Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет14/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

IV. ЫДЫРАТУ-ГЛИЦЕРИН ӨНДІРІСІ



§ 33. Глицеринді ион алмастырып тазалау аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Глицеринді суларды бейтараптандыру және ион алмастырғыш шайырларды ион алмастырғыш аппараттарда регенерациялау процесін жүргізу. Глицеринді суларды бейтараптандыру және ион алмастырғыш шайырларды регенерациялауға арналған ерітінділерді белгіленген рецептура бойынша дайындау. Глицеринді суды насоспен бейтараптандыру ыдысына беру, оны кальций қышқылды гидрат ерітіндісімен өңдеу және кейіннен сүзу. Бейтараптандыру процесін бос сілтілікті итрлеу әдісімен бақылау. Ион алмастырғыш аппараттарды регенерацияға дайындау: глицериннен жуу және шайырды қопсыту. Регенерациялау ерітіндісін катионитті және анионитті шайыр қабаттары арқылы алмастырғыш аппараттардан өткізу. Сүзгіден шығатын ерітінді концентрациясын титрлеу әдісімен анықтау. Ион алмастырғыш шайырларды регенерациялау ерітіндісінен тұзсыздандырылған сумен жуу. Щайырдың жуылу толықтығын ерітінді сымасын титрлеу арқылы анықтау. Шайыр қабатын регенерациядан кейін тұзсыздандырылған су ағынымен қопсыту. Катионалмастырғыш шайырдан түзілген бояушы заттар мен шайыр дәніне шөккен кальцийлі сабынды катионитті шайырды екі еселеп регенерациялау әдісімен кетіру. Ерітініділердің, судың, будың, глицеринмен басқа да материалдардың берілуін басқару пультінен реттеу. Ион алмастырғыш аппараттардың, сүзгілердің, өлшеуіштердің, насостар мен учаскедегі басқа да жабдықтардың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау және бақылау. Ертініділерді жасау, глицеринді суларды бейтараптандыру және ионитті шайырды регенерациялау процестерінің дұрыстығын айқындау үшін сынама алу. Ион алмастырғыш аппараттар мен жарық беру сүзгілерінің таратып бөлу құрылғыларын тазалау. Сүзгілерді жуу. Шламды пісіру және қалдықтарды басқа цехтарға немесе қоймаға тапсыру. Ион алмастырғыш аппараттардың жаңа шайырмен қайта зарядтауға қатысу, шайырды салуға дайындау. Шикізаттың жұмсалуын есептеу.

Білуге тиіс: глицеринді суларды бейтараптандыру және ион алмастырғыш шайырларды регенерациялау процесі технологиясын; өңделетін өнімдер мен қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін; жарық беру сүзгілерінің, ион алмастырғыш аппараттардың, компрессорлардың, вакуум-насостар мен қызмет көрсететін басқа да жабдықтың құрылымын, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципін; күшті тұзды қышқыл және каустикалық содамен жұмыс істеудің тәртібін, олардан ерітінді жасау ережесін.

§ 34. Глицеринді ион алмастырып тазалау аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Глицериннің динамитті және жоғары сұрыптарын өндіру процесін тазартылған глицеринді суды концентрациялаумен терең ион алмастырғыш тазарту әдісімен жүргізу. Ион алмастырғыш және вакуумді буландыру қондырғыларының іске қосуға дайындығын тексеру. Қондырғыларды баптау және іске қосу. Глицеринді суды және бояушы заттар сорбциясын суыту. Ұсақ дисперсті бөлшектерді глицеринді суды тоңазытқыш пен мөлшірлеуші сүзгі арқылы өткізу жолымен кетіру. Глицеринді суда еріген тұздарды кетіру. Глицеринді суды тазартылған ион алмастырғыш шайырмен үздіксіз жұмыс істейтін үш корпусты қондырғыда концентрациялау процесін жүргізу. Автоматты реттеуіштерді, вакуум-қондырғыларын реттеу және қажетті концентрациядағы дайын өнімді алуға арналған аппараттардың технологиялық режимі мен жұмысын баптау. Катионитті және ионитті аппараттардан кейін глицеринді су мен дайын глицерин сынамасын іріктеп алу. Глицеринді суды ион алмастырғыш шайырмен тазартудың тиімділігін және дайын глицериннің концентрациясын анықтау. Тазартылған глицеринді судағы тұзды есептеу.Сүзгіні тазалау дәрежесінің төмендеу және жұмысшы сүзу мен регенерация жүргізуді тоқтату қажеттігін анықтау. Аппараттарды, регенерациялау ерітіндісі компоненттерін, суды және басқа да материалдарды салуға арналған ион алмастырғыш шайыр көлемін, тазартылған глицеринді суды алу сәтін анықтау. Тұзсыздандырылған судың химиялық тазалығы деңгейін тексеру. Бейтараптандыру және регенерациялауға арналған ерітінділердің жасалуын, глицеринді суды бейтараптандыру және ион алмастырғыш шайырларды ион алмастырғыш аппараттарда регенерациялау процестерінің жүргізілуін бақылау. Ион алмастырғыш аппараттардың глицериннен толық жуылуын, ион алмастырғыш шайырларды регенерациялаудың аяқталғанын тексеру. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою. Глицериннің динамитті және жоғары сұрыптарын өндіру және тазартудың технологиялық процесінің барлық циклдарына басшылық ету. Дайындау, ион алмастырғыш тазарту және глицеринді суды концентрациялау учаскелерінің жұмысын үйлестіру.

Білуге тиіс: глицеринді суларды ион алмастырғыш тазартудың және ион алмастырғыш шайырларды регенерациялаудың технологиялық схемасын; тазартылған глицеринді суды концентрациялау технологиясының мәнін; ион алмастырғыш шайыр мен глицеринді судың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамын; динамитті және жоғары сұрыпты глицеринге арналған стандарттарды; тазартылған глицеринді судың, көмекші аппараттардан алынған тұзсыздандырылған судың тазалық деңгейін анықтау әдістерін; тазартылған глицеринді судың тұз құрамын, регенерациялау ертіндісі компоненттерін анықтау жөніндегі есептер әдістемесін; глицерин концентрациясын, су ерітіндісіндегі глицерин көлемін рефракция және ареометр бойынша анықтау әдістерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 35. Майларды ыдырату аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды ыдырату процесіне қатысу. Майлар мен көмекші материалдарды қабылдап алу. Майды, суды және көмекші материалдарды аппаратураға салу. Глицеринді су мен майлы қышқылды ағызып алу. Насостарға, монжю мен басқа да жабдыққа қызмет көрсету, тазалау және майлау. Жөндеуге келіп түскен жабдықты тазалау.

Дбілуге тиіс: майларды ыдырату процесі технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципін; қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану ережесін; коммуникациялар схемасын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен нысанын.

§ 36. Майларды ыдырату аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды автоклавтар мен ыдыратқыштарда ыдырату процесіне біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Конденсатты қабылдау багынан сулы өлшеуішке беру. май өлшеуішті маймен толтыру. Насостарды қосу және тоқтату. Май мен судың дозалануын қадағалау. Ыдыратылатын майдағы қышқылды тексеру үшін кезеңдеп сынама алу. Майлы қышқылды жуу және оны басқа цехтарға немесе қоймаға тапсыру. Глицеринді судың есебін жүргізу. Сынама алу.

Білуге тиіс: майларды автоклавтар мен ыдыратқыштарда ыдырату технологиясы негіздерін және режимін; глицериннің шығу, будың, қышқыл мен конденсаттың жұмсалу нормаларын; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципін; тұзды фазалар бойынша ыдыратудың оңтайлы тереңдігін; сынама алу ережесін; қызмет көрсететін автоклав құрылымын.

§ 37. Майларды ыдырату аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды автоклавтар мен ыдыратқыштарда фазамен ыдыратудың технологиялық процесін жүргізу. Конденсатты, суды және майды ыдыратуға арналған қышқылды есептеу. Май мен судың майды ыдырату технологиясына сәйкес дозалануын бақылау.

Білуге тиіс: майларды автоклавтар мен ыдыратқыштарда ыдырату технологиясы мен режимін; шикізаттың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін; ыдыратылатын майлар мен глицериннің физикалық-химиялық қасиеттерін.

§ 38. Майларды ыдырату аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майларды үздіксіз жұмыс істейтін жоғары қысымды автоклавтарда ыдыратудың технологиялық процесін жүргізу. Процесті ыдырату кезеңдері бойынша реттеу. Автоклавтарға, қысым төмендеткіштерге, сүзгі престерге қызмет көрсету. Автоклавтарға салынатын конденсатты, суды және майды ыдыратуға арналған қышқылды есептеу. Глицериннің шығу нормасын, глицеринді суды бейтараптандыру кезіндегі әктің шығысын есептеу. Автоклавтардағы, қысым төмендеткіштердегі майлы қышқылдар мен глицеринді суды алу кезіндегі температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау. Глицеринді суды сепараторда тазарту. Белгіленген есепті жүргізу. Майларды ыдырату, ион алмастырғыш тазарту учаскелерінің, вакуум-бу қондырғысының және дайындық бөлімшесінің жұмысын үйлестіру.

Білуге тиіс: майларды үздіксіз жұмыс істейтін жоғары қысымды автоклавтар мен кезеңдеп және үздіксіз істейтін ыдыратқыштарда ыдыратудың технологиялық схемасы мен режимін; глицериннің шығу және шығын болуы нормаларын; қызмет көрсететін жабдықтың, қолданылатын бақылау-өлшеу және дабыл беру аспаптарының конструктивтік ерекшеліктері мен пайдалану ережесін; майларды ыдыратудың оңтайлы тереңдігін; технологиялық процесті жүргізу және реттеу әдістерін, орындалатын есептердің әдістемесін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

V. ЖУУ ЗАТТАРЫН ӨНДІРУ

§ 39. Вакуум-кептіру қондырғысының аппаратшысы

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сабын негізін кептіру және салқындату, сабынды вакууммен қалыптау процестерін жүргізу. Вакуум-кептіру қондырғысыны іске қосуға дайындау, іске қосу және тоқтату. Сабын негізін қоректендіруші бакка беретін вакуум-насостардың, насостардың және вакуум-тозаңдату аппаратының, жұмысын, дуплекс-шнек-престің өнімділігін реттеу. Қондырғының жұмыс режимін май қышқылының берілген құрамына және шығарылатын сабынның зертханалық талдау нәтижелеріне қарай реттеу. Технологиялық процестің, дайын өнімнің техникалық шарттарға сәйкес болуын бақылау. Темперир колонкасындағы бу мен сабынның қысымын, тозаңдату башнясындағы, сепараторлардағы және барометриялық конденсатордағы қалдық қысымды, тозаңдату башнясына келіп түсетін сабынның температурасын, дуплекс-шнек-престен кететін суды, электр қощғағышқа түсетін жүктемені қадағалау. Будың қысымы мен температураны реттеу. Темперирлеу колонкасын жуу, қондырғыны профилактикалық қарау және тазалау. Техникалық құжаттаманы және сабын негізі шығысының есебін жүргізу.

Білуге тиіс: жабдықтың, қолданылатын бақылау-өлшеу және дабыл беру аспаптарының мен автоматика құралдарының құрылымын, нысанын, пайдалану және қызмет көрсету ережесін; вакуум алу схему; берілген рецептурадағы сабынды өңдеудің технологиясы мен режим параметрлерінің мәнін.

§ 40. Сабын қайнататын аппаратшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Соапстоктарды, тальді майлы шикізатты, асидол-мылонафт пен басқа да май және мұнай қалдықтарын бөгде қоспалардан сілтімен, тұздаумен, тегістеу қолдана отырып тазарту, сутегі перекисімен өңдеу және күкіртті қышқылмен ыдырату процестерін жүргізу. Май қышқылын, тоңмайды, саломасты, өсімдік майларын, синтетикалық майлы қышқылдарды сабын қайнату бөлімшесінің ыдыстарына қабылдап алу. Сабын асты желімін қыздыру және белседі жағдайға келтіру. Май негізін қазандар мен үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда кезеңді тәсілмен қайнату процесіне қатысу. Саломастың немесе тоцмайдың майлы қышқылды канифол балқымасын, кальцийлендірілген және каустикалық сода ерітінділерін дайындау. Дайындалған майлы компоненттерді қыздыру және өлшеуіштерге бөліп құю. Қазандар мен аппараттарға берілген рецептура бойынша және белгілі бір кезектілікпен саломасты, синтетикалық және басқа да қышқылдар мен көмекші материалдарды салу. Май қышқылын кальцийлендірілген сода ерітіндісімен бейтараптандыру. Май қоспасын сілтімен сабындау. Иіс сабынды тұздылау және тегістеп жылтырату. Майлы қышқыл мен бос сілті құрамын анықтау үшін сынама алу. Қайнату процесін араластыру, шикізат, су мен бу беру жолымен түзеу. Қазандар мен аппараттардағы температураны, қысымды, ыдыстарда майдың болуын және дозалау насостарының жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: май және мұнацй қалдықтарын өңдеу мен тазарту технологиясын; сабынды қазандар мен үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда кезеңді тәсілмен қайнату технологиясын; сабын қайнату өндірісінде қолданылатын шикізат түрлерін, олардың қасиеттерін; қоспалардың сабын сапасына әсер ету деңгейін; қазандар мен аппараттардың, насостардың құрылымы мен қызмет көрсететін учаске қөұбырларының схемасын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін.

§ 41. Сабын қайнататын аппаратшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сабынның әртүрлі сұрыптары мен түрлерін қазандар мен үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда кезеңді тәсілмен қайнату процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарды қосу, тоқтату және оның жұқмысын реттеу. Ерітінділердің температура режимін, ылғалдылығын, концентрациясын, май қышқылының, кальцийлендірілген және каустикалық соданың жұмсалуы арақатынастарын сақтау. Араласмтырғыштың айналу жылдамдығын, компоненттердің аппаратқа берілуін реттеу. Сабынды түзеу ыдыстарына айдау және оны май қышқылын қосу арқылы реттеу. Еріту қазандарындағы май қышқылын бейтараптандыру. Натрийді ерітіндімен каустикалық сабындау немесе сабындамалау, электролит ерітідісімен тұздамалау, сабынды тегістеу және тұндыруға қою. Аппараттардың, қазандардың, дозалаушы құрылғының және өлшеуіштердің жұмысын қадағалау. Майлы және мұнай қалдықтарын, көмекші материалды құнарландыру және бөзге өоспалардан тазарту процесін бақылау. Сабын қалдықтарын уақытылы өңделуін бақылау. Құбырлардағы арматура жарамдылығын тексеру. Технологиялық журналды толтыру және шикізаттың жұмсалуы мен дайын өнім шығымының есебін жүргізу.

Білуге тиіс: үздіксіз сабындау және сабынды кезеңді тәсілмен қайнату жұмыс істейтін аппараттарда процесінің технологиясын; синтетикалық және табиғи майды алмастырғыштар мен көмекші материалдардың қасиеттерін; шикізат пен материалдардың шығыс нормаларын.

§ 42. Сабын қайнататын аппаратшы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сабынды қазандар мен үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда кезеңді қайнату процесін жүргізу. Кір сабын мен иіс сабындардың жуу компонентері мен май қоспасының титрының болуына қараай ресцептурасын жасау. Шикізаттың, сода өнімдерінің, көмекші материалдардың жұмсалуын есептеу. Майдың май қоспасы титрын есептеу. Өндірістік процесті және сабын негізінің сапасын органолептикалық көррсеткіштер, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен зертхана нәтижелері бойынша бақылау. Сабынның жоғары және арнаулы сұрыптарын қайнату. Майлы қоспаны және сабынның басқа да компоненттерін арнаулы көп компонентті насоспен дозалау және оларды үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарға беру. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою. Дайындық участкесі мен көмір қышқылын компремирлеу цехының жұмысын үйлестіру.

Білуге тиіс: сабын өндіру участкесі мен көмір қышқылын компремирлеу цехының жабдықтарының құрылымын; өндірістің технологиялық схемасын; кір сабын мен иіс сабындарды жасау кезінде қолданылатын есептер мен формулаларды; сабынды қайнату технологиялық процесін бақылауды талдау әдістемесін; шикізаттың, көмекші материалдар мен дайын өнімнің физико-химиялық құқрамы мен қасиеттерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 43. Жуу заттарының негізін дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сода, тұз ерітіндісін, канифоль балқымасын және басқа да құрамдарды жасау. Ерітінділердің концентрациясын және балқыма компоненттерінің ара қатынасын есептеу. Шикізатты, көмекші материалдарды қабылдау, олардың есебін жүргізу және ыдыстарға толтыру. Компрессорларды, тасымалдау құралдары мен дайындау учаскесінің басқа да жабдықтарын қосу, тоқтату және оларға қызмет көрсету. Ерітінділердің концентрациясын, балқыманың құрамын бақылау және оладың концентрациясын түзеу. Дайындалған майларды, балқыма мен ерітінділерді қайнату цехының өлшеуіштеріне беру.

Білуге тиіс: балқыма мен ерітінділерді дайындау және майларды қорыту ережесін; шикізаттың, көмекші материалдардың түрлері мен майлы шикізаттың, көмекші материалдардың қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; дайындау учаскесі құбырларының схемасын.

§ 44. Ланолинші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүннің майын қышқылмен өңдеу процесін жүргізу. Күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау. Белоктан майды ажырату. Ланолин алу. Гипохлорит ерітіндісін дайындау. Жүннің майы мен гипохлорит ерітіндісін ағаорту қазандарына механикаландырылған әліспен салу. Спирт ерітіндісін дайындау және май эмульсиясы мен гипохлоритті сонымен өңдеу. Спирт тұнбасын регенерациялау. Спиртті сабынды өңдеу. Май ұстауыштарды тазарту. Берілген концентрациядағы сода ерітіндісін дайындау және оны хлормен құнарландыру.

Білуге тиіс: жүннің майын өңдеу, ланолин ағарту, гипохлорит ерітіндісін дайындау технологиясын; шикізат пен материалдардың шығыс нормаларын; күкірт қышқылы мен сілтінің қасиеттерін; қышқылмен және хлормен жұмыс істеу ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.

§ 45. Сабын өндіру желісінің операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сабын жаңқаларынан иіс сабынды өндіру процесін автоматтандырылған ағынды желі аграгаттарында жүргізу. Желіні жұмысқа дайындау, іске қосу және оның жұмысын реттеу. Сабын жаңқаларын, бояуыштарды, иісті заттар мен басқа да қоспаларды берілген рецептура бойынша шнек-араластырғышқа беру. Шнек-араластырғыш пен дуплекс-шнек-престің жұмысын реттеу. Судың температурасын, майдың деңгейін, қызмет көрсететін машина электрқозғағыштарына түсетін жүктемені, дозалаушы шнек-престің және кесуші машинаның жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: сабынды шнек-араластырғыштар мен шнек-престерде өңдеу технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын қолданылатын автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматтандырылған ағынды желіні басқару щитінің нысаны мен жұмыс принципін; қоспалардың, су мен будың, басқа да материалдардың шығыс нормаларын.


§ 46. Бояушы ерітінділерді жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сабының иісті негізін бояуға және тауарлы түр беруге арналған бояуыштарды, иісті заттар мен басқа да қоспаларды жасау. Бояуыштар мен басқа да материалдарды қоймадан қабылдап алу. Ертінділерді берілген рецептура мен эталондар бойынша жасау, өлшеу және сүзу. Қоспа жасаудың технологиялық режимі мен компоненттердің араластырғыштарға беру жылдамдығын реттеу. Қоспаның дайындығы мен сапасын бақылау. Қоспаларды өлшеуіштерге, дозаторларға беру немесе дайын өнімді өлшеуіш тараға бөліп құю және пилирлеу агрегаттарына немесе иіс сабын өндіретін автоматтандырылған ағынды желінің үздіксіз жұмыс істейтін шнек-араластырғыштарына беру. Келіп түскен материалдарды есепке алу.

Білуге тиіс: бояуыштарды, иісті заттар мен иіс сабынның басқа да қоспа компоненттеріеің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін; иіс сабын негізіне қосылатын қоспалардың ассортименті мен и нормасын; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципін.

§ 47. Жуу заттары қоспасын жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлы ұнтақ тектес және тазартушы заттарды жасау процесін жүргізу. Келіп түсетін шикізаттың сапасын көзбен және химиялық талдау нәтижелері бойынша анықтау. Араластырғышқа компоненттерді тиісті рецептура мен белгіленген кезектілік бойынша салу. Қоспаны жылыту, композицияның ылғалдылығын түзету. Қоспаның дайыналуын және дайын болу процесінің барысын бақылау. Қоспаны гомогенизациялау және оны тозаңдатуға беру. Тасымалдау құралдарына, дозаторларға, таразыларға, араластырғыштарға, гомогенизаторларға қызмет көрсету. Сынама алу. Шикізаттың есебін жүргізу.

Білуге тиіс: майлы ұнтақ тектес және тазартушы заттарды жасау технологиясын; шикізаттың сапасына қойылатын талаптарды және оның сапасын бағалу әдістерін; қызмет көрсететін тасымалдау құралдарының, дозаторлардың, таразылардың, араластырғыштардың, гомогенизаторлардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану ережесін.

VI. МАЙШАМ ӨНДІРІСІ

§ 48. Майшамдарды жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майшам массасын қайнату және пілте дайындау процесіне қатысу. Дайын майшам массасын науалар мен құбырлар бойынша батездерге беру. Майшам массасының температурасы мен батездергі оның дегейін тексеру және реттеу. Майшам массасын батезден науалар мен құбырлар бойынша майшамды құю машиналарына құйып алу. Қайнату қазандары мен ұстауыштарды тазалау. Сынама алу. Қоймадан жіптерді қабылдап алу. Майшамның диаметрі мен жіптің қалыңдығына қарай тоқыма жіп санын іріктеу. Орау және ілгектеу машиналарына май құю және оның жұмысын реттеу. Пілтені қалыпқа қою және оны түйіндерден тазарту. Пілтені өңдеуге беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмысын реттеу ережесін; сынама алу ережесін; пілте тоқу үшін қолданылатын жіптің сапасына қойылатын талаптарды.

§ 49. Майшамдарды жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майшам массасын қайнату, пілтені өңдеу және майшам құю процестерін жүргізу. Стеарин мен парафинді күкіртті қышқыл ерітіндісінде қайнату және сумен жуу арқылы тазарту. Тазартылған массаны құбыр бойынша араластырғышқа айдау. Су мен будың берілуін реттеу. Стеарин, парафин және басқа да қоспаларды берілген рецептураға сәйкес араластыру. Майшам массасының әзірленуін қадағалау. Пілтені химикаттармен: бор қышқылы ерітіндісімен, фосфор қышқылды аммониймен, күкірт қышқылды аммониймен және күкірт қышқылымен өңдеу. Пәлте мен химикаттарды қабылдап алу. Пілтені сулау және дистиллирлендірілген немесе өте жұмсақ суда жуу. Өңдеуші ерітіндіні дайындау, оған пілтені салып қайнату. Өңделген пілтені сығып алу және кептіру. Пілтені камереда кептіру режимін реттеу. пілтені түсіріп алу және реың сапасын тексеру. Майшам құю машиналарында майшамды құю. Пілтені қабылдап алу және машинаға салу. қалыптарды қыздыру және оған майшам массасын салу. Майшамды салқындатуға арналған судың берілуін реттеу, майшамдарды кесу. Белгіленген есепті жүргізу. Дайын өнімді тапсыру.

Білуге тиіс: майшам массасын қайнату, пілтені өңдеу және майшамды құю процестерінің технологиясын; стеариннің, парафинның және қолданылатын басқа да хмимкаттардың қасиеттерін; химиялық ерітіндіні дайындау ережесін; майшамдарға арналған стандарттарды; ін жабдықтың құрылымы мен жұмысын реттеу ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен нысанын; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс режимін.


2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Разрядтар диапазоны

БТБАшығарылым




Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

I. Май өндірісі

1.

Гидраттау аппаратшысы

3;5

Гидраттау аппаратшысы

3;5

51

Май өндіру

2.

Фосфатидетрді алу аппаратшысы

3-4

Фосфатидетрді алу аппаратшысы

3-4

51

-"-


3.

Қуырушы

4-5

Қуырушы

4-5

51

-"-

4.

Регенераторшы

4

Регенераторшы

4

51

-"-

II. Майларды рафинациялау және гидрогенизациялау


5.

Дезодорациялау аппаратшысы

4

Дезодорациялау аппаратшысы

4

51

Май өндіру

6.

Ағарту топырағын өндіру қондырғысының аппаратшысы

4

Ағарту топырағын өндіру қондырғысының аппаратшысы

4

51

-"-



7.

Этаноламинді қондырғы аппаратшысы

3-4

Этаноламинді қондырғы аппаратшысы

3-4

51

-"-



8.

Сутегіші

4-6

Сутегіші

4-6

51

-"-

9.

Генераторшы

5-6

Генераторшы

5-6

51

-"-

10

Гидрогенизаторшы

4-6

Гидрогенизаторшы

4-6

51

-"-

11

Катализаторшы

3-4

Катализаторшы

3-4

51

-"-

12

Соапстокты өңдеуші

2-3

Соапстокты өңдеуші

2-3

51

Май өндіру

13

Саломасты қайнатушы

3

Саломасты қайнатушы

3

51

-"-

III. Маргарин, майлар мен майонез өндірісі

14

Аппаратшы-комплекторшы

4

Аппаратшы-комплекторшы

4

51

Май өндіру

15

Майонез жасау жөніндегі аппаратшы

3-4

Майонез жасау жөніндегі аппаратшы

3-4

51

-"-


16

Майлылығы жоғары эмульсияларды жасау аппаратшысы

3-4

Майлылығы жоғары эмульсияларды жасау аппаратшысы

3-4

51

-"-



17

Кулинарлық және кондитерлік майларды жасау аппаратшысы

4

Кулинарлық және кондитерлік майларды жасау аппаратшысы

4

51

-"-


18

Эмульгатор жасау аппаратшысы

3-4

Эмульгатор жасау аппаратшысы

3-4

51

-"-


19.

Маргарин өндіру желісінің операторы

5

Маргарин өндіру желісінің операторы

5

51

-"-


20

Май негіздерін темперирлеуші

3

Май негіздерін темперирлеуші

3

51

-"-


2.

Фризерші

3

Фризерші

3

51

-"-

IV. Ыдырату-глецерин өндірісі

22

Глицеринді ион алмастырып тазалау аппаратшысы

5-6

Глицеринді ион алмастырып тазалау аппаратшысы

5-6

51

Май өндіру

23

Майларды ыдырату аппаратшысы

3-6

Майларды ыдырату аппаратшысы

3-6

51

-"-

V. Жуу заттарын өндіру

24

Вакуум-кептіру қондырғысының аппаратшысы

5

Вакуум-кептіру қондырғысының аппаратшысы

5

51

Май өндіру

25

Сабын қайнататын аппаратшы

4-6

Сабын қайнататын аппаратшы

4-6

51

-"-


26

Жуу заттарының негізін дайындаушы

3

Жуу заттарының негізін дайындаушы

3

51

-"-


27

Ланолинші

4

Ланолинші

4

51

-"-

28

Сабын өндіру желісінің операторы

4

Сабын өндіру желісінің операторы

4

51

-"-

29

Бояушы ерітінділерді жасаушы

3

Бояушы ерітінділерді жасаушы

3

51

-"-



30

Жуу заттары қоспасын жасаушы

4

Жуу заттары қоспасын жасаушы

4

51

-"-

VI. Майшам өндірісі

31

Майшам жасаушы

2-3

Майшам жасаушы

2-3

51

Май өндіру

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау