Жыраулар поэзиясындағы көркемдік бейнелеу жолдары



жүктеу 21,12 Kb.
Дата12.12.2022
өлшемі21,12 Kb.
#40575
Алиев Е.Н. ДӨЖ САМАЛ ағай


Жыраулар поэзиясындағы көркемдік бейнелеу жолдары
Жыраулар халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көркемдік тәжірибесін қайталамай, оның сөздік, образдық, бейнелеу құралдарына, өлшем-өрнектеріне сүйене отырып, өздік қолтаңбасын туғызған деп айта аламыз. Серік Негимов: «Поэзия тілі – образды, бейнелі, мәнерлі, нұрдай таза, мөлдір тіл»– дейді. Расында да поэзия тілі әрдайым дамып отырады, тақырып жағынан, көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану жағынан, түрлі ұйқастардың құрылуын да айтуға болады, сонымен қоса эстетикалық жүйесі жағынан.
Ақын жыраулар өмір құбылысын суреттеуде бейнелі де бедерлі, құнарлы да қуатты, мағыналы да мәнді, отты да ойлы сөздерді мол қолданған. Жыраулар мұрасынан ажарлап, яки құбылтып, құлпыртып қолданған көркемдегіш тәсілдерді көптеп кездестіреміз. Солардың бірі – ауыстыру (метафора) мағынасында ұшырасады.
Әдетте, асыл тастарды әшекейлеп тағу кейбір наным-сенімге негізделгенімен, келе-келе, жыраулар көркемдік мақсаттарға пайдаланған деген пікірлер бар. Оған мынадай жолдар себеп бола алады:
«Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы»
(Қазтуған)
«Күмістей екі қолтық жоқ болса,
Сыпайышылық өмір сүрмен-ді…
Алтынды кесе сары бал.
Алсам мен саған ұсынармын…
Соқса бір жілік сындырған,
Көк қоянның қос құлағын тұндырған.
Тегеурінді болат темірдің
Тегеуріні – өзіңсің»
(Шалкиіз)
«Алмасын арнап суарып,
Ақ сауыт соқса зергерім»
(Ақтамберді)
Үмбетей жырау ел қамын жеген Ер Бөгембай өліміне шығарған жоқтауында ой-сезімдерін беру үшін, заттық дүниеге сүйенген:
«Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгембай!
Темір жұмсап, оқ атқан,
Қорғасындай Бөгембай»
Асыл тастарға негізделген құбылтудың бір түрі ауыстыру тек осы заманда ғана пайда болды деп те айта алмаймыз. Сонау қазақ эпостарынан басталған бұл ауыстыру, яғни метафора жыраулар поэзиясында осылай жалғасын тапты деп айта аламыз. Сөз шеберлері батырға дарыған ерлікті, қайтпас жігерді, болаттай төзімді, әсемдік пен үйлесімділікті жырлауда асыл тастарды кәдесіне жарата алды деп айта аламыз. Мысалы: қалайы, мыс, қола, ақық, ақ жамбы, жақұт, т.б. түрлі асыл тастарды қолдану да кездеседі.
«Ауыстырудың екі түрлі қызметі бар: ол, бір жағынан, көркем сөз аударудың амалы болса, екінші жағынан, белгісіз заттар мен құбылыстардың атауларының орнына жүреді»
Ауыстыру дүниесі дегеніміз – суретті, бейнелі, көркем ойлау дүниесі. Демек, ауыстыру – сөз өнерпазының көркемдік ойлау дәрежесін, кең құлашын анықтайды.
Ауыстыру әр түрлі заттар мен құбылыстарды бір-бірімен түсіндіруде шексіз мүмкіндіктерге ие болып, шын мәнісінде, белгілі бір құбылысты жаңаша сипаттап, оның ішкі табиғатын жарқырата көрсетуге мейлінше қабілетті.
«Ауыстыру тәсілінің бойында сан алуан қасиеттер бар. Олар: өрнектілік, экспресивтілік, түсіндірмелік, болжағыштық, танымдық, репрезентативтік».
Ақтамберді жыраудың мына бір тармақтары:
«Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң майрылман!» – өз бейнесі мен батырлығын ашуда сәтті пайдаланылған метафора. Жырау «құрыш, болат» деген тас атауларын көркемдік тәсіл ретінде пайдаланып оқырман назарына ұсынып отыр.
Қазтуған жыраудың шоқтығы биік шығармасында да, өз бейнесін ашу үшін жан-жануарды қолданып метафоралар жасағанын мына тұстардан көре аламыз:
«Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені…
…Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы».
Түсінік бере кетсек, буыршын – еркек түйенің жасы, жас бура. Оның мұқалмаған тісі бұта шайнауға қаншалықты жарамды болса, сипатталып отырған тұлғаның да неге салсаң тартынбайтын дер шағынан көрініс береді дегені.
Ал, бидайық дегеніміз – торғай, үйрек сияқты көл құстарына түсетін жыртқыш құс. Толғауда «бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп беріледі. Жыртқыш құстардың екі балапанының ең мықтысы ғана аман қалатыны белгіл, өз ұяласының әлсізін жойып, ата-анасы тасыған жемді үлессіз жеп жетілетіні бізге мәлім. Ендеше, «жалғызы» қолданысы да белгілі бір семантикаға берілген. Яғни, өз әулетінің, елінің бетке ұтары, данышпаны деп түсінсек артық емес. Ал, «көл жайқаған» тіркесі, көбінесе, «шайқаған» , яғни, қозғаған мағынасымен алмастырылып та ұғынылуы мүмкін. Бұл екі сөз екі мағынада қолданылады. «Көл жайқау» көлді аласапыран, астан-кестен ету, бұл әрекет құс қимылын, әрекеті мен мінезін білдіреді, сол арқылы сипатталып отырған тұлға Қазтуғанның бір қырын танытады.
Бұл жырда өзгерістер орын алған десек те болады. Әр нұсқада әр түрлі сақталған. Бұл туралы қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуші ғалым Р.Сыздық: «Талданып отырған кезеңдердегі ауызша сақталған әдеби мұралардың тілін зерттеуде қиындық тудыратын, кейде, тіпті зерттеушіні немесе жалпы оқырмандарды шатастыратын келеңсіздік бар. Ол – жеке сөздердің қате берілуі. Бұл мұралардың қай кітапта, қай журналда, қай жылда басылғанын алсаңыз да, бәрінен де қателерді, әсіресе, бейтаныс сөздердің жазылуындағы ала-құлалықты кездестіреміз. Ала-құлалықтың бірқатары араб жазуымен жеткен кітаптар мен қолжазбалардағы сөздердің қазіргі жазумен көшіргенде, контекске қарай түзеліп жазуға байланысты алшақтықтар. Мысалы, алдыңғы басылымдарда Асан қайғының «Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің» деген жолдардағы «шабылып жатқан» тіркесі соңғы басылымдарда «жайылып жатқан» деп өзгертілген. Сол сияқты Қазтуғанның бұрын «Билер отты, би соңы» деген тармағын «Билер өтті, би соңы» деп дұрыс оқығандықтан, екі басылымда екі түрлілік бар» – деп жыраулар поэзиясындағы ауысып қолданылып жүрген сөздерді саралайды.
Тілдік талдауда кездесетін қателіктерге қарамастан, ары қарай талдауымызды жалғастырайық.
Тәтіқараның:
«Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза». – деген жолдарынан метафоралық ауыстыру көреміз. Яғни, Жәнібек батыр бейнесін ашуда қару-жарақ атын пайдаланып отыр. Бұл жердегі ауыстыру – болат найза.
Онымен қоса, метафоралау мына тұста да көрініс беріп тұр. Бірақ бұл жерде тұрмыста қолданылытын затпен алмастыру жүзеге асып отыр.
«Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы». – деген тармақтарды талдап қарайық.
«Қашағанның ұзын құрығы» деген қолданысқа қарап қашаған жылқыны ұстайтын ұзын құрық екенін ескерсек, сол қашаған құрыққа балап тұрған тұлғаның «қашағанды», яғни, ел ішіндегі бас бұзарларды немесе жауды тырп еткізбес екенін тану қиын емес.
«Қалайылаған қасты орданың сырығы» деген ұғымнан орданың қандай екенін танытатын маңдайына қағылған белгі сияқты елдің бет-бейнесін танытарлық бір қыры, елге тіреу, таяныш болар тұлғалық сыны ашылады.
Және де ерлік образды ашуға мүмкіндік берген ауыстырудың бір жолы – өзін өсімдік немесе ағашқа теңеу. Мысалы:
«Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін,
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен,
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен,
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын
Балталасаң да айрылман». – деген жолдарды қарастыруға болады.
Академик Қ. Жұмалиев «Абай поэзиясының тілі» деп аталатын еңбегінде құбылысы жағынан алғанда Абайға дейінгі қазақ поэзиясында метафораның бес түрі болғандығын жазған [5, 192]. Жыраулар әдебиетінен Қ. Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафораны кездестіре аламыз. Мысалы:
«Иман – қой, ақыл – қойшы, нәсіп бөрі…».
«Ашу – пышақ болғанда, ақыл – таяқ…».
(Шал ақын)
Бұл келтірілген мысалдардың қай-қайсысы да бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы жасалынған метафораның жалғау, жұрнақсыз жай түрі. Тек жай ғана балау, ұқсас, мәндес құбылысқа қарапайым ғана ұқсату емес, бұл мысалдарда суреттеліп отырған обьектіге ерекше ажар, өзгеше өң беріп, мазмұнын тереңдетіп, мәнін үстей түсу бар.
Салыстыра суреттеп, мінез-құлқына, кісілік қасиетіне орай нақты адамға, не затқа балау арқылы ұғымды молайтып, әсерлі күшейтуде метафоралардың «тең» сөзі көмегімен жасалуы – толғау, термелердің дидактикалық-философиялық мазмұнын еркін, жеңіл жеткізерлік ұтымды тәсіл.
«Тең» сөзі ауыстыру жасалғанда әр кез сөйлем соңында келе бермейді, поэзиясының инверсиялық тәсіліне тән ілгері-кейінгі орын ауыстырып кездесе беруі де мүмкін. Мысалы:
«Атығай, Қарауылдың кені едім,
Асқар таумен тең едім».
(Шал ақын)
Шал ақын бұл үзіндінің алғашқы тармағында Атығай, Қарауылдың кені едім десе, екінші тармаққа асқар тау едім дейді. Алғашқы тармақтан бір ғана айырмасы – таудың жалғаумен және де «тау» мен «едім» арасында «тең» сөзінің қыстырылып келуі. Академик Қ. Жұмалиев дәл ос тектес мысалы «тең» сөзі арқылы жасалатын ауыстыру түрі ретінде қарастырған. Демек, Қ. Жұмалиев мысалы да, біз келтірілген тармақ та «тең» сөзі мен «едім», «едің» көмекші етістіктердің тіркесе келуі арқылы жасалған ауыстырулар. XV-XVІІІ ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасындағы ауыстыру түрлерін тап басып, айқын тану үшін әр кез олардың түріне ғана емес, ішкі мазмұнына назар аударамыз. Қ. Жұмалиев айтқандай «олар (еді, едім, т.б.) бір нәрсені екінші нәрсеге балауға» — ауыстыру жасауға көмектесіп тұр ма, әлде жай өздерінің грамматикалық қызметін атқара ма, міне, осы жағына қарау керек» » [5, 220]. Расында да, сөз жоқ, біз қарастырған Шал ақын тармағы («Асқар таумен тең едім») ауыстыру жасауға ықпал етіп тұр.
Жыраулар шығармаларындағы ауыстыру түрлері әр алуан. Мысалы, ақын жырау өзін тура бір нәрсеге, не нәрсеге, не құбылысқа балау арқылы, сол затқа, не құбылысқа тән қасиетті өз бойына дарыта суреттейді.
«Мен бір шапқан жүйрік ат,
Бір желіксем басылман».
(Шал ақын)
«Сыртым – құрыш, жүзім – болат,
Тасқа салсаң майрылман»!
(Ақтамберді)
Жыраулар мұрасындағы ауыстырулардың көбі дәл осы мысалдағыдай бір нәрсені екінші нәрсеге құбылта, ауыстыра дамыта, мүдете балау арқылы жасалады.
«Алп, алп басқан, алп басқан,
Арабы торым өзіңсің.
Жазулы алтын, қол кескен,
Алдаспаным өзіңсің.
Білер де білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан қағбамсың.
……………………………
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін».
(Шәлгез)
«Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарғиын десең екі жағы ор екен.
Найза бойлы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен.
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмей тұғын неме екен».
(Бұқар)
Бұл үзінділерден Шәлгез, Бұқар шығармаларындағы ұлғайған метафора түрлерін кездестіреміз. Шәлгез Би Темір алдында өз көңіл күйін білдіріп, ақиқат сырын ашына атқарған сәтте Темірді «алты ай жорытса азбайтын» «арабы торыға» ғана балап қоймай, оны әсірелей, әрлендіре суреттеп, сілтегенін сілейтіп салар алдаспанға да, барша мұсылманның қасиетті жері қағбаға да барабар етіп, өзін «бетегеден биік», «жусаннан аласа» жандай кішірейтіп, Темірдің де, өзін де айқын, анық тану үшін бір ғана нәрсеге балап қоймай, әлденеше мазмұнды, мағыналы, ойға қонымды ұғымдар ұялатады. Бұлар – ұлғайған ауыстырулардың ақын, жыраулар мұрасында кездесетін озық үлгілері. Мұндай пікірді Бұқар жыраудың өмір кезеңдері туралы өлеңіндегі ұлғайған ауыстырулар жайында да айтуға болады. Қ. Жұмалиев сөзімен айтсақ: «Мұнда «тоқсан бесті» «торға», «қорлыққа», «орға», «жарға», «көлге», «шөлге» — қысқасы бірнеше нәрсеге балап отыр. Өлең сөйлеміндегі «тоқсан бес» — барлық сөздің қазынасы».
Жыраулар мұрасындағы ұлғайған, күрделі метафоралар бір нәрсені бірнеше нәрсеге тікелей балау ғана емес, әуелі сол баламақ, суреттемек нәрсенің ерекше қасиеттерін көркемдік тәсілдердің біреуінің не бірнешеуінің көмегімен өрнектеп алып барып балау арқылы жасалатындығын аңғарамыз.
«Боз үстінде от жаққан,
Бұзмай бұлан пісірген,
Мен иемнің бөрлі ала тасы едім,
Ие, ием, би Темірдің әрі өзім,
Менің ием би Темірдің әрі өзім,
Жау көрген күн жүрегінің басы едім,
Көз үстінде қасы едім».
(Шәлгез)
Бұл мысалда батыр жырау Шәлгез әрі сұсты, әрі мұңды жырлағандай. Сұстылығы сол – Би Темір дәуірі өтіп, күні өзгеге қараса да, мәрт жырау кішірейгісі келмей, бұрынғы мықтылығын айтады. Мұңдылығы сол – «мен иемнің бөрлі ала тасы едім», «Би Темірдің әрі өзім», «жау көрген күн жүрегінің басы едім», «көзі үстінде қасы едім», сол дәурен өтті дегендей. Мұны жыраудың «едім» деген бір ғана сөзі аңғартып тұр. Осындай ойды, мұнша мағынаны тыңдаушы танымына жеткізіп тұрған алуан ауыстыруларға жыраудың «мен» деген сөзі қазық болып, сол «меннің» ерекше қасиетін Шәлгез: «Боз үстінде от жаққан, бұзмай бұлан пісірген» деп айқындау арқылы суреттейді. Демек, әуелі «менді» ерекше әсерлеп алып, сол «міннің» өзі кім еді? – соны айқын тануға айрықша мән береді.
«Сауырдан су төгілмес боз жорға едім,
Тарлан тартса танбайтын жорғасынан».
(Шал ақын)
Қазіргі уақытта тегіміз, орысшалап айтқанда фамилиямыз -ұлы, -қызы сөздері арқылы беріліп отыр. Мысалы, Оспанұлы Қасым деген есім мен текті алып қарасақ, Қасым Оспанның ұлы екенін айқындап отыр. Яғни бұл да тектік айқындаудың бір түрі. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» деген өлеңінде осы жыраулар поэзиясынан бастау алған тектік айқындауыш жалғасын тапқан. Өлең ішінде «Аманжол Рахымжанның Қасымымын» дейді ақын. Бұл тектік айқындаудың жаңа бір сатысы деп айтуға болады.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады». – демекші, жыраулар поэзиясында кездескен жарық түсіруші сөздерді талдап, таныдық деп ойлаймын.
Жыраулар өмір құбылысын суреттеуде бейнелі де бедерлі, құнарлы да қуатты, мағыналы да мәнді, отты да ойлы сөздерді мол қолданған. Жыраулар мұрасынан ажарлап, яки құбылтып, құлпыртып қолданған көркемдегіш тәсілдерді зерттеу барысында көптеп кездестірдік, талдадық. Жалпы, жыраулар поэзиясы халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көркемдік тәжірибесін қайталамай, оның сөздік, образдық, бейнелеу құралдарына, өлшем-өрнектеріне сүйене отырып, өздік қолтаңбасын туғызған деп айта аламыз. Расында да, поэзия тілі әрдайым дамып, тақырып жағынан, көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану жағынан, түрлі ұйқастардың құрылуын да айтуға болады.
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшелігі жайлы түрлі еңбектер мен зерттеу мақалалары жарияланып, жыраулар толғауларының әлі де ашылмаған қырлары ашылып отыр. Жыраулар шығармашылығына лайықты бағасын беріп, одан әрі зерттеп, зерделеу болашақтың еншісінде десек қателеспейміз.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Жоль К. К. Мысль, слова, метафора. Киев, 1984. – 185 стр.
2.Ай, заман-ай, заман-ай… (Бес ғасыр жырлайды). 2 томдық (Құрастырушы М. Мағауин, М. Байділдаев). – Алматы, Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы – РББ. 1991. – Т. 1. – 384 бет, суретті.
3. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. Алматы, Санат.
2006. – 904 б.
4. Сыздықова Р. XV-XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984. – 130 б.
5. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихы мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Алматы 1960. – 216 б.
6. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп. 1973. – 210 б.
7.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Ғылым. 1991. – 200 б.
8.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы, Атамұра, 2003. – 208 б.
9. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Алматы, Мектеп. 1970. – 411 б
жүктеу 21,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау