Қызметтер сипаттамасы
Кеңес беру қызметтері
3-бет
функцияларды сандық етуге көмектеседі, оның ішінде өзара сатылым, талант және адамдар
процестері, жұмыстар және тұтынушыға қызмет көрсету.
Microsoft корпорациясы тұтынушыларға әрбір ісіне сандық интеллектті ендірумен табысқа
кенелуіне көмектесу үшін, Сатылым, Қызмет және Маркетинг салаларын қамтитын
Тұтынушыларды тартуға арналған Microsoft Dynamics 365 for Customer Engagement кеңес беру
қызметтерін ұсынады. Microsoft Dynamics 365 Unified Operations кеңес беру қызметтері
тұтынушыларға жұмыстарын оңтайландыру, нақты уақыттағы, деректерге негізделген
шешімдерді глобалды шкалада жасаумен өсімін арттыруға көмектеседі.
Заманауи жұмыс орны – Microsoft корпорациясы жұмыс орны трансформациясының бөлігі
ретінде ортаны орынға сәйкестендіруге, әрбір маманның бизнесте жетістікке жету құралдарын
иеленуіне көмектеседі.
Құрылғылар және мобильділік кеңес қызметтері ұсыныстарымыз бизнес және АТ жетекшілеріне
қызметкерлер мен тұтынушылардың байланысын тереңдетуді, байытуды жеңілдететін
корпоративтік мобильділік және құрылғы басқару стратегияларын әзірлеуге және ендіруге
мүмкіндік береді.
Деректер орталығы және Бұлт инфрақұрылымы қызметтері АТ деректер орталықтарын арнайы
жұмыс талаптарына қарай реттелген стратегиялық бизнес активтеріне айналдыруға көмектесетін
технологияны, адамдар мен процестерді біріктіреді. Сонымен қатар, Қауіпсіздік және анықтау
қызметтері тұтынушыларға АТ инфрақұрылымын, қолданбаларды және деректерді ішкі және
сыртқы қатерлерден қорғауға көмектесетін стратегиялар мен шешімдермен қамтамасыз етеді.
3.3 Бума түріндегі кеңес беру қызметтері
Microsoft өнімдерін, технологиясы мен процестерін жоспарлауға, қолдануға және ендіруге қатысты
тәжірибеге қарай, Microsoft ұйымы көптеген ортақ бизнес сценарийлеріне арналған кеңес беру
қызметтерін ұсынады. Төмендегі қызметтер ұзақтығы белгіленген және бағасы байланысты алдын
ала анықталған жұмыс көлемінде ұсынылады.
3.4 Қызметтер сипаттамасы
3.4.1 Жоспарлау қызметтері
Архитектуралық қызметтер: Нұсқаулармен, жоспарлаумен және түзетумен қамтамасыз
ететін онлайн қызметтерді қабылдау мақсаттарын бағалау. Бұл бағалау
онлайн қызметтер
құрылымының үздік бизнес тәжірибелеріне топтар мен ортаны туралауға көмектеседі.
Сандық кеңес беру қызметтері бағдарламасы: Сандық кеңес беру қызметтері
ұйымдардың сандық шабытқа қол жеткізуіне жағдай жасай отырып, Сандық кеңесшілер мен
өнеркәсіп және бизнес тәжірибесі мен Microsoft тәжірибелері мен инновациялық
стратегиялары арасын байланыстырады. Клиенттермен серіктес болу арқылы Сандық
кеңесшілер сандық бизнес құру үшін өзгеріс бағдарламасын жүргізеді.
Сандық кеңесші қызметтерін жарты күндік немесе толық күндік кеңесшімен шамамен 200,
400, 800 және 1600 сағаттық жұмыс бумалары ретінде сатып алуға болады. Microsoft қызмет
көрсету тобы, оның ішінде Microsoft қызметтерінен немесе қызмет көрсету орталықтарынан
ресурстар, тақырыпқа қатысты тәжірибені толтырады немесе ұсынылатын тәжірибе кеңесін
және Microsoft технологиялары және анықтамалық архитектуралар бойынша белгілі бір
нұсқаулықты қамтамасыз етеді.
Қызметтер сипаттамасы
Кеңес беру қызметтері
4-бет
Сандық кеңесшінің төмендегі қызметтерін қосымша алуға болады:
Сандық кеңес беру бойынша бизнеске арналған дайын бумалар: Жұмысты
сандық кеңесші жүргізеді және бұлт, мобильдік, өнімділік технологиясына және
платформасына бағытталған шешімді қажет ететін алдын ала анықталған бизнес
нәтижелерін қамтамасыз ететін Microsoft Services жеткізу тобы қолдау көрсетеді.
Сандық кеңес беру бойынша сандық дайын бумалар: Клиентті қамтитын
бизнес үлгілерінің бөлігі ретінде сандық түрлендіруді жүргізу мақсатында жұмысты
сандық кеңесші жүргізіп, бизнесті жоспарлау және өзгерту процесіне көңіл бөледі.
Концепцияны растау: Тұтынушының ұсынылған техникалық шешімнің сәйкестігін
бағалауы үшін қажетті дәлел беруге бағытталған жұмыс. Дәлел жұмыс фототиптері, құжаттар
және дизайндар түрінде болуы мүмкін, бірақ әдетте өндіруге дайын жеткізілімдер түрінде
болмайды.
Шешімді жоспарлау: Microsoft технологияларын жергілікті, бұлт пен аралас орталарда
ендіру жоспарлары арқылы көмек беру және нұсқау беруге арналған жүйелі қызмет
көрсетулер. Сонымен бірге ұл қызметтерге жобалауды бағалау, қауіпсіздік, АТ операциялары
немесе қажетті нәтижелер алу үшін техникалық шешімді жоспарлауға көмектесетін Microsoft
технологияларын басқаруды өзгерту кіруі мүмкін. Көрсетілген қызметтің соңында
техникалық бағалауды және шешім ендіру жоспарын қамтитын есеп алуыңыз мүмкін.
Әзірлеуші құралдарын қолдануды жоспарлау қызметтері (DTDPS): Ұйымдарға
тиімді Visual Studio қолданыстарын жоспарлауға көмектесуге арналған. Visual Studio
қабылдау үшін қолдану жоспары мен стратегияларын әзірлеуге көмектесу үшін осы
жұмыстарды пайдалануға болады.
Ашық бұлт үшін Azure қолдануды жоспарлау қызметтері (AZDPS):
Жаттығуды, демокөрсетілімдер мен қолдануды жоспарлауды қамтитын көп күндік
жұмыстар. Олар Azure сақтау шешімдерін іске қосуға, бағдарламаларды Microsoft
Azure инфрақұрылым қызметтеріне көшіруге, кәсіпорын мобильділігін ендіруге,
Microsoft Operations Management Suite жинағын ендіруге немесе Microsoft Azure
виртуалды машиналарында әзірлеу және тексеру сценарийлерін ендіруге
бағытталған.
Жұмыс үстелін қолдануды жоспарлау қызметтері (DDPS): Кеңауқымды
жоспарлау құралдарын және Office 365, Office немесе Windows құралын қолдану
әдісіне анықталып қойған жұмыс әрекеттерін ұсынатын қолдануды жоспарлау
қызметтері.
Динамикалық қолдануды жоспарлау қызметтері (DYDPS): Microsoft Dynamics
CRM (Тұтынушымен қарым-қатынасты басқару),
Dynamics CRM Online
бағдарламасын ендіруге не жаңартуға, не болмаса ERP (Корпоративтік ресурстарды
жоспарлау) шешімін Microsoft Dynamics AX бірге ендіруге арналған жоспарлау
қызметтері.
Бизнеске арналған Skype және Exchange қолдануды жоспарлау қызметтері
(S&EDPS): Бизнеске арналған Skype немесе Exchange қолдануларына арналған ұйым
жоспарына көмектесуге арналған бұл қызметтер Microsoft бизнеске арналған Skype
немесе Microsoft Exchange бағдарламасының архитектуралық және операциялық
тұстарының жоспарымен қамтамасыз етеді және қолданады.