Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа
мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз
жүргізу сияқты істерге бірге ертіп жүрген.
В) Батыр. Қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының
отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің
үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың,
шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы
бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыру да оның
өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы
мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін
туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың,
шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен
атаның, нағашы мен жиеннің, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары
әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
Ғаламтордан
Ер баланы ел ісіне ерте араластырған __________
Әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың сөйлеуі ұят саналады _________
Қазақ халқында ежелден халықтық педагогика дамыған ________
Ұлдарды кішкентайынан өз отбасын асырауға, қорған болуға баулыған ______
Қазақ халқында ұл мен қыз тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктер бар ________
Қыз балаларға үй шаруасымен айналысуды жастайынан үйреткен ________
Қазақ отбасында бір-бірін сыйлап, құрметтеуге ерекше көңіл бөлген ________
3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай келетін мақалдарды тауып белгіле.
Мақал-мәтелдер
Сай келеді
Сай келмейді
Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,
шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.
Әке – балаға сыншы
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Әке көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер.
4-тапсырма. Жоғарыдағы мақалдардан басқа бала тәрбиесіне қатысты мақалдарды
қосымша дерек көздерден тауып көр. Сол мақалдарды қолданып, мәтінге өзгеріс енгіз.
Жазылым жұмысы
5-тапсырма. Ұл мен қыз тәрбиесіне қатысты ой білдірушілерге арнап пікір жаз.
Сіз олардың пікірін қолдайсыз ба?
Сіздің пікіріңіз кімнің ойына жақын? Неліктен?
Қай пікірмен келіспейсіз? Неліктен?
Халық мақалдарына қатысты ой білдіріңіз.
Сіздің ойыңызша бұл мақалдар бүгінде қаншалықты маңызды?
Ж
Бағалау критерийі
Дескриптор
Мәтін мазмұнынын
түсінеді;
мәтінге өзгеріс
енгізеді;
мәтіндегі ойға
қатысты пікір
жазады.
тұжырымдарды кімнің пікірі екенін анықтап, белгілейді;
мәтін мазмұнына сай/сай емес мақалдарды анықтайды;
мақал-мәтелдерді табады;
өздері тапқан мақалдарды қолданып, мәтінге өзгеріс
енгізеді;
пікір жазады;
өз ойын айқын жеткізеді;
жазылымда мақал-мәтелдерді қолданады.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ қызы»
Оқу мақсаттары
8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы
көтерілетін мәселені болжау.
8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды
қолданып, ауызша мәтіндер құрау.
Сабақ мақсаттары Суреттерге сүйеніп, мәтін мазмұнын болжайды;
көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтін құрайды.
Құндылықтарды
дарыту
Құрмет, ашықтық
Бастапқы білім
Ұл мен қыз тәрбиесі
Тірек сөздер
Қыз сыны, қарақат көзді, қасы қиылған, талбойы нәзік.
Сабақтың жүргізілу барысы
Мәтіналды жаттығулар
1-тапсырма. Қыздардың суреттеріне мұқият қара. Ұсынылған тұжырымдарды оқып,
дұрыс немесе бұрыс екенін тауып көр.
Бірінші бойжеткен ақ сары жүзді.
Екінші бикеш қайқы кірпікті, қой көзді.
Суреттегі үшінші сұлудың шашы иықтан жерге төгілген.
Төртінші қыздың қасы қиылған, қарақат көзді.
Бесінші ару ұзын қара шашты, шашбау таққан.
2-тапсырма. Кестедегі сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.
Т
Бүрмелі көйлек
Шашы ұзын, қолаң шашты
Үкілі кәмшат
Қазақ халқының дәстүрлі көйлегі
Иықтан шашы төгіліп жерге
Бойы нәзіктікке толы
Талбойы нәзік
Үкі тағылған бас киім
Дидары нұрлы
Жылы жүзді
Мәтінмен жұмыс кезеңі
3-тапсырма. Ән мәтінімен танысып шық. Мәтіндегі суреттердің орнына болжаммен
қажет сөзді қойып шық.
Қыз сыны
Әні мен сөзін жазған: М.Омаров
Үкілі кәмшат,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп
Иықтан шашы төгіліп жерге
жарасып белге
Қиылған қасы,
Жүректі баурап оятар сезім
Талбойың нәзік
Дидарың нұрлы
Жаңарып қайта, жаңғырып көнем
Ләззәт алар көрген жан сенен
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Қазақтың салтын сақтаған көркем
Көркіңнен сенің айналдым еркем
Қазақтың салтын сақтаған көркем
4-тапсырма. Әнді тыңдап, болжамдарыңның қаншалықты сәйкес келгенін тексер.
Аяқталмаған сөйлемдерді жалғастыр.
Әннің тақырыбы...
Т
Достарыңызбен бөлісу: |