Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы « »_____________
№ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына
сурдологиялық көмек көрсету қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 116) тармақшасына сәйкес әзірленген және халыққа сурдологиялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аудиологиялық скрининг – тоқтатылған шақырылған отоакустикалық эмиссияны (бұдан әрі - ОАЭ) тіркеу тәсілімен жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардағы (үш жасқа дейінгі) есту бұзылысын ерте айқындау;
2) бала – он сегіз жасқа кәмелетке толмаған (жасөспірімдер) адам;
3) білім алуға арналған арнайы жағдайлар – арнайы білім беретін оқыту бағдарламаларын және арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тіршілік ету ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және оларсыз мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын игеруі мүмкін емес өзге де көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда білім алу жағдайы;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органның оңалту орталығы – арнайы түзетуші жеке, топтық және кіші топтық дамытушы, диагностикалық бағдарламаларды іске асыратын арнайы білім беру ұйымдары;
6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) есту аппараты (бұдан әрі – ЕА) – бұл микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;
9) есту аппаратымен протездеу – бұл аппарат моделін таңдау, құлақішілік жеке ішпекті дайындау, аудиограммаға сәйкес оңтайлы күйін келтіру;
10) естуді протездеу – адамның коммуникативтік мүмкіндіктерін есту аппараттары немесе электродты естуді протездеу арқылы дыбыс сигналдарын күшейту жолымен қалпына келтіру;
11) есту аппаратымен бинауралді естуді протездеу – екі құлақты да ЕА протездеу;
12) есту аппаратымен монауралді естуді протездеу – ЕА бір құлақты протездеу;
13) есту-сөйлеуді оңалту – естуді қабылдауды дамытуға, айту дағдыларын қалыптастыру мен автоматтандыруға, сөйлеуді, танымдық қызметті дамытуға бағытталған ұзақ жүйелі түзету-педагогикалық жұмыс;
14) жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) – азаматтарға диагностика мен емдеудің ерекше қиын әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияны пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмек;
15) кохлеарлық имплант – ішкі құлақтың жоқ немесе зақымдалған есту рецепторларының функциясын атқаратын және мидың есту орталығына электрлік импульстерге түрленген дыбыстық ақпаратты беретін медициналық құрал;
16) кохлеарлық имплантациялау (бұдан әрі – КИ) – бұл естуді қалпына келтіруге және терең есту мүмкістігі мен саңыраулығы бар науқастардың естуін қалына келтіруге және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесіне кіретін электродтық естуді протездеу түрі;
17) кохлеарлық имплантациялау жүйесі – бұл нерв талшықтарының электрлік ынталандырылуын қамтамасыз ете отырып, зақымдалған немесе жоқ талшықтық жасушалар функциясын атқаратын құрылғы;
18) күйге келтіру сессиясы – КИ жүйесінің сөйлеу процессорын күйге келтіру жүргізілетін екі-төрт күнді алатын кезең;
19) медициналық оңалту – науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
20) мүгедектерді кохлеарлық имплантациялауға дейін және кейін әлеуметтік-естуге бейімдеу – сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультацияға, сөйлеу процессорын күйге келтіруге, оларды пайдалануды оқытуға және жаттықтыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі, мүгедектермен және олардың заңды өкілдерімен әлеуметтік-психологиялық жұмыс істеу;
21) отоакустикалық эмиссия – ішкі құлақтың талшықты жасушаларының жай-күйін бағалау әдісі;
22) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуді қолдауға, қалыптасу түрін және нысанын анықтау, оңалтудың жеке бағдарламасын жасау мақсатында көрсеткішін орнату мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеріп-қарауды жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
23) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті –даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін қалалық және ауылдық аудандарда құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының түрі;
24) сөйлеу процессорын күйге келтіру – КИ жүйесінің әрбір арнасында естілу және дыбыс қаттылығының барынша жағымды деңгейін, естілу қадамын анықтау, сөйлеуді стратегиялық кодтауды таңдау, естудің жеке бағдарламасын құру;
25) сурдологиялық кабинет – тереңдетілген аудиологиялық тескеріп-қарау, консультация, емдеуге және естуді протездеуге жіберу, есту бұзылыстарын сараптау, есту бұзылыстары бар адамдарды диспансерлік есепке қою жүргізілетін, сондай-ақ сурдологиялық көмек көрсетілетін мамандандырылған кабинет;
26) сурдологиялық көмек – есту функциясының бұзылысы бар адамдарды профилактикалауға, уақтылы айқындауға, диагностикалауға, емдеуге, естуді протездеуге және оңалтуға бағытталған медициналық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек қызметтерінің кешені;
27) сөйлеу процессоры – механикалық табиғаттың дыбыс толқынын кохлеарлық имплантқа берілетін электрлік импульсқа айналдыратын күрделі электрондық медициналық құрылғы;
28) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;
3. Халыққа сурдологиялық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
4. Сурдологиялық көмек халыққа амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастырушы көмек және медициналық оңалту нысанында ұсынылады.
5. Сурдологиялық кабинет ересектерге және (немесе) балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін (облыстың, қаланың) денсаулық сақтау ұйымдарының базасында ұйымдастырылады.
6. Сурдологиялық кабинеттер:
алты мың балаға бір кабинет;
жүз мың ересекке бір кабинет есебінен ашылады.
7. Сурдологиялық кабинет «Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбесімен жарақтандырылады.
8. Сурдологиялық кабинеттердің үлгі штаттары мен штат нормативтері «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
9. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас сурдолог маман (республикалық, облыстық, қалалық) үйлестіреді.
2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсету тәртібі
10. Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек кезең-кезеңмен көрсетіледі:
I кезең – жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың (үш жасқа дейін) босандыру және МСАК ұйымдарында аудиологиялық скринингі;
II кезең – сурдологиялық кабинеттерде естуді тереңдетіп зерттеп-қарау және есту бұзушылығы анықталған кезде оны емдеуге және (немесе) оны түзетуге жіберу;
III кезең – мамандандырылған медициналық көмек және (немесе) ЖММК көрсету;
IV кезең – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала ұйымдарында есту бұзылысы бар, оның ішінде операциядан кейінгі пациенттерді оңалту.
11. Барлық жаңа туған нәрестелерге өмірінің екінші-үшінші тәулігінде «неонатолог» мамандығы бойынша дәрігер немесе жаңа туған нәрестелерге аудиологиялық скрининг жүргізу бойынша біліктілігін арттыру курсын өткен мейіргер жүргізеді. Жекелеген жағдайларда баланың жағдайы бойынша күтіп қараудың екінші кезеңінде «Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5828 болып тіркелген) бекітілген Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне сәйкес әмбебап аудиологиялық скрининг жүргізіледі.
12. Ерте шақтағы балаларға аудиологиялық скринингті алдыңғы скринингтің нәтижелеріне қарамастан емханалардың немесе МСАК басқа ұйымдарының дені сау бала кабинетінің медицина қызметкерлері декреттелген мерзімдерде (бір жасқа дейінгі балаларға – тоқсан сайын, үш жасқа дейінгі балаларға – жылына екі рет) «Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5828 болып тіркелген) бекітілген Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне сәйкес әмбебап аудиологиялық скрининг жүргізеді.
13. Аудиологиялық скринингтің оң нәтижесі бар балалар (ОАЭ тіркелмеген, «өткен жоқ»), есту бұзылысына күдік, есту мүкістігінің даму қаупі факторлары бар, сондай-ақ есту және сөйлеу ағзаларының патологиялары бар балалар мен ересектер тереңдетілген аудиологиялық зерттеп-қаралуға сурдологиялық кабинетке жіберіледі.
14. Тоқсан сайын келесі есепті айдың 10-күніне дейін босандыру ұйымдары өңірдің бас штаттан тыс сурдологына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ОАЭ тіркеу әдісімен жаңа туған нәрестелерге аудиологиялық скрининг жүргізу бойынша есепті жібереді.
15. Тоқсан сайын келесі есепті айдың 10-күніне дейін МСАК ұйымдары өңірдің бас штаттан тыс сурдологына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерте шақтағы балалардағы ОАЭ тіркеу әдісімен нәрестелерге аудиологиялық скрининг жүргізу бойынша есепті жібереді.
16. Сурдологиялық кабинеттерде халыққа ТМККК шеңберінде отологиялық тексеріп-қарау, диагностиканың субъективті әдістерімен (тоналдық бастапқы аудиометрия, сөйлеу аудиометриясы және басқалары) және объективті әдістермен (импедансометрия, ОАЭ тіркеу, мидың әлеуетімен шақырылған естуді тіркеу және басқалары) есту функциясын тереңдетіп зерттеп-қарау жүргізіледі.
17. Туа пайда болған есту мүкістігі кезінде ОАЭ «өткен жоқ» тіркеу әдісімен аудиологиялық скрининг нәтижелері бар балаларға түпкілікті диагноз (есту мүкістігінің түрі және дәрежесі) бала өмірінің үш айдан кем емес уақытында қойылуы қажет, есту бұзылысын түзету және (немесе) емдеу бала өмірінің алты айдан кем емес уақытында жүзеге асырылады.
18. Балалар мен ересектердің есту функцияларын зерттеу нәтижелері бойынша сурдологиялық кабинеттің мамандары естуді протездеуді және (немесе) мамандандырылған (консервативтік немесе хирургиялық) медициналық көмек көрсетуді ұсынады.
19. Есту бұзылысын түзету әдістері ЕА, КИ-мен естуді протездеу болып табылады.
20. Пациенттер ЕА, КИ-мен естуді протездеуден кейін естуді оңалту және әлеуметтік-естуді бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізуге жіберіледі.
21. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға тұрғылықты мекенжайы бойынша жіберіледі:
естуді протездеу мүмкін болмаған кезде он сегіз жастан асқан адам екі жақты бұзылуы бар ІV саңырау (71-90 децибел), кереңдік, екі жақты кереңдік (90 көп децибел),
естуді протездеу мүмкін болмаған кезде он сегіз жастан асқан балалар екі жақты бұзылуы бар ІІІ саңырау (56-70 децибел) - ІV деңгейлі (71-90 децибел), кереңдік (91 көп децибел), кереңдік.
22. Есту мүкістігі бар балалар естуді оңалту жағдайын айқындау және білім беру бағдарламасының үлгісін таңдау үшін ПМПК жіберіледі.
23. Тоқсан сайын келесі есепті айдың 10-күніне дейін сурдологиялық кабинеттердің «оториноларингология (сурдология) (балалар)» мамандығы бойынша дәрігерлері өңірдің штаттан тыс бас сурдологына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есту бұзылыстары бар балалардың саны туралы есепті ұсынады.
24. Тоқсан сайын келесі есепті айдың 15-күніне дейін өңірдің штаттан тыс бас сурдологы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас балалар сурдологына осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есту бұзылыстары бар балалардың саны туралы есепті ұсынады.
3. Есту аппаратымен естуді протездеу
25. ЕА-мен естуді протездеу сурдологиялық кабинет дәрігерінің қорытындысы бойынша мынадай жүйелілікпен жүргізіледі:
1) клиникалық-аудиологиялық зерттеп-қарау;
2) ЕА оңтайлы типін және жұмыс режімін айқындау және таңдау;
3) ЕА-ға жеке құлақ қосымшасын дайындау;
4) ЕА-ның күйін келтіру және күйін келтіру сәйкестігін тексеру;
5) жаңа акустикалық жағдайларға бейімдеу.
26. Балаларда екі жақты симметриялық және ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда бір үлгідегі заманауи цифрлық ЕА-мен бинауралді естуді протездеу ұсынылады.
27. Ересектерде екі жақты симметриялық және ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда бір үлгідегі заманауи сандық ЕА-мен бинауралді естуді протездеу ұсынылады. Ересектерде екі жақты ассиметриялық есту қабілеті жоғалған жағдайда оң және сол құлағындағы есту қабілетін жоғалудағы едәуір айырмашылықта (кемінде 30 децибел) жақсырақ еститін құлаққа монауралді естуді протездеу қажет.
28. Есту қабілеті бір жақтан 90 децибелге дейін жоғалған жағдайда (екінші құлақта есту қабілеті сақталған жағдайда) сандық ЕА-мен монауралді естуді протездеу ұсынылады.
29. ЕА таңдау және күйге келтіру тиімділігінің критерийі нақты құлақтағы RECD өлшеу әдісімен ЕА шығу дабылын, ЕА-мен және онсыз еркін дыбыс өрісінде үндестікті бастапқы және сөйлеу аудиометриясын өлшеу нәтижелері болып табылады.
30. ЕА-мен естуді протездеу кезінде пациентке «оториноларингология (сурдология) (ересектер немесе балалар)» мамандығы бойынша дәрігер жүргізген аудиометриялық зерттеп-қарау нәтижелері, ЕА моделінің атауы, жеке қосалқы (лар)/(дың) түрі, күйге келтіру сессияларының деректері, нақты құлақтағы өлшеу әдісімен ЕА-ның шығу дабылын өлшеу нәтижелері RECD енгізілетін қорытынды беріледі.
4. Кохлеарлық имплантациялау
Достарыңызбен бөлісу: |