ-ны ұйымдастыру кезінде білім беру қызметкерлерін оқыту мынадай нысандарда жүзеге

асырылады:

      1) білім беру желісінің операторлары мен әкімшілерін сертификаттау;

      2) білім берудің техникалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

      3) білім берудің педагогикалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

      4) барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының басшыларына

арналған оқыту семинарлары;

      5) жарияланатын әдістемелік әдебиеттерді қолдану арқылы ББАЖ-ның элементтерімен жұмыс

істеуге өз бетінше оқыту.

      11. ББАЖ-да апаттар, табиғат катаклизмдері, техногендік апаттар болған жағдайда

аналитикалық жұмыстар мен қалпына келтіру мақсатында білім беру жүйесі қызметінің Ұлттық білім

беру базасын, деректер базасын, ашық қорларды және ББАЖ-ның техникалық жағдайын жүргізу жүзеге

асырылады.

      12. ББАЖ-ның терминалдары мен интерфейстері қазақ және орыс тілдеріне аударылған болу

керек.

      13. ББАЖ-ны ұйымдастыру аппараттық-бағдарламалық құралдарына қойылатын жүйелік талаптар



негізінде жүзеге асырылады:

      ББАЖ-ның негізгі жүйелік талаптары:

      1) біріктірілу – жүйе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар

талаптарына сәйкес болу керек;

      2) интероперабелдік – жүйе басқа жүйелермен қарым-қатынас жасауға мүмкүндік беріп керекті

жағдайда ол жүйелердің ақпараттық ресурстарына бағытталу керек;

      3) масштабтау - бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылардың саны және өңделген ақпарат

көлемінің арту өлшемі бойынша жүйенің даму мүмкіндігін кепілдендіретін салынымдық үнем

көзқарасымен ауқымдалады;

      4) кеңею - пайдаланушылардың спецификалық қажеттіліктеріне сәйкес бастапқы қабылданған

дамыту тұжырымдамасының және технологиялық базасының шегінен шықпай жүйенің функционалдық

әлеуетінің үдеу мүмкіндігі;

      5) бейімделу - Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен білім беру ұйымдарына қойылатын 

, ұсынылатын нормативтік құжаттарын есепке ала отырып нақты ұйымдардың ерекшеліктеріне

талаптарды

арналған автоматты баптау мүмкіндігі;

      6) ББАЖ-ның аппараттық–бағдарламалық жүйесі дүние жүзіндегі озық технологиялардың

деңгейіне сәйкес келу керек.

      14. ББАЖ-ның жұмыс жасауы келесіге мүмкіндік туғызады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарының алдында білім беру ұйымдарының және білім

беруді басқару органдарының ашық есептерін дамыту;

      2) электрондық қызметтерді көрсету;

      3) білім беру ұйымдарының және білім беру басқармаларының қатысуымен ашық форумдар

ұйымдастыру;

      4) инновациялық методикалық материалдарды жариялау және ашық талқылау;

      5) аумақтық белгі бойынша ашық рейтингтік жүйенің іс-әрекет жасауы;

      6) ата-аналар қауымына ағымдағы және кезең үлгерімі және келушілер саны бойынша жиынтық

жасау;


      7) Министрлікке және оның ағымдағы және кезең үлгерімі және келушілер саны бойынша жиынтық

жасау.


      15. ББАЖ жергілікті желіде және коммуникацияда жұмыс жасайды.

      16. ББАЖ-ның техникалық сүйемелдеуі тиісті профильдегі сертификатталған мамандармен



жасалынады.



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

жүктеу 32,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау