Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет1/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2010 жылғы «30» маусымдағы

№ 225-ө бұйрығымен

бекітілген



Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің

бірыңғай тарифті-біліктілік

анықтамалығы

51-шығарылым


«Алкогольді және алкогольсіз өнімдердің өндірісі;

Нан пісіру-макарон өндірісі; Кондитерлік өндіріс; Крахмал-сірне өндірісі; Қант өндірісі;

Тамақ концентраттары өндірісі;

Темекі-махорка және ферментациялық өндіріс;

Эфир майы өндірісі; Шай өндірісі;

Парфюмерлік-косметика өндірісі; Май-тоңмай өндірісі; Ас тұзы өндірісі; Уытты тамыр өндіру және қайта өңдеу; Элеватор, ұн тарту-жарма және комбикорм өндірісі; Сауда және қоғамдық тамақтану; Консерві өндірісі» бөлімдері

Астана 2010



Кіріспе
Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы (БТБА) 51-шығарылымы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 маусымдағы

№ 130-ө бұйрығымен бекітілген БТБА 51 шығарылымы негізінде әзірленді.

Оны әзірлеу технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы: екі бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте көрсетілмейді.



Тарифтік-біліктілік сипаттамалар сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.



«АЛКОГОЛЬДІ және алкогольсіз өнімдердің өндірісі»




I. Шарап жасау өндірісі

§ 1. Коньяк өндірісінің аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізуге қатысу. Қысымдағы ыдыстарды шарап материалдарымен толтыру және қыздырғыштарға шарап материалдарын тиеу әрі оны берілген температураға дейін қыздыру. Айдау аппараттарын шарап материалдарымен немесе спирт шикізатымен өздігінен ағу жолымен немесе сорғымен толтыру. Айдау аппараттарын босату және қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыру немесе канализацияға тастау. Коньяк спиртін бабын келтіруге қайта айдау. Қызмет көрсететін жабдықта қосу, босату және ауа вентилін, айдау аппараттарында бардянды штуцерлерді тиісті қалыпта орнату, жабдықты айдауға әзірлеген кезде, айдау процесінде және жабдықты тоқтатқан кезде олардың дұрыс қалпын қадағалау. Сынамаларды іріктеу.

Білуге тиіс: шарап материалдарын айдау технологиясының негіздері; шарап материалдарының, коньяк спирттерінің, коньяктардың негізгі қасиеті; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципі; коммуникацияның орналасу схемасы.


§ 2. Коньяк өндірісінің аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті аппаратшының немесе шебердің (технологтың) басшылығымен коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізуге қатысу. Қызмет көрсететін жабдықтарды іске қосу және тоқтату. Айдау аппараттарын қыздыру үшін ирек түтіктерге бу, дифлегматорлар мен тоңазытқыштарға су беру. Ирек түтіктердегі су мен будың температурасын, айдау аппараттарын толуын және ондағы сұйықтық деңгейін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша қадағалау. Бу, су, шарап және спирт коммуникациясының жай-күйін қадағалау. Бу мен судың берілуін реттеу. қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: коньяк өндірісі технологиясының негіздері; шарап материалдарын айдау технологиясы мен режимінің параметрлері; негізгі және қосалқы жабдықтардың, коммуникациялардың құрылғысы; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; өнім сапасына қойылатын талаптар.

§ 3. Коньяк өндірісінің аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі және қыздыру тәсілдері әр түрлі аппараттарда коньяк спиртін алу үшін шарап материалдарын немесе спирт шикізатын айдау процесін жүргізу. Айдауларды іріктеу және оларды жекелеген фракциялар бойынша қабылдағыштарға бағыттау. Бақылау-өлшеу аппаратураларының көрсеткіші және органолептикалық: түсі, иісі, дәмі бойынша бас, орта және артқы айдаулардың басталу және аяқталу сәтін айқындау. Айдау процесін бақылау: спиртті айдау жылдамдығы, оның температурасы, спирт фракциясы мен күштілігін дұрыс іріктеу. Вентильдің, буды аппаратқа және суық суды дефлегматорларға беру көмегімен айдау процесін жүргізудің жылдамдығын реттеу. Шикізат және дайын өнімдерді есепке алу.

Білуге тиіс: коньяк өндірісінің технологиялық тәсімі; шарап материалдарының, коньяк спирттерінің, коньяктардың биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті; спирттің күштілігі мен сапасына қарай фракциялар бойынша айдауларды іріктеу әдістері; коньяк өндірісінің қызмет көрсететін жабдықтарының конструктивтік ерекшеліктері, оны реттеу ережесі; шикізат пен дайын өнімге есеп жүргізу ережесі.

§ 4. ШАМПАН ӨНДІРІСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезеңді резервуарлық әдіспен шарапты шампандау процесін жүргізу. Көмір қышқылымен баспалау жолымен резервуарларды шарап материалдарының және ликер қоспасымен толтыру. Ашытқыны беру. Резервуардағы температура мен қысымды, салқындатқыш тұздықтың берілуін, қант құрамын қадағалау. Ашыту, ашытылу және тұндыру процесін бақылау және реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші мен зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша шампандау процесінің аяқталу сәтін айқындау. Шампанды сүзу және құю. Қызмет көрсететін жабдықтардың дұрыстығын қадағалау, оның жұмысындағы ақауларды жою. Шикізат пен дайын өнімді есепке алуды жүргізу.

Білуге тиіс: шампанды кезеңді резервуарлық әдіспен өндіру технологиясы; шараптың, ашытқының, қанттың, көмір қышқылының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, коммуникацияның реттеуіш құрылғыларының құрылғысы мен жұмыс істеу принципі; шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу ережесі.

§ 5. ШАМПАН ӨНДІРІСІНІҢ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз резервуарлық әдіспен шарапты шампандау процесін жүргізу. Көмір қышқылымен баспалау жолымен батареяларды және бір ыдысты резервуарларды шарап материалдарының және ликер қоспасымен толтыру, ашытқыны беру. Батареядағы температура мен қысымды, салқындатқыш тұздықтың және ашытқының берілуін, қоспа ағындарының өтуін, қант құрамын қадағалау. Қайта ашыту, салқындату және тұндыру процесін бақылау-өлшеу көрсеткіштері және тіркейтін аспаптар және зертханалық талдаулар нәтижелері бойынша бақылау және реттеу. шампанды сүзу және құю. Қызмет көрсететін жабдықты қадағалау, оның жұмысындағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: үздіксіз резервуарлық әдіспен шампан өндірісінің технологиялық схемасы; негізгі және қосалқы, бақылау-өлшеу аспаптарының, реттегіш құрылғылардың, коммуникациялардың конструктивтік ерекшеліктері.

§ 6. ДЕГОРЖЕР

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дегоржажа процесін жүргізу – бөтелкелеу әдісімен шампан өндірісінде тығынға ауыстырылған және алдын ала мұздатылған тұнбаларды лақтыру. Дегоржажаға дайындалған шараптың мөлдірлігін, тұнбаның дұрыс мұздатылуын және оның бөтелке қабырғасында қалып қоймауын тексеру. Тығынды алу, тұнбаны шығарып тастау. Шарапта бөгде иістердің болмауына органолептикалық сынақ жүргізу. Ликер мөлшерлеуші машинаның қабылдағыш құрылғыларына бөтелкелерді орнату. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: бөтелкелеу әдісімен шампан өндірудің негізгі технологиясы; дегоржажа процесінің мәні мен мағынасы және оны жүргізу ережесі; "Советское шампанское" шарабының стандарты; шараптардың, ашытқылардың, көмір қышқылдарының биологиялық және физикалық қасиеті; негізгі және қосалқы жабдықтардың, дегоржажа бөлімшесі аспаптарының құрылғысы мен пайдалану ережесі; есепке алу ережесі.

§ 7. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шарап материалдарын өңдеу және шарапты дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Технологиялық құюларды жүргізу. Бөшкелерді лагерлерге (ярустарға) орнату және оларды толтыру. Лагерлерді бөлшектеу. Бөшкелерді домалату. Ыдыстарда шарап материалдарының қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ыдыстардан шарап материалдарын құйып алу немесе оларды ыдыстарға құю. Шпунттар мен шпунт тесіктерін өңдеу. Күкіртті ангидридтің жұмыс ерітіндісін даярлау және олармен төлелерге түтін салу. Шпунттарды парафиндеу. Қап сияқты сүзгілерде шарап материалдарын сүзу. Сорғылардың, аппараттардың және аспаптардың көмегімен бөшкелерді, ыдыстарды, автомобиль әрі теміржол цистерналарын, контейнерлерді толтыру, босату. Қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту. Технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту. Қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы ақауларды жою. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: шарап материалдарының, шараптар мен қосалқы материалдардың негізгі қасиеті; технологиялық және көлікті ыдыстарды толтыру ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы; есепке алу ережесі.

§ 8. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шарап материалдарын өңдеу және шарапты дайындау бойынша жекелеген күрделі операцияларды орындау. Центрифугаларда және қаптардан басқа түрлі сүзгі жүйелерінде шарап материалдарын сүзу және тазалау, құюға беру. Камераларда және резервуарларда жапсыру, эгализациялау, ассамблдеу, купаждау, мадеризациялау. Жартылай тәтті, көпіршіме және хош иісті шараптар дайындау. Хош иісті шараптар үшін шөптерден, тамырлардан, дәмдерден спирт тұнбасы жасау. Түрлі тәсілдермен қыздыратын аппараттарда қант шәрбатын; бентонитті – бумен қыздырылатын аппараттарда және ыдыстарда; желімдейтін ерітінділерді: сары қанды тұз, желатин, полиакриламид және т.б. дайындау. Вакуум-аппараттарында жеміс ашытқысын дайындау және оны купажды ыдысқа салу, купажды түзету кезінде спирт қосу. Бақылау-өлшеу көрсеткіштері, зертханалық талдаулар бойынша және органолептикалық әдіспен процестерді бақылау және реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: шарап материалдарын өңдеу және жартылай тәтті, көпіргіш және хош иісті шараптарды дайындау технологиясының негіздері; технологиялық нұсқаулықтар және шарап өнімінің сапасына қойылатын талаптар; технологиялық режимнің параметрлері және жекелеген операцияларда оны реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы; бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен пайдалану ережесі.

§ 9. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шарап материалдарын өңдеу және шарап дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау. Пастеризаторлар мен салқындатқыштарда бір уақытта сүзе отырып, жылумен және суықпен өңдеу. Салқын камераларда және резервуарларда шарапты бабына келтіру. Жылумен қыздыру жүйесі бар аппараттарда шарап материалдарын мадеризациялау. Аппараттарды сорғымен, өздігінен ағумен немесе көмір қышқылымен баспалау жолымен шарап материалдарымен толтыру. Шарап материалдарын берілген температураға дейін қыздыру және оны белгілі деңгейде ұстап тұру. Шарап материалдарын араластырғыштармен, сорғылармен немесе басқа да тәсілдермен кезеңді араластыру. Шарап материалдарын баллондардан қысымды беру жолымен оттегімен қанықтыру. Шарап материалдарын қыздыру және оларды оттегімен қанықтыру процесін бақылау-өлшеу аспаптары, зертханалық талдау көрсеткіштері бойынша және органолептикалық әдіспен бақылау және қадағалау. Будың берілуін, шарап материалдарының температурасын, араластыруды және оттегімен өңдеуді реттеу. Мадеризациялау процесінің аяқталу сәтін айқындау. Кезеңдік әдіспен хересті дайындау, ыдыстарға шарап материалдарын толтыру; херес пленкасын егу, оның өсуін қадағалау; ыдыстардан сынамаларды және пленка астынан дайын херес материалдарын іріктеу. Қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: шарап материалдары мен шараптардың негізгі биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттері; шарап материалдары мен шараптарды термиялық өңдеудің технологиясы; шарап материалдарын мадеризациялау және кезеңдік әдіспен хересті дайындау технологиясы; технологиялық жабдықтардың жұмыс режимін реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың, реттейтін құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.

§ 10. Шарап материалдары мен шараптарды өңдеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық схемалар бойынша шарап материалдарын өңдеудің және шарап дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Купажды дайындау: купаждау, желімделетін ерітінділермен өңдеу, араластыру, купажды түзеу. Шарап материалдарын өңдеу, херестеу, толассыз ағында жартылай тәтті шараптар дайындау. Шарап материалдарын херестеу үшін батареяларды, үздіксіз қызмет ететін аппараттарды қосу. Херес пленкасын өсіру, оны шараптың бетіне жағу. Реттегіш құрылғылардың көмегімен ағынның өту және дайын шараптың шығу жылдамдығын реттеу. Херестеу процесін бақылау, оның аяқталу сәтін айқындау. Кезбе батареяларды, каскадты-ярусты қондырғыларды және басқа да аппараттарды купаждалған қоспамен толтыру. Купаждалған қоспаны және ашытқыны екінші рет ашыту үшін бірқалыпты беру. Сүзу, термиялық өңдеу. Суықта бабына келтіру және шараптарды құюға беру. Екінші рет ашыту процесін, ағынның өту, ашытқыны беру жылдамдығын, термиялық өңдеу және сүзу процестерінің бақылау және реттеу. шарап материалдарын купажерлерге, буталарға, темір бетонды, металды резервуарларға және басқа да ыдыстарға сорғымен, өздігінен ағумен және көмір қышқылымен баспалау жолымен беру. Желімделетін заттарды мөлшерлеу және беру. Шарап материалдарын араластырғыштармен, сорғылармен араластыру, центрифугамен, сүзгімен тазалау. Ыдыстардың шарап материалдарымен толтырылуын қадағалау. Жабдықтарға, бақылау-өлшеу аспаптарына, реттегіш құрылғыларға, коммуникацияларға қызмет көрсету және жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: толассыз ағында хересті, жартылай тәтті және басқа да шараптарды дайындаудың технологиясы; шараптың даярлығын айқындау әдістері мен тәсілдері; толассыз ағында шарап материалдарын өңдеу, херестеу және жартылай тәтті шараптарды дайындау үшін қолданылатын жабдықтардың, реттегіш құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері.

§ 11. Шарап шикізатын өңдеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті шарап шикізатын өңдеушінің басшылығымен жеміс ашытқысын, жүзім және жеміс-жидек шырыны мен езіндісін алу кезінде қарапайым операциялар мен жұмыстарды орындау. Технологиялық және тасымалдаушы жабдықтарды бөлшектеуге және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: шарап жасау өніміне арналған шикізат ретінде жүзім, жеміс пен жидек сипаттамасы; шырындарды, жеміс ашытқысын, езінділер мен сығындыларды алудың негізгі процесі; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі, жуу және тазалау ережесі; коммуникациялардың орналасу схемасы.

§ 12. Шарап шикізатын өңдеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеміс ашытқысын, жүзім және жеміс-жидек шырыны мен езіндісін алу кезінде қарапайым операциялар мен жұмыстарды орындау. Шикізатты қайта өңдеуге тапсыру кезінде сұрыптау (инспекциялау). Шикізатты уатқыш машиналарға және жуғыштарға беру. Қол престерінде жеміс ашытқысы мен шырындарды сығу. Жүзім мен жеміс ашытқысын, жеміс-жидек шикізаттарын және шырындарды құрамындағы қантты, қышқылды және басқа да құрамды компоненттерді анықтау үшін іріктеу. Престерде қалқымаларды сығу, өндірістік орындардан қалқымаларды, сығындыларды қолмен және тасымалдағыш құралдардың көмегімен тасымалдау. Сығындыларды түсіру және оны одан әрі қайта өңдеуге немесе жөнелтуге тапсыру. Қызмет көрсететін жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру.

Білуге тиіс: жүзімнің, жемістің, жидектің негізгі қасиеттері; қызмет көрсететін жабдықтарды және тасымалдағыш құралдардың құрылғысы және пайдалану ережесі; сынамаларды іріктеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру ережесі; жүзімнен және жеміс-жидек шикізатынан жеміс ашытқысын, шырынын, езіндісін алудың негізгі технологиясы.

§ 13. Шарап шикізатын өңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Уатқыштарда, ағызғыштарда, қол престерден басқа пресстің барлық жүйесінде жүзім және жеміс-жидек шикізатын өңдеу жолымен шырын, жеміс ашытқысы мен езіндіні алу процесін жүргізу (шикізатты уату, жуу, қалқыманы алып тастау, шырынды бөліп алу, езіндіні престеу, жеміс ашытқысын тұндыру үшін құйып алу, ашыту). Технологиялық жабдықтардың, тасымалдағыш құралдардың, құрылғылардың жұмысын қадағалау және реттеу. Шикізатты уатуға; езіндіні – ашытуға, тұнбаға, ағызғыштарға, престерге; жеміс ашықтысын – тұндыруға немесе одан әрі өңдеуге беру. Езіндіні қыздыру, сульфиттеу, ағында ферменттеу. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: қайта өңдеу технологиясы, жүзім және жеміс-жидек шикізатының негізгі қасиеті; алу технологиясының мәні және шырынның, жеміс ашытқысының, езіндінің, сығындылардың негізгі қасиеті; қызмет көрсететін жабдықтың, тасымалдағыш құралдар мен коммуникациялардың құрылғысы; шикізат пен езіндінің сығымдалған дәрежесін айқындау.

§ 14. Шарап шикізатын өңдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен автоматтық желілерде жүзім мен жеміс-жидек шикізаттарын өңдеу жолымен шырынды, жеміс ашытқысын, езіндіні алудың технологиялық процессін жүргізу: шикізатты жуу, уату, шырынын бөліп алу, езіндіні престеу, өндірістік орындардан қалқымалар мен сығындыларды алып тастау, шырын мен жеміс ашытқысын тұнбаларға құю, шикізатты өңдеу үшін технологиялық желілерге бағыттау. Шарап шикізатын өндірудің технологиялық режимінің сақталуын, оны шығындау нормаларының сақталуын және дайын өнімнің шығуын, қызмет көрсететін жабдықтың тоқтаусыз жұмысын бақылау. Өнім сапасының нашарлауына, шығындардың шекті нормаларының ұлғаюына, дайын өнімнің шығуының кемуіне, өндіріс желісінің төмендеуіне әкелетін себептерді анықтау және жою.

Білуге тиіс: автоматты желілерде жүзім және жеміс-жидек шикізатын өңдеудің технологиясы; автоматтық желілердің, бақылау-өлшеу аспаптарының, басқару пультінің қызмет ету принциптері; өнім сапасының нашарлауына, шығындардың шекті нормаларының ұлғаюына, дайын өнімнің шығуының кемуіне әкелетін себептер және оларды жою бойынша шаралар.

§ 15. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша жекелеген қарапайым операцияларды орындау. Технологиялық құюларды жүргізу. Сынамаларды іріктеу. Бөшкелерді лагерлерге орнату және оларды толтыру. Ыдыстарда спирт пен коньяктардың қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ыдыстардан спирт пен коньяктарды құйып алу немесе оларды ыдыстарға құю. Технологиялық және тасымалдағыш ыдыстарға сорғылардың, аппараттардың, құрылғылардың көмегімен коньяк спиртін немесе коньякты толтыру. Бөшкелерді парафиндеу. Спирттелген суларды, тазартылған суды дайындау. Трафарет салу. Шөгінділерді төгу. Жабдықтар мен ыдыстарға шлангтар мен шарап құбырларын қосу және сөндіру. Қабырғаларды, алаңдарды, лагерлерді ағарту. Технологиялық ыдыстардың сыртын сүрту. Бөшкелердің кертіктері мен құрсауларын сырлау. Қызмет көрсететін жабдықтардың және коммуникациялардың жұмысын реттеу, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: коньяк спиртінің, коньяктардың және қосалқы материалдардың негізгі қасиеті; технологиялық және тасымалдағыш ыдыстарды толтыру ережесі; қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмыс істеу принципі.

§ 16. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша жекелеген аса күрделі операцияларды орындау. Коньяк спиртін эгализациялау, бөшкелерді коньяктармен толтыру және құюға беру. Коньяктарды өңдеу: жапсыру, мөлшерлеу және жапсырылатын заттарды беру, араластыру, сүзу, купаждаудан кейін бабына келтіру. Қазандықтарда және түрлі тәсілмен қыздыратын аппараттарда колер мен қант шәрбатын дайындау. Жапсырылатын ерітінділерді дайындау. Бақылау-өлшеу аспаптары, зертханалық талдаулар деректері бойынша және органолептикалық әдістің көмегімен процестерді бақылау және реттеу. қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын реттеу және оның жұмысындағы кінәраттарды жою. Шикізат пен дайын өнімге есеп жүргізу.

Білуге тиіс: коньяк спиртін өңдеу және коньяктарды дайындау технологиясының негіздері; қажетті технологиялық нұсқаулықтар; дайын өнім сапасына қойылатын талаптар; технологиялық режимнің параметрлері және жекелеген операцияларда оны реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникациялардың құрылғысы; есепке алу ережесі.

§ 17. Коньяк спиртін және коньяктарды өңдеуШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коньяк спиртін бабына келтіру және өңдеу, коньяктарды дайындау бойынша кешенді технологиялық операцияларды орындау. Коньяк спиртін резервуарлық бабына келтіру үшін емен тойтармаларын өңдеу. Тойтармаларды эмальды резервуарларға орналастыру. Емен тойтармаларда арнайы өңделген ірі ыдыстарда коньяк спиртін бабына келтіру кезінде оттекті режимді реттеу. Тойтармаларды жуу және термиялық өңдеу. Коньяктарды бөшкелерге құю. Жабдықтарға қызмет көрсету және оның жұмысындағы ақауларды жою. Коньяктарды дайындау процесін, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын бақылау және реттеу.

Білуге тиіс: коньяк спиртінің, коньяктардың негізгі биологиялық және физикалық-химиялық қасиеті; коньяк спиртін өңдеу және коньяктарды дайындау технологиясы; технологиялық режимдердің параметрлері және емен тойтармаларда арнайы өңделген ірі ыдыстарда коньяк спиртін бабына келтіру кезінде реттеу; емен тойтармаларын өңдеудің технологиялық негіздері; қызмет көрсететін жабдықтардың, реттегіш құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы.


жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау