Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым


«ПАРФЮМЕРЛІК-КОСМЕТИКА ӨНДІРІСІ» бөлімі



жүктеу 4,95 Mb.
бет12/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20


«ПАРФЮМЕРЛІК-КОСМЕТИКА ӨНДІРІСІ» бөлімі

1. Косметикалық заттарды жасайтын аппаратшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Опа, тіс ұнтағы, құрғақ әтір мен басқа косметикалық заттарды агрегаттарда, машинаалар мен қондырғыларда жасау процесін жүргізу немесе косметикалық заттарды ағынды желілерде жасадың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Массаның агрегаттардан өту кезектілігін реттеу. Технологиялық өндіріс режимдерінің: температураның, ұнтақтау, араластыру дәрежесінің, сақталуын және жоғары әрі төмен қысымды желдеткіштердің, елеуіштердің, шнекті қоректендіргіштердің, циклондардың, дозаторлар мен аэрокамералардың жұмыс режимінің, өндірістік вибродиірмендер корпусының тербеоліс амплитудасының сақталуын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау. Массаның агрегаттар мен дозалаушы құрылғыға берудің технологиялық режиміне сәйкес салу және реттеу. Өлеп салушы автоматтар бункерлерінің толуын реттеу. Құбыр қималарындағы қысымның шығынын анықтау. Жартылай фабрикат пен дайын өнімді өлшеу. Негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысын басқару. Шикізатты, иісті заттарды, бояуыштар мен басқа да материалдарды қабылдау және сақтау.

Білуге тиіс: косметикалық заттарды өндіру процесінің технологиясы мен режимі параметрлерін; жасалатын өнімнің сыртқы түрі, түсі мен иісі бойынша ассортиментін және ерекшелік белгілерін; қызмет көрсететін жабдықтың, агрегаттардың, қосалқы жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі мен пайдалану ережесін.

2. Косметикалық заттарды жасайтын аппаратшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Косметикалық заттарды ағынды желілерде жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізат компоненттерін, иісті заттар мен бояуыштарды рецептураға сәйкес дәйекті дозалау. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау. Технологиялық режимнен ауытқу себептерінің алдын алу және жою. Белгіленген химиялық реакциялардың, тұндыру, бейтараптандыру және т.б. константтарын қамтамасыз ету. Машиналардың, агрегаттардың, коммуникациялар мен ағынды желі жабдығының тұтас жиынтығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнім сапасын органолептикалық бақылау. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың шығысы мен алынатын өнім санының есебін жүргізу, техникалық құжаттаманы жүргізу. Салынатын компоненттерді рецептура бойынша есептеу.

Білуге тиіс: косметикалық заттарды өндірудің технологиялық схемасын; оларды дайындаудың рецептурасы мен режим параметрлерін; дайын өнім шығымының, шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен салқындатушы судың жұмсалуы нормаларын; косметикалық заттарды өндірудің ассортиментін, физикалық-химиялық негіздерін және шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың технологиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың, агрегаттардың, қосалқы жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникациялардың жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасын анықтау әдістерін; салынатын компоненттерді рецептура бойынша есептеу әдістерін.


§ 3. Парфюмерлік композициялар мен сұйықтарды

жасайтын аппаратшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Композицияларды, иісті заттарды, ерітінділер мен парфюмерлік сұйықтарды жасаудың технологиялық процесін жүргізуге қатысу. Шикізат компоненттерін, иісті заттар мен бояуыштарды рецептураға сәйкес салуды реттеу. Сұйықтарды араластырғышпен немесе сығымдалған ауа жіберу арқылы араластыру. Процесті және алынған сұйықтың сапасын органолептикалық бақылау. Араластырғыш жұмысын немесе сығымдалған ауаның берілуін араластыру интенсивтілігіне қарай реттеу. Жабдық пен коммуникацияларды дайындау: тазалау, жуу, майлау. Шикізатты салу. Жабдықтың жұмысын тексеру, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Сынама іріктеу.

Білуге тиіс: шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың ассортименті мен негізгі қасиеттерін; шикізат компоненттерін қатаң кезектілігін сақтай отырып салуды және дозалауды реттеу ережесін; алынатын парфюмерлік сұйықтардың сапасын сипаттайтын органолептикалық белгілерді; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін; сынама іріктеу ережесін.

§ 4. Парфюмерлік композициялар мен сұйықтарды

жасайтын аппаратшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Композицияларды, иісті заттарды, ерітінділер мен парфюмерлік сұйықтарды жасаудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Композицияларды, иісті заттарды, ерітінділер мен парфюмерлік сұйықтарды жасаудың технологиялық режимін сақталуын қамтамасыз ететін температураны, қысымды, толық еруді, боялу сапасын, тұндыру ұсақтығы мен басқа да көрсеткіштерді бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша реттеу. Әтірлердің, иіс майлардың, спирттің күштілігін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен тексеру. Шикізат компоненттерін, иісті заттар мен бояуыштарды рецептураға сәйкес араластырғыштар мен аппараттарға салуды реттеу. Механикалық араластырғыштардың, кристаллды заттарды еріту аппараттарының, насостардың коммуникация желілерінің жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: композицияларды, иісті заттарды, ерітінділер мен парфюмерлік сұйықтарды жасаудың технологияясы мен режимі параметрлерін; парфюмерлік сұйықтарды бояу тәсілдерін; әтірлердің, иіс майлардың, спирттің күштілігін тексерудің әдістемесі мен тәсілдерін; шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың ассортименті мен негізгі қасиеттерін, және оларға арналған техникалық шарттарды; өндіріс процесінде шикізатты қабылдау және сақтау, шығын нормаларын ережесін; қызмет көрсететін жабдықты, аппараттар мен өосалқы жабдықты пайдалану ережесі мен коммуникациялардың орналасуын.

§ 5. Парфюмерлік композициялар мен сұйықтарды

жасайтын аппаратшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Композицияларды, иісті заттарды, ерітінділер мен парфюмерлік сұйықтарды жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық өндіріс режимінің белгіленген параметрлерін қамтамасыз ететін температураны, қысымды, толық еруді, боялу сапасын, тұндыру ұсақтығы мен басқа да көрсеткіштерді бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша бақылау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және жою. Әтірлердің, иіс майлардың, спирттің күштілігін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен тексеру. Шикізат компоненттерін, иісті заттар мен бояуыштарды рецептураға сәйкес араластырғыштар мен аппараттарға салуды реттеу. Механикалық араластырғыштардың, фотоэлементті желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Белгіленген есепті және есептілікті жүргізу.

Білуге тиіс: шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың шығыс нормалары мен парфюмерлік сұйықтарды бояу режимі параметрлерін; тазалау, үлес салмағы, түрі және тб. бойынша спирттің толық сипаттамасын; спиртті салмақ бірлігінен көлемдік бірлікке қайта есептеу кестелерін пайдалану ережесін; шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасы мен органолептикалық сипаттамасын анықтау әдістерін; қызмет көрсететін жабдықтың, қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, қосалқы жабдықтың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін, коммуникациялардың орналасуын.
6. Косметикалық массаны біліктеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Косметикалық массаны біртекті және қажетті консистенциядағы массаны алу үшін ысқылау електері мен біліктерде біліктеу процесін жүргізу. Алынатын косметикалық массаның сапасын органолептикалық бақылау. Температуралық режимді, біліктерге судың берілуін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. сынама іріктеу. Жабдыққа маса салу. Ысқылау електері мен біліктердің жұмысын білік арасындағы саңылауды өзгерту жолымен реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: косметикалық массаны біліктеудің технологиясы мен режим параметрлерін; косметикалық массаның негізгі қасиеттерін мен оларды қайта өңдеуге қойылатын талаптарды; косметикалық массаның сыртқы түріне қарай ерекшелік белгілерін; біліктелген массаның сапасын анықтаудың органолептикалық тәсілдері мен әдістерін; ысқылау електері мен біліктердің құрылымын, пайдалану ережесін.

§ 7. Косметикалық массаны пісіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Косметикалық массаны қазандарда пісіру процесін біліктілігі анағұрлым жоғары пісірушінің басшылығымен жұмыс нұсқаулығына сәйкес жүргізу: шикізат компоненттерін салуға дайындау (ұнтақтау, балқыту, еріту), эмульгирлеу, суыту, араластыру және косметикалық массаны парфюмирлеу. Шикізатты салу, дайын өнімді түсіріп алу. Пісіру жабдығының жарамдылығын тексеру және оның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Сынама іріктеу және оны талдауға тапсыру.

Білуге тиіс: шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың ассортименті мен негізгі қасиеттерін; косметикалық масса өндірісі режимнің параметрлерін; пісіру процесін және оның аяқталуын сипаттайтын органолептикалық белгілерді; сынама алу ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және жұмыс принципін.

§ 8. Косметикалық массаны пісіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Косметикалық массаны қазандарда пісіру процесін жүргізу. Шикізат компоненттерін технологиялық процес барысына қарай қазанға және аппаратуруға салуды реттеу. Косметикалық массаны балқыту, эмульгирлеу, суыту, араластыру және парфюмирлеу процестерін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша реттеу. Шикізат компоненттері мен пайдаланылатын қалдықтарды байыту, судан және қоспалардан тазарту, химикаттарды қолдана отырып дезодорациялау және тазалау. Негізгі және қосалқы жабдықтың, балқыту, эмульгирлеу, суыту аппараттары мен коммуникациялардың жұмысын реттеу. Пісіру процесін органолептикалық бақылау және оның аяқталуын анықтау.

Білуге тиіс: косметикалық массаны қазандарда пісіру мехнологиясы мен температуралық режим параметрлерін; шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге арналған техникалық шарттарды, олардың белгіленген шығыс нормаларын, сақтаудың шарттары мен тәртібін, шикізаттың сапасын оның сыртқы белгілері бойынша және иісті заттардың сапасын иісіне қарай анықтау тәсілдерін; пайдаланылатын қалдықтарды қайта өңдеу және байыту режимдерін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және оның жұмысын реттеу ережесін.

§ 9. Косметикалық массаны пісіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Косметикалық массаны ағынды желілерде пісіру процесін жүргізу. Шикізатты дозалау, температураны, қысымды, вакуум мен басқа да технологиялық процес көрсеткіштерін технологиялық режимге сәйкес қамтамасыз ету. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою. Ағынды желінің барлық жабдықтарының: суыту аппараттарының, түрлі жүйелердің, білікті бояу сүрткіштердің, коллоидті диірмендердің, гомогенизаторлардың, термографтар мен т.б. үздіксіз және синхронды жұмысын қамтамасыз ету. Пісіру процесін органолептикалық бақылау және оның аяқталуын анықтау. Шикізат компоненттерінің есебін берілген рецептура бойынша есептеу. Дайын өнімнің шығымын анықтау.

Білуге тиіс: косметикалық массаны ағынды желілерде пісірудің технологиялық схемасын; косметикалық масса рецептурасын; процесті реттеу ережесін; ағынды желінің, бақылау-өлшеу аспаптарының, қосалқы жабдық пен коммуникациялардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; шикізатқа, материалдарға, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге арналған техникалық шарттарды, олардың ассортименті мен қасиеттерін, органолептикалық спаттамасын; компоненттердің есебін берілген рецептура бойынша есептеу ережесін; талап етілетін сілтінің көлемін спиртті есептеу кестелері мен концентрациясына қарай есептеу пайдалану ережесін; дайын өнім шығымының нормаларын.

§ 10. Пенальді косметиканы қалыптаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пенальді косметиканы (ерін далабы, көз бояуы, ерін жылтыры және т.б.) көп ұялы құймалы қалыптарды қалыптау процесін жүргізу. Косметикалық массаны қыздыру және балқыту температурын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Косметикалық массаны қалыптарға құю. Массаның қалыптарды суытылуын реттеу және косметикалық қарындашты қалыптан алу. Көп ұялы құймалы қалыптарды дайындау: сүрту, майлау, құрастыру, іріктеу. Косметикалық массаның көлемін есептеу.

Білуге тиіс: масмсаны балқытудың температуралық режимі параметрлерін; өнім ассортиментін; бөліп құю қалыптарының құрылымын және пайдалану ережесін; массаның (жартылай фабрикаттың) көлемін есептеу ережесін.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Разрядтар диапазоны

БТБАшығарылым




Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Косметикалық заттарды жасайтын аппаратшы

4-5

Косметикалық заттарды жасайтын аппаратшы

4-5

51

Пафюмерлік


2.

Парфюмерлік композициялар мен сұйықтарды жасайтын аппаратшы

3-5

Парфюмерлік композициялар мен сұйықтарды жасайтын аппаратшы

3-5

51

-"-




3.

Косметикалық массаны біліктеуші

3

Косметикалық массаны біліктеуші

3

51

-"-





4.

Косметикалық массаны пісіруші

3-5

Косметикалық массаны пісіруші

3-5

51

-"-





5.

Пенальді косметиканы

қалыптаушы



3

Пенальді косметиканы

қалыптаушы



3

51

-"-





«МАЙ-ТОҢМАЙ ӨНДІРІСІ» бөлімі

I. МАЙ ӨНДІРІСІ
§ 1. Гидраттау аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майды гидраттау және шикі фосфатидтерді алу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары гидраттау аппаратшысының басшылығымен жүргізу. Араластырғыш-дозатордың, сепаратордың, коагулятордың, үздіксіз жұмыс істейтін тұндырғыштың, вакуум-насостарының, сүзгі-престің және тағы басқа жабдықтардың жұмысын қадағалау. Сынама іріктеу. Шикізат пен дайын өнім есебін жүргізу.

Білуге тиіс: гидратталған майды және шикі фосфатидтерді алу үшін майды сумен және бумен өңдеу технологиясы негіздерін; бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері түрлері мен нысанын, қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; гидраттау бөлімшесіндегі коммуникациялардың орналасу схемасын; сынама алудың әдісі мен ережесін.

§ 2. Гидраттау аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майды гидраттау және фосфатидті концентрат алу процесін жүргізу.Негізгі және қосалқы жабдықты қосу және тоқтату, гидраттаудың технологиялық режимін баптау. Жабдықтың жұмысын көзбен және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Майдың, судың, будың температурасы мен қысымын аспаптардың көрсеткіштері бойынша, май мен судың шығысын ротаметр бойынша, гидратталған майдың сапасын зертханалық талдау нәтижелері бойынша және органолептикалық, жинауыштар мен аппараттардағы май мен судың деңгейін қадағалау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу, анықтау және жою.

Білуге тиіс: гидратталған май мен фосфатидтерді алу үшін майды сумен және бумен өңдеу технологиясын; майлардың түрлерін, сұрыптары мен физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.

§ 3. Фосфатидтерді алу аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фосфатидті концентрат алу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары гидраттау аппаратшысының басшылығымен жүргізу. Гидраттау (фосфатидті) шөгіндіні аппаратқа салу. Фосфатидтерді тазалау және кептіру кезінде қоллданылатын жабдықтың жұмысын қадағалау және оларға қызмет көрсету (тазалау, майлау және т.б.). Фосфатидтердің дайын болғанын, аспаптардың көмегімен және органолептикалық анықтау. Фосфатидтерді аппараттан түсіріп алу және механикалық құралдардың көмегімен қоймаға тасымалдау.

Білуге тиіс: фосфатидтерді тазалау және кептіру технологиясын; фосфатидті концентраттың сапасына қойылатын талаптарды; бақылау-өлшеу аспаптарының түрлерін, нысанын және пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципі мен пайдалану ережесін.


§ 4. Фосфатидтерді алу аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фосфатидті концентрат алу процесін жүргізу. Фосфатидті концентратты тазалау және кептіру процесінің технологиялық режимін ренттеу. Жабдықтың жұмысы мен технологиялық процес барысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Сынама іріктеу. Фосфатидті концентраттың сапасын зертханалық талдау нәтижелері, аспаптардың көрсеткіштері мен органолептикалық бақылау.

Білуге тиіс: фосфатидтерді тазалау және кептіру технологиясын; фосфатидті концентраттың сапасына қойылатын талаптарды (ылғал мен майдың болуы, түсі,дәмі және т.б. көрсеткіштері); қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.


§ 5. Қуырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майдаланған майлы дәндерді әртүрлі жүйедегі және конструкциядағы қуыру табаларында ылғалмен, жылумен өңдеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары қуырушының басшылығымен жүргізу. Қуыру табаларына, булау-ылғалдау және таратып бөлу шнектеріне, конденсационды қыш құмыраларға және т.б. жабдықтарға қызмет көрсету. Қуыру табаларының, тасымалдау механизмдерінің, аспирационды жүйенің, магнитті қорғаныстың жұмысын және сынама іріктеуді қадағалау. Қуыру табаларының жұмысындағы ақауларды жою. Майдаланған майлы дәндерді өңдеу процесі режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен зартханалық талдау нәтижелері бойынша реттеу. Қуыру табаларына түсетін майдаланған майлы дәндердің ылғалдылығы мен тартылу жұқалығын, қуыру табаларынан алынатын езіндінің ылғалдылығы мен құрылымын тексеру.

Білуге тиіс: майдаланған майлы дәндерді дайындау технологиясын және түрлі май дақылдарына арналған ылғал-жылу режимдерін; экстракцияға арналған жапырақтар мен жарманы алу тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының түрлерін, нысанын және пайдалану ережесін; езіндінің дайындығын органолептикалық анықтаудың жолдарын және әдістерін; пресс цехы жабдығының құрылымын.

§ 6. Қуырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майдаланған майлы дәндерді май зауыттарында қолданылатын әртүрлі жүйедегі және конструкциядағы қуыру табаларында ылғалмен, жылумен өңдеу процесін жүргізу. Қуыру табаларына келіп түсетін майдаланған майлы дәндердің санын, езіндінің шығымын, ылғалдауға қажетті ылғал көлемін есептеу. Майдаланған майлы дәндерді қуыру табаларына біркелкі түсуін қамтамасыз ету және майдаланған майлы дәндердің ылғалмен, жылумен өңделу режимін реттеу. Қайта өңдеу клапандарының жұмысын, қуыру табалары қазандарының аспирациясын, езіндінің температурасын, будың қысымын, конденсация жүйесін, қуыру табалары қазандарындағы майдаланған майлы дәндер қабатының қалыңдығын көзбен және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Езіндіні дайындау процесі режимін реттеу және технологиялық жабдық жұмысын баптау. Престеуге арналған езіндінің даярлығын химиялық тәсілмен және органолептикалық анықтау. Преске келіп түсетін езіндінің құрылымын, майдың сапасын, майды алдын ала және соңғы сығу престеріндегі жүктемені бақылау. Пресс және қауыздау бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Магнитті қорғанысты тазалау, тасымалдау механизмдерін қадағалау.

Білуге тиіс: езіндіні дайындау технологиясын; езіндінің ылғалын анықтау тәсілдерін; түрлі май дақылдарынан езінді дайындаудың жылу режимдерін; езіндінің даярығы мен сапысын органолептикалық анықтау әдістерін; майдаланған майлы дәндерді ылғалмен, жылумен өңдеудің физикалық-химиялық процестерін; жылумен өңдеу процесін реттеу, бақылау ережесін; қызмет көрсететін жабдықты баптау және реттеу ережесін; коммуникациялардың орналасу схемасын; негізгі технологиялық жабдықтың сандың және сапалық режим көрсеткіштерін.

§ 7. Регенераторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Еріткішті регенерациялау. Регенерациялау процесіне қатысушы жабдықтың жұмысын қадағалау. Мисцелланың аппаратқа берілуін реттеу, еріткіштің толық айдалуын анықтау, аппаратураны кубтық қалдықтан босату. Ыдыстардың регенерацияланған еріткішпен толуын бақылау. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: еріткішті регенерациялау технологиясын; регенерацияланған еріткіштің сапасына қойылатын талаптарды; регенерациялау кезінде еріткіштің шығу нормасын; қызмет көрсететін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, пайдалану ережесін.

II. Майларды рафинациялау және гидрогенизациялау

§ 8. Дезодорациялау аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өңделген майды кезеңді және үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда алу мақсатымен майларды дезодорациялау процесін жүргізу. Дезодораторға майды толтыру, лимонды қышқылды су ерітіндісін қосу. Бурэжекторлы қондырғыны қосу, тоқтату және оның жұмысын реттеу. Барометриялық конденсаторлардың сумен біркелкі қоректендірілуін қамтамасыз ету. Кететін судың, май тоңазытқыштағы вакуумның берілген температурасын ұстап тұру. Дезодорация дәрежесін және процестің аяқталуын органолептикалық әрі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша анықтау. Дезодорация процесінің технологиялық режимін реттеу. Хош иісті погондардың тамшы ұсатуыштан жүйелі құйып алу. Майды суыту. Вакуумді түсіру және дезодоратты труба құбыры арқылы май қоймасына жіберу. Майдан сынама алу. Дезодорация және майды металдан тазарту процесін жақсарту үшін қажетті лимон қышқылының көлемін есептеу.

Білуге тиіс: түрлі майларды дезодорациялау процесінің технологиясы мен режим параметрлерін; дезодорацияланған май сапасына қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану ережесін; технологиялық режимді бақылау және реттеу әдістерін; сынама алу ережесін; дезодорациялау процесінің аяқталғанын органолептикалық анықтау тәсілдерін; лимон қышқылының концентрациясы мен көлемін есептеу ережесін.

§ 9. Ағарту топырағын өндіру қондырғысының аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағарту топырағын активациялау процесін жүргізу. Активацияланбаған ағарту топырағы мен концентрацияланған күкірт қышқылын қабылдап алу. Активацияланбаған топырақтан су пульпасын әзірлеп және оны күкірт қышқылын насоспен активаторға беру. Қоспаны активаторда балқымалау. Балқымалаудың технологиялық процесін қадағалау. Процесті балқымалауға бу жіберу жолымен реттеу. Сынаманы іріктеу және талдау. Ағарту топырағын сумен декантаторде шаю. Шайылған ағарту топырағын насоспен рамалы сүзгі-пресске беру, престе жуу және сүзу. Престі бөлшектеп және құрастыра отырып үрлеу және тазалау. Ағарту топырағын табаға салып кептіру шкафтарына қою, кептіру шкафтарындағы кептіру мен оның босатылуын қадағалау. Кептірілген ағарту топырағы ұнтақтау және активацияланған топырақты жәшіктерге салу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды тазалау және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; әртүрлі ағарту топырағын активациялау кезіндегі технологиялық схеманы және жұмыс режимдерін; өңделетін тағамдардың негізгі қасиеттерін және қолданылатын химикаттарды; сынаманы іріктеу және талдау жүргізу ережесін.

§ 10. Этаноламинді қондырғы аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сутегі мен сулы газды күкіртті сутегі мен көмірқышқыл газынан тазартьу процесін этаноламинді қондырғыда біліктілігі анағұрлым жоғары және этаноламинді қондырғы аппаратшысының басшылығымен жүргізу. Сілті скрубберіне қызмет көрсету. Насостарды, компрессорларды, тоңазытқыштарды, конденсатордар мен басқа да жабдықтарды қосу және тоқтату, оларға қызмет көрсету. Абсорберлер мен регенераторлардағы сілті және этаноламинді ерітінділердің деңгейін, газды тазалау жүйесінің коммуникацияялары мен аппараттарындағы температураны және қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Судың, будың және ерітінділердің берілуін автоматика құралдыарының, жылдамдық вариаторлары мен крандардың көмегімен реттеу. Триэтаноламин және моноэтаноламин ерітінділерін жасау.Жұмысталған ерітіндіні регенерациялау процесін оны ортадан тепкіш насостармен жылу алмастығыш, регенератор, қайнатқыш, тоңазытқыш қайта айдау және қалыпна келтірілген ертіндіні абсорберге қайтару арқылы жүргізу. Газдар мен ертінідердің сынамасын алу. Газдарда көмір қышқылы мен күкінт сутегінің, этаноламиннің, карбонаттардың болуын, ерітінділер мен этаноламинде сульфидтерді болуынан толық тазартылуын зертханалық талдау нәтижелері бойынша қарапайым тәсілдермен анықтау. Қондырғы жұмысының барысында аппаратураның, насостардың, компрессорлардың, автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын қадағалау. Газ бен ерітіндінің ағуын бақылау, кірме желдеткіш жұмысын қадағалау. Технологиялық құжаттаманы жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: ерітінділерді регенерациялау технологиясын; сулы газдың, сутегінің, сілтінің химиялық және физикалық қасиеттерін, нысанын; су мен буға қойылатын талаптарды; сулы газды, сутегін тазарту технологиясының негіздерін; қызмет көрсететін жабдық пен коммуникациялардың құрылымы мен орналасу схемасын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың жұмыс принципін; газдардың тазалығы мен ерітінді концентрациясын анықтаудың қарапайым тәсілдерін; газдың жарылу шегін; технологиялық құжаттаманы жүргізу ережесін.

§ 11. Этаноламинді қондырғы аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сутегі мен сулы газды күкіртті сутегі мен көмірқышқыл газынан тазартьу процесін этаноламинді қондырғыда жүргізу. Жүйені этаноламинді ерітіндімен толтыру. Насостарды, вариаторларды және басқа да жабдықтарды қосу және реттеу. Жылу алмастырғышқа бу, тоңазытқыш пен конденсаторға су беру. Абсорбциялау және деабсорбциялау процестерін басқару пультінен басқару. Ерітіндінің циркуляциясы мен температуралық режимін ерітіндіні, су мен буды беру жылдамдығын өзгерту арқылы реттеу. Абсорберлер менах регенератордағы ертіндінің деңгейін, труба құбырлары мен аппаратурадағы бу мен газдың қысымын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Жүйеге қажетіне қарай конденсат қосу. Сутегі және сулы газды тазартуға дейін және одан кейін, шықпа газдарды болуын талдау. Абсорбердегі, генератордағы ерітінділерді оларда этаноламин, карбонаттардың, сульфидтердің болуын, флегманы құрамында этаноламин болуын талдау. Триэтаноламин мен моноэтаноламин ерітіндісінің концентрациясын есептеу. Абсорберден ауаны үрлеу және шығару. Коммуникациялар мен аппараттардың герметикалылығын, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының жарамдылығын тексеру. Ерітіндінің әзірленуін және жұмысталған ерітіндіге регенрация жүргізілуін бақылау. Жабдықтың, коммуникациялардың жарамдылығын қадағалау. Аппаратуралар мен коммуникацияларда жарылыс қаупті қоспаның пайда болуының алдын алу және жою. Этаноламинді қондырғы орнында еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау. Технологиялық журналды және материалдардың шығысының, тазаланған газ көлемінің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: сутегі мен сулы газды тазартудың технологиялық процесін; абсорбциялау және десорбциялау технологиялық процесінің мәнін; сутегі мен сулы газды тазартудың сапасына қойылатын талаптарды; газ бен сутегі ластануының сутегі өндірісі, газды тазалау және майларды гидрогенизациялау технологиялық процесінің барысына әсері деңгейлерін; этаноламиндердің химиялық және физикалық қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың, аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының және этаноламинді жаға қондырғысын автоматикасының құрылымы мен жұмыс принципін; газ қауіпті жерлердегі жұмыс ережесін; материалдың шығыс нормаларын..

§ 12. Сутегіші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сутегін темір бу тәсілімен, табиғи газды конверсиялау тәсілімен және электролитті тәсілмен алу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары сутегішінің басшылығымен жүргізу Сидеритті, магнетитті, шамотты кірпішті, керамикалық сақиналарды, темірхроммыс катализаторды, коксты және сутегін алу үшін пайдаланылатын басқа да материалдарды салуға дайындау және оларды тельфердің немесе басқа да механизмдердің көмегімен сутегі пештеріне, газ қыздырғыштарға, конверторға, скрубберлерге және десульфуризаторларға салу. Ерітінді мен электролитті дайындау. Ерітіндіні абсорберлерге, электролитті электролизер қондырғыларына беру. Сутегі пештерін тұтату және электролизерлер мен конвертерларды қосу. Тірек арматураны қоле немесе автоматика құралдарының көмегімен (автоматты басқару кезінде) белгілі бір кезектелікпен және интервалдарды, белгіленген регламентті сақтай отырып қайта қосу. Автоматиканы және блоктаушы құрылғылардың жұмысын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, жабдықтың және сутегі қондырғысы коммуникацияларының жарамдылығын қадағалау. Сутегі пештерінің, газ қыздырғыштардың, конверторлардың, скрубберлердің және электролизердің жұмысын автоматика құралдарының вентилдердің, крандардың көмегімен, газ, бу, ауа, электролизге су және ерітінді беру арқылы реттеу. Шығарылатын сутегінің сапасын зертхана талдауларының нәтижелері бойынша анықтау және оларды газгольдерлерге беру. Тоңазытқыш аппараттардың, скрубберлердің, шайғыштардың температуралық режимін, газгольдер сақинасының орналасуын қадағалау. Газгольдердегі және газ құбырындағы су шаю ыдыстарынан суды ағызу. Газгольдер бассейндеріндегі су ақпасын тазалау. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою және аппаратура мен коммуникацияларда жарылыс қауіпті қоспаның пайда болу мүмкіндігінің алдын алу. Технологиялық журналды, шикізаттың және алынатын сутегінің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: сутегін темір бу тәсілімен, табиғи газды конверсиялау тәсілімен және электролитті тәсілмен алудың процесінің технологиясын; алынатын газдың сапасына қойылатын талаптарды, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін; коммуникациялар схемасын және арматураның орналасуын; бақылау-өлшеу аспаптары мен реттеуші құралдарыдң құрылымын, жұмыс принципін; сутегін алу кезінде қолданылатын материалдар ассортиментін, олардың сапасы мен қасиеттерін; сулы газ бен сутегінің ауамен қоспасының жарылыс қаупі шектерін; газбен улану және күю кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережесін.

§ 13. Сутегіші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сутегін темір бу тәсілімен, табиғи газды конверсиялау тәсілімен және электролитті тәсілмен түрлі жүйелердегі және конструкциядардағы қондырғыларда алу процесін жүргізу. Сутегін өндіру қондырғысының іске қосуға дайындығын, аппаратура мен құбырлардың герметикалылығы мен жарамдылығын, басқару және автоматика құралдарының жұмысын тексеру. Автоматиканы және блоктаушы құрылғылардың жұмысын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін, жабдықтың және сутегі қондырғысы коммуникацияларының жарамдылығын қадағалау. Сутегі пештерінің, газ қыздырғыштардың, конверторлардың, электролизерді, газ тазартьу қондырғылары мен коммуникацияларын үрлеу. Технологиялық процесті фазалар бойынша реттеу және автоматиканың бапталуын регламентке сәйкес түзеу. Автоматтандырылған басқару кезінде автоматиканың және блоктаушы құрылғының жұмысын бақылау. Процестің барысын зертхана талдауларының нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне қарай реттеу. Зертхана талдауларының нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне қарай сутегі пештеріне газ бен судың берілуін, электролизердің, бөлу колонналарының, қысымды реттеуіштердің, қоректендіргіштерді, тоңазыту аппараттарына судың берілуін реттеу. Сутегі пешінің, конвертордың толтырылуын және босатылуына, электролитті дайындауға басшылық ету. Өз учаскесінің жұмысын сутегі газын өндіру және сулы газ бен сутегін тазалау учаскелерінің жұмысымен үйлестіру. Жабдықтың жұмысындағы және процесті жүргізу барысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою. Сутегі қондырғысы орнында еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылау.

Білуге тиіс: сулы және табиғи газдардың, сутегінің, оттегінің қасиеттері мен нысанын; қоспаларды және олардың сутегін алуға және тамақ пен техникалық майларды гидрогенизациялау процесіне әсер ету принципін; электролитке, суға, буға қойылатын талаптарды.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Сутегін электролитті тәсілмен алу кезінде сутегішіні тарифтеу бір разрядқа төмен белгіленеді.


§ 14. Генераторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сулы газды газ генератор қондырғыларында су буының көмірге әсер етуі арқылы алу процесін жүргізу. Газ генератор қондырғысының генераторын, скруббер мен арматураны қарау және қосуға дайындау. Оттық торшаның, генератор трубалары шықпа саңылауларының тазалығын, ауа және газ жабындарының, труба мен фланцы қоспаларының тығыздығын, насостар мен ауа үрлеуіштердің тазалығын тексеру. Антрацитті, кокспен басқа да технологиялық шикізатты қабылдау, оны газогенераторға салуға және түсіруге дайныдау. Газогенераторды тұтату. Суды, ауаны және буды беру. Генераторды, скрубберді, ауа үрлеуді, насостарды, автоматиканы және блоктаушы құрылғылар мен қондырғының басқа да құрылғыларын қосу және рларға қызмет көрсету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша будың қысымын, газ бен судың температурасын қадағалау. Газдандыру технологиялық процесі фазаларын регламентке сәйкес кезектеу жолымен сулы газ алу, процесті қолмен немесе газ генератор қондырғысының автоматты басқару құралдарының көмегімен реттеу. Сулы газды скрубберлерде алдын ала тазалау және салқындату, она газгольдерге беру. Генераторды күлсіздендіру және күлді орныжайдан қолмен немесе механика көмегімен шығару. Алынған сулы газдың суытылуын, жабдық пен коммуникацияның жарамдылығын қадағалау. Сулы газ ағынына жол бермеу. Скруббердің жылу режимін реттеу. Генератордың сулы қаптамасына қызмет көрсету. Ұсақ ақауларды жою. Аппаратура мен коммуникацияларда жарылыс қауіпті қоспаның пайда болу мүмкіндігінің алдын алу. Шикізат шығысының есебі мен техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: сулы газ алу технологиясын және режим параметрлерін; сулы газдың, сутегінің қасиеттері мен нысанын; антрацит пен кокс маркаларын; суға, буға қойылатын талаптарды; су мен будың технологиялық процес барысына әсер ету принципін; сулы газдың, сутегінің сапасына қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; құбыр схемасын; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципін.
§ 15. Генераторшы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сулы газды әртүрлі жүйедегі газ генераторларында алу процесін жүргізу. Газ генератор қондырғысының, скруббердің, ауа үрлеудің, насостардың, автоматиканы және блоктаушы құрылғылар мен қондырғының басқа да құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының іске қосуға дайындығын, аппаратура мен құбырлардың герметикалылығы мен жарамдылығын, басқару және автоматика құралдарының жұмысын тексеру. Жабдықты іске қосу және жұмысын реттеу, басқару және автоматика жүйесін реттеу. Газогенераторға салынатын отынның саны мен сапасы жөніндегі технологиялық нормалардың сақталуын бақылау. Сулы газ құрамын және оның белгіленген нормаларға сәйкестігін зертхана талдауы нәтижелері мен қарапайым құралдар бойынша анықтау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша будың қысымын, газ бен судың температурасын қадағалау. Газдандыру технологиялық процесі фазаларын регламентке сәйкес кезектеу жолымен сулы газ алу, процесті қолмен немесе газ генератор қондырғысының автоматты басқару құралдарының көмегімен реттеу. Учаскенің жұмысын сутегін өндіру және сулы газ бен сутегін тазалау жөніндегі учаске жұмысымен үйлестіру. Аппаратура қондырғы коммуникацияларының герметикалылығын сынауға қатысу. Генератор қондырғысы орнында еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылау.

Білуге тиіс: сулы газ өндірісі технологиясын, оның құрамын, қоспа түрлерін, олардың сутегін алуға және оның сапасына әсерін; және режим параметрлерін; жабдықтың және автоматика құралының жұмысын реттеу дің тәртібі мен ережесін; газ бен ауа қоспасының жарылыс қаупі шектерін, газ қауіпті жерлерде жұмыс істеу ережесін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 16. Гидрогенизаторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды гидрогенизациялаудың жекелеген операцияларын жүргізу. Автоклавтарды маймен толтыру. Майларды автоклавқа салу алдында жылыту және автоклавтарда берілген температураға дейін қыздыру. Катализаторды автоклавтарға технологиялық нұсқаулықта белгіленген мөлшерде беру. Компрессорды қосу және тоқтату, циркуляциондық жүйені сутегімен үрлеу, май линияларын үрлеу. Дайын саломасты тұндырғышқа, қойма ыдыстарына құю. Циркуляциондық сутегі аппараттарына, май ұстауыштарға, компрессорларға қызмет көрсету. Жұмысталған катализаторды тұндырғыштан түсіру және оны регенерациялауға беру.

Білуге тиіс: автоклавтардың құрылымын және циркуляциондық сутегін, насостар мен компрессорларды пайдалану ережесін; гидрогенизациялау цехінің коммуникацияларының схемасын.

§ 17. Гидрогенизаторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды гидрогенизациялаудың технологиялық процесін біліктілігі анғұрлым гидрогенизаторшының басшылығымен жүргізу. Автоклав цехын қосуға дайындау. Автоклавтарға, жылу ауыстырғыштарға, сутегі компрессорларына, сутегін тазарту жүйесіне, ортадан тепкіш және плунжерлік насостарға, араластырғыштарға, сүзгілер мен гидрогенизациялау цехының басқа да жабдықтарына қызмет көрсету. Майдың біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Катализаторды қалпына келтіру және сутегі ен оны автоклавтарға беру. Автоклавтардағы және өұбырлардағы қысымды, температураны және аппараттардағы майдың деңгейін қадағалау. Компрессорды қосу және тоқтату, циркуляциондық жүйені сутегімен үрлеу, май линияларын үрлеу. Дайын саломасты тұндырғышқа, қойма ыдыстарына құю. Циркуляциондық сутегі аппараттарына, май ұстауыштарға, компрессорларға қызмет көрсету. Жұмысталған катализаторды тұндырғыштан түсіру және оны регенерациялауға беру. Механикаландыру құралының, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика көмегімен майларды гидрогенизациялау пресін гидрирлендірілетін өнімді араластыру, суыту немесе жылыту, суық майды айдау немесе бу беру жолымен реттеу. Катализатор мен сутегінің санының белгілі бір арақатынасын ұстау. Сынама іріктеу және оны талдау. Автоматты үрлеу жүйесінің жұмысын тексеру. Жұмысталған сутегін тазарту.

Білуге тиіс: түрлі майларды гидрогенизациялау және жұмысталған сутегін тазартудың технологиясы мен режимі параметрлерін; автоклавтардың, сутегін тазарту және циркуляциялау аппараттары мен автоклав цехының басқа да жабдықтарының құрылымын, құрылымдық ерекшеліктерін, пайдалану ережесін; гидрирлендірілетін майлардың қасиеттерін мен ассортиментін; к майларға, катализаторуға және сутегіне қойылатын талаптарды; тағамдық және техникалық саломас сапасына қойылатын талаптарды; сынама іріктеу және оны талдау әдістерін; бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының жұмыс принципін.

§ 18. Гидрогенизаторшы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды үздіксіз және кезеңдік әдіспен гидрогенизациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Автоклав цехының іске қосуға дайындығын: жабдықтың жарамдылығын, барлық аппараттар мен құбырлардың герметикалылығын тексеру. Автоклавтарға енгізілетін катализатордың санын, олардың белсенділігіне, гидрирлендірілетін майдың түріне және сутегінің санына қарай анықтау. Газгольдердегі сутегінің сапасын бақылау. Автоклав цехын қосу және тоқтату. Гидрогенизациялау процесі технологиялық режимінің параметрлерін белгілеу және ұстау. Соңғы өнімді балқыту температурасын автоклавқа берілетін катализатор мен сутегініің санын өзгерту жолымен реттеу. Келіп түскен майлар мен дайын саломас сапасын көзбен және зертхана талдаулары бойынша бақылау. Катализатордың уақытында қалпына келтірілуін және циркуляционды сутегін тазалау жүйесінің жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: автоклав цехының жарамдылығын тексерудің тәртібін, іске қосу және тоқтатудың тәртібін; гидрирлендірілетін майды үздіксіз және кезеңдік әдіспен өндірудің технологиялық схемасын; жабдықты және автоматика құралдарының жұмыс тәртібі мен пайдалану ережесін; катализатордың, сутегінің қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды; өндірісті бақылау және автоклавқа берілетін катализатор мен сутегінің санын анықтау әдістерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 19. Катализаторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал (мыс, никеля) күкіртті қышқыл тұздарының ерітіндісін және Кальцийлендірілген тұз ерітіндісін дайындау. Тұздарды тұндыру, сүзу, жуу және кептіру. Дайын катализаторды түрлі механизмдерде ұнтақтау. Жұмысталған катализаторды регенерациялау процесін: алдын ала майсыздандыру, катализаторды күкіртті қышқылда пісіру, ерітіндіні тазартуды жүргізу. Майлар мен ерітінділерді қайта айдау. Ерітінділердің, жуу сулары мен тұздардың сынамасын алу. Сүзгі-престер мен қызмет көрсететін басқа да жабдықты тазалау.

Білуге тиіс: катализатор дайындау технологиясы негіздерін; катализатордың қасиеттерін және майларды гидрогенизациялау процесіндегі оның рөлін; сынама алу және ерітінді адаярлау ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен қызмет көрсететін учаске құбырларының схемасын.

§ 20. Катализаторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мыс және никельдің немесе құмырсқа қышқыл көміртекті тұздарынан катализатор жасау процесін үздіксіз және кезеңдік әдіспен жүргізу. Ерітінділердегі қышқыл мен сілтінің болуын анықтау, катализаторды кептіру. Мыс және никельдің көміртекті тұздарын қалпына келтіру. Никель формиатын бөліп салу. Катализатор жасауға арналған шикізат пен материалдың жұмсалу нормасын сақтау. Шикізат пен материалдың жұмсалу есебіі жүргізу. Катализатор жасауға жөніндегі жабдықты қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: катализатор жасау технологиясы мен режимі параметрлерін, оның сапасына қойылатын талаптарды; сутегі қасиеттерін; тұзды қалпына келтіру және бөліп төсеу аппараттарының құрылымы мен пайдалану ережесін.

§ 21. Соапстокты өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Соапстокты, жуу суларын және жұмысталған ағарту топырағын өңдеуге арналған ерітіндіні әзірлеу. Қазандар мен ыдыстарды қабылдау және шикізат пен материалға толтыру. Өлшеуіштерге кальцийлендірілген және каустикалық сода ертіндісін, концентрацияланған күкірт қышқылын, ас тұзы ерітіндісін беру. Сынама алу, дайын өнімді өлшеу. Біліктілігі анағұрлым жоғары соапсток өңдеушінің көрсетуі бойынша басқа да жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: берілген концентрациядағы ерітіндіні дайындау ережесін; соапстокты және майлы қышқылды тасымалдау ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципін, қызмет көрсететін учаскенің құбыр схемасын; сынама алу ережесін.

§ 22. Соапстокты өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Соапстокты, жуу суларын және жұмысталған ағарту топырағын өңдеу. Соапстокты кальцийлендірілген және каустикалық содамен сабындау, сабындалған массаны күкірт қышқылымен жуу және ағарту топырағының белсенділігін қалпына келтіру. Соапстокты өңдеу үшін ерітінді беру және оны бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Майдың сабындалу және бөліп салу деңгейін органолептикалық әдіспен, көзбен және зертхана талдауының нәтижелері бойынша тексеру. Сепараторлар мен центрифугаларда сабынды майдан айыру. Сабын асты сілті мен қышқыл суды бөліп алу. Жуылған майлы қышқыл мен соапстокты сақөтау үшін ыдыстарға немесе басқа цехтарға айдау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және оның себептерін жою. Белгіленген есепті жүргізу.

Білуге тиіс: қалдықты өңдеу, майларды, ағарту топырағын тазарту технологиясын; соапстокты майлау және майлар мен сабын ерітіндісін күкірт қышқылымен жабу тәсілдерін; қызмет көрсететін учаскенің бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін; процесті органолептикалық бақылау әдістерін.

§ 23. Саломасты қайнатушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Саломасты пісіру қазандарында пісіру процесін жүргізу. Қажетті концентрациядағы күкірт қышқылы ерітіндісін әзірлеу. Саломасты пісіру қазандарында насостың көмегімен салу және оны тазалау. Таза саломасты бөліп алу және дайын өнім бактарына қайта айдау. Сынама алу. Құбырларды үрлеу.

Білуге тиіс: саломасты пісіру технологиясының мәнін және режим параметрлерін; күкірт қышқылы ерітіндісін әзірлеу ережесін; күкірт қышқылымен жұмыс істеу ережесін және оның негізгі қасиеттерін; пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлерін, нысанын; сынама алу ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.



жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау