Тарихта В. И. Ленин өзіндік із қалдырды. Оның саясаты, еңбектері қазіргі уақытта қаншалықты дұрыс емес деп тұжырымдаса да, сол уақыттағы жағдайда тура жолмен жүргендей еді



жүктеу 33,84 Kb.
Дата06.01.2022
өлшемі33,84 Kb.
#36909
ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО-дағы дене мәдениетінің дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ



Тақырыбы:

ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО-дағы дене мәдениетінің дамуы

Орындаған: Ожантай Нұртас

Тексерген: Төлегенұлы Нұржан

Алматы, 2021

ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі КСРО-дағы дене мәдениетінің дамуы
Тарихта В.И. Ленин өзіндік із қалдырды. Оның саясаты, еңбектері қазіргі уақытта қаншалықты дұрыс емес деп тұжырымдаса да, сол уақыттағы жағдайда тура жолмен жүргендей еді. Оның тарихта алатын орнын кемсітпей, сол кездегі істеген істерін айтсақ:

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ Халық Комиссарлары Кеңесі мен Қорғаныс Еңбек Кеңесі дене мәдениеті мен спорттың дамуына көп пайдасын келтірген заңдар мен қаулылар шығарды. Сөйтіп, ХКК декретімен 18 сәуір 1918 ж. В.И. Ленин қол қойған барлық съездік, губерниялық, округтық, облыстық т.б. Теңіз Ісі Комиссариаттарына гимнастикалық ату қоғамдарын құру туралы айтылады. Оған ауыл, фабрика комитеттері жұмысшы-шаруалардың көмегі арқылы сол кездегі сыртқы жаулары жас Кеңес үкіметін құру туралы құлату керек болды. Оған нақты дайындалған әскери күштер керек еді. Сондықтан, ХКК қаулысымен әскерлерде, теңізшілерде дене мәдениеті мен спортты күшейту керек деген көптеген комитеттер құрылып, жұмыс істей бастады. Дене мәдениетін барлық жерде қолдана бастады. Жұмысшылар мен шаруалар арасында спорт түрлерінен жарыстар, спартакиадалар өте бастады. Ол кезде ескі патшалы Ресейден қалған құрал-жабдықтар бар еді, соны кейбір байбаламшылар патшаның уақытымен бірге бұлар да кетсін деп, сол кездегі спорт пен дене тәрбиесі жүйесіне қарсылық білдіреді. Алайда, В.И. Ленин тағайындаған дене мәдениеті мен спорт Жоғары Кеңесінің комиссары П.И. Подвойский (1880-1948) жарыстарды өткізу заңдары жарғысын одан әрі дамыту жұмысын қызу қолға алады. Ол аймақтық принципте болды. Ал, дене тәрбиесі мен спорт жүйесі бірсыдырғы жолға қойыла бастады.

1920 жылы 1 желтоқсанда жоғарғы оқу орны ретінде Мәскеуде Мемлекеттік дене шынықтыру институты ашылды. Бұл Кеңес үкіметінің дене тәрбиесі мен спортқа деген алғашқы ден қойған қаулыларының бірі еді.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары оған қас жау элементтері кеңестік дене шынықтыру қозғалысына қарсы әртүрлі қитұрқылық әрекеттер жасады. Бұған қарамай, жұмысшы-шаруа табынан шыққан белсенділер білім беру мен тәрбие жұмыстарынан басқа, дене шынықтыру және спорт саласында да өз үлестерін қосты.

1917 жылдың аяғында, 1918 жылдың басында спорттық клубтар мен қоғамдарға жұмысшы жастар мен кедей тап өкілдері бұқаралық түрде мүше бола бастады. Оның басшылығына дене шынықтыру мен спорт саласын ғана емес, сонымен қатар, Кеңес үкіметінің саясатын жүргізе алатын, білікті басшылар тағайындалды. Спорттық жұмыстар біртіндеп ретке келе бастады. Жастар спорттың әртүрлі түрлеріне үлкен қызығушылық танытып, дене шынықтыру мен спорттық үйірмелерге жаппай қатыса бастады. Көптеген қалаларда (Петроград - Санкт-Петербург сол кезде солай аталатын, Мәскеу, Киев, Төменгі Новгород, Тбилиси т.б.) жарыстар, спорт түрлерінен бірінші-ліктер өткізіліп тұрды.

Алайда, жас Кеңес үкіметінің дамуының бейбіт кезеңі ұзаққа созылмады. Биліктен ығыстырылған буржуазия халықаралық империализм өкілдерімен одаққа тұрып, Азаматтық соғыстың басталуына себепкер болып, елге қарсы шетел әскери интервенциясын ұйымдастырды. Осыған байланыс-ты, елде жаппай әскерге шақыру жұмыстары басталып кетті. Бұған, әрине, әскерге шақырылатын жастардың дене қимылы дайындығының деңгейі жоғары болуы керек еді.

Дене шынықтыру мен спорт саласы мамандарының алдында жастарда дене қимылы дайындығы, дене қасиеттерін дамыту, әскери-дене қуаты қасиеттерін бойында сіңіру, сонымен қатар, елге деген патриоттық сезімнің болуы, Отан алдында міндеттерді абыроймен орындау секілді, жұмыстарды ұйымдастыру болды. Олар бұған қоса, дене қимылы дайындығы күшті, төзімді, епті де, икемді, әскери-жорықтық өмірде кездесетін әртүрлі қиыншы-лықтарды жеңе алатын жастарды даярлауды іске асыру керек болды. Бұндай міндеттерді патшалы Ресейден қалған спорттық ұйымдар өздерінің майда бөлімшелерге бөлініп кеткенінің, оның кейбір мүшелерінің жас Кеңес үкіме-тін жек көрушілігінің арқасында ұйымдастыра алмады. Енді, Кеңес үкіметін орнатушылардың алдында осыған байланысты, тағы да қосымша міндет тұрды: дене шынықтыру мен спорт саласының барлық жұмыстарының ұйымдастыру-әдістемелік, идеологиялық тұрғыда қайта құру керек болды. Сауатсыздықты жоюмен қатар, Жаппай білім беру мекемелері ескі спорттық ұйымдарды да бақылауға ала бастады, оның басшылығына Кеңес үкіметіне берілген адамдарды қойды, коммунистік жастар одағы (комсомол) мүшелері-мен бірге дене шынықтыру және спорт жұмыстарын жандандыруға барлық күштерін салды, дене шынықтыру ұйымдарының жаңа үлгілерін - әскери-спорттық клубтар (аймақтар бойынша) және зауыт, фабрика, мекемелердегі дене шынықтыру үйірмелері (өндірістік бойынша) құрды.

Қатардағы спортшылар, педагогтар мен жаттықтырушылар, дәрігерлер, дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғалымдар Кеңес үкіметі жағына шығып, өздерінің іс-қызметін одан әрі жалғастыра берді. Жаппай білім беру ұйымдары даярлап шығарған мыңдаған әскерлер Қызыл Әскер қатарын толықтырып, халықтардың азаттығы үшін жаулармен күресті. Осындай әскери-білім беру пунктерінде, спорттық үйірмелерде білім алып шыққан шаңғышылар мен велосипедшілер, ескек есушілер, қайықшылар, атшабар-мандар мен семсерлесушілер т.б. халық үкіметі үшін жан аямай соғысты.

Дене шынықтыру мен спорт саласында жұмыстардың көбейіп кетуіне, сонымен қатар, дене шынықтыру мен спорттың және әскерге шақырылатын жастардың І-Бүкілресейлік съезінің берілен ұсыныстарын ескере отырып, 1920 жылдың тамыз айында Жаппай білім берудің Бас басқармасы жанынан Дене Шынықтырудың Жоғары Кеңесі құрылды. Оған келесі міндеттер: жарыстар туралы ережелерді, анықтамалар, бағдарламаларды, жарғыларды даярлау, әртүрлі ұйымдар арасында спорттың әр түрлерінен жарыстарды өткізу, оған басшылық жасау тапсырылды. Кеңестік дене шынықтыру қозғалысын одан әрі дамытуға комсомолдың еңбегі ерекше болды. Олар осы қозғалыстың алдыңғы қатарында болды.
Шаңғы ұйымдарын ұйымдастыру, мектептегі дене тәрбиесінің өзгерістері, спорттық қозғалыстың өркендеуі

Дене мәдениеті және спортты одан әрі жетілдіру, оны Қызыл Армия әскерлерінде дамыту жолдарының бірі ретінде Халық Комиссарлар Кеңесінің (ХКК) қаулысымен шаңғы отрядтарын құру туралы қаулы шығарады. Азамат соғысының алғашқы жылдары Қызыл Армия әскерлері біраз қиыншылықтарды басынан кешіреді. Азық-түліктердің, киім-кешектердің, атты әскер үшін аттардың т.б. соғысқа қажетті құрал-жабдық, заттардың жетіспеушілігі Қызыл Армияның уақытша сәтсіздіктерге ұшырауына әкелді. Соғыста тактикалық, стратегиялық жеңіске жету үшін, әрі материалдық шығынды көп қажет етпейтін, жүрдектік және шапшаңдық жағынан көп пайдасын келтіретін шаңғы отрядтарын құруы сол кездегі ауыр жағдайды біршама жеңілдетуге арналған еді.

Азамат соғысынан басқа, шаңғышы отрядтар, әсіресе, фин соғысында өте көп көмегін көрсетті. Одан кейін әскерге шақырылатын жастардың дене мәдениеті, дене тәрбиесі және спорты жақсы жолға қойыла бастады. Себебі, сол кездегі саясат бойынша КСРО еліне барлық жақтан қауіп төніп тұрған еді. Кеңес үкіметі жан-жақты дайындалған, жақсы қаруланған, күш-жігері, дене қимылы дайындығы мол әскерге мұқтаж еді. Соны біліп, ХКК әскерге шақырылушы жастардың дене қимылы дайындығын сондай жақсы жолға қоя білді. Әртүрлі спорт түрлерінен, әскери-қолданбалы түрлерінен жарыстар, спартакиадалар өткізіле бастады. Сөйтіп, жастар арасында спорт, дене тәрбиесі, дене мәдениеті жақсы жолға қойылды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығын қорғау және дене қуаты дамуын бақылап, дұрыс жолға қою жұмыстары пәрменді жүргізілді. 1917 ж. қараша айында білім беру халық комиссариатының жанынан дәрігерлік-санитарлық бөлім ашылып, оған қысқа уақыт ішінде кеңестік дене шынықтыру қозғалы-сына еңбегі сіңген В.М. Бонч-Бруевич (Величкина) тағайындалдыү Өзінің іскерлік қасиетінің арқасында ол мектептерде дене тәрбиесін енгізді. Сол кезде мектептерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың алғашқы қадамдары өте қиын жағдайларда орындалды. Бұл пәннің өтілу қажеттілігін сол кездегі ескі көзқарастағы мұғалімдерге дәлелдеу, оның жалпы тәрбиемен қатар, жас жеткіншектердің рухани да, дене қасиеттерін тәрбиелейтінін жеткізе білу керек еді. Оның үстіне, пәннің ерекшелігіне орай, материалдық құрал-жабдықтар жағы (доптар, кілемдер, кірлер, гимнастикалық құралдар), өз мамандығын игерген кадрлар, оқу-әдістемелік әдебиеттер тапшы болып, дене тәрбиесі сабағын енгізу одан бетер қиындыққа ұшырады.

Дене тәрбиесі сабақтары енгізіле салысымен, аптасына міндетті түрде 2 рет өтілетін болып шешілді. Оқу сабақтарынан басқа, оқушылар сабақтан тыс дене шынықтыру үйірмелеріне, дене мәдениетілік іс-шараларға белсенді түрде қатыса бастады. Мүмкіндік болған жерлерде ойындармен, спортпен, басқа да дене қимылы жаттығуларынан басқа, суға шомылып, күнге, ауаға, суға шынықтырумен айналысты. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары-ақ балаларды жазғы демалыс уақыттарында жазғы демалыс лагерлерінде дем алдыру ұйымдастырылған еді. Онда балалар дене шынықтыру жаттығуларын орындап, әртүрлі қозғалмалы және спорттық ойындарды ойнады, ауыл шаруашылығына көмектесті, суда жүзді – бір сөзбен айтқанда, дене шынықтырудың барлық амалдарын орындады.

Патша үкіметінің құлап, Кеңес үкіметінің орнауы елде біраз саяси-экономикалық, тұрмыстық-әлеуметтік қиыншылықтар әкеліп, халықтың едәуір бөлігінің дене шынықтыру және спортпен айналысуына өз теріс ықпалын жасады. Мысалы, 1918 ж. спорттық клубтардың мүшелерінің саны бар болғаны 38 мыңдай ғана болды, бұл - 1914 ж. айналысушылардан шамамен 12 мыңдай адамға кем еді. Тек Жаппай білім беру және комсомол ұйымдарының белсенді жұмыстарының арқасында дене шынықтыру мен спорт белсенділерінің саны өсіп, 1920 ж. аяғына таман 143,5 мың адамға (соның ішінде, 5 мыңдайы - әйелдер) жетті. Бұдан басқа, 1,5 млн. адам әскерге шақырылушылардың пунктерінде дене қимылы дайындығымен айна-лысты. Бұл сол кездегі кеңестік дене шынықтыру қозғалысының жетістігі еді. Жастарды мүмкіндігінше дене қимылы жаттығуларымен айналысуына көбірек тарту үшін, Жаппай білім беру және комсомол ұйымдары халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Олар спорттық жарыстар, бұқаралық гимнастикалық шерулер, әңгімелер өткізіп, жастар жиналыстарында насихаттау жұмыстарын жүргізді. Бұқаралық жарыстар сол кезде Мәскеуде, Петроградта, Төменгі Новгородта, Самарада, Тулада, Курскіде т.б. қалаларда өтті.

Азаматтық соғыстың қиындықтары, тамақ пен киім-кешектің жетімсіз-діктері, спорттық құрал-жабдықтардың түгелдей дерлік жоқтығы, сол кездегі т.б. келеңсіздіктер спортсүйер қауымның еңсесін түсіре алмады. Үздік спортшылар қала, губерния, облыс біріншіліктерін, кейбір спорт түрлерінен - республикалық деңгейде жарыстар өткізуге атсалысты.

ГТО (Еңбекке және Қорғанысқа дайындық) кешенін жетілдіру. Кеңестік дене тәрбиесінің ғылыми негіздерінің дамуы

Дене тәрбиесінің Кеңестік Жүйесінің маңызды қадамы болып, КСРО Қорғанысына Еңбегіне Дайындық (ГТО) кешені болды. Оның бастамасышы болып, жастар ұйымы (комсомол) 1930 ж. қолдады. Сөйтіп, ДМБОК (Дене Мәдениетінің БүкілОдақтық Кеңесі) шешімімен 1931 ж. наурыз айында ГТО І сатысы - дене мәдениеті кешенін бекітті. Ол үшін әрбір ерікті жүгіруден, секіруден, лақтырудан, белдемшеде тартылудан, арқанға өрмелеуден, жүзуден, велосипед айдау, шаңғыда жүріп ату, ауыр зат көтеріп жүгіруден белгілі бір нормативтерді орындау керек болды. Ал, оның талаптарына - алғашқы медициналық жәрдем көрсету, санитарлық минимумын білу т.б. жатты. Бұл кешен КСРО жастары арсында үлкен беделге ие болды, тез арада қанат жайып, барлық жерге сіңіп кетті. Осындай дамуын көрген соң, ДМБОК шешімімен 1933 ж. ГТО-ның 2-ші сатысы дүниеге келді. Онда 22 норматив, 3 талап қойылды. Әскери-қолданбалы түрлері көбейді – суға секіру, трамплиннен суға секіру, штыкпен семсерлесу, кедергілерден жүгіріп өту т.б. түрлері енді.

1934 ж. БГТО (Еңбекке және Қорғанысқа Дайын Бол) кешені қосылды. Онда Дене Тәрбиесінің Кеңестік Жүйесінің барлық жағын қамтыды. Онда дене тәрбиесі мен спорттың кеңестік жүйесінің негізгі қағидалары - қолдан-балылық, жан-жақтылық, сауықтандыру бағыттары қамтылған. ГТО, БГТО кешендері Кеңес дене мәдениеті, дене тәрбиесі, спорт жүйесінің дамуына орасан зор үлесін қосты. Олар кейін белгілі бір жыл сайын, кезеңдерге байланысты, жетілдіре берді. Одан басқа, аталмыш кешендерге қоса, кеңес халқы арасында «Ворошилов атқышы», «КСРО парашютисі», «КСРО альпинисі» т.б. түрлері зор беделге ие болып, жоғарыда аталған атақтарды жеңіп алу үшін, түрлі сайыстар ұйымдастырылатын.

1925 ж., 1927 ж., 1929 ж. өткен бүкілодақтық ғылыми конференциялар дене тәрбиесі мен спорттың кеңестік жүйесінің сәтті дамуын көрсетті. Бұл конференциялардағы мәліметтер мен баяндамалардың тақырыптары дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің ғылыми мәселелеріне қызығушылығының кеңдігі мен әртүрлілігін көрсетті. Ғалымдардың назарында дене қимылы жаттығуларымен айналысушылардың дәрігерлік бақылауы мәселелері тұрды. Елде дене шынықтыру институттарына қаражат бөлу, оларды дәрігерлік бақылау мамандарын даярлау мен ғылыми жұмыстар орталығына айналдыру қарастырыла бастады.

Осы жылдары бұлшық ет жұмысы кезінде ағзаның қызмет аясы, спорт-пен айналысу кезінде болатын шаршауды зерттеу, жүрек пен өкпенің функционалдық тексерулері (В.В. Гориневский, А.И. Крестовников, И.М. Саркизов-Серазини және т.б.) жасалынды. 1930 жылдың басында дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдасқан түрде бола бастады. Мәскеуде, Ленинградта (қазіргі атауы - Санкт-Петер-бург), Харьковта, Тбилисиде дене мәдениетінің ғылыми-зерттеу институтта-ры ашылды. Бірқатар қалаларда (Смоленск, Горький, Воронеж, Дондағы Ростов және т.б.) ғылыми-әдістемелік кабинеттер пайда болды. Мәскеулік және ленинградтық дене шынықтыру-оқу институттары орасан зор ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізді.

Ғалымдар ГТО-ның және спорттың әртүрлі түрлерінің ықпалын қолданбалы, сауықтандыру және тәрбие міндеттерін шешуге арналған зерттеулерге көп назар аударды. Бұл физиологтар, биохимиктер, дәрігерлер, педагогтар, әдіскерлер қатысқан кешенді зерттеулер еді. Бұған қоса, елде дене шынықтыруды өндіріске енгізу мәселелеріне байланысты, зерттеулер жүргізіле бастады. Олар еңбек процесін сауықтандыру, кәсіби аурулармен күресуге, жұмыс өнімділігін арттыруға бағытталған.

Ғылымның дамуы спорттың кейбір түрлерінде жаттықтыру мен оқып-үйретудің ғылыми негізделген әдістерін сараманға енгізу үшін қолайлы алғы шарттардың пайда болуына әкелді. Спорттық әдебиеттерде спортшылардың техникалық, тактикалық және әдістемелік дайындығына арналған нақты әдістемелік нұсқаулар мысал болды. Онда оқу-спорттық жұмыстарды өткізу-дің алдыңғы қатарлы тәжірибесі, жаттықтырулардың циклдығын көздеу, оның негізгі кезеңдері - дайындық, негізгі, ауыспалы түрлерін анықтау жұмыстары орындалып жатты. Спорттық жаттықтыруды жан-жақты педаго-гикалық процесс ретінде қарастыра бастады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары-ның ортасында гимнастика, бокс, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, спорттық ойындар және тағы басқа спорт түрлеріне арналған алғашқы кеңестік оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер шыға бастады.


Бұқаралық спорттық жұмыстар және халықаралық спорттық байланыстар

Бұқаралық спорттық жұмыстардың аясын көбейту дене шынықтыру қозғалысының материалдық базасының әжептәуір кеңейтуіне өз ықпалын жасады. Елдегі сол уақытқа дейін созылған жалпы кедейшіліктің зардаптары-нан, осы мақсаттарға арналған қажетті қаражатты бөлуіне мүмкіндік болма-ды. Бірақ, қанша үлкен қиыншылықтар болса да, Кеңес елінде біртіндеп ірі стадиондар, бассейндер, теннис және бадминтон корттары, спорттық залдар салына бастады. 1928 ж. Мәскеудің «Динамо», Ленинградта «Қызыл путиловшы», «Динамо» стадиондары іске қосылды. 1927 ж. қарашада Ленин-градта елде алғаш рет ұзындығы 25 метрден 4 жүзу жолы, жанкүйерлерге арналған орындары бар қысқы бассейн ашылды. Стадиондар, спорттық алаңдар, су және ескек есу станциялары, теннис және бадминтон корттары және басқа да спорттық ғимараттар Харьковте, Свердловскде, Дондағы Ростовта және елдің басқа да қалаларында салына бастады. Бұл жарыстардың көптеген түрлерін ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік берді. 1927 ж. бүкіл Ресейлік жазғы және бүкідодақтық қысқы дене шынықтыру мерекелері өткізілді.

Сол кезеңдегі ең ірі спорттық мерекеге ең ірі спорттық мереке ретінде 1928 жылы тамыз айында өткізілген бүкілодақтық спартакиада. Бірінші бесжылдық жоспарға арналған спартакиада, кеңес үкіметі кезіндегі дене шынықтыру қозғалысы жетістігінің көрмесі ретінде болды. Онымен қатар бұл жарыс жұмысшы-спортшылардың халықаралық бірлігін растап, уағыздады. 7225 қатысушының арасында 600-ден астам спортшы Чехославакия, Германия, Англия, Франция, Норвегия, Финляндия, Аргентина, Уругвай және де басқа да елдердің өкілдері болды. Спартакиадада барлық одақтас республикалардың спортшылары қатысты. Екі апта бойы спортшылар жеңіл атлетикадан, футболдан, жүзуден, велоспорттан, ауыр атлетикадан, күрестен, атудан, ескек есуден және де басқа спорт түрлерінен, сонымен қатар, ұлттық би түрлерінен жарысты. Сонымен қоса, бұл жарыста футболдан 2-ші біріншілігі (1-ші біріншілік 1922 жылы) өткізілді. Кеңес футболшыларымен қатар бұл жарыстарды Уругвай, Австрия, Германия, Швейцария, Финляндия елдерінің спортшылары қатысты. Ақтық кездесуде Украина және Мәскеу футболшылары кездесіп, 1:0 есебімен астаналық спортшылар жеңіске жетті. Барлық спорт түрінен өткізілген көп күндік жарыстардың қорытындысында 1-ші орынға Ресей, 2-ші орынға Украина, 3-ші орынға Белорусь, 4-ші орынға Өзбекстан, 5-ші орынға Закавказье (Армения, Азербайджан және Грузия) республикалары, 6-шы орынға Түркмен республикасы шықты. Бүкілодақтық спартакиаданың өткізілуі ауыл дене шынықтыру және спорт жұмыстарының жандануына әкелді. Ауылдарда дене шынықтыру мерекелері өткізіле бастады. Бірақ, спартакиаданы өткізудің жақсы жақтарымен қатар, дене шынықтыру жұмыстарын кемшіліктері де болды.

30-шы жылдардың басында өзіндік дене шынықтыру қозғалысының бүкілодақтық конкурс-көрмелері кең танымал болды. Оған елдің барлық дене шынықтыру ұжымының 40 %-дай қатысты.

Бұл жарыстардан басқа 1932 ж. Свердловскде өткен Орал-Кузбасс спартакиадасы, Ленинградта өткен кәсіподақтардың бірінші бүкілодақтық спартакиадасы жарыстарын айтуға болады. Бұқаралық спорт ауылдық жерлерде де кең өріс алды. 1936 ж. 120 мыңнан астам ауыл спортшылары ГТО кешені нормативтерін орындады. Спорттың дамуы, материалдық-техникалық базаның кеңеюі, жаттықтырушылар мен оқытушылардың дайындығының жақсаруы, ғылыми-әдістемелік зерттеулердің тереңдетілуі кеңестік спорттық қозғалыстың сапалылық өсуіне мүмкіндік берді. 1934 ж. 27 мамырда «Еңбегі сіңген спорт шебері» құрмет атағы шықты. 1940 ж. дене шынықтыру мамандығы бойынша жоғары білім беретін 6 институт, арнайы орта білім беретін - 25 дене шынықтыру техникумдары, Мәскеу, Ленинград, Харьков дене шынықтыру институттары жанындағы жаттықтырушылардың 3 жоғары мектептері және бірнеше дене тәрбиесі педагогикалық училищелері ашылды.

Ұлы Отан соғысы алдында дене шынықтыру қозғалысының материалдық базасы жақсарған еді. Елде 378 стадион, 70 мыңнан астам үлкен және кіші спорттық және футбол алаңдары, 6 мыңнан астам гимнастикалық залдар, 15 мыңнан астам шаңғы базалары, теннис корттары, ату тирлері, 24 дене шынықтыру Үйлері, 10 яхт-клубтар, 500 су станциялары мен басқа да спорттық ғимараттар салынды. Одақтас республикалардың астаналарында Республикалық маңызы бар стадиондар салына бастады. Елдегі дене шынықтыру жұмыстарының көрсеткіштерінің көрмесі ретінде 1939 ж. Кеңес үкіметі бекіткен Бүкілодақтық дене шынықтырушылар күні белгіленді. 1940 жылы 2-ші бүкілодақтық мерекеге КСРО дене шынықтыру қозғалысына 5,3 миллион адам қатысқан, 62 мың дене шынықтыру ұжымы болды. Елдің барлық жерлерінде дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жақсы деңгейге көтерілді.

Алайда, 1937-1938 жылдардағы репрессияның салдарынан болған қайғылы жағдайлар дене шынықтыру және спорт саласына да өз зиянын тигізді. Дене шынықтыру және спорт саласындағы басшы орындарда болған қайраткерлер, қызметкерлер жазықсыз сотталып кеткен еді.

Халықаралық спорттық байланыстарды жас Кеңес республикасы күрделі ішкі және сыртқы жағдайлар шарттарында өткізуіне тура келді. ХХ ғасырдың 20-шы және 30-шы жылдары империалисттік буржуазия мен оңшыл социал-демократ және олардың спорттық ұйымдары кеңестік дене шынықтыру қозғалысын бөлектеу бағытталған саясатын жүргізді. Ол жылдары Халықаралық Олимпиадалық Комитет (ХОК) те кеңес спортшыларына осы тұрғыдан қарады. Коммунизмге қарсы болған шетел мемлекеттері Кеңес үкіметін бөлектеу мақсатында ХОК және буржуазиялық спорттық қозғалыстың басқа да жетекшілерінің қолдауына ие болды. Осындай жағдайларда соғысқа дейінгі кезеңде халықаралық спорттық байланыстар саласында кеңес дене шынықтыру ұйымдарының алдында басты міндет - халықаралық жұмысшы-спорттық байланыстарды орнату болды. Ол жылдары КСРО дүние жүзінің империализміне қарсы тұрған жалғыз мемлекет болғандықтан, оның одақтасы ретінде капиталистік елдердің жұмысшы таптары болды.

Шетелдік жұмысшы-спорттық ұйымдармен халықаралық спорттық байланыстар Қызыл Спорттық Интернационалды құруының арқасында 1921 ж. шілде айында бастау алды. Елге шетелден бірінші болып, 1922 ж. күзде Замоскворецк спорт клубының ойыншыларымен кездесу үшін, финн Жұмысшы-спорттық одағының футболшылары келді. Ал, кеңес спортшыла-ры бірінші рет шетелге 1923 ж. мамыр айында финн футболшыларымен жауапты кездесуге шықты. Кеңес спортшыларының шетелдерге шығулары жылдан жылға көбейе берді. Олар Швеция, Норвегия, Франция, Германия, Англия, Уругвай және басқа да елдердің жұмысшы спортшыларымен спорттық жарыстарда кездесіп тұрды.

Кеңестік дене шынықтыру ұйымдары шетелдік жұмысшы-спорттық клубтарға, ұйымдарға көмек жасау үшін, үлкен жұмыстар атқарды. Мысалы, 1928 ж. Кубаның Жұмысшы спорттық одағы Ленинград дене шынықтыру кеңесінен көмек сұрады. Сол кездегі 30-шы жылдардың басында КСРО спортшылары фашизм мен соғысқа қарсы прогресшіл күштердің күресінің басында болды. Олар 1934 ж. Парижде, 1935 ж. Гетеборгте өткен спортшы-лардың антифашистік слетіне, 1937 ж. Антверпенде өткен ІІІ Халықаралық жұмысшы Олимпиадасына қатысты. КСРО-дғы спорттың кең қанат жаюы шетелдегі прогресшіл спорттық қоғам өкілдерінің қызығушылығын туғызды. Жалғыз ғана жұмысшы-спорттық емес, сонымен қатар, буржуаздық спорттық клубтардың спортшылары да, ұлттық және халықаралық спорттық бірлестіктер де кеңестік спортшылармен тығыз қарым-қатынастар орнатуға тырысты. Соғыс алдындағы күрделі халықаралық жағдайға қарамастан, кеңес және шетел спортшыларының арасындағы байланыстар аз да болса да, іске асырылып жатты. 1938-1940 жылдары КСРО-ға 250 шетел спортшылары келсе, 175 кеңестік спортшылар шетелдерге шықты.

Соғысқа дейінгі жылдары кеңес спортшылары неліктен әлем, Еуропа, Олимпиадалық ойындарға, ал, дене шынықтыру ұйымдары Қызыл Спорттық Интернационал және Халықаралық авиация федерациясынан басқа, неге басқа да халықаралық спорттық федерацияларға мүшелікке кірмеді? Бұндайда буржуазиялық спорттық ұйымдар кеңестік жарыстарға бойкот жариялады, соның есесінен кеңес спортшылары халықаралық жарыстарға тек шетелдің жұмысшы спорттық клубтарымен ғана өткізуге мәжбүр болды, деп айту жалаң түсінік болып қалады. Әрине, бұның барлығының маңызы болды және кеңес спортшыларына сол кездегі дүние жүзінің күшті спортшылары-мен кездесуіне шектеу жасады. Бұл себептен басқа, тағы бір себеп бар. Ол - кеңес дене шынықтыру қозғалысының басшы орындарындағы кейбір өз көлеңкесінен қорқатын шенеуніктер мен «Шаш ал десе - бас алатын» сол кездегі қанқұмар ішкі істер қызметкерлерінің кесірі. Себебі, шетелге жарысқа шыққан спортшыны міндетті түрде империалистердің тыңшысы ретінде санайтын қауіпсіздік қызметкерлері көрсе де, көрмесе де әлгі спортшыны жау агенті санайтын. Мысалы, кеңес коньки тебушісі Яков Мельников деген спортшы 1923 ж. Осло қаласында өткен дүние жүзінің барлық күшті коньки тебушілерінің сайысына қатысады. Алайда, елге келісімен Норвегияға ҚСИ мүшесі - кеңес дене шынықтыру ұйымдары жіберген іс-сапарға емес, өз еркі бойынша бардым-мыс, деген түсініктеме беруге мәжбүр болған. Бұдан басқа, кеңес спортшыларының шетелдің буржуазиялық спортшыларымен спорттық кездесулердің жақтаушылары да болды. Олардың ойынша, кеңес спортшыла-ры тек жұмысшы таптың өкілдері ғана емес, сонымен қатар, үкімет басында тұрған жұмысшы таптың өкілдері ретінде, дүние жүзінің қауымына көрсету керек болды. Ал, бұл өз кезегінде, халықаралық мемлекеттік саясатқа өз ықпалын тигізеді, деп есептеді. Бұны осындай кездесулерге қарсы жақтың есепке алмауы үлкен қателік болғанын уақыт көрсетіп берді. Осындай халық-аралық спорттық кездесулердің жұмысшы ұйымдарда тұратын спортшылар-дың арасында ғана емес, сонымен бірге, буржуазиялық спорттық ұйымдар-дың спортшыларымен кездесулерінің маңызы жоғары екені дәлелденген. Бұл тек жұмысшы ғана емес, сонымен қатар, буржуазиялық ұйымдарға мүше спортшылар бұқарасымен кездесуінің маңызы зор еді.

Алайда, экономикалық және басқа да қиындықтардың себептерінен, елде қажетті мөлшерде спорттық ғимараттар, құрал-жабдықтар, спорттық жаттықтыру өткізетін орындардың жағдайлары, жарыстарды өткізу тәжіри-белілігінің жоқтығы дене шынықтыру мен спорт жұмыстарының қарқынды жұмыс істеуіне қолбайлау болған еді. Спорттың көп түрлерінен спортшылар-дың жарыстардағы көрсеткіштері де төмен болатын. Жастар арасында қандай спорт түрлері кең етек алуы керек, сол да түсініксіз болатын. Мысалы Мәскеудегі мемлекеттік орталық дене шынықтыру институтындағы педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор И.П. Кулжинский футболдың буржуаздық ойын екенін, оның әсері жастарға теріс ықпал етеді, деген тұжырымы, елде футбол ойынының дамып-жетілуіне әжептәуір кесірін тигізді. Сол сияқты, кейбір «білгіштердің» тұжырымдауынша, кеңес спорты үшін буржуаздық өмір сүруді насихаттайтын бокс, ауыр атлетика, теннис, тіпті, көркем гимнастика да кеңес жастарына кері әсерін тигізеді, деген ойлары болды. Оның үстіне, буржуаздық баспасөз құралдары кеңес спортының жетістіктерін көрсетпеуге, жарияламауға тырысты, кеңес спорт-шыларын ірі халықаралық жарыстарға қатыстырмауға жанталасты. Қанша дегенмен, осындай іріткі әрекеттерге қарамай, кеңес спорты және спортшы-лары соғыс алдындағы жылдарда спорттың бірқатар түрлерінен (ауыр атлетика, жеңіл атлетика, коньки спорты, жүзу т.б.) жақсы көрсеткіштерге жетіп, өздерінің нашарлығы туралы алып-қашпа өсектерді жоққа шығарды.





жүктеу 33,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау