Оқу-әдістемелік сектормен әзірленді



жүктеу 26,33 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі26,33 Kb.
#17455


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ 

ШЫМКЕНТ    УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



Шымкент университетінің әдістемелік кеңесінің  

жұмыстарын ұйымдастыру  

ЕРЕЖЕСІ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ШЫМКЕНТ, 2016 ж. 



 


Шымкент университетінің әдістемелік кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру ережесі  

  

Оқу-әдістемелік сектормен  әзірленді.  



Әзірлегендер – Қозбағарова Б.С. 

                         Құланова С.Ш. 

                            Керимбаева  С.Е. 

 

Осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 34-бабының 2-тармағына 



сәйкес әзірленген. Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған 

 

 



 

Шымкент Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітуге ұсынылды. 

(24.08. 2016 ж.  № 1 хаттама) 

 

Шымкент Университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітілді 



(25.08. 2016 ж.  № 1 хаттама) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Жалпы ережелер 

1. Осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 34-бабының 2-тармағына 

сәйкес әзірленген.  

2. Ереже жоғары оқу орындарын (бұдан әрі - жоо) басқарудың алқалық нысаны болып 

табылатын әдістемелік кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін қамтитын әдістемелік кеңестің 

(оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) (бұдан әрі - әдістемелік кеңес) қызметін 

ұйымдастыру тәртібін анықтайды.  

3. Әдістемелік кеңес өз қызметінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын, 

басқа да нормативтік құқықтық актілерді жоғары оқу орындарының жарғысын және осы 

Ережені басшылыққа алады.  

  2. Әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері  

 4. Әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері: 

 - оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;  

 - жоғары оқу орындарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік 

әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, 

сараптаманы ұйымдастыру;  

- жоғары оқу орындарындағы жетілдіру және әдістемелік қамтамасыз ету;  

- оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді 

қорыту және тарату, оқытудың жаңа технологияларын енгізу;  

-оқу процесінің мазмұнын талдау;  

- оқу процесін ұйымдастыру және сапасын қамтамасыз ету проблемалары жөніндегі 

конференцияларды, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді өткізу болып табылады.  

 

Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары 

 

5. Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары: 

- Шымкент университетінде қолданылатын оқу жұмыс жоспарларын, оқулықтар, оқу 

құралдарының макеттерін қарау және келісу;  

- оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі факультеттердің оқу-әдістемелік комиссиясының, 

құрылымдық бөлімшелердің педагог қызметкерлердің  оқу-әдістемелік құжаттарын 

талқылау және бекіту, білім беруді ақпараттандыру;  

- нормативтік-құқықтық актілерді, кәсіптік жоғары білім беру мамандықтарының 

жіктеушін, білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;  

- элективты пәндер бойынша оқу  бағдарламаларын талқылау және бекіту;  

- тест тапсырмаларын сараптамадан өткізу және студенттердің білім сапасын бақылаудың 

басқа да нысандары болып табылады.  

 

Әдістемелік кеңестің жұмыстары және қалыптастыру тәртібі 

 

Әдістемелік кеңестің мүшелері жоғары оқу орындарының ғылыми кеңесінде кафедра, 



факультет өкілдерінің және оқу-әдістемелік жұмыс, педагог қызметкерлердің құрылымдық 

бөлімшелер басшыларының ашық дауыс беруі арқылы сайланады.  

 

Әдістемелік кеңес декандарды, кафедра меңгерушілерін және тәжірибелі оқытушы-



әдіскерлерді жұмысқа тартуға құқылы.  

 



Әдістемелік кеңес оның қызметіне ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысы немесе оқу ісі 

жөніндегі проректорының басқаруымен жұмыс істейді.  

 

Әдістемелік кеңестің жұмысы әдістемелік кеңестің отырысында қабылданған және 



жоғары оқу орындарының ректоры бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге 

асырылады.  




 

Әдістемелік кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.  



 

Әдістемелік кеңестің төрағасы жылына бір рет атқарған қызметтің нәтижесі туралы 



университеттің Ғылыми кеңесінің алдында есеп береді.  

 



Университеттің  әдістемелік кеңесі мәжіліске оның кем дегенде 2/3 мүшесі қатысса, шешім 

қабылдауға құқылы. Әдістемелік кеңес шешімі қатысып отырған әдістемелік кеңес 

мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс берулері арқылы қабылданады.  Әдістемелік 

кеңес мүшелерінің шешімі бойынша жекелеген мәселелер бойынша шешім құпия дауыс 

беру арқылы да қабылдануы мүмкін.  

 



Әдістемелік кеңестің отырысы хаттамамен ресімделеді. Отырыстың хаттамалары мен 

әдістемелік кеңестің шешімдеріне әдістемелік кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды. 

Әдістемелік кеңес өз қызметін факультеттердің ғылыми-әдістемелік комиссияларымен 

өзара іс-әрекеттерінің бағыттары бойынша секция қызметі арқылы жүзеге асырады.  



 

 

 

жүктеу 26,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау