Онлайн орталықта жұмыс істеу ережелері



жүктеу 31,44 Kb.
Дата17.01.2018
өлшемі31,44 Kb.
#7604

ОНЛАЙН ОРТАЛЫҚТА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


  1. Пайдаланушы онлайн орталық орналасқан жердің кітапханашысына тіркелуі тиіс, ол үшін тиісті құжаттарды ұсынады (Аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, тапсырыс/кеңес тақырыбы т.б.). Жұмыс істеп болған соң, пайдаланушы қол қою арқылы Тіркеу журналына тіркелген жазбаларды куәландырады;

  2. Компьютер немесе Интернетте жұмыс істеу уақыты мен ұзақтығын пайдаланушылар санына (бар болса), сондай-ақ, онлайн орталық тренингтері мен семинарлары кестесіне байланысты кезекші кітапханашы белгілейді. Минималды жұмыс істеу уақыты – 30 минут. Пайдаланушылардың жұмыс істеу уақытына компьютер кезегін күтуші, жабдықтың келеңсіздерін немесе төтенше оқиғаларды күтушілер болмаса шектеу қойылмайды.

  3. Онлайн орталық жұмысын ұйымдастыруда басымдылық онлайн орталық миссиясына жауап беретін алдын-ала жоспарланған тренингтер мен кеңестерге беріледі:

  • кәсіпкерлік мәселесі;

  • мақсатты топтар: кәсіпкерлер, жұмыссыз жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған және тұрғындардың өзге де топтары, мемлекеттік қызметкерлерді электронды оқыту;

  • жұмысқа орналасу мәселелері.

  1. Сыртқы ақпарат тасымалдау құрылғыларын (компакт-дискі, флеш-карта т.б.) пайдалану барысында алдын-ала вирусқа тексеру қажет, қажет болған жағдайда тасымалдауышты тазалау керек.

  2. Онлайн орталық миссиясына жауап беретін мазмұндағы материалдар ғана басылып шығарылады және көшірмесі жасалады.

  3. Онлайн орталықтың техникалық жабдықтары, жиһаздары мен баспа ресурстары ұқыпты пайдалануы тиіс. Жабдықта келеңсіздіктер пайда болса, онлайн орталық қызметкері көмегіне жүгініңіз, компьютер/проектілік/көбейту техникасын өз бетіңізбен жөндеуге болмайды.

  4. Компьютер бағдарламаларын орнату тек онлайн орталық қызметкерлерінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.

  5. Онлайн орталықта қоғамдық тәртіп пен тазалық орнауы тиіс. Өзге пайдаланушылар, онлайн орталық қызметкерлерімен сыпайы болу қажет.

  6. Ұялы телефон пайдалануға тыйым салу. Шылым шекпеу. Компьютерде жұмыс істеу барысында сусын мен тамақ өнімдерін пайдаланбау.

  7. Жабдықтарды онлайн орталықтан тыс шығаруға болмайды.

  8. Онлайн орталық миссиясына сәйкес келетін түрлі ұйым/мекеме және жеке тұлғалармен серіктестік құпталады. Ол мынадай іс-әрекеттегі және әлеуетті серіктестер:

  • БҰҰ Даму бағдарламасы (жоба аясында жабдықтар алынған, БҰҰДБ қызметкерлері мен өкілдерінің семинарлары мен кеңестері);

  • Бизнес-кеңесшілер (кеңестер, сондай-ақ, кәсіпкерлік мәселесі бойынша семинар мен тренингтер ұйымдастыру);

  • Кәсіпкерлік бөлімдері (кәсіпкерлік және шағын бизнес мәселелері жөнінде үкімет пен жергілікті билік органдарының жоспар мен бағдарламалары туралы ақпараттандыру; бірлескен семинарлар);

  • «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры (семинарлар мен кеңестер, «Даму» қорының конкурстары, бағдарлама мен жобалары туралы ақпараттандыру т.б.);

  • Жастар ұйымдары: жастар бастамасы орталықтары, жастар ҮЕҰ (жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер, аз қамтылған отбасы балалары, мүгедектерге арналған онлайн орталық миссиясына сәйкес келетін семинарлар мен тренингтер (3 п.);

  • Үкіметтік емес ұйымдар, білім беру орындары, оқыту орталықтары (ерекше топтағы тұрғындардың жеке әлеуетін дамыту үшін тренингтер, семинарлар, бірлескен бағдарламалар өткізу);

  • Жергілікті қоғамдастық дамуын қолдайтын өзге де ұйымдар.

Онлайн орталықтың тұрақты түрде жұмыс істеуі және қызмет түрлерін тиімді ұйымдастыру үшін онлайн орталық қызметкері төмендегілерді орындауы тиіс


Онлайн орталықтың кезекші қызметкерінің міндеттері:

  1. Онлайн орталық жабдықтары мен өзге де барлық ресурстардың сақталуын және үнемі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  2. Әрбір келген пайдаланушыны, оның тапсырыс тақырыбын, уақытын, компьютер және Интернетте жұмыс істеу ұзақтығын тіркейді. Пайдаланушы жұмыс істеп болған соң, тіркелген мәліметті қолтаңбасымен куәландыруын қадағалайды. Осы мәліметтерді үнемі сканерлеп, есепке электронды көшірмелерін тіркеп отырады.

  3. Топтар қалыптастырып, тренинг пен семинарлар кестесін жасайды, көрсетілген сұрақтар мен өткізілген жұмыстар бойынша ай сайын есеп береді.

  4. Пайдаланушыларға жеке өзі немесе сала бойынша тиісті мамандарды шақыру арқылы, онлайн орталық миссиясына жауап беретін кеңес беру және оқыту жұмыстарын ұйымдастырады. Онлайн орталық ресурстары мен мүкіндіктері жайлы жарнама өнімдерін жасап, тұрғындарға таратады.

  5. Онлайн орталық қызметі мен жұмысын БАҚ арқылы жылжытады: жарияланым, сұхбат беру, жаңалық сюжеттері т.б.

  6. Жергілікті қоғамдастық қажеттілігі бойынша іс-әрекет пен талдау мониторингін өткізеді.

жүктеу 31,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау